Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы




НазваниеФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
страница1/9
Дата конвертации19.01.2013
Размер1.45 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 13 қазан № 493 (26885); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 37, 451-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасы аумағында алып өтуге карантиндік сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      4) «Импорттық карантиндік рұқсаттар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      5) «Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші репродукциядағы тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      6) «Байқаудан өткізушілерді және тұқым сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      7) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің патент қабілеттілігін мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты;
      8) «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
      реттік нөмірі 150-жолда:
      2-бағанда «және шаруашылыққа жарамдылығын» деген сөздер алынып тасталсын;
      4, 5-бағандарда «АШМ» деген аббревиатура «Әділетмині, АШМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әділетминінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті»;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 150-1-жолмен толықтырылсын:
«

150-1

 

 

Ауыл шаруашылығы өсімдіктердің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау

Жеке және заңды тұлғалар

АШМ

 

 

АШМ

 

 

Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия

Алушының қызмет беруші тұлғамен тікелей өзара іс-қимылы арқылы

».

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген  

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мына мекенжайда: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786, электрондық мекенжайы fsb_grpest@minagri.kz. орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі — Комитет) ұсынады.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңының 14-6-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745, «Пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қарашадығы № 1396 қаулылары негізінде көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.03.07 № 305 Қаулысымен.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат және мемлекеттік қызмет стандарты Комитеттің стендтерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі — Министрлік) www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер»  бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналасқан.
      5. Тіркеу куәлігін (бұдан әрі - куәлік) қағаз тасығышта немесе пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет мынадай мерзімде ұсынылады:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі тұтынушы тиісті құжаттарды тапсырған күннен бастап - үш жылдан көп емес;
      пестицидті (улы химихатты) тіркеулік сынау жүргізу - екі жылдан аспайды;
      пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау жүргізу - бір жыл; пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу - 30 жұмыс күні;
      2) куәлікті алғанға дейін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 60 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет (құжаттарды қабылдау және беру бөлігінде) демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орындарда күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға, сондай-ақ физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжаттарды толтыру орындары тиісті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері келтірілген стендтермен жабдықталады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мен талаптардың тізбесі:
      1) тіркеулік сынау жүргізу үшін:
      тіркеулік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш;
      пестицидке (улы химикатқа) қысқаша дерек;
      өтінім берілген пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өнімінің және қоршаған орта объектілерінің құрамындағы нормативтер;
      өтінім берілген пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі және қоршаған орта объектілеріндегі қалдық көлемін анықтау әдістері;
      пестицидтің (улы химикаттың) тәжірибелік үлгісі;
      эталондық пестицид (улы химикат);
      пестицидтің (улы химикаттың) әсерлі заттарының талдау стандарттары және қажетіне қарай метаболиттердің, оның ішінде далалық және зертханалық тәжірибелер жүргізуге жетерлікті мөлшердегі талдау стандарттары;
      2) өндірістік сынау жүргізу үшін:
      өндірістік сынау жүргізуге еркін нысандағы өтініш:
      пестицидтің (улы химикаттың) тәжірибелік үлгісі;
      эталондық пестицид (улы химикат);
      3) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу үшін:
      пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге еркін нысандағы  өтініш2 данада;
      пестицидті (улы химикатты) тіркеулік сынау нәтижелері 2 данада;
      пестицидті (улы химикатты) өндірістік сынау нәтижелері 2 данада;
      тіркеу өтініміне қоса берілетін материалдар;
      пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өнімінің және қоршаған орта объектілерінің қалдық көлемдерін анықтау әдістері;
      пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өнімінің және қоршаған орта объектілерінің құрамындағы нормативтер (пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік шаруашылығы өніміндегі ең жоғары жол берілетін деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) санитарлық-тұрмыстық маңыздағы су қоймалары суларындағы ең жоғары жол берілетін құрамы, пестицидтің (улы химикаттың) жұмыс аймағы ауасындағы және атмосфералық ауадағы шамамен қауіпсіз әсер ету деңгейі, пестицидтің (улы химикаттың) топырақтағы ең жоғары жол берілетін құрамы);
      мемлекеттік және орыс тілінде ақпарат берілген ыдыс заттаңбасының үлгісі;
      пестицидті (улы химикатты) қолдану жөніндегі ұсыныстар.
      12. Тіркеу өтінім бланкісінің нысанын Комитет береді, ол сондай-ақ Министрліктің www.minagri.kz, интернет-ресурсында, «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы» кіші бөлімінде орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 702-кабинет, телефон 555961, Комитеттің құжаттық қамтамасыз ету қызметіне тапсырылады.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың саны мен аттары;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;
      5) Комитеттің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      15. Куәлік мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 707-кабинет, телефон 555786 берілген куәліктер журналына жеке келіп қол қою арқылы қолма-қол беріледі.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсетуден:
      1) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар толық берілмеген;
      2) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасында пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуің жүргізудің ереженің талаптары бұзыла отырып ресімделген;
      3) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге әзірленген материалдарды қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың келісулері болмаған;
      4)  пестицидтің (улы химикаттың) адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіптілігі туралы бұрын белгісіз мәліметтер алынған;
      5) пестицидті (улы химикатты) тіркеулік және өндірістік сынау жүргізу әдістемелері бұзылған;
      6) тіркеуге ұсынылған жұмсау нормасының топырақ-климаттық жағдайлары ұқсас елдерде ұқсас дақылдарда және тура сондай зиянды организмдерге қарсы тіркелген пестицидтерді (улы химикаттарды) жұмсау нормаларынан айтарлықтай өзгеше болған;
      7) пестицидтің (улы химикаттың) рецептурасы мен өндіру технологиясы өзгерген, қолданыстағы затты өндіруші (Қазақстанда және басқа елдерде келісім бойынша өндірілетін пестицидтер (улы химикаттар) үшін) ауысқан жағдайларда бас тартылуы мүмкін.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің лауазымды адамдары:
      1) кішіпейілділік таныту, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаттарын басшылыққа алады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Комитеттің лауазымды тұлғаларының жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, Комитеттің заң қызметінің маманы түсіндіреді.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, телефон 555763, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      22. Дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда шағым Комитет төрағасының немесе оның орынбасарының атына мына мекенжайы бойынша: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, 703-кабинет, телефон 555961, электрондық мекенжай: fsb_grpest@minagri.kz, демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазбаша дәлелді жауаппен немесе өзге құжаттармен қоса жазбаша түрде қабылданады.
      25. Қабылданған шағым Комитеттің кеңсесінде немесе Министрліктің кеңсесінде тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты (8-7172) 555813 телефон арқылы Комитет кеңсесінің лауазымды адамдарынан, (8-7172) 555763, 555995 телефондары арқылы Министрліктің Бақылау және құжаттық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінен алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Комитеттің байланыс телефондары сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Министрлікте орналасқан стендтерде көрсетіледі.

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына
қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 485 қаулысымен
бекітілген  
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconФитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconФитосанитариялық қауiпсiздiк және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы icon«Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің қызметін мемлекеттік аттестаттау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік процедуралар туралы»
Республикасы үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі №979 қаулысы
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 8 желтоқсан №1498 Астана, Үкімет Үйі
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010...
Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы iconАсыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница