Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»




Скачать 402.37 Kb.
НазваниеРегламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
страница1/3
Дата конвертации19.01.2013
Размер402.37 Kb.
ТипРегламент
  1   2   3


Әкімдіктің

2012 жылғы 20 тамызда

№ 381 қаулысымен бекітілген

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

электрондық мемлекеттік қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесімен және оның филиалдарымен, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Мұрағаттық анықтамалар беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы және мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 2315 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негiзiнде көрсетiледi.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған (медиа-алшақтықты қамтитын электрондық мемлекеттік қызмет).

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық қызмет көрсету.

5. Осы «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі – Регламент) пайдаланылатын ұғымдар және қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе (бұдан әрi – АЖ);

2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкiлдiк) және жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – БСН);

3) жеке сәйкестендiру нөмiрi - жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр (бұдан әрi – ЖСН);

4) медиа-алшақтық – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсiнше нысанға өзгерту қажет кезiнде қызметтердi көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуi;

5) пайдаланушы – оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;

6) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;

7) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы - «электрондық үкіметтің», мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің қатысушыларына қызмет көрсететін куәландырушы орталық (бұдан әрі - ҰКО);

8) халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесі – халыққа (жеке және заңды тұлғаларға), сондай-ақ тиісті министрліктер мен ведомстволардың Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет ұсыну үдерісін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ХҚКО АЖ);

9) мемлекеттiк электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер;

10) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

11) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

12) «электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі - жергілікті атқарушы органдардың ішкі жүйелері/кіші жүйелері және жергілікті атқарушы органның электрондық қызметтерді көрсету үрдісіне қатысатын орталық мемлекеттік органдардың сыртқы ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді (бұдан әрі – ЭҮӨШ);

13) «электрондық үкіметтің» шлюзі – электрондық қызметтер көрсетуді іске асыру шеңберінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелерін интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮП);

14) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнның тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы (бұдан әрi – ЭЦҚ).

2. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету кезіндегі әрекеттiң тәртiбi
6. Жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) арқылы ішiнара автоматтандырылған электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде қызмет берушiнiң адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (функционалдық өзара іс-қимылдың № 1 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген:

1) тұтынушы қызмет алу үшін өзімен бірге өтініш пен қажетті құжаттардың түпнұсқаларын алып ЖАО-ға жүгінуі қажет. ЖАО қызметкерімен тұтынушының өтініші мен құжаттарының түпнұсқалығын тексеру.

2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үшін ЖАО қызметкерімен ЖСН мен парольді ЖАО АЖ-ға енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт - ЖСН және пароль арқылы ЖАО АЖ-да ЖАО-ның тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – ЖАО қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ЖАО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – ЖАО қызметкерімен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыру (деректерді енгізу, сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты сканирленген құжаттарды бекіту);

6) 4-үдеріс –электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты бекітілген сканирленген құжаттарға) ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ-сы арқылы қол қою;

7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қызмет ету мерзімін және ЖАО АЖ-да тіркеу куәліктерінің қайта шақырылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын тексеру;

8) 5-үдеріс – ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – ЖАО қызметкерімен тұтынушының сұрау салуын өңдеу;

10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыру (сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық анықтаманы беруден дәйекті бас тарту). Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдалануымен қалыптастырылады;

11) 8-үдеріс – ЖАО қызметкерiмен электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін тұтынушының қолына табыстау немесе электрондық поштасына жiберу арқылы беру.

7. ХҚКО арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет берушiнiң адымдық әрекеттерi мен шешiмдерi (функционалдық өзара іс-қимылдың № 2 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында келтірілген:

1) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үшін ХҚКО АЖ-да ХҚКО операторының авторизациялану үдерісі;
2) 1-шарт – тіркелген оператор туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН және пароль арқылы, немесе ЭЦҚ арқылы ХҚКО АЖ-да тексеру;

3) 2-үдеріс – ХҚКО операторының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты ХҚКО АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-үдеріс – ХҚКО операторымен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып нысанды толтыру (деректерді енгізу, сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты сканирленген құжаттарды бекіту);

5) 4-үдеріс –электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты бекітілген сканирленген құжаттарға) ХҚКО операторының ЭЦҚ-сы арқылы қол қою;

6) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қызмет ету мерзімін және ЖАО АЖ-да тіркеу куәліктерінің қайта шақырылғандар (жойылғандар) тізімде жоқтығын тексеру;

7) 5-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-үдеріс – ХҚКО операторының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;

9) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыру (сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық анықтаманы беруден дәйекті бас тарту). Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдалануымен қалыптастырылады және ХҚКО АЖ-ға жіберіледі;
10) 8-үдеріс – ХҚКО қызметкерiмен шығыс құжатты қызметті тұтынушының қолына табыстау немесе электрондық поштасына жiберу арқылы беру.

8. ЭҮП арқылы ішінара автоматтандырылған электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет көрсетушінің адымдық әрекеттері мен шешiмдерi (функционалдық өзара іс-қимылдың № 3 диаграммасы) осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген:

1) тұтынушы ЖСН/БСН көмегімен ЭҮП-те тіркелуді жүзеге асырады (ЭҮП-те тіркелмеген тұтынушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушымен ЖСН/БСН және парольді ЭҮП-те енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);

3) 1-шарт – ЭҮП-те ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;

4) 2-үдеріс – тұтынушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-те қалыптастыру;

5) 3-үдеріс – тұтынушымен осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу, сұратылатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты сканерленген құжаттарды қосу);
6) 4-үдеріс – электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанына (енгізілген деректерге, сұратылатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты бекітілген сканерленген құжаттарға) тұтынушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қою;

7) 2-шарт – сәйкестендіру деректерінің (сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ-ның тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы) сәйкестігін, ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қызмет ету мерзімін және ЭҮП-те тіркеу куәліктерінің қайта шақырылғандар (жойылғандар) тізімінде жоқтығын тексеру;

8) 5-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-үдеріс – тұтынушының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжатты (тұтынушының сұрау салуын) ЭҮШ/ЭҮӨШ арқылы ЖАО АЖ-ға жіберу және ЖАО қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызметті өңдеу;

10) 7-үдеріс – ЖАО қызметкерімен электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін қалыптастыру (сұралатын мұрағаттық анықтама түріне байланысты мұрағаттық анықтама немесе мұрағаттық анықтаманы беруден дәйекті бас тарту). Электрондық құжат ЖАО қызметкерінің ЭЦҚ-сын пайдалануымен қалыптастырылады және ЭҮП-тегі жеке кабинетке жіберіледі.

9. Осы Регламенттің 3-қосымшасында ЭҮП арқылы электрондық қызмет алу кезінде тұтынушыға берілетін «Мұрағаттық анықтамалар беру» электрондық мемлекеттік қызметін алуға арналған өтініштің экрандық нысаны ұсынылған.

10. Электрондық мемлекеттiк қызмет бойынша сұрау салуды орындау мәртебесiн тұтынушымен тексеру тәсiлi: ЭҮП-те «Қызметтерді алу тарихы» бөлiмiнде, сонымен қатар ЖАО/ХҚКО-ға жүгінген кезде.

11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету туралы қажетті ақпаратты және кеңесті сall-Орталығының телефон нөмірі (14-14) арқылы алуға болады

3. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi іс-қимыл

(өзара iс-қимыл) тәртiбiн сипаттау
12. Электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қатысатын құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тізбесі:

1) ЖАО қызметкерлері;

2) ХҚКО қызметкерлері.

13. ҚФБ іс-қимылының (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігін әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімін көрсете отырып, мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

14. ҚФБ сипаттамасына сәйкес әрекеттердің (электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) қисынды дәйектілігі арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалар осы Регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

15. Осы Регламенттің 3, 4-қосымшаларында электрондық мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (шығыс құжат), ескертпе нысанын қоса ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, үлгілері келтірілген.

16. Тұтынушыларға электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы Регламенттiң 5-қосымшасына сәйкес сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

   17. Тұтынушылармен электрондық мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiне қойылатын талаптар:

1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандығын сақтау;

2) қызметтік борышты атқару кезіндегі заңдылықты сақтау;

3) кәсіптік этиканы және мәдениетті сақтау;

4) пәрменді және толық ақпарат беру;

5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығын сақтау;

18. Электрондық мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң техникалық шарттары: компьютер, Интернет, телефон.

____________________________

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

электрондық мемлекеттік қызмет

регламентіне 1-қосымша



1-сурет. ЖАО АЖ арқылы «ішiнара автоматтандырылған» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы



2-сурет. ХҚКО АЖ арқылы «ішiнара автоматтандырылған» электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы


3-сурет. ЭҮП арқылы «ішінара автоматтандырылған» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезінде функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

Кесте. Шартты белгілер




Бастапқы хабарлама



Соңғы хабарлама



Аралық хабарлама



Қарапайым аяқтау оқиғалары



Қате



Оқиғалар-таймерлер




Ақпараттық жүйе




Үдеріс




Шарт



Хабарламалар ағыны



Басқару ағыны



Соңғы тұтынушыға берілетін электрондық құжат



Ескертпе:

Диаграмманың үлгiлiк рәсiмделуi бизнес үдерiстердi модельдеу үшiн пайдаланылатын BPMN 1.2 графикалық нотациясында келтiрiлген. BPMN-де модельдеу графикалық элементтердiң аз саны бар диаграммалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұтынушыларға үдерiстiң қисынын жылдам түсiнуге көмектеседi. Элементтердiң төрт негiзгi санаттарын атап көрсетуге болады:

  1. басқару ағынының объектiлерi: оқиғалар, әрекеттер және қисынды операторлар;

  2. бiрiктiрушi объектiлер: басқару ағыны, хабарламалар ағыны және қауымдастықтар;

  3. рөлдер: пулалар және жолдар;

  4. артефакттар: деректер, топтар және мәтiндiк аннотациялар

Осы төрт санаттың элементтерi бизнес үдерiстердiң диаграммасын құруға мүмкiндiк бередi. Айрықша моделінің мәнерлілігін арттыру үшiн «Ескертпелер» деген бөлiмде келтiрiлуi тиiс басқару ағыны объектiлерiнiң жаңа түрлерiн және артефакттарды құруға рұқсат бередi.

________________________

«Мұрағаттық анықтамалар беру»

электрондық мемлекеттік қызмет

регламентіне 2-қосымша
  1   2   3

Похожие:

Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер

Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру»
«Маңғыстау облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен және мемлекеттік мұрағаттармен (бұдан әрі жао),...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» icon«Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызмет «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңының 15-бабы...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті жалпы ережелер
«Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» icon«Жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты Жалпы ережелер
Осы стандарт азаматтардың жұмыссыздар ретінде тіркелгеніне анықтамалар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің (бұдан әрі- мемлекеттік...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» icon«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Жалпы ережелер Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру»
Осы «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) қорғаншылық...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті Жалпы ережелер
«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқа дейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік...
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті шымкент қ. 2009 жыл мазмұны жалпы ережелер
Жалпы ережелер
Регламенті Жалпы ережелер «Мұрағаттық анықтамалар беру» iconРегламенті Жалпы ережелер «Мұрағат анықтамаларын беру»
«электронды үкімет» веб-портал арқылы «е-әкімшілік» ақпараттық жүйесімен беріледі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница