Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»




Скачать 128.54 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы»
Дата конвертации20.01.2013
Размер128.54 Kb.
ТипДокументы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 6-тармағына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің жауапты хатшысы Ә.Ж. Сұлтанғазинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2008 жылғы 5 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр                                                                          Б. Жәмішев

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2008 жылғы «24» сәуірдегі

№ 204 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы
ереже

 

 1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – Комитет) орталық атқарушы орган құзыретінің шегінде республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің органдарында шоттары болады.

4. Комитеттің өзінің заңды тұлға болып табылатын, мемлекеттік мекеме нысанындағы және Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын  аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитеттің бақылауындағы және есеп беретін өңіраралық департаменттер жатқызылады.

Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет республикалық меншік объектілерін басқару, жекешелендіру және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі салаларында қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын сақтау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жүктелген функцияларды аумақтық бөлімшелердің тиісінше орындауына бақылауды жүзеге асырады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндеттерін атқаратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін, жеке қолданылатын құқықтық актілерді шығарады.

7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекітеді.

8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Жеңіс  даңғылы, 11.

9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен  жүзеге асырылады.

12. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

2. Комитеттің функциялары және құқықтары

13. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құзыретінің шегінде заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық деректер қорын жүргізу және оған мемлекеттік органдардың қол жетімділігін қамтамасыз ету;

2) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу;

3) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату  кезінде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерімдерін, сондай-ақ беру актілерін бекіту;

4) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізу;

5) республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік (уәкілетті орган) құқығының субъектісі болып әрекет етеді;

6) мемлекеттік басқару органының ұсынымы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын анықтау;

7) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға алынған мүлікті кейіннен теңгерімінен шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;

8) таратылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынның кредит берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейінгі қалған мүлкін қайта бөлу;

9) қызметін шаруашылық жүргізу құқығында жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабында көзделген мәселелерді келісу;

10) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабында көзделген жағдайларда мүлікті иеліктен айыру немесе өзге тәсілмен билік ету жөніндегі мәселелерді келісу;

11) мемлекеттік басқару органының республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыруын келісу;

12) республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген негізгі құралдарды қабылдап алу-беру және істен шығару мәселелерін келісу;

13) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға беруді, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға беруді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

14) республикалық меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;

15) жекешелендіру туралы шешім шығару;

16) объектіні жекешелендіруге дайындау үдерісінде мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

17) жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту;

18) жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету;

19) мемлекеттік материалдық резервті басқару жөніндегі уәкілетті органды жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда олардың осы материалдық құндылықтарды объектіні жекешелендіргенге дейін одан әрі орналастыру туралы шешім қабылдауы үшін алдағы жекешелендіру туралы хабардар ету;

20) жекешелендіру шарттары, түрі мен нысанын анықтау;

21) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектің сомасы, егер кәсіпорын мүліктік кешен ретінде жекешелендіру объектісі болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісім-шарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындайды және береді;

22) мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және жүргізу, мемлекеттік меншік объектілерін сатып алу-сату шарттарын дайындау және жасасу;

23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғаның құрылтайшысы ретінде әрекет ету;

24) Комитеттің және мемлекеттік органдар өкілдерінің мемлекет қатысатын мемлекеттік емес заңды тұлғалар органдарына қатысуын қамтамасыз ету;

25) мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың жұмыс істеуі мен басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру;

26) мемлекеттік кәсіпорынның жұмыс істеуі мен басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

27) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакетін (үлесін) иелену және пайдалану құқықтарын өзге мемлекеттік органға беру;

28) өңірлердің және тұтастай алғанда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында мемлекеттік меншік мониторингінің мәні жөніндегі ақпараттарды қорытындылау және ұсыныстарды әзірлеу;

29) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсету;

30) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізудің жоспары мен бағдарламасын бекіту;

31) консультация алу, арнайы білім мен дағдыны талап ететін мәселелерді зерттеу үшін консультанттарды (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;

32) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілерін тізбеге енгізу үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары беретін олар жөніндегі ұсыныстарды келісуге қатысу;

33) республикалық мемлекеттік меншікке жататын концессия объектілері бойынша конкурстар ұйымдастыру;

34) комиссия шешімінің негізінде республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасу;

35) республикалық меншік мәселелері жөніндегі мемлекеттің мүдделерін білдіру және олардың мүліктік құқықтарын қорғау;

36) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін ұйымдастыру және жүргізу, мониторинг субъектілері мен қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіру;

37) негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектілерін қадағалау;

38) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне бақылауды жүзеге асыру;

39) меншіктің мемлекеттік мониторингінің мәні бойынша ақпараттарды жинау және жүйелі талдау;

40) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

41) республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес сенімгерлік басқарушылардың міндеттемелерін орындауы мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде сенімгерлік басқарушыларды тыңдауды жүргізу;

42) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Комитеттің:

1) республикалық меншік объектілерін иеленуге, пайдалануға және билік етуге;

2) заңнамаға сәйкес оларға берілген республикалық меншікті мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ұйымдардың пайдалануын бақылауды жүзеге асыруға;

3) мемлекет қатысатын ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

4) республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету, сондай-ақ экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу, республикалық меншік объектілерін басқаруды талдау және бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға;

5) орталық және жергілікті атқарушы және өкілетті органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан бухгалтерлік құжаттарды және өзге құжаттарды, сондай-ақ республикалық меншікті пайдалануға байланысты мәселелер бойынша қаржылық және өзге де ақпаратты сұрауға және алуға;

6) заңнамаға сәйкес республикалық меншікті жекешелендіру жөнінде сауда-саттық жүргізуге;

7) жеке және заңды тұлғалармен республикалық меншік объектілерін сатып алу-сату, концессияға, сенімгерлік басқаруға, жалға, уақытша өтеусіз пайдалануға беру шарттарын жасасуға;

8) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға бepу), сенімгерлік басқару шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын тексеруге;

9) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуге және оларға қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары объектілерінің тізбесін қалыптастыруға;

10) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

11) мониторинг объектілерін зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау және талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тікелей тартуға;

12) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздеуге;

13) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етуге;

14) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстыруға;

15) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұрауға және алуға;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, сатып алу-сату, концессия, сенімгерлік басқару және мүліктік жалға (жалдауға) беру шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды тартуға;

17) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тәуелсіз сарапшылардың, аудиторлардың және консультанттардың қызметтерін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу;

18) Қазақстан Республикасының соттарында республикалық меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге;

19) тексеру органдарына айқындалған бұзушылықтар, республикалық меншікті ұрлау және оның пайдаланылуына байланысты өзге де құқық бұзушылық фактілері бойынша материалдарды жіберуге құқығы бар.

 

 

3. Комитеттің мүлкі

15. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.

Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады, мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай ақ Комитеттің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.

16. Комитеттің өзіне берілген мүлікті өз бетінше иелігінен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

17. Комитетке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін.

 

 

4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

18. Комитет аумақтық органдарға басшылықты жүзеге асырады.

19. Комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады.

Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысымен келісілген Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.

20. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшыларын Комитет төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

21. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді және Комитетке жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауап береді.

22. Төраға:

1) өз орынбасарларының, Комитеттің аумақтық және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды;

2) заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы бекіткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитеттің және аумақтық бөлімшелердің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлеріне және Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларына тәртіптік жазалар қолданады;

4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысымен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі штат санының лимиті шегінде штат кестесін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитеттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;

7) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;

8) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитетті білдіреді;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

23. Төраға болмаған кезде оның міндеттерін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі айқындайтын орынбасарларының бірі атқарады.

24. Комитеттің консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және дербес құрамын төраға орынбасарларының және Комитеттің аумақтық бөлімшелері  басшыларының арасынан төраға бекітеді.

 

 

 

 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

________________________

Похожие:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconӘкімшілік ғимараттың ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа»
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconЖылу жүйені ағымдық жөндеу бойынша жұмыстарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа»
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» icon«Баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен газ 31105 автомашинасының қосалқы бөлшектерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлау Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Тобыл» өңіраралық мемлекеттік мүлік және...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 9 тамыз №920 Астана, Үкімет Үйі Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереже Жалпы ережелер
Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconҚоғамдық қол жеткізу орындарын республикалық меншікке беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2012 жылғы 20 сәуірдегі № кгип-7/1257 хатының...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconБір негізден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу нәтижесі туралы хаттама Атырау қ., Абай к., 10а мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий»
Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Каспий» өңіраралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconҚазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы «Жеке кәсіпкерлік туралы»
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 мамырдағы Заңының 26-бабына сәйкес және «Кәсіпкерлік мәселелері...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconПатронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің 133-бабының 3-тармағына...
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» iconӘкімшілік ғимаратты дезинсекциялау мен дератизациялау қызметтері бойынша баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Сарыарқа» өңіраралық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница