Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы




НазваниеҚазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/5
Дата конвертации15.11.2012
Размер1 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 ақпандағы № 134 Қаулысы

 

"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 15 сәуiрдегi № 148-151 (26553); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 20, 243-құжат
 

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлiгiнiң 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) «Қазақстан Республикасы Мұнай- және газ министрлiгiнiң 2010 — 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 776 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 46, 418-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 776 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1220 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған тап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 14 ақпандағы
№ 134 қаулысымен  
бекiтiлген    

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

1. Миссиясы мен пайымдауы

      Миссиясы
      Бәсекеге қабiлеттiлiк пен ұлттық қауiпсiздiктiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында көмiрсутек шикiзаты бөлiгiнде отын-энергетика кешенiн дамыту, экономиканың көмiрсутек шикiзатына және оны қайта өңдеу өнiмдерiне өсiп отырған қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, оларды тиiмдi пайдалануға бағытталған ғылыми-технологиялық әлеуеттi дамыту.
      Пайымдауы
      Дамыған мұнай-газ өнеркәсiбi және магистральдықты қоса алғанда, көмiрсутек шикiзатын тасымалдау жүйесi мен көмiрсутек шикiзатын қайта өңдеу бойынша дамыған қуаттар.

2. Ағымдағы жағдайды талдау және қызметтiң тиiстi салаларының (аяларының) даму үрдiстерi

1-стратегиялық бағыт. Мұнай-газ саласын серпiндi дамыту

      Қызметтiң реттелетiн саласын немесе аясын дамытудың негiзгi параметрлерi
      Көмiрсутек шикiзатының қорлары
      Қазақстан Республикасындағы көмiрсутек шикiзатының жалпы болжамды өндiрiлетiн ресурстары 17 млрд. тоннаны құрайды, оның 8 млрд. тоннасы Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторына (бұдан әрi – КТҚС) тиесiлi. Расталған мұнай қорлары бойынша Қазақстан әлемдегi 15 жетекшi елдiң қатарына кiредi. Қазақстан көмiрсутек шикiзатының қомақты қорына – әлемдiк қордың 3,3%-ына иелiк етедi.
      Республиканың 172 мұнай және 42 конденсатты кен орны орналасқан мұнайлы-газды аудандары Қазақстан аумағындағы шамамен 62% алаңды алып жатыр. Қазақстандағы мұнайдың негiзгi қорлары (90%-дан астам) аса iрi 15 кен орнында – Теңiз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетiбай, Жаңажол, Қаламқас, Кеңқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстiк Бозашы, Әлiбекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское – шоғырланған.
      Кен орындары Қазақстанның он төрт облысының алтауының аумағында орналасқан. Бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмiрсутек қорларының шамамен 70%-ы Қазақстанның батысында шоғырланған.
      Мұнайдың неғұрлым барланған қорлары Атырау облысына тиесiлi, оның аумағында өнеркәсiптiк санаттағы 930 млн. тонна қормен 75-тен астам кен орны ашылды.
      15-тен астам көмiрсутек кен орны Батыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан. Мұнай-газ әлеуетi тұрғысынан Ақтөбе облысы тағы бiр перспективалы өңiр болып табылады. Мұнда 25-тей кен орны ашылды. Қызылорда және Қарағанды облыстарының негiзгi мұнай өңдеу саласы маңыздылығы бойынша Қазақстанның бесiншi мұнай-газды провинциясы – Құмкөл кен орындары тобы болып табылады.
      Каспий және Арал теңiздерiнiң акваториясында республикада жүргiзiп жатқан жер қойнауын кен ауқымды учаскелерiн зерделеу Қазақстанның мұнай-газ саласының ресурстық әлеуетiн одан әрi молайтуға ықпал етедi.
      Каспийдiң солтүстiгiнде 2000 жылы ашылған Қашаған кен орны соңғы 30 жыл iшiндегi әлемдiк тәжiрибедегi ең маңызды оқиға деп аталды.
      Мұнай мен газ iздеу перспективалары Каспий маңы ойпатындағы, Арал маңындағы зерттелмеген терең жатқан құрылымдармен, сондай-ақ Солтүстiктен, Орталықтан және Оңтүстiк Қазақстандағы объектiлердегi сейсмикалық жұмыстардың анықталған нәтижелерiмен байланыстырады.
      Мамандардың болжамы бойынша Қазақстан Республикасында көмiрсутек шикiзатының шығарып алынатын қорлары қазiргi өндiру деңгейiнде шамамен 60-70 жылға жетуi тиiс, алайда, iрi мұнай-газ кен орындарындағы өндiрудiң үдемелi көлемiн ескере отырып, көрсетiлген уақыт шеңберi айтарлықтай қысқаруы мүмкiн. Сондықтан мұнай-газ саласын одан әрi дамыту жаңа кен орындарының ашылуы есебiнен қорлардың өсiмiмен қамтамасыз етiлуi тиiс.
      Қазақстанда көмiрсутегi қорларын ұлғайтудың нақты перспективалары бар, сол себептен Қазақстанның жер қойнауының әлеуетi әлi де жоғары болып табылады.
      Мұнай және газ өндiру
      Мұнай-газ саласының серпiндi дамуы Қазақстанның бүкiл экономикасы үшiн өте маңызды.
      Мұнай-газ кешенi елдiң және оның жекелеген өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына шешушi әсерiн тигiзедi, шын мәнiнде мемлекеттiң бүкiл экономикасы үшiн алға тартушы күш болып табылады, экономиканың басқа да салаларының дамуына ықпал етедi. Өңiрлер мен бүкiл мемлекет ауқымындағы неғұрлым маңызды әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуы мұнай-газ кешенi кәсiпорындарының жұмысына байланысты.
      Мұнай-газ кешенiндегi өзгерiстер саланың өзiнiң, сондай-ақ байланысты өндiрiс салаларының жұмыс iстеу тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған, бұл елдiң энергетикалық қауiпсiздiгiнiң нығаюына ықпал ете отырып, сондай-ақ кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, қызметтер мен өнiм сапасының артуына сүйемелденген экономиканың тұрақты өсуiн қамтамасыз етуi тиiс.
      2009 жылы республикада мұнай және газ конденсатын өндiру 2008 жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өсiп, 76,5 млн. тоннаны құрады. 68,1 млн. тонна мұнай және газ конденсаты экспортталды – (8,4%-ға өстi).
      Қазақстан Республикасының аумағында 2009 жылдың қорытындылары бойынша негiзгi мұнай өндiрушi компаниялар «Теңiзшевройл» ЖШС (бұдан әрi – ТШО) (22,5 млн. тонна), «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» ЖШС (бұдан әрi – КПО б.в.) (11,9 млн. тонна), «ҚазМұнайГаз» БӨ» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – ҚМГ БӨ) (8,9 млн. тонна), «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – ММГ) (5,7 млн. тонна) және «Ақтөбемұнайгаз СНПС» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi – Ақтөбемұнайгаз СНПС) (6 млн. тонна) болып табылады.
      Қазақстан Республикасының аумағында құрлықтағы кен орындарында игерiлетiн көмiрсутек шикiзатының басым бөлiгi жылдық өндiрудiң ең жоғары деңгейлi сатысына жеттi. Құрлықта өндiрудiң одан әрi өсуi бiрiншi кезекте, Теңiз және Қарашығанақ кен орындарын игерудiң жылдамдауына байланысты. 2012 жылдың аяғында Қарашығанақ кен орнын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк iске асыруды бастау жоспарлануда. Бұл ретте, өнiмдi болу туралы келiсiмге Екiншi қосымша шартқа сәйкес Қашаған коммерциялық өндiрiсiнiң басталуы 2013 жылдың қазанына дейiн ұзартылуы мүмкiн.
      2015 жылы мұнай және газ конденсатын өндiру 2009 жылмен салыстырғанда 124,2 %-ға дейiн өседi деп күтiлуде (өндiру өсiмi 18,5 млн. тоннаны құрайды) бұл 1-диаграммада көрсетiлген.

1-диаграмма. 2009 жылы мұнай және газ конденсатын өндiру және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, млн. тоннамен

 

      Табиғи және iлеспе газды өндiру 2009 жылы 36 млрд. текше метрдi құрады, 2008 жылмен салыстырғанда өсуi 7,5 %. Газ экспортының көлемi 7 млрд. текше м. құрады (алмасу операциясы арқылы Қазақстан Республикасының iшкi нарығына жiберiлетiн Қарашығанақ газының көлемiн есептемегенде).
      Қазақстан Республикасының аумағындағы негiзгi газ өндiрушi компаниялар (2009 жылғы деректер бойынша) «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» (15,0 млрд. текше метр), «Теңiзшевройл» ЖШС (11,7 млрд. текше метр), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (3,0 млрд. текше метр), «Толқынмұнайгаз» ЖШС (2,3 млрд. текше метр), «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (0,4 млрд. текше метр) болып табылады.
      2015 жылы шикi газ өндiру көлемiн 2009 жылға қарағанда 64,7 % дейiн өсiру жоспарлануда (өндiру өсiмi 23,3 млрд. текше метрдi құрайды). 2015 жылға дейiн газ өндiру болжамы 2-диаграммада берiлген.

2-диаграмма. 2009 жылы газ өндiру және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, млрд. текше метрмен

     

      Газ өндiрудi ұлғайту Қарашығанақ, Теңiз, Жаңажол, Толқын секiлдi және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ-тың иелiгiндегi бiрқатар басқа кен орындарының, сондай-ақ Каспий қайраңы (Қашаған және басқалар) кен орындарының жаңа және негiзгi базалық көмiрсутек кен орындарын дамыту жолымен қамтамасыз етiледi.
      Мұнай және газ өндiру
      2009 жылы республиканың мұнай өңдеу зауыттарында (бұдан әрi - МӨЗ) 12,1 млн. тонна немесе 2008 жылдың деңгейiне қатысты 98,8 % мұнай өңделдi. 2589,1 мың тонна бензин (98,7 %), 3795,3 мың тонна дизель отыны (95,3 %), 3237 мың тонна мазут (104,3 %), 373,5 мың тонна авиакеросин (92,7 %) өндiрiлдi.
      2009 жылы мұнай және газ өңдеу кәсiпорындарында 1824,5 мың тонна сұйытылған көмiрсутек газы өндiрiлдi, 2008 жылдың деңгейiне қарағанда өсiм (125,7 %)-ды құрады.
      Мұнай өндiрудiң ұлғаюына байланысты, 2015 жылға дейiнгi кезеңде мұнай өңдеудi жылына 17,5 млн. тоннаға дейiн ұлғайту және тиiсiнше мұнай өнiмдерiн өндiру жоспарлануда. 2015 жылға дейiн мұнай өнiмдерiн өндiру мен өндiрiс серпiнi 3 және 4-диаграммаларда бейнеленген.

3-диаграмма. 2009 жылы мұнай өңдеу және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, млн. тоннамен

      

4-диаграмма. 2009 жылы мұнай өнiмдерiнiң негiзгi түрлерiн өндiру және 2010 – 2015 жылдарға арналған болжам, мың тоннамен

      

      2010 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 153 қаулысымен адам өмiрiн және денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, қоршаған ортаны қорғау мақсатында автомобиль бензинiне, дизель отынына және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптарды белгiлейтiн «Бензин, дизель отыны және мазут қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» техникалық регламентi бекiтiлдi (бұдан әрi – Техрегламент).
      Осы қаулыға сәйкес Қазақстан аумағында 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 – экологиялық кезең стандарттарының талаптары енгiзiлдi. 3 – экологиялық кезең және 4 – экологиялық кезең стандарттарының талаптарын Қазақстан Республикасында тиiсiнше 2014 жылғы қаңтардан және 2016 жылғы қаңтардан енгiзу жоспарланып отыр.
      Осы стандарттарды енгiзу республиканың МӨЗ технологиялық қондырғылар мен жабдықтардың моральдық және табиғи тұрғыдан ескiргендiгiне және мұнайды тереңдей өңдеуге мүмкiндiк бермейтiндiгiне және тиiсiнше тиiстi Экологиялық стандарттарға сәйкес келмейтiндiгiне байланысты болып отыр.
      Әлемдiк талаптарға, оның iшiнде жоғарыда көрсетiлген Техникалық регламентке сәйкес келетiн өндiрiлетiн өнiм сапасын жақсарту мақсатында отандық МӨЗ-де қазiргi өңдеушi қуаттарды қайта құру мен жаңғырту шаралары жоспарлануда.
      Отандық МӨЗ-дi қайта құру және жаңғырту мынадай инвестициялық жобаларды iске асыруды көздейдi:
      Атырау мұнай өңдеу зауытында (бұдан әрi – АМӨЗ):
      ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысының вакуумдық блогын және АМӨЗ баяу кокстеу қондырғысын қайта құру вакуумдық блоктың қуатын жылына 1800 мың тоннаға дейiн және баяу кокстеу қондырғысының қуатын жылына 1000 мың тоннаға дейiн жеткiзу. Жобаны iске асыру мерзiмi – 2011 жыл.
      Жылына 133 мың тонна бензол, 496 мың тонна параксилол өндiрумен хош иiстi көмiрсутек өндiрiсi кешенiн салу және мұнай өнiмдерiнiң сапасын 3 – экологиялық кезеңге дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi – 2011 – 2013 жылдар.
      Зауыт базасында мұнайды терең өңдеу бойынша жылына мұнай өңдеудi 5500 мың тоннаға дейiн жеткiзумен және мұнай өнiмдерiнiң сапасын 84 %-ға дейiн өңдеу тереңдiгi бойынша Еуро-4 стандартына дейiн жақсартумен кешен салу. Жобаны iске асыру мерзiмi – 2011 – 2014 жылдар.
      «Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнде (бұдан әрi – ПҚОП):
      Мұнай өңдеу бойынша қуатты жылына 6000 мың тоннаға дейiн жеткiзумен, өңдеу тереңдiгiн 90 %-ға дейiн ұлғайтумен, зауытты қайта құру және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын 4 – экологиялық кезеңге дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi – 2011 – 2014 жылдар.
      Павлодар мұнай-химия зауытында (бұдан әрi – ПМХЗ):
      Зауытты қуатын жылына 6000 мың тоннаға дейiн жеткiзумен, мұнай өңдеу тереңдiгiн 90 %-ға дейiн ұлғайтумен қайта құру және жаңғырту, мұнай өнiмдерiнiң сапасын 4 – экологиялық кезеңге дейiн жақсарту. Жобаны iске асыру мерзiмi – 2011 – 2013 жылдар.
      МӨЗ-дi қайта құру және жаңғыртуды аяқтау 2015 жылы республиканың тұтынушыларын 3 – 4 – экологиялық кезеннiң талаптарына сай келетiн сапалы мұнай және мұнай-химия өнiмдерiмен қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға зиянды әсердi азайтуға, республиканың автомобиль және авиация отынына қажеттiгiн қамтамасыз етуге, мұнай өңдеу зауыттарының жиынтық қуатын жылына 17,5 млн. тоннаға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
      Негiзiнен, республиканың мұнай-газ кешенi өндiретiн газ iлеспе газ болып табылады, сондықтан тауарлық газды өндiргенге дейiн газ өңдеу зауыттарында оны өңдеу талап етiледi. Республикада жылына жалпы газ өңдеу қуаты 18,9 млрд. текше метр үш газ өңдеу зауыты (бұдан әрi – ГӨЗ) жұмыс iстейдi:
      Қазақ газ өңдеу зауыты (бұдан әрi – ҚазГӨЗ);
      Теңiз газ өңдеу зауыты (бұдан әрi – ТГӨЗ);
      Жаңажол газ өңдеу зауыты (бұдан әрi – ЖГӨЗ).
      Кен орындарында газ өндiрудiң аз көлемдерiмен тауарлық күйге дейiн газ дайындауды газды кешендi дайындау қондырғыларында (бұдан әрi – ГКДҚ) жүргiзедi.
      Газды кәдеге жарату жөнiндегi iс-шараларды 2006 жылдан 2009 жылға дейiнгi кезеңде орындау жағылатын газ көлемiн 3,1-ден 1,7 миллиардқа дейiн, яғни 1,4 миллиард текше метр, мұнай өңдеудi 2006 жылы 64,9 миллионнан 2009 жылы 76,5 миллионға дейiн ұлғайту кезiнде және тиiсiнше газ 27-ден 36 миллиард текше метрге дейiн қысқартуға ықпал етедi. Бұл ретте, кәдеге жаратылған газ көлемi 23,9-дан 34,3 миллиард текше метрге дейiн, яғни 10, 4 млрд. текше метрге ұлғайтылды. Iлеспе газды кәдеге жарату жөнiнде бекiтiлген Бағдарламаларды республиканың жер қойнауын пайдаланушыларының орындауына тұрақты мониторингi жүзеге асырылады.
      Жер қойнауын пайдаланушылардың газды кәдеге жарату жөнiндегi iс-шараларды орындауы қуаты 256 МВт астам 12 газ турбиналық электр станциясын (бұдан әрi – ГТЭС), газды кешендi кәдеге жарату бойынша 12 қондырғыны және 8 млрд. текше метр газ және жылына  350 мың тоннадан астам сұйытылған газ өңдеу үшiн ГӨЗ-дi iске қосатын кәдеге жаратылатын газды пайдалану жөнiнде жаңа инфрақұрылым құруға ықпал етедi.
      Магистральдық және газ тарату құбырларының тарихи қалыптасқан жүйесiне сәйкес табиғи газ республиканың 14 облысының 9-ына жеткiзiледi. Қазақстан Республикасының елдi мекендерiн газдандыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкiметi маңызды назар аударып тұрады. 2006 – 2009 жылдары осы мақсатқа республикалық бюджеттен 15 млрд. астам теңге бөлiнген болатын. Қабылданған шаралар Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының 80-нен аса елдi мекендерiн, сондай-ақ Қызылорда қаласындағы 428 көп қабатты үйлер мен 4 мың жеке үйлердi табиғи газбен газдандыруға мүмкiндiк бередi.
      Газдандыру жөнiнде белсендi жұмыстар бюджет қаражаты есебiнен жергiлiктi деңгейде жүзеге асырылады. 2007 – 2009 жылдары осы мақсатқа 49 млрд. астам теңге бөлiндi, онда шамамен 400 мың адам тұратын үй газдандырылды.
      Облыс әкiмдiктерiнiң деректерi бойынша 2015 жылы газ тұтыну көлемi 13,8 млрд. текше метрдi құрайды, бұл 2009 жылға қарағанда 1,6 есе көп.
      Мұнай-газ тасымалдау инфрақұрылымын дамыту
      Көмiрсутектер өндiру көлемiнiң ұлғаюы мұнай-газ тасымалы инфрақұрылымын серпiндi дамытуды қажет етедi.
      Қазiргi уақытта Қазақстан мұнайының негiзгi экспорттық бағыттары Атырау - Самара, Каспий құбыр консорциумы (бұдан әрi – КҚК), Атасу – Алашанькоу құбыры, Ақтау порты болып табылады.
      Қазақстан мұнайының басым бөлiгi 2009 жылы КҚК мұнай құбыры бойынша – 27,5 млн. тонна және Атырау – Самара бойынша – 17,5 млн. тонна экспортталды. Қытай бағытында – 7,7 млн. тонна тасымалданды, оның iшiнде 6,2 млн. тоннасы қазақстандық мұнай. Мұнайды теңiз арқылы экспорттау – 11,1 млн. тоннаны, темiржол арқылы 4 млн. тонна құрады. Орынбор газ өңдеу зауытына (бұдан әрi – ОГӨЗ) 1,8 млн. тонна газ конденсаты жеткiзiлдi.
      2009 жылы Қазақстан аумағы бойынша Қытайға Ресей мұнайының транзитi 1,5 млн. тоннаны құрады.
      Қазақстанның экспорттық және транзиттiк әлеуетiн дамыту мемлекеттiк саясаттың бiрден-бiр негiзгi бағыты болып табылады. Жаңа экспорттық жүйе құру және қазiргiсiн кеңейту жұмысы бүгiнгi күнi өзектi болып отыр.
      Мұнай-газ ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан көлiк шығындарын азайтқан жағдайда көмiрсутектердi неғұрлым тартымды нарықтарға тасымалдау жобаларын iздеу мен iске асыруды жалғастыруға тиiс. Қуат көздерi мен экспорт бағыттарын дамыту өнiм өндiрудiң перспективалық және iшкi тұтыну көлемдерiне, транзиттiк елдермен ұзақ мерзiмдi уағдаластықтардың болуына, әлемдiк тұтыну нарығындағы сұраныс пен жағдайдың деңгейiне сәйкес болуға тиiс.
      Қазақстан мұнайының экспорттық бағытын дамыту және әртараптандыру мақсатында мына жобаларды iске асыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде: КТК мұнай құбырын кезең-кезеңмен кеңейту, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырына қосу арқылы Қазақстан Каспий тасымалдау жүйесiн құру (бұдан әрi – ҚКСТ) және Қазақстан-Қытай мұнай құбырының өткiзу қабiлетiн ұлғайту.
      Мұнай мен газ конденсатын теңгерiмдi өндiру кезiнде мұнай құбырларын кеңейту жобаларын ескере отырып, экспорт мынадай негiзгi КТК және Қазақстан-Қытай бағыттары бойынша ұлғайтылатын болады.
      2009 жылы қазақстандық газ экспортының көлемi республика аумағы бойынша халықаралық газ транзитiнiң көлемi 73,3 млрд. текше метрдi, оның iшiнде текше метр ресейлiк – 48 миллиард, түрiкмен – 11,9, өзбек – 13, 4 текше метрдi құрады.
      Республиканың аумағы бойынша газ тасымалдау мен транзит негiзгi магистральдық газ құбыры бойынша – «Орта Азия – Орталық» (Орта Азия газы), «Бұхара газды өңiр – Ташкент – Бiшкек – Алматы (Орта Азия газы)», Қазақстан – Қытай (Орта Азия газы) газ құбырының 1-шi учаскесi, «Оренбург – Новопсков (Ресей газы), Бұхара – Орал (Ресей газы) жүзеге асырылады.
      Iшкi нарықты газбен қамтамасыз ету үшiн 2006 жылы «Газпром» ААҚ, «Өзбекмұнайгаз» ҰХК және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ арасында газдың қарама-қарсы жеткiзiлiмдерi туралы келiсiмге қол қойылды.
      Бейнеу – Шымкент газ құбырын салу Қазақстанның энергетикалық қауiпсiздiгiнiң артуына жағдай жасайтын болады және елдiң газ өндiретiн батыс өңiрлерiнен оңтүстiкке берiлетiн газ ағынын қамтамасыз етуге және өзбек газының жеткiзiлiмiне тәуелдiлiктi азайтуға мүмкiндiк бередi.
      Газ құбырының трассасы Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары бойынша өтетiн болады.
      Бейнеу – Шымкент газ құбыры Орта Азия – Орталық, Бұхара – Орал, Бұхара газды ауданы – Ташкент – Бiшкек – Алматы, Қазақстан – Қытай сияқты барлық негiзгi магистралдық газ құбырларын қосады.
      Жобаны iске асыру 400-ге жуық елдi мекендi қамтумен, тұрғындарының жалпы саны 2 миллион адамға дейiнгi бұрын газбен жабдықталмаған Қызылорда облысының аумағын, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстiк аудандарын газбен жабдықтауды жалғастыру мүмкiндiгiн көрсеткен оң мультипликативтiк әсер бередi. Бұл ауыл тұрғындарының тұрмысын сапалы деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi, жаңа және жұмыс iстеп тұрған өнеркәсiп объектiлерi мен ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңғыртуға, шағын және орта бизнестi дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға қозғау салады.
      Тұтастай алғанда, жобаны iске асыру газ құбыры трассасының бойында орналасқан Қазақстан Республикасы өңiрлерiнiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға алып келедi.
      Қазақстан iшкi және сыртқы нарықтарға көмiрсутектердi жеткiзудiң көп векторлы принциптерiне сүйене отырып, табиғи газдың транзитi мен экспорттық жеткiзiлiмi бойынша барлық экономикалық тиiмдi бағыттарды дамытуға ұмтылады. Қазақстан - Қытай газ құбыры және Каспий жағалауы газ құбыры жобаларын iске асыру елдiң транзиттiк және экспорттық әлеуетiн жақсартуға мүмкiндiк бередi және тиiсiнше Қазақстан экономикасының дамуына жағдай жасайтын болады.
      Қазақстан – Қытай газ құбыры жобасы.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келiсiмге 2007 жылғы 18 тамызда қол қойылды. Газ құбыры Түркiмен және Қазақстан газын тасымалдау үшiн қажет.
      2009 жылдың аяғында Қазақстан – Қытай газ құбырының бiрiншi учаскесiнiң 1-шi желiсi 2010 жылы қазанда 2-шi желiсi пайдалануға берiлдi.
      2012 жылдың соңына дейiн Қазақстан – Қытай газ құбырының 1-шi учаскесiнiң қуатын кейiннен жылына 40 млрд. текше м-ге дейiн кеңейтумен, жылына 30 млрд.т.м.-ге дейiн жеткiзу жоспарланып отыр.
      Каспий маңы газ құбыры жобасы.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Түрiкменстан Үкiметiнiң арасындағы Каспий жағалауы газ құбырын салудағы ынтымақтастық туралы келiсiмге 2007 жылғы 20 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылды, ол Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 14 мамырдағы Заңымен ратификацияланған.
      Газ құбыры iшкi нарыққа жыл сайын көлемi 20 млрд. текше м-ге дейiн, оның iшiнде қазақстандық газ 10 млрд. текше метрге дейiн және 10 млрд. текше метрге дейiн Түрiкмен газын тасымалдауға арналған.
      Каспий маңы газ құбырын салу жобасын iске асыру, оны одан әрi дамыту Ресей және Түрiкмен тараптарының келiскен iс-қимылдарына байланысты болғандықтан белгiлi бiр уақытқа кейiнге қалдырылды.
      3-шi Жаңажол газ өңдеу зауыты жобасын (бұдан әрi – 3-ЖГӨЗ) Сычуан жобалау-iздестiру институты (ҚХР) әзiрлеген. Жоба бойынша үшiншi зауытта 300-ден аса адам еңбек ететiн болады.
      «3-ЖГӨЗ 2-шi кезеңiн салу» объектiсi бойынша газ сату нарығына талдау және өнiмнiң құны мен бастапқы жобасына түзету енгiзу жұмыстары жүргiзiлуде. 2011 жылдың аяғына дейiн жобаға түзету енгiзу жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда. ЖГӨЗ-дiң 2-кезегiн пайдалануға беру 2013 жылға жоспарланған.
      Нормативтiк базаны жетiлдiру мақсатында сұйытылған көмiрсутек газын жеткiзу, тасымалдау және пайдалану ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi. Магистральдық және газ тарату желiлерiн пайдалануға, қызмет көрсету мен жөндеуге, шығыс нормаларына қатысты 40 мемлекеттiк стандарт, оның басым бөлiгi ИСО стандарттарының негiзiнде әзiрлендi.
      Қазiргi ақпараттық технологиялар базасында жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару жүйесiн дамыту.
      Қоғамның қазiргi даму кезеңiне байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының алдында жаңа талаптар туындап отыр. Бүгiнгi күннiң негiзгi талабы – тоқтаусыз, қарқынды өзгерiп жатқан сыртқы жағдайда тиiмдi өз қызметiн жүзеге асыру. Басқарма жүйесiнiң өзгерiп жатқан талаптарға қажеттi бейiмделуi үнемдiлiк талаптарының үнемi жоғарылауынан және мемлекеттiк құрылым нәтижелiлiгiнiң өсуiне байланысты қиындатылады.
      Қазiргi әлемдегi басқарушылық сапалы ақпаратты пайдалану мен жинақталған бiлiмдi интеграциялауға негiзделген. Ақпаратты талдау, жүйелендiру, жинақтау және ұсыну қабiлетi маңызды басқару дағдысы болып табылады.
      Мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мемлекеттiк құрылымдардың қызметi процесiнде туындайтын және пайдаланылатын ақпаратты басқару үшiн жағдай тудыру процесi ретiнде Қазақстанда жүргiзiлетiн әкiмшiлiк реформалардың құрамдас бөлiгi болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1297 қаулысымен бекiтiлген нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн енгiзу жөнiндегi тұжырымдамаға сәйкес әр мемлекеттiк орган жоспарлау кезеңiнде нәтижеге, мониторингке, мақсатқа қол жеткiзу дәрежесiн бағалауға бағдарланған бюджеттi жоспарлау үшiн теңдестiрiлген көрсеткiштер жүйесiн әзiрлеуге тиiс.
      Қазiргi ақпараттық технологияларды енгiзу арқылы оның ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету сапасын жақсарту есебiнен жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында мұнай-газ, мұнай-химия өнеркәсiбi салаларында, көмiрсутек шикiзаты тасымалын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн 2008 жылы «Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттiк бiрыңғай жүйесi» интеграцияланған ақпараттық жүйесiн (бұдан әрi – ҚР ЖП БМБЖ ИАЖ) құру жөнiнде жұмыстар басталды.
      ҚР ЖП БМБЖ ИАЖ ақпараттық жүйесiн дамыту – конкурстық рәсiмдерден бастап, пайдалы қазбаларды өндiру, өңдеу, тасымалдау және сату көлемi туралы ақпаратқа дейiнгi жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық ақпаратты бақылап отыруға мүмкiндiк бередi. Бұл экономиканың өндiрушi салаларының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн шешiмдер қабылдаған кезде елдiң мұнай-газ саласындағы экспорттық әлеуетiн болжауға және әлемдiк шикiзат нарығы ахуалындағы өзгерiстердi дер кезiнде ескеруге мүмкiндiк бередi.
      ҚР ЖП БМБЖ ИАЖ-ды iске асыру жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыруға мүмкiндiк бередi:

Р/с


Қызметтiң атауы

Көрсету нысаны

Iске асыру мерзiмi

1

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм шартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды тiркеу

Iшiнара автоматтандырылған қызмет

2014 – 2015 жылдар

2

Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге және бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiм шартты қоспағанда, жер қойнауын пайдалану құқығы кепiл шартын тiркеу

Iшiнара автоматтандырылған қызмет

2014 – 2015 жылдар

      Қазiргi уақытта, ҚР ЖП БМБЖ ИАЖ тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк пайдалану сатысында тұр.
      МГМ-нiң негiзгi мiндеттерiнiң бiрi өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерден туындайтын Өкiлеттi органның құзыретiн iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады және тиiсiнше МГМ-ге Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде өкiлеттi органның мүдделерiн iске асыру функциясы жүктелдi.
      Осыған байланысты, МГМ белгiленген тәртiппен өнiмдi бөлу туралы келiсiмдерде өкiлеттi органның мүдделерiн iске асырады, оның iшiнде ұлттық компанияның еншiлес ұйымының қатысу үлестерiн өтеусiз сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырады.
      Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiне әкiмшiлiк кедергiлердi азайту мақсатында МГМ-мен мұнай-газ саласындағы кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi әзiрлендi. Көрсетiлген өлшемдер Экономикалық даму және сауда министрлiгi мен МГМ-нiң бiрлескен бұйрықтарымен бекiтiлгеннен кейiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жылдық жоспары әзiрленетiн болады. 2011 жылы 40 жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексеру жүргiзу жоспарлануда.
      Негiзгi мәселелердi талдау
      Негiзгi проблемалар мен қауiптер:
      iшкi нарықтың солтүстiк және орталық аймақтарын табиғи газбен қамтамасыз ету үшiн қажеттi дамыған газ тасымалдау инфрақұрылымының болмауы;
      Өзбекстан мен Ресейден табиғи газ жеткiзiлiмдерiне тәуелдi болу;
      Қарашығанақ газын өңдеу бойынша өз қуаттарының болмауы;
      республиканың газ саласын тиiмдi дамытуды қамтамасыз ететiн заңнамалық базаның жеткiлiктi болмауы.
      Көмiрсутегi пайдалы қазбаларын өңдеу, қайта өңдеу және өткiзу көлемдерi туралы есептiк ақпараты, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт талаптарын орындау туралы ақпараты қағаз түрiнде берiледi. Сондықтан, мемлекеттiк органдардың және жер қойнауын пайдаланушылардың өзара iс-қимылы ұзақ уақытты алады және жер қойнауын пайдалану саласында басқару тиiмдiлiгi төмендейдi.
      Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
      Сыртқы тәуекелдер:
      Сыртқы ықтимал тәуекелдер – МӨЗ-де ресейлiк мұнай жеткiзiлiмiн азайту, толық қысқарту, не МӨЗ-де ресейлiк мұнайды экспорттық кедендiк баж арқылы жеткiзу;
      Тәуекелдердi басқару жөнiнде шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдарлар – ПМХЗ және ПКОП өңдеу үшiн мұнай көлемiнiң жетпеуi, осыған байланысты iшкi нарықта мұнай өнiмдерiнiң қажеттiгiн қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдер туындайды;
      Тәуекелдердi басқару жөнiндегi iс-шаралар – ҚР МӨЗ мұнай жеткiзу саласында ҚР мен РФ арасында екiжақты келiсiмге қол қою. Батыс Қазақстан кен орындарынан ПМХЗ және ПКОП-қа мұнай жеткiзу үшiн құбырларды тиiстi реверсиялау бойынша жұмыстар жүргiзу.
      Жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк органдар және жер қойнауын пайдаланушылардың өзара iс-қимылын автоматтандыру саласында негiзгi сыртқы факторларға жер қойнауын пайдалану саласында жұмыстың болжанатын көлемiн төмендету жатады, бұл бiрiншi кезекте, минералдық ресурстарға бағаның төмендеуiмен байланысты осы қызметтерге сұраныстың төмендеуiне байланысты болады. Сонымен бiрге, жақын болашақта минералдық ресурстарға әлемдiк бағаның төмендеуi болжанбайды және осы фактордың әсерi өте төмен болып табылады.
      Негiзгi iшкi факторларға жобаның талап етiлмейтiн тәуекел дәрежесi, ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ жобасын құрудың техникалық тәуекелдерi және жобаның ауқымдылығына байланысты тәуекелдер жатады. Жобаны iске асыру жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Жер қойнауын пайдалану мәселелерi Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының ұзақ мерзiмдi артықшылықтарына (№ 3 және № 5) және кiретiнiн ескере отырып, бүгiнгi күнi де өзектi болып табылады, жүйенi енгiзу кезiнде Қазақстан Республикасы жер қойнауын пайдаланудың басқарудың тиiмдiлiгiн арттырады. Жобаның талап етiлмейтiн тәуекел дәрежесi төмен болып табылады. ҚР ЖҚ БМБЖ ИАЖ жүйесiнiң қуаттылығын пайдаланбау тәуекелi кем болып табылады.
      Жобаның техникалық тәуекелдерiне құрылған өнiмнiң және таңдап алынған тұғырнаманың МГМ мақсаттары мен функцияларына сәйкес келмеуi, «электрондық үкiметке» интеграцияланбауы. Осы тәуекелдердi басқару iс-шаралары мыналар болып табылады:
      1. бiлiктiлiк өлшемдерi бойынша жобалау командасының қатал iрiктелуi. Жоба қатысушыларын жобалау жұмыстарының технологиясына, аспаптық құралдарға үйрету;
      2. кәсiпорын стандарттарын жобалау жұмыстарына пайдалану, жоба стандарттарын әзiрлеу;
      3. жобалық топқа мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiн жобалау командасына тарту.
      Жоба ауқымдылығына байланысты тәуекелдерге жоба сапасының төмендеуi жатады және МГМ мақсаттары мен функцияларына сәйкес келмеуi. Тәуекелдердiң төмендеуi үшiн әр жұмыс сатысына, қатысушылардың өзара iс-қимылына, жұмыстың ұйымдастырылуына егжей-тегжейлi талдау жүргiзiледi. Сондай-ақ жете пысықталған сапалық бағдарлама, пысықталған жоба конфигурациясымен басқару, қатысушылардың өзара арнайы рәсiмдерi қолданылады.
  1   2   3   4   5

Похожие:

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Туризм және спорт министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 30 желтоқсан №1732 Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница