Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі




Скачать 201.72 Kb.
НазваниеКурчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі
Дата конвертации19.01.2013
Размер201.72 Kb.
ТипДокументы
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі

Курчатов қаласында 3 мәдениет объектісі бар: қалалық кітапхана, қалалық мәдениет үйі, Достық үйі.

Мәдениет саласын дамуты үшін 2011 жылы 44696,6 млн. теңге, 2010 жылы 35459,4 млн. теңге бөлінді, қаржыландыру 27 % өсті, 100% игерілді.



Мәдениет мекемелерінің жүйесі 1 бірлікке өсті. 2011 жылғы 1 шілдедегі қала әкімдігінің қаулысына сәйкес Курчатов қаласының жостық үйі өз жұмысын бастады.



Есептік кезеңде мәдениет мекемелері 170 іс-шара өткізді, оның ішінде 71 балаларға арналған шаралар, 2010 жылы барлығы – 129, балаларға арналған – 45 іс-шара өткізілді.

Қалалық мәдениет үйі - ересектер мен балаларға арналған көркемөнерпаздар шығармашылығының орталығы.

Қалалық мәдениет үйі Курчатов қаласы әкімдігінің жанында Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына қарама-қарсы орналасқан. Бұл барлық қала тұрғындарының мақтанышы. Қалалық мәдениет үйінде барлық негізгі мемлекеттік мерекелер, қалалық, облыстық және республикалық көлемдегі іс-шаралар өтеді.

Қалалық мәдениет үйінің 310 орынды концерттік залы бар. Мәдениет үйінің концерттік залында мемлекеттік мерекелерге арналған жиындар, би кештері, конкурстар, сонымен қатар әр түрлі бағыттағы көрмелер өтеді.

2011 жылдың қорытындысы бойынша қалада әр түрлі жанрдағы 12 шығармашылық ұжымдары бар, соның ішінде хор, би, эстрада – вокалдық ұжымдар бірлесіп жұмыс істейді. Оларға қатысушылар саны 120 адамды құрайды. Олардың барлығы қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың, конкурстардың, фестивальдардың жеңімпаздары, дипломанттары, лауреаттары.

«Қалалық мәдениет үйі» КҚМК жұмысының басты мақсаты:

  • ұлттық, білімділік, кәсіби айрықшалықтарды есепке алып қала тұрғындарының мәдени сұраныстары мен қажеттілігін игеру;

  • мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

  • азаматтарды эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдайлар жасау;

  • қала ұйымдары мен тұрғындарының әлеуметтік-шығармашылық тапсырыстарын орындау;

  • қала тұрғындары арасында мәдени-ойын-сауық, үйірме жұмыстарын жүргізу, сақтау және дамыту.


Алдарына қойылған негізгі мақсаттарды орындау үшін қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері бірқатар міндеттер қатарын анықтады, олар бірнеше жылдар ішінде шешімін табуда. Оның ішіндегі басты міндеттер: «Мәдениет туралы», «Тіл туралы» заңдардың талаптарын орындау бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Өткен 2011 жыл маңызды мәдени жаңалықтарға толы болды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлағын жылы мәдениет саласы Тәуелсіздік жолындағы курчатовтықтардың еңбектегі және шығармашылықтағы жеткен жетістіктерін бағалауға, ұлтаралық келісім мен достықты насихаттауға бағытталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Туған ел – алтын бесігім» облыстық акциясы бастаманы дамытуда, шығармашылық қарым-қатынас пен жаңа таланттарды анықтауда жаңаша серпін берді.

Бұл шараларға дайындық кезінде қала кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында аталған акция өткізілді. Үздік концерттік нөмірлер мен көрме заттары ағымды жылдың 14 мамырында Өскемен қаласында ұсынылды.

Акция аясында ҚР ҰЯО РМК, «Ядролық технологиялар паркі» акционерлік қоғамының спорттағы жетістіктері туралы, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамыу, шеберлердің жұмыстары көрмеге қойылды, сондай-ақ мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды.

Сапалы, шығармашылық жұмысты дамытуда қалалық мәдениет үйінің жоғары кәсіби мамандары басты рөл атқарады. Олардың ішінде өздерінің жетістіктерімен танылған шығармашылық ұжымдардың жетекшілері де бар.

«Ақ көгершін» үлгілі-өнегелі ансамбілі»

жетекшісі Остапенко Светлана Геннадьевна, қалалық мәдениет үйінің хореографы.

«Фантазия» би тобы жетекшісі Матвиенко Зинаида Васильевна

Ұжым 2001 жылы Семей қаласында өткен «Звезда Востока» жас таланттар конкурсының лауреаттары, 2001 жылы Семей қаласында өткен «Ак Бота» конкурсының лауреаттары.

2003 жылы Өскемен қаласында би жанры бойынша Жоғары орындаушылық шеберліктері үшін грамотамен марапатталды.

2005 жылы Өскемен қаласында би жанры бойынша Жоғары орындаушылық шеберліктері үшін грамотамен марапатталды.

2007 жылы Өскемен қаласында би жанры бойынша Жоғары орындаушылық шеберліктері үшін грамотамен марапатталды.

2007 жылы Өскемен қаласында өткен «Радуга талантов» облыстық конкурсының дипломы.

2008 жылы Курчатов қаласында өткен «Народные дарования» конкурсының дипломанттары.

2011 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында өткен тілдер фестиваліне белсене қатысқаны үшін қала әкімінің грамотасы.

Қазақ мәдениетін, ұлттық дәстүрді, қазақ халқының рухани құндылығын насихаттау, халықтардың бейбітшілігі мен келісімін, достастығын насихаттау мақсатында қалалық мәдениет үйінде «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша еліне оралған отандастарымыздың қатарынан «Достар» (жетекшісі Қайрат Маман) вокалды квартеті құрылды. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының басшылығы бұл квартетті жоғарыбағалады.

2011 жылы 8 желтоқсанда Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында «Отан-отбасынан басталады» отбасы ансамблдерінің гала-концерті өтті. Гала-концертке облысымыздың аудандары мен қалаларынан отбасы ансамбілдері қатысты. Жас отбасы Маман және Арайлым Қайратовтар Курчатов қаласынан «Жұбайлар мерекесі» (әннің авторы Қайрат Маман) әнімен қатысты.

Қалалық байқауларды, фестивальдерді, конкурстарды өткізу – қалалық мәдениет үйінің қызметкерлерінің басты міндеті, бұл жұмыс балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. «Асыл мұра» қалалық конкурсы; «Менің Қазақстаным» вокалшылар конкурсы; Халықтар бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында!» жас орындаушылар конкурсы; «Наурыз Аруы» қыздар конкурсы; Тіл күніне арналған «Тілдер фестивалі»; «Біз - өз Отанымыздың партиотымыз»жастар конкурсы; «Жастар- Тәуелсіздік тірегі» жастар патриоттық форумы; «Жастар салауатты өмір салты үшін» жастар спартакиадасы.

Қалалық мәдениет үйі кәсіби мерекелерді өткізу бойынша жемісті жұмыс атқарады. 2011 жылы қала кәсіпорындары мен мекемелері үшін келесі тематикалық концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды: «Ұстаздар күні», «Прокуратура күні», «ҚР ІІМ Ішкі әскердің құрылу күні», «Құрылысшылар күні», «Медицина жұмысшыларының күні», «Қазақстан полициясының күні», «ҚР ІІМ ардагерлер күні», «Теміржолшылар күні», «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні», «Шахтерлер күні», «Салық қызметіне 20-жыл», «Ауылшаруашылық қызметкерлері күні», «Атом саласы қызметкерлерінің күні».

Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында қараша айынан бастап «Асыл мұра» атты қалааралық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: байқауды әр жыл сайын жандандырып, әр түрлі жанрдың ең жақсы салтын сақтап, топтар мен ансамбльдердің репертуар базаларын қалыптастыру, қала көлемінде музыкалық шығармашылықты дамыту, ұрпаққа таныту.

2011 жылдың 24 қарашасы күні Курчатов қаласында «Асыл мұра» атты қалааралық көркемөнерпаздар байқауы әділ қазылар шешімімен таңдалынған ең жақсы нөмерлерден тұрған гала-концертімен аяқталды.

Көрермендер «Байкал» кәсіпорнының, № 3 орта мектептің, №1 орта мектептің және «Журавушка» бала бақшасының көркемөнерпаздарын қошеметпен қарсалды.
28 қазан күні Қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Домбырасыз сән қайда» атты қалалық сайысы өтті.

Сайыстың мақсаты: қазақ халқының өнер тарихы мен мәдени салт-дәстүрінің сақталуы мен дамуы, қазақтың киелі қара домбырасын, ата бабалардан келе жатқан мұра екенін жас ұрпаққа насихаттау, қазақ халқының дәстүрлі әндерін мақаммен орындау арқылы ән құдіретін жаңғырту және күмбірлеген қоңыр күй арқылы ұлттық құндылықты жас ұрпақ бойына сіңіру.

Қалалық сайыс екі бөлімнен өтті. Бірінші бөлімінде әншілер мен күйшілер дайындап келген шығармаларын орындады. Әділ-қазылар алқасының шешімімен екінші бөлімге үздік сайыскерлер өтті.

Сайыстың қорытындысы бойынша ән сайысында 1 орынды Есекенов Алтай, 2 орынды Жүнісов Еркін, 3 орынды Қасенов Мақаш жеңіп алды. Ал, күйшілер сайысы бойынша 1 орынды Кәкібаева Гүлдана, 2 орынды Маркс Нұрбол жеңіп алды.
Музыка мектебінің шығармашылығы жан-жақты. Музыка мектебі қалалық мәдениет үйімен бірлесіп жұмыс істейді. Оның ең басты формасының бірі кәсіби бағдар беретін топтардың дарынды оқушыларының жеке концерттерін беру болып табылады.

Қалалық мәдениет үйінің сахнасында ұлттық, кеңестік, шет ел және орыс: И.С.Бах,

Ф.Шопен, Л.В. Бетховен, К.Кужамьяров, С.В.Рахманин, Беркович сияқты т.б. сазгерлердің әр түрлі жанрдағы шығармалары орындалады.

2011 жылдың сәуір айында музыка мектебінің оқушысы Шамамбаев Степан, жетекшісі В.Ф.Зайцев, Өскемен қаласында VII облыстық Дельфий ойындарында «БАЯН» номинациясы бойынша жүлделі I орынды жеңіп алды Ағымды жылдың маусым айында Атырау қаласында өткен VII республикалық Дельфий ойындарында Алтын медальдің иегері атанды.
Директоры Генрих Елена Ивановна

Қалалық кітапхана мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің құрылымды бөлімшесі болып табылады, ақпараттық, мәдени және білімділік функцияларын жүзеге асыру жолымен қолайлы жағдай жасауға; оқырмандардың шығармашылық және танымдылық белсенділіктерін дамытуға көмектеседі. Оқу мәдениетін жетілдіру, ақпараттық білімділікті, жалпы адамдық құндылықтарды, ұлттық, экологиялық, азаматтық-құқықтық мәдиетті дамыту бойынша жұмыстар атқарылуда.

Кітапхананың мемлекеттік басқару органы «ШҚО Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Кітапханашы – шығармашылық мамандық, үнемі ізденуді, өзінің кәсібилігін көтеру бойынша жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі уақытта осындай адамдар қалалық кітапханада жұмыс істейді, штат бойынша 7 адамды құрайды.

Қалалық кітапхананың жалпы кітап қоры 28 554 дананы құрайды.

Оның ішінде мемлекеттік тілде 4517 дана.

Барлық оқырмандар саны - 1535

Кітаптың таратылуы - 34 090

Қалалық кітапханада қызмет көрсету кафедрасы, 16 орынды оқу залы, кітап қоймасы және басқа да қызметтік бөлмелер бар.

Жалпы ауданы: 229,5 ш.м.

Қолданыстағы ауданы: 308,67 ш.м.

2011 жылы кітап қорын толықтыру үшін 500 000 мың теңге бөлініп, 405 дана кітап алынды, оның ішінде: 199 данасы мемлекеттік тілде.

Пушкин атындағы облыстық кітапханадан 761722 теңге сомасында 819 дана кітап бөлінді, оның ішінде 662 дана кітап мемлекеттік тілде.

115 788 теңге сомасында 533 дана кітап тізімінен шығарылды.

2012 жылға 500 000 теңгеге әдебиеттер сатып алу жоспарлануда.

Әр түрлі орыс және қазақ тілдеріндегі газет және журналдар оқырмандарға ұсынылады.

Оқырмандар кітапханаға жазыларда кітапхана ережелерімен таныстырылады. Кітап жоғалтқан жағдайда, орнына басқа кітаппен ауыстыру туралы әңгіме жүргізіледі. Кітапхана қызметкерлері қолдағы кітаптарды уақытында тапсырылуын қадағалайды.

Уақытында кітап өткізбеген оқырмандармен телефонмен хабарласу, еске салу, жазбаша ескерту сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Кітапхана қорындағы әдебиеттер арнайы сөрелерде, тігінен және көлденен сақталынады.

Кітапхана өз қызметінде әр түрлі жұмыс шараларын, соның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектерге үйлерінде қызмет көрсетумен айналысады. Сонымен қатар, қаланың ересек және кішкентай тұрғындарымен жұмыс жасайды.

Жыл бойы мемлекеттік мерекелер, Қазақстан Республикасының атаулы күндерді, халықаралық жағдайлар кітап көрмелерінде, әдеби кештерде, жалпы бұқаралық ақпарат құралдарында, танымдылық, ойын-сауық, әдеби және басқада көптеген шараларда көрініс тапты.

Көктемнің алғашқы айы - наурыз айында қалалық кітапханада Елена Ивановна Генрихтің «Көктемнің керемет шығармалары» атты шығармашылық жұмысының көрмесі ашылды. Шебердің қолымен жасалған былғары және ұсақ моншақтан жасалған бұйымдар көздің жауын алады.

Таңқаларлық сауытпен шоқ гүлдер, «Інжігүл» панносы, «Қарақат», «Бір шоқ жүзім», сондай-ақ вазадағы раушангүлдердің бәрі де ескі былғары дорбадан, қағаз қораптардан жасалғандарына сену мүмкін емес.

Балаларды қорғау күніне арналған «Мен және мені қоршаған әлем» атты балалар сурет көрмесіне қаланың № 3 орта мектеп оқушыларының және «Горизонт» балалар жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілерінің шығармашылық жұмыстары қойылды.

2011 жыл ұлы оқиғалармен белгілі. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы.

Патриоттық тәрбиелеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау қарсаңында № 1 орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен «Қазақстан – біздің мақтанышымыз» атты әңгіме-шолу өткізілді. Шара мемлекеттік тілде өтті. Балалар алдымен Пушкин атындағы облыстық кітапханадан түскен жаңа кітаптармен танысты. Ұйымдастырушылар қойылған әр әдебиет басылымдарына қысқаша мінездеме беріп өтті.

«Тәуелсіздіктің 20 шыңы» циклы бойынша кітап көрмелері мен тақы-рыптық сөрелер ұйымдастырылды.

Қарашада – «Менің Қазақстаным!», «Атамекен», «Келісім».

Желтоқсанда – «Қазақстанның мәдени мұрасы», «Алтын теңге», «Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесі», «Астана - менің астанам», «Қазақ халқының даналығы».

Мейрам қарсаңында «Қазақтардың мәдениеті мен өнері» атты ауызша журнал өткізілді. Бұл шараға № 3 орта мектептің 5 сынып оқушылары шақырылды. Ауызша журналдың үш беттері келесі бағыттармен дайындалды: «Сәнді- қолданбалы өнер», «Музыкалық өнер, музыкалық аспаптар», «Бейнелеу өнері».

Журналдың екінші бетінен балалар қазақ халқының кең тараған аспаптарының бірі -домбыра туралы білді. Домбырада ойнаудың екі тәсілі бар: барлық саусақпен ішекті соғу және ішекті шымшып ойнау. Бұл шара қазақ халқының әндерін орындаушы, қалалық мәдениет үйінің қызметкері Тлекова Қарлығаштың оқушыларға домбырамен ән орындауымен аяқталды.

«Бір ел- бір кітап» атты республикалық акциясына кітапхана ұжымы-ның қатысуы дәстүрге айналған. Биылғы жылғы акциясының тақырыбына Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты шығармасы таңдалып алынды. Кітапханада ақынның шығармалары бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. «Ақбілек» романы атты шараға қатысушылардың белсенділігі көрінді. Қалалық мәдениет үйі әртістерінің орындауында қазақ халқының әндері орындалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар мен кітапханашылар Жүсіпбек Аймауытовтың шығармалары жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеуде зор үлесі барлығын, сонымен қатар акцияның маңызы қазақ әдебиеттерін оқыту екендігін әңгімеледі.

Биыл қалалық кітапханада алғашқы рет Аналар күні аталып өтті.Аналар күні – бұл дүниежүзіндегі аналарды еске алу күні. Бұл мейрам әр елде жылдың әр уақытында аталып өтіледі. Мерекенің шығу тарихы көне грек заманынан аталады.

Қалалық кітапхана қала мектептерімен бірлесіп, тығыз жұмыс істейді, төменгі және жоғарғы сынып оқушыларын кітапхана тарту шараларын ұйымдастырады.

Бастауыш сынып оқушыларымен кітап туралы әңгімелер, үзінділер оқытылып, суреттер көрсетіліп, әртүрлі сайыстар мен ойындар ұйымдастырылып, сауалнамалар өткізіледі.

Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған 5-6 сынып оқушылары үшін «Ана тілің, арың бұл» атты тақырыптық викторина өткізілді.

Оқу залында «Тіл достықтың кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жаз мезгілінде кітапхана арнайы жоспармен мектеп жанындағы лагерьлермен тығыз жұмыс жасайды. Екі маусымдық лагерь кезінде аптасына үш рет балаларға арналып мәдени, танымды шаралар өткізіледі. Балалар мұндай шараларды жақсы көреді және қызыға қатысады.

Жазғы демалыс кезінде оқу залында балаларға арналған «Шығармашылық аймағы» ашылған. Мұнда балалар ермексазбен, сурет салумен, қағаздардан бұйымдар жасаумен айналысады. Сонымен қатар балаларға үстел үстіндегі ойындар – шашки, құраспа-жиналмалы, домино, тағы басқа ойындарда ұсынылады.

Жыл бойы мемлекеттік мерекелер, Қазақстан тарихы, Курчатов қаласының тарихы, барлық белгілі күндер мен оқиғаларға арналған тақырыптық мұқабалар жаңартылып және толықтырылып отырады.

Кітапхана қызметкерлері 3514 әскери бөліммен де тығыз қарым-қатынас жасайды. Жыл бойы әдіскер Л.В.Бабич «Қазақстан Тәуелсіздігіне --

20 жыл», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты көшпелі әдеби әңгіме – шолулар, Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» кітабы бойынша көшпелі дөңгелек үстел өткізді.

Директоры: Виктор Иванович Бордей

Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Курчатов қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 1 сәуіріндегі № 636 қаулысымен бекітіліп, өз жұмысын 2011 жылдың 1 шілдесінен бастады.

Кәсіпорын мәдениет саласында өз қызметін Курчатов қаласының аумағында атқарады, Курчатов көшесі, 1 мекен-жайы бойынша орналасқан

«Достық үйі» КМҚК штат саны 5 адамнан құралған.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты тұрғындардың рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің бағыттары: халық шығармашылығын, этномәдени әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді насихаттау, сақтау; этномәдени бірлестіктерді қолдау Қазақстан Республикасының мерекелерін, концерттерді, ән және би мерекелерін, тұсаукесерлерді, фестивалдерді, сайыстарды, айтыстарды, халықтық қолөнер мен бейнелеу өнерінің көрмелерін ұйымдастыру; мәдени-ойын-сауық қызметі, ұлттық мәдениетті дамыту және сақтауға бағытталған әр түрлі мәдени акциялар саласында иновациялық жобалар мен бағдарламаларды қолдау

«Достық үйінде» 3 этномәдени бірлестік құрылған: қазақ, орыс, украин.

Қазақ этномәдени орталығы. Жетекші - Гульнара Омарбековна Ташекова.

Орыс этномәдени орталығында «Истоки» клубы жұмыс істейді. Кем дегенде айына бір рет ағымдағы жұмыс жоспарын және өткізілетін іс-шаралар жоспарын талқылау үшін жиындар өткізіледі. Клуб «Достық үйінде» өткізілген барлық қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысады.

2011 жылдың 1 шілдесінен 2012 жылдың 1 қаңтары аралығында «Достық үйі» КМҚК ұжымымен және этномәдени орталықтардың өкілдерімен мемлекеттік және орыс тілдерінде 22 қоғамдық-мәдени іс-шара өткізілді.

19 тамызда көпұлтты қазақ қауымында достық пен бірлікті, бейбітшілікті нығайту мақсатымен «Мемлекет дәстүрі – бірлік, достық, бейбітшілік» атты дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға қала кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Әдіскер Л.П.Потапова 2011 жылдың сәуірндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқының Ассамблеясының 17 сессиясында қойған негізгі мақсаттарын атап өтті.

«Достық үйінің» директоры В.И.Бордей қатысушыларға Курчатов қаласының «Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметінің мәні мен міндеттері туралы айтты.

Шара көңілді өтті, қатысушылар тренингке белсенді қатысты.

Дөңгелек үстел үстіндегі кездесу мемлекет саясатын іске асыру аясында ұлтаралық келісімді сақтау үшін, этномәдени салт-дәстүрлерді сақтап, насихаттау үшін, мерекелер, конкурстар және т.б. ұйымдастыру мақсатында қалалық мекемелер, кәсіпорындар өкілдері мен «Достық үйі» КМҚК бірге жұмыс атқаруға келісімімен аяқталды.

Қала күніне арналған «Менің қалам – Курчатов» атты шығармашылық көрме өткізілді. Көрме кең қызығушылық туғызды, себебі барлық өлеңдерді жергілікті жазушылар, «Истоки» клубының мүшелері, туған елге, қаламызға арнаған, ал қала көрінісінің фотосуреттері курчатовтық фотосуретшілер Александр Хотынец пен Алина Цайдың еңбектері.

Конституция Күні мен қала Күніне арналған мерекелік концертке білестіктердің өкілдері белсенді қатысты. Гульжай Мухаметхан махаббат жайлы қытай халық әнін орындады, Нина Дмитропавленко украин тілі туралы өз өлеңдерін оқыды, ал Нургуль Базар көрермендерді қобыз үнімен қуантты.

Қазақстан халықтарының тілдері Күніне арналған «Біз - қазақстандықпыз» мақаласы мен Құрбан айт мейрамына арналған мақала «Спектр резонанс» газетінде басылып шығарылды;

«Достық үйінің» дәлізінде кәсіпорынның негізгі қызметі жайында мәлімет беретін стенд орнатылған. Стенд тұрақты жаңартылып, өткізілген шаралар туралы жаңа ақпараттармен, фотосуреттермен толықтырылып түрады.

Қыркүйек айында Қазақстан халықтарының тілдері Күніне арналған концертке этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Нина Дмитропавленко украин тілінде өз өлеңдерін оқыды, Зоя Эндерс пен Оксана Кулева неміс әнін орындады.

Білім беру мекемелерінде ИБК ұйымдастыру мақсатымен жиналыс өткізілді.

30 қыркүйекте «Истоки» клубы «Сарғайып күз келді қаламызға» атты әдеби ән кеші өткізілді.

Ән кешінде әйгілі ақындардың күз жайлы өлеңдері, курчатовтық Александр Попов пен Ольга Богатыреваның өлеңдері оқылды.

Кеш қонақтары өлеңдер оқып, интеллектуалды ойындар мен конкурстарға белсенді қатысты.

Зоя Эндерс, Оксана Кулева және Юрий Литвинов күз туралы өз әндерін ұсынды.

«Достық үйінің» ұжымы егде адамдар Күніне арналған қайырымдылық концертке қатысты.

1 қазанда өткен әкімнің егде адамдармен кездесуінде «Достық үйінің» әдіскері Л.П.Потапова өткен жылдардың үздік әндері тақырыбында попурри орындалды. Қонақтар жастық шақтың әндерін қуанышпен еске алды.

26 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» аясында қалалық мектеп оқушылары қатысқан «Менің Қазақстаным» атты викторина өткізілді. Қатысушылар Қазақстан тарихы, мәдениеті және географиясы туралы сұрақтарға белсенді жауап берді.

17 қарашада облыстық «Достық үйінде» ШҚО Қазақстан халқының Ассамблеясының 17 сессиянда «Қазақстан халқының шығармашылығы дамытуда, ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтуда еңбек сіңіргені үшін» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Н.И.Дмитропавленко облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

30 қарашада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» жұлдызды 20 күн аясында қалалық әкімдіктің мәжіліс залында «Достық үйі» ұйымдастырған этносаралық, конфессияаралық толеранттылық бойынша конференция өткізілді.

Конференцияға әкім орынбасары Е.В.Старенкова, этномәдени орталықтардың жетекшілері, қалалық ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында «Истоки» клубы «Мен бұл жерді Отан деймін» атты шығармашылық көрме өткізді. Көрмеде курчатовтық ақындар Кайрат Ахмер, Ольга Богатырева, Сергей Кельбах, Нина Дмитропавленко, Мейрамгуль Досжанованың өлеңдері ұсынылды. Осы және басқа да ақындардың өлеңдері «Спектр резонанс» газетінде басылып шығарылды.

Қала тұрғындары квиллинг және гильошироваттау тәсілі бойынша жасалған қолданбалы өнер көрмесімен танысты. Мектеп-гимназиясының «Фанкрит» үйірмесінің жетекшісі Л.А.Сапрыкина өз жұмысыиен қоса өзінің оқушылары Сабетова Мадинаның, Сапрыкина Лиляның, Серик Арайдың және т.б. жұмыстарын ұсынды.
Этномәдени орталықтар қаламызда тұрып жатқан халықтардың тұрмысы мен дәстүрлерін көрсететін көрме ұйымдастырып, мерекелік концерттің ашылуына қатысты.

Қараша айынан өз жұмысын 7-15 жас аралығында қатысатын театрландырылған қуыршақ үйірмесі жұмыс істейді. Оқушылар әр жексенбі сайын жиналады. Тәжірибиелі педагог Хилько Наталья Геннадьевнаның жетекшілігімен балалар аса ынтамен сурет салып, платилинмен, қуыршақтармен жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта қазақ этномәдени орталығында өз жұмысын атқаратын «Нұр-Айдар» театр студиясына және би тобына ересектер мен балаларды қабылдау жүргізілуде.

2012 жылға «Достық үйінің» жұмыс жоспары жасалып жатыр. Коптеген қызықты және маңызды іс-шаралар жоспарлануда, оның ішінде, шілде айында - Өскемен қаласындағы этноауылға сапар, ал тамыз айында – Абай ауданындағы Абай музейіне сапар.

2012 жылдың қаңтар айында білім беру мекемелерінде 9-11 сыныптар арасында «Тіл – достық құралы» атты дөңгелек үстел жоспарлануда. Мүмкіншіліктері шектеулі балалар да шетте қалмайды. Жыл ішінде олармен коптеген іс-шаралар өткізіледі.

Курчатов қаласының мәдениет мекемелерінің 2012 жылға арналған негізгі міндеттері:

Мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, мәдениет қызметкерлері үшін семинарлар өткізу

Облыстағы жемісті еңбек етіп жатқан Достық үйлерінің тәжірибесін үйрену және енгізу

ҚР ҰЯО 20-жылдығына және Қала күнінің 65-жылдығына арналған іс-шараларға дайындық және оларды өткізу

Үйірмелер, студиялар және қалалық мәдениет үйінің көпшілік іс-шараларына қатысу деңгейін көтеру

Тұрғындарға ақылы қызмет көрсету бойынша жұмыстардың жаңа формаларын құрастыру

И.В.Курчатов өмір сүріп, жұмыс істеген ғимаратқа кітапхананы көшіру

Электронды каталогты енгізу

Жоғарыда аталған міндеттер жүзеге асырылған жағдайда жоспарланған іс-шаралардың сапасы жоғарылайды, шығармашылық ұжымдардың жұмысы, қатысу пайызы, толығымен қызмет көрсету деңгейін жақсартуға көмектеседі.

Курчатов қаласында «Мәдени мұра» бағдарламасы

бойынша іс-шаралар жоспарын орындау

бойынша мәлімет





Курчатов қаласының аумағында 3 тарихи-мәдени ескерткіш бар: Курчатов қаласының әкім аппараты ғимаратының жанында орналасқан академик, физик-ядерщик И.В.Курчатов ескерткіші; Победа көшесінде орналасқан Азат етуші-Жауынгер ескерткіші; Құрылысшылар аллеясында орналасқан әскери құрылысшыларға арналған монументальді стела.

Қаланың тарихи-мәдени ескерткіштері «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген және коммуналды меншігіне алынған.

Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау және оларды насихаттау мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жыл бойы «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

2011 жылдың сәуір айында ішкі саясат бөлімі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, кісі тасу көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бірлесіп ескерткіштер орналасқан аймақтар мен қала көшелерін қоқыстан тазалу бойынша акция ұйымдастырылды. Акцияға «Нұр Отан» ХДП жастар қанаты, қала мектептері, кәсіпорындары және мекемелері қатысты. Ескерткіштердің жағдайы қанағаттанарлық.

Мамыр айында қалалық кітапхананың қызметкерлері қала ескерткіштеріне мектеп оқушыларының саяхат жасауын ұйымдастырды, сондай-ақ «Менің сүйікті қалам» кітап көрмесін, «Ғылым теңізіне саяхат» тақырыптық сөрелерін ұйымдастырды, көрмеге И.В.Курчатовтың суреттері мен жұмыстары қойылды.

Жоғары сынып оқушыларымен академик И.В.Курчатовтың жетістіктері туралы әр түрлі конкурстар, ойындар өткізілді, физика пәні бойынша мектеп оқушыларының білімдерін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді.

Жыл сайын 9 мамырда және 22 маусымда Азат етуші-Жауынгер ескерткішінің жанында Жеңіс күніне және Еске алу күніне арналған іс-шаралар өтеді.
«Спектр Резонанс» газетінде «Ұлы Жеңіске арналады...» материалдары, ардагерлердің суреттері жарияланады.

Қалалық кітапханада кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Әр бір қаланың тарихы, ерекшеліктері, Туған күндері бар. Курчатов қаласы 21 тамызда өзінің 64-жылдығын атап өтті.

И.В.Курчатовтың туған күні қарсаңында мемлекеттік тілді оқыту орталығы «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша отандастарымызға келесі шаралар ұйымдастырылды:

1. Қаламен танысу;

2. И.В. Курчатовтың ескерткішімен танысу;

3. Курчатов қаласындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің жағдайы, олармен танысу және қорғау туралы слайдтар мен фильмдер көрсетілді.

4.Курчатов қаласы күніне дәрістер.

Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау және оларды насихаттау мақсатында қазан айында «Курчатов қаласындағы мәдени мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге қала кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының бірінші басшылары қатысты. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылғы атқарған жұмысы қорытындыланды, 2012 жылға іс-шаралар жоспары бекітілді.

2010-2011 оқу жылына орталықта 13 топ құрылған болатын, тыңдаушылардың барлық саны 150. 2011 жылдың қаңтар айында аралық тесттен кейін тыңдаушылар саны 135, қарапайым деңгей – 56, базалық деңгей – 49, жоғарғы деңгей – 30.

Қаңтар айында «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» атты стенд жасалды, стендттің материалы 2 аптада бір жаңартылып отырады.

2011 жылдың наурыз айында қарапайым топтар арасында «Келіңіз, үйренейік!», «Қазақшаңыз қалай?!» атты ашық сабақтар өтті, ал базалық топтар арасында «Наурыз келді!» атты ашық сабағы өткізілді.

Мамыр – шілде айларында қорытынды тест өткізілді, оған 135 тыңдаушы жіберілді, олардың ішінде сертификатқа ие болғандар 85 тыңдаушы.

Бірінші жарты жылдықта орыс тілін үйрену курсын 7 адам бітірді, олар Қытайдан және Монғолиядан келген қандастарымыз.

Шілде айында «Қане қазақша сөйлеп үйренейік!» атты акция өтті, қазақ тілінен тегін курсына қала мекемелерінен және кәсіпкерлерінен 30 адам қатысты.

Тамыз – қыркүйек айларында жаңа оқу жылына ұйымдастырушылық жұмысы жүргізілді. 2011-2012 оқу жылына 9 топ және ақылы түрде 3 топ құрылды.

Желтоқсан айында базалық топтар арасында «Жыл мезгілдері» атты ойын сабағы өткізілді, ал геофизикалық зерттеу институты қарапайым топ тыңдаушылары арасында «Кел танысайық!» атты сайыс – сабағы өткізілді.

2011 жылдың 14 желтоқсан айында «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс сабақ өтті, ашық есік күні, «Орталық өмірі» атты стенд жасалды, және барлық мекемелер мен кәсіпорындарға, қала тұрғындарына сөздіктер таратылды.

2011 жылдың қазан және желтоқсан айларында Ираида Кубаеваның «Казахский язык. Просто о невероятно сложном» оқу кітабы бойынша ақпарат және материалдар жинақталды.

Желтоқсан айында орталықтың директоры және оқытушы Мәдениет Министірлігінің тіл комитетімен ұйымдастырылған «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ» Республикалық семинарға қатысты, Осы семинар бойынша тыңдаушыларға тест материалдары дайындалып жатыр.

2011 жыл көлемінде Облыс орталығынан келген әдістемелік әдебиеттер және кітаптармен кітапханалық фонд толықталды.

Орталық оқытушылары қалалық мекеме аудармашыларына, кәсіп орындарға және қалалық мәдениет үйінің әдіскеріне әдістемелік көмек көрсетеді.

Орталықтың оқытушыларына өздерінің әдістемелік папкаларын толықтыру жұмысын, дидактикалық материалдар, ҚР заңы және нормотивті актілерін білу жұмысын жалғастыруда. Қосымша аптасына төрт рет «Курчатов көкжиегі» газетіне балаларға арналған «Білгім келеді» атты рубрикасына материал іріктеліп дайындалады.

«Курчатов көкжиегі» газетінің 4 бетінде «Қазақ тілін бірге үйренейік» атты рубрикасына орталықтың оқытушылары дайындаған сабақтар жарық көреді.

Апта сайын, ай сайын тыңдаушылардың сабаққа қатысуы жайлы мониторинг жүргізіліп, мекемелер мен ұжымдардың басшыларына, облыс орталығына, Мәдениет үйіне хат жіберіледі.

Похожие:

Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconШымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2012 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы есебі
Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Қазақстан Республикасының мәдениет туралы» және «Қазақстан Республикасының...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconУспен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің
Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында сапалы және қол жетімді қызметтер көрсету;...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі icon«Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconСатып алынатын жұмыстардың техникалық спецификасы Павлодар облысы “ Ақтоғай ауданының әкімдігі, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет
Павлодар облысы “ Ақтоғай ауданының әкімдігі, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет, халық шығармашылығы...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconТарбағатай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі icon2011 жылы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының іске асырылуы туралы және 2012 жылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандарға ақпарат
С. Ф. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, Сарбасов Қ.Қ. мәдениет, тілдерді дамыту, дене шыныктыру және...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі icon«Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі icon«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010–2014 жылдарға стратегиялық жоспары Шемонаиха қ. Мазмұны
«Шемонаиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мм көріністері мен миссиясы
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconКонкурс әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы
Лисаков қаласы әкімдігінің "Лисаков қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мм жанындағы «Қалалық мәдениет және спорт орталығы»...
Курчатов қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2011 жылдың есебі iconӘйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиясының құрамы
Рабиға Қосанқызы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, комиссия
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница