«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм




Скачать 395.88 Kb.
Название«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм
страница1/4
Дата конвертации19.01.2013
Размер395.88 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4






Әкімдіктің

2010 жылғы «__»_________

№__ қаулысымен бекітілген
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ

2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Федоров селосы - 2010 жыл
Мазмұны
Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің миссиясы және көрінісі 3

Ағымдағы ахуалды талдау 4

Бөлім қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және нысаналы индикаторлары 13

Бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қауп – қатерлері 22

Сектор аралық өз ара іс қимыл 23

Бағдарламалық және басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі 24

Бюджеттік бағдарламалар 27

1. Миссия және көрініс
Миссия - Аграрлық саясатты, облыста агроөнеркәсіптік кешеніне бәсекеге қабілетті салада жоғарғы деңгейге жету қабілетін және ауыл шаруашылық өндірісінің экономикасын көтеруді тиімді жүзеге асыру.

Шикізаттық бағыттан бәсекеге қабілетті жоғарытехнологиялы өнімдер өндірісіне ауысуға себепші болатын экономика салаларын одан әрі жетілдіру және жан-жақты дамыту жолымен аймақтың тұрақты дамуына қол жеткізу.


Көрініс - Ауыл шаруашылық өндірісін серпінді дамыту, астық өндірістерінде және малшаруашылығында жағдайды тұрақтандыру, облыстық ішкі азық-түлік сұраныстарын және елді азық-түлік қауіпсіздігінен қанағаттандыруға қабілетті өңдеу саласын әрі қарай дамыту.

Экономиканың және экспорттық потенциалдың жоғарылатылып қосылған құнды тауарлар мен қызметтердің пайдаласына тиімді дамуы, әлемдік сапа стандарттарына ауысуы, отандық тауарлар мен қызметтердің әлемдік нарыққа жетуіне және ел ішінде интеграциялануын қамтамасыз ету үшін қазіргі инфрақұрылымды дамыту.

2. Ағымдағы жағдайды талдау.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
Өсімдік шаруашылығы
Қазіргі уақытта аудан агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімді өсуімен бейнеленеді, селода қаржы қызметін сауда айланысын дамытумен, ауылды елдерде тұрмыс жағдайын жақсарту.

2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы жиыны 608,4 мың тоннаны құрады, шығымдылық 16,5 ц/га, соған сәйкес 2008 жылы 136 мың тонна дәрежесіне жеткен , 2007 жылмен салыстырғанда 31 мың тоннаға азайған.

Ылғалды сақтау технологиясын кең қолданылуына байланысты астық өнімдері көтерілді, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің отандық қолдауымен мемлекеттік көлемнің өсуі және дәнді дақылдар себу алаңы 2009 жылы жалпы көлемі 65 % құрады. 2007 жылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге 191,4 млн. теңге субсидий бөлінген, ал 2008 жылы 286,2 млн. теңге немесе 49,5 % артқан, 2009 жылы 215,7 млн. теңгеге және 2008 жылмен салыстырғанда 24,6% төмендеді.

Сонымен қатар, майлы дәнді-дақылдарға арналған алқаптар айтарлықтай өсті. 2010 жылы жалпы алаңның 10 пайызын майлы дәнді-дақылдар алады. Егіс айналымына жаңа майлы дәнді-дақылдардың мына түрі енгізілген, кориандр, зығыр олар 2010 жылы егіс бойынша алдыңғы орында (майлы дәнді-дақылдардың егіс алаңынан 51,2 пайызға).

Егін шаруашылығын тиімді жүргізу үшін, құнарлы топрақтарды қайта өндеу және сақтау тыңайтқыштарды қолдануда әрі қарай ынталандыруға қажет (органикалық шығарып тастау).

Ауданның аймағында фито тазарту жағдайына бақылау үнемі жүзеге асыруда. Сонымен бірге бір қатер қолайсыз жағдайлар бар: карантин ошағы жүруде, зиянды және өте зиянды организмдер.

Өсімдік шаруашылығында өркендеуіне бір қатар кедергілер болуда: ауыл шаруашылық дақылдарын ықпал ету экстенсивтік технологиясы: халықтың үй шаруашылығындағы картофел, жеміс жидектер, өңдеудің тиімді төмендетуде, минералды тыңайтқыштардың жетіспеушілгі, сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарына зиян келтіретіндермен және аурулармен күресуге химиялық припараттар аздығы, картофел, жеміс жидектердің сақтаудағы қазіргі заманға сай техникасының жоқтығы, оларды дайындау және қайта өңдеу жөнге салынбаған.

Көрсетілген жағдайларды шешуге мемлекетті қолдау және өсімдік шаруашылығын дағдарын түрлерін жетілдіруге диверсификациялық ынталандыруды әрі қарай жағдайды шешуге көрсету.

«В.И. Безбабный» ШҚ шемішке майын өндіру бойынша кіші зауыттың құрылысы аяқталған. Жобаның жалпы құны 125 млн. теңге құрады. Бір жылға өндірістік қуаты 850 тонна. Жылдың аяғына дейін ашылу жоспарлануда. Осы кезде кіші завоттың жұмысқа кірісуіне рұқсат құжаттарды алу жұмыстары аяқталуда.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығы саласында мал және құс санының өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 1,3-6,9 пайызға артты, ал өндірісте мал өнімі 1,2-4,3 пайызға.

Ауданда бір кәсіпорын «Тұрар» ЖШС – де малдардың асыл тұқымды субъект статусы бар, асыл тұқымды және оның өнім сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде шетелдік генофонды пайдаланумен.

Мал басын қайта өсіруде озат техниканы енгізу жүргізілуде (биотехнологиялық).

Өнімді көтеру және малдың тұқымдық сапасын жақсарту бойынша жұмыстарда, келесі тұқымға басым бағыт беру қажет: қара-ала сиырларға, голштин-фризскалық тұқымдарға.

Малды жасанды ұрықтандыруды қамту мақсатында, «Турар» ЖШС ауыл шаруашылық құрылым базасында 2 жасанды ұрықтандыру пункт жұмыс істейді. Ауданда, елді мекендердегі пункте, үй шаруашылығындағы малдар үшін 8 жасанды ұрықтандыру пункт жұмыс істейді. 2006 бас МІҚМ ұрықтандырылған, соның ішінде 1408 бас – үй шаруашылығында.

Ауданда мал сою бойынша 4 сою алаңы бар: Баннов селолық округі Қарақапа селосындағы «Аллес» ЖК, жаркөл селолық округі Жаркөл селосындағы «Киценко В.А.» ЖК, Федоров селосында «Наурыз» ЖШС, Федоров селосында «Союз - сервиз» ЖШС. Аудан бойынша 50 пайыз сою алаңы қажет.

Барлық ауыл шаруашылықтағы малдан жеке алаңдағы бас 93 пайызға жуық; асыл тұқымды малдардың үлес салмағы төмендеуде. Ауданда 1352 асыл тұқымды бас бар; малды ұстау және жемдеу технологиясы қарапайәым, мал шаруашылығында механизация және автоматизация процесстерінің деңгейі төмен, орташа тауар өндірісінде мамандандырылған шаруашылық жеткіліксіз дамытылған, жем-шөп базасының нашарлығы, толық рационалдық құрама жемнің жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығындағы малдардың жағдайы зоогигиеническалық және ветиринарлық – санитариялық талаптпрына сәйкес келмеуі, қарапайым мал обасының жоқтығы.

Мемлекеттік тиімді қолдау көрсету осы саланың динамикалық дамуына себеп болды.

Биыл мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету көлемі елеулі өсті. Егер 2009 жылы осы мақсатпен республикалық бюджеттен 31153 мың теңге бөлінген, ал 2010 жылы – 79849,9 мың теңге немесе 2009 жылы 2,56 есе көп.

Үйірлі жылқы шаруашылығын дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ауданда жылқы шаруашылығымен тек қана «Абайское» ЖШС және «Алтын Инвест» ЖШС айналысады, жалпы қосқанда 200 бас жылқы бар. «Гранд» ЖШС және «Турар» ЖШС жылқы шаруашылығын дамытуда -120 бас жылқы бар, осы салада осы жұмыс белгілеусіз бағдарламамен жүргізілуде. Осы салаға асыл тұқымды енгізуді қажет етеді, генетикалық потенциалдық тартумен етті сүтті тұқымға бағыттау.

Ауданда мүйізді уақ мал шаруашылығымен Қосарал селолық округіндегі «Далила» шаруа қожалығы айналысады. 206 бас қой және ешкі бар.

«Турар» ЖШС қазіргі уақытта 1000 басқа сүт комплексінің құрылысы бойынша инвестициялық жоба іске асырылып аяқталған, 36 бас сиырға «Карусель» сауу залы қойылған.

Қазіргі уақытта, «Успеновка» шаруашылық қожалығында, 2000 басқа шошқа бордақылау комплексін құру бойынша инвестициялық жоба әзірленген. Шошқа комплексі бойынша ғимаратты жаңарту жұмысы жүргізілуде. Ауыл шаруашылығындағы малдарды сою үшін сою алаңының құрылысы аяқталуда.

«Қаржау» шаруа қожалығында 2000 бас мүйізді ірі қара малдарды бордақылау бойынша бордақылау алаңдары құру жөнінде инвестициялық жоба әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Өңдеу
Ауданда бар: 2 шұжық цехы, үш наубайхана, жартылай өңделген өнім бойынша екі цех, шемішке майын өңдіру бойынша 2 цех, 10 нанхана, сут өңдеу бойынша 1 кәсіпорын.

«Безбабный В.И.» ШҚ бір жылға өндіріс қуаты 850 тонна, шемішке майын шығаратын мини-зауыт құрылысы аяқталған

2010 жылдың 7 айында кәсіпорынмен 25415,3 тонна өнімдер өндірілген, соның ішінде сүт өнімі – 155 тонна, 2009 жылмен салыстырғанда сүт өнімі 55 пайызды құрайды, өнімді тоқтатуға байланысты, ұннан пісірілген тағам -2833 тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 17,4 пайызға төмендеді, ұн диірменінің өнімдері - 18071 тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 12 пайызға көтерілді, шемішке майы – 178,1 тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 173 тоннаға артты, басқа өнімдер – 4177,3 тонна, 2009 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артты.

Халық аралық стандартқа кәсіпорын өткізуге және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізді, дәл уақытта менеджмент сапасының жуйесінің уақыты, халық аралық ИСО және ХАССП стандартқа негізділген, 2 кәсіпорын саласы енгізілді. Дәл уақытта ИСО және ХАССП, халық аралық стандарттарды енгізу туралы өтініш түскен жоқ.

Ауданда өнімдерді өткізу кедергілері бар, өз ара өндірушілер және соңғы өнім тұтынушылармен келісуші сандарының үлкен әсері бар.

Механизация
Егін жинау жұмыстары және көктемгі егістік мерзімінің тиімді агротехникалық өткізуге рұқсат етеді, заманға сай техника және жоғары жаңа өнімнің машина тракторларының жаңа паркі жаңартылуы бойынша мақсаттық бағыттағы жұмыстар ауданда өткізді.

2005-2009 жылдардың кезеңіндегі, ауданда трактор 181 паркі жаңартылды, комбаин паркі 152 бірлік, 36 жоғарғы қармаушы егістік комплексі сатып алынды.

Сонымен бірге 2010 жылы аудан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер 1 трактор, 10 астық жинайтын комбайндар, егістік және басқа да техниқалар сатып алынды.

Жоғарғы өндірүші, жылу ұстайтын техниканы жақын елден және алыстағы шетелден сатып алу, ауыл шаруашылық өндірүшілерді жылу мен қамтамасыз ету 2006 жылымен салыстарылысындаға 4 пайызға артты, егін кешені дәнді дақылдар себу алаңы 30 пайыз, жоғарғы өндіруші астық жинайтын комбайындардың астық жинауы 50 пайыз.
Қызмет көрсететін құрылымды дамыту
Қазіргі уақытта ауданда 1 кредиттік серіктестік бар.

Табиғат құбылысының әсеріне ұшыраған өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіретін мүлікті қорғауды қамтамасыз ету үшін, ауыл шаруашылығында дәнді-дақылдарды егуде міндетті сақтандыру жүргізіледі. 2009 жылы барлық сақтандыруға жататын алаң 97,9 пайызды құрады.


Индустриалдық-инновациялық даму
Қазақстанда өткізілген экономикалық реформалар, отандық индустрияның қарқынды дамуына мүмкіндік тудырды, 2009 жылдың қорытындылары бойынша Федоров ауданының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1,9 млрд. теңге.

Өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің нөмендеуіне негізгі әсерін «Шың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тигізді. Кәсіпорын әлемдік қаржы дағдарысында өндіретін өнімін өткізуге төлеуге қабілетті рыногынан айрылды, сонымен қатар жаңа, айтылып жүрген рынокпен, бағалармен, оның ішінде әлемдік бағалармен жұмыс істеуге дайын болмай шықты. Аталмыш кәсіпорынның өндіріс құрылымын, жалпы алғанда аймақтың өнеркәсібін қайта өңдеуші салалардың үлесін және түрлерін ұлғайта отырып объективті жетілдіру қажет.

Ауданда 11 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейді, олар өңдеу саласында және жылу энегиясын және су өндіру және тарату саласында қызмет атқарады. Өнеркәсіп өнімінің облыстық көлеміндегі үлесі 0,4 % құрайды, 2008 жылы 0,5 % құрады.

Өнеркәсіп өнімінің шынайы көлемінің көрсеткіші (ШКК) 2008 жылғы деңгейге – 100,8 %, ШКК көрсеткіші ағымдағы жылы 2009 жылмен салыстырған 100,6 % құрауы тиіс.

Аймақтың шикізат базасы және ауылшаруашылығының өнімдерін қайта өңдеу өндірісінің күші жеткілікті. Сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп және құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамытуға мүмкіндіктер бар, сондықтан аталмыш бағытта экономиканы одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға топталу қажет.

Аталмыш саясаттың негізгі құралы 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия), ол өңдеу секторын ілгері дамытуға бағытталған.
Инновациялық жүйені құрастыру
Біз инновациялық жолды іске асыра ғана әлемдік қауымдастықта лайықты орын аламыз. Жоғарытехнологиялы өндірістің дамуы және инновациялық қызмет аймақтың одан әрі экономикалық дамуына және аудан кәсіпорындарының өндіретін өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыруда негіз болады.

Аудандық деңгейде инновациялық дамудың негізгі міндеті инновациялық жүйенің басты элементтерін: ғылыми потенциалды, инновациялық инфрақұрылымды, қаржы инфрақұрылымын, инновациялық кәсіпкерлікті құру және дамыту.

Индустрия ғылыммен өзара әрекеттеспесе болашағының болуы мүмкін емес, бірақ, өкінішке орай, отандық зерттеулер мен зерттемелер іс жүзіндегі нарықтың талаптары мен шарттарына нашар бағытталған және импорттық ғылымы көп өнімдермен және қызметтермен бәсекелесуге шыдамайды.

Дайын ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізу тәртібі жоқ, бұл процесс аудан деңгейінде мүлде нашар іске асырылуда.

Инновациялық процессті басқару кәсіпорындарда жүзеге асырылатын басқару бағыттарының бірі болуы тиіс. Оның мақсаты – кәсіпорынның ғылыми-техникалық және өндірістік қызметінің негізгі бағыттарынмына салаларда анықтау:

- зияткерлік меншіктегі нысандардың базасында жаңа өнімді әзірлеу және енгізу;

- шығарылатын өнімді жаңарту және жетілдіру;

- кәсіпорынның дәстүрлі өнім түрлерін өндіруін одан әрі дамыту;

- ескірген өнімді өндірістен шығару.

Индустриалдық-инновациялық даму саласындағы проблемалар
- өңдеуші сектор өнімінің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;

- негізгі қорлардың тозымдылығы және ескірген технологияны пайдалану;

- айналым қаражатының жетіспеушілігі және төмен пайыздық мөлшермен ұзақ несиелерге қол жетпейтіндік;

- отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі деңгейінің төмендігі;

- салық, кеден заңнамаларындағы өңдеуші өндірісті ынталандырудың осалдығы.
Сауданы дамыту
Ішкі сауда
Аудандағы бөлшектік тауар айналымы 2009 жылдың қорытындысы бойынша 783,7 млн. теңгені құрды, онда 2008 жылды тұтас алғанда ол 629,5 млн. теңгені құрды. 2008 жылы бөлшектік тауар айналымы 2007 жылдың көрсеткішінен 116,6 % көрсетті, бөлшектік тауар айналымының шынайы көлемінің индексі 2008 жылы 103,4 % құрды. 2008 жылы тауар айналымы халықтың үлесіне составил 21,9 мың теңгені құрды, бұл көрсеткіш 2009 жылы 28,3 мың теңгені құрды. Аудандағы бөлшек сауданың өсу қарқыны бар, бірақ негативті көріністердің қатарымен өткізіледі. Ішкі саудада көлеңкелі айналымның көлемінің орны басым, ол өзіне мыналарды қосады: сатушы кәсіпкерлердің де, рыноктардың да ашық емес салық салуы; контрабандалық және контрафактілік өнімді іске асыру деңгейінің жоғарылығы; алып-сатушылар қызметінің белсінділігі.

Сауда рыноктарының қызметінің тиімділігін арттыру, өркениетті сауда нысандарын құру жөніндегі шаралар қолдану мақсатында рыноктарды жаңарту, оларды абаттандыру, қосымша сауда орындарын құру, коммуналдық рыноктар немесе шаруа-фермерлік сауда қатарларын ашу қажет.

Сауда саласындағы проблемалар:
- сауда қызметін реттеу саласындағы заңнамалық қамтамасыз етудің нашарлығы;

- сауда рыноктарындағы көлеңкелі айналым деңгейінің жоғарылығы;

- тамақ саласындағы қайта өңдеу өнеркәсібінің дамымағандығы;

- ішкі сауда инфрақұрылымының нашар даму деңгейіні (мысалы, сауданы сауда-логистикалық қамтамасыз етудің болмауы және т.б.).

Кәсіпкерлікті дамыту
Ауданда 2010 жылғы 1 қаңтарға заңды тұлға нысанында 42 шағын кәсіпкерлік субъектілері қызмет атқаруда, өткен жылдағы саны 47. Жұмыспен қамтылғандар саны 15,7 % төмендеп, 183 адамды құрды, өткен жылғы көрсеткіш 217. 2008 жылғы 453,5 млн. теңгеге қарсы 430,6 млн. теңге сомаға тауар өндірілді немесе 5 % төмен. 5 кәсіпорын активтерінің ұлғаюынан төмендеу пайда болды, соның есебінен олар орта бизнес субъектілерінің қатарына енгізілді.

2009 жылдың өткен кезеңінде қызмет көрсету саласында 8 кәсіпкерлік объект пайдалануға берілді жалпы ауданы 574 ш.м., онда 13 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын кәсіпкерлік саласында барлығы 85 жұмыс орын құрылды.

2010 жылғы ағымдағы жыл мерзіміне жобалық құны 310012 млн. теңге 8 жаңа объект енгізілген.

Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарының қалыптасқан салалық құрылымы соңғы жылдары өзгерген жоқ. Олардың көбі сауда саласында және ауыл шаруашылығында мамандандырылған (53 %).
  1   2   3   4

Похожие:

«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм iconЖарма ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінде жемқорлыққа қарсы іс шаралар «Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жарма ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» 2010 жылы төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Бесқарағай аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімнің миссиясы мен пайымдау
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ережесі жалпы ережелер «Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
«Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) ветеринария, аграрлы азық-тлік...
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«бекітемін» Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Шығыс Қазақстан облысы «Үржар ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«Өскемен қаласының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыты, мақсаты, міндеттері, мақсатты индикаторлары, іс-шаралар және қорытындылар көрсеткіштері
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм iconМемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама Комсомол селосы 02 наурыз 2011 жыл Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Әйтеке би аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм-і ветеринарлық препараттарды...
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм
Ауданның агроөнеркәсіп кешені саласын жаңа сапалы деңгейге жеткізу және экономикалық өсуіне әсер ету мақсатында мемлекеттік аграрлы...
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«келісілді» Облыс ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Б.Қасенов
Успен ауданының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған
«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм iconШҚО «Тарбағатай аудандық Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм қызметкерлері туралы ақпарат

«Федоров ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм icon«Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Ауданның агроөнеркәсіп кешені саласын жаңа сапалы деңгейге жеткізу және экономикалық өсуіне әсер ету мақсатында мемлекеттік аграрлы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница