Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының




Скачать 69.83 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
Дата конвертации19.01.2013
Размер69.83 Kb.
ТипДокументы


Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының

2010 жылғы «15» маусым

№ 25-1-42 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасын бағалау

әдістемесі

1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасын бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы
№ 954 Жарлығына (бұдан әрі – Бағалау) сәйкес әзірленген.

2. Әдістеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындаудың нәтижелілігі мен тиімділігінің деңгейін айқындауға арналған.

3. Бақылаудағы тапсырмалардың мынадай түрлері Бағалауды айқындау кезіндегі объектілер болып табылады:

1) Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің актілерде қамтылған тапсырмаларын орындау жөніндегі Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары;

2) Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын, Мемлекет басшысының және Президент Әкімшілігінің қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларын орындау жөніндегі Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының тапсырмалары;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдері;

5) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылған тапсырмалар;

6) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының депутаттық сауалдарға, хаттарға жауаптардың жобаларын, сондай-ақ Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындыларды енгізу жөніндегі тапсырмалары;

7) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде берген тапсырмалары.

4. Мыналар орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың актілер мен тапсырмаларды орындауының сапасын бағалау өлшемдері болып табылады:

1) орындаудың толықтығы, бұл актілер мен тапсырмалардың белгіленген мерзімдерде толық іске асырылуын көздейді және өткізілген іс-шаралардың тапсырмада немесе актіде түпкілікті орындаушының алдына қойылған міндеттерге сәйкестігінің дәрежесін көрсетеді. Толықтық дәрежесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындысы негізінде бағаланады;

2) орындаудың уақтылылығы, бұл іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде орындалуын және орындау мерзімін орындаушы мемлекеттік органның бастамасы бойынша екі рет және одан көп ұзартудың болмауын көздейді.

5. «Орындаудың толықтығы» өлшемі шеңберінде мынадай көрсеткіштер бағаланады:

1) мемлекеттік органдар берген ақпараттың нақтылығы, айқындығы мен толықтығы, оның ішінде мәселенің мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталуы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады: актілер мен тапсырмаларды орындау үшін ұсынылған материалдар (есептер, анықтамалар, ақпарат, мүдделі мемлекеттік органдардың хаттары) және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің қорытындылары;

2) мақсатқа қол жеткізу және жүргізілген іс-шаралардың тапсырмада немесе актіде қойылған міндеттерге сәйкестігі дәрежесі.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады: мемлекеттік органдардың есептері, Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары.

5.1 және 5.2-тармақтарда көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысы толық көлемде орындалған актілер мен тапсырмалар санының есепті кезеңде орындалуға тиіс актілер мен тапсырмалардың жалпы санына онға көбейтілген қатынасы ретінде айқындалатын баллдармен бағаланады.

Мысалы:

мемлекеттік орган бойынша есепті кезеңде орындалған тапсырмалардың жалпы саны 100-ді құрады;

оның ішінде:

1 тапсырма ақпаратты нақтыламай және айқындамай баяндаумен;

3 тапсырма мақсатқа қол жеткізбей және жүргізілген іс-шаралар тапсырмада немесе актіде қойылған міндеттерге сәйкестендірілмей орындалды.

Бірінші көрсеткіш бойынша бағалау мынаны құрайды:

9,9 балл = ((100-1)/100)*10

Екінші көрсеткіш бойынша бағалау мынаны құрайды:

9,7 балл = ((100-3)/100)*10

Бағалау нәтижелері айқындалғаннан кейін барлық көрсеткіштер бойынша «орындау толықтығы» өлшемі бойынша бағалаудың жалпы нәтижесі айқындалады. Жоғарыда келтірілген деректерге негізделген қорытынды бағалау (9,9 + 9,7)/2 = 9,8 баллды құрайды.

Бағалаудың негіздемесін, тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, тұтастай осы өлшем бойынша жалпы қорытынды жасалады.

6. «Орындаудың уақтылылығы» өлшемі шеңберінде мынадай көрсеткіштер бағаланады:

1) Премьер-Министр Кеңсесіне ақпарат берудің белгіленген мерзімінде орындаушы мемлекеттік органнан актілер мен тапсырмаларды орындау үшін есепті ақпараттың түсу уақтылылығы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады: Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорынан электронды бақылау карточкалары;

2) актілер мен тапсырмаларды орындауды аяқтаудың белгіленген мерзімінде актілер мен тапсырмаларды іске асыру уақтылылығы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады: Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорынан электронды бақылау карточкалары;

3) актілер мен тапсырмаларды орындау мерзімдерін орындаушы мемлекеттік органның бастамасы бойынша ұзарту фактілерінің болуы.

Мыналар осы көрсеткішті бағалау үшін ақпарат көзі болып табылады: Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі құрылымдық бөлімшелерінің сараптамалық қорытындылары және Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрі Кеңсесі Басшылығының олар бойынша қабылдаған шешімдері; Премьер-Министр Кеңсесінің дерекқорынан электронды бақылау карточкалары.

6-тармақта көрсетілген көрсеткіштердің әрқайсысы уақтылы орындалған актілер мен тапсырмалар санының есепті кезеңде орындалуға тиіс (Үкімет қаулыларының енгізілетін жобаларын ескере отырып) актілер мен тапсырмалардың жалпы санына онға көбейтілген қатынасы ретінде айқындалатын баллдармен (1-2 және 2-2-қосымшалар) бағаланады.

Мысалы:

мемлекеттік орган бойынша есепті кезеңде орындалған тапсырмалардың жалпы саны 100-ді құрады;

оның ішінде:

2 тапсырма ақпарат уақтылы түспей;

1 тапсырма актіні уақтылы іске асырмай;

5 тапсырма орындау мерзімдерін екі және одан көп рет ұзарта отырып орындалды.

Бірінші көрсеткіш бойынша бағалау мынаны құрайды:

9,8 балл = ((100-2)/100)*10

Екінші көрсеткіш бойынша бағалау мынаны құрайды:

9,9 балл = ((100-1)/100)*10

Үшінші көрсеткіш бойынша бағалау мынаны құрайды:

9,5 балл = ((100-5)/100)*10

Бағалау нәтижелері айқындалғаннан кейін барлық көрсеткіштер бойынша «орындаудың уақтылылығы» өлшемі бойынша бағалаудың жалпы нәтижесі айқындалады. Жоғарыда келтірілген деректерге негізделген қорытынды бағалау (9,8 + 9,9 + 9,5)/3 = 9,73 баллды құрайды.

Бағалаудың негіздемесін, тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, тұтастай осы өлшем бойынша жалпы қорытынды жасалады.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасын бағалауды есептеу мынадай деректер негізінде жүргізіледі:

1) әрбір орталық және жергілікті атқарушы орган бойынша орындалған тапсырмалар саны;

2) мерзімін бұза отырып орындалған, сапасыз орындалған, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органның бастамасы бойынша орындау мерзімі екі рет және одан көп ауыстырылған тапсырмалар саны.

8. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бойынша тапсырмаларды орындау сапасын жалпы қорытынды бағалау мынадай формала бойынша айқындалады: Жалпы бағалау = (Р3+S4)/2, мұнда:

Р3 – «орындау толықтығы» өлшемі бойынша қорытынды бағалау;

S4 – «орындаудың уақтылылығы» өлшемі бойынша қорытынды бағалау.

Әдістеменің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген мысалдардың деректері негізінде қорытынды бағалау (9,8 балл + 9,73 балл)/2 = 9,765 баллды құрайды.

9. Жинақталған балл санына қарай мемлекеттік органға мынадай шәкілдер бойынша баға қойылады: 0-ден 9,0 баллға дейін – қызметі тиімсіз; 9,01-ден 9,7 баллға дейін – қызметінің тиімділігі жеткіліксіз;
9,71-ден 10 баллға дейін – қызметі тиімді.

10. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар бойынша тапсырмалардың орындалу сапасын жалпы қорытынды бағалау 1 және
2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бөлек жүргізіледі.

11. Барлық өлшемдер бойынша бағалау қорытындыларының негізінде актілер мен тапсырмалардың сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды
(3-қосымша) жасалады.

12. Актілер мен тапсырмаларды орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың орындау сапасын бағалау нәтижелері туралы қорытынды (қорытынды нысаны қоса берілген) мынадай құрауыштарды қамтуы тиіс:

1) бағаланып отырған мемлекеттік орган бойынша актілер мен тапсырмалардың іске асырылу барысы туралы талдамалық есеп, мұнда осы өлшем бойынша бағалаудың негіздемесін, тұжырымдар мен ұсынымдарды көрсете отырып, әрбір өлшем бойынша бағалау келтіріледі;

2) бағаланып отырған мемлекеттік орган бойынша актілер мен тапсырмалардың іске асыруды ұйымдастыру деңгейі туралы тұжырымдар;

3) бағалау нәтижелеріне қарай мемлекеттік органға актілер мен тапсырмаларды одан әрі іске асыру туралы: іс-шараларды немесе міндеттерді қайта өңдеу, оларды іске асыру мерзімдерін өзгерту бөлігінде нақты (жеке) актілер мен тапсырмалардың мазмұнын түзету туралы; мемлекеттік органның қызметін жақсарту жөнінде және басқа ұсынымдар.
_________________________


Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының
Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconҚазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
Сет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconҚазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconАвторлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы
Республикасы Заңының 34-бабының 3-тармағын және "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы"...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  icon«Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  icon«Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңін үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  icon«Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  icon«Нұр Отан»хдп бағдарламасы «ертеңІҢ Үшін аянба! »
Исекешев Әсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconҚазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Астана қаласы
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №328-ө, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының  iconТракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы
Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы негізінде көрсетіледі
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница