Регламенті Негізгі ұғымдар




Скачать 97.63 Kb.
НазваниеРегламенті Негізгі ұғымдар
Дата конвертации20.01.2013
Размер97.63 Kb.
ТипРегламент




«Алматы облысы аумағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алудың» мемлекеттік қызмет көрсету

регламенті
1. Негізгі ұғымдар

1. Пайдаланатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары:

1) бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, радио және телебағдарламалар, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшіліктің қолы жететін телекоммуникациялық желілердегі (Интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғандағы, бұқарарлық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз көпшілікке таратудың басқа да нысаны;.

2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) – тұрақты аталуы мен ағымдағы нөмірі бар шетелдік мерзімді баспасөз басылымы (газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшалары); шетелдік теле-, радио-, бейне-, кинохроникалық бағдарлама (мерзімді дыбыс, бейнеақпараттар мен берілімдер жиынтығы);

3) таратушы – шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының иегерімен, басып шығарушысымен шарт бойынша немесе басқа заңды негізде Қазақстан Республикасының аумағында олардың өнімін тарататын жеке немесе заңды тұлға (филиалы немесе өкілдігі);

4) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы анықтама – таратушы көрсеткен аумақта таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құрал аттарының тізімінін атауын растайтын, Алматы облысы ішкі саясат басқармасы таратушыға беретін бекітілген нысандағы құжат.

2. Жалпы ережелер

2. Есепке алу – Алматы облысы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тарына байланысты жүзеге асырылатын рәсім.

3. Алматы облысы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тарды есепке алу келесі заң актілерінін негізінде жүргізіледі:

    1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» №451-1 Заңының 4-2 бабындағы 2 тармақ, 4-4 бабының 2 тармағы;

    2. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» №2315 қаулысы»;

4. Осы мемлекеттік қызметті Алматы облысы ішкі саясат басқармасы көрсетеді. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 38 үй, 634 бөлме.

5. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы анықтама көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.

6. Осы мемлекеттік қызметтің уақыт бойынша шектеу мерзімі:

1) осы мемлекеттік қызмет жеке (заңды) тұлғалардың жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап - 15 күн;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде т.с.с) кезек күтуге берілетін ең ұзақ уақыт - 30 минут;

3) мемлекеттік қызметтің көрсетілуін күтуге берілетін ең ұзақ уақыт – 30 минут.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген мемлекеттік органдардың және өзге де субъектілердің тізбесі:

1) мәліметтерді тапсыру – Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат министрлігі;

2) үйлестіру – Алматы облысы ішкі саясат басқармасы (жергілікті атқарушы орган);

3) ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру – жоқ.

8. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке басқа мемлекеттік органдар қатыспайды.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет

(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау

9. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті Алматы облысы ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі мамандары қабылдайды. Жеке (заңды) тұлғалардың қажетті құжаттарын тексеру №634 бөлмеде жүзеге асырылады және тіркеуге жіберіледі. Жеке тұлғалардан түскен жазбаша өтініштерді әкімшілік бөлімінің мамандары тіркеп, №606 бөлмеде талондар беру жүзеге асырылады.

10. Арыздың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгісі тіркеледі (қосымша №3).

Осы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға қажет құжаттар мен талаптардың тізбесі:

  1. белгіленген нысандағы өтініш;

  2. жеке тұлға – таратушы үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;

  3. заңды тұлға үшін (филиалдың немесе өкілдіктің) – мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

Жоғарыда көрсетілген құжаттарды тапсыру кезінде өтініш иесі өзінің жеке куәлігін немесе жеке (заңды) тұлғаның атынан іс-қимыл жасау құқығын растайтынын сенім хатты ұсынады.

11. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

1) ақпараттардың қорғалуын қамтамасыз ету;

2) ақпараттардың сақталуы және құпиялылығы.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне келесі құрылымдық–функционалдық бірліктер қатысады:

1) Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы және ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бастығы, мамандары;

2) Алматы облысы ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің мамандары.

13. Осы регламентінің 1 қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір құрылымдық-функцоналдық бірліктің қарапайым іс-қимылы (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы берілген .

14. Осы регламенттің 2 қосымшасында іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен құрылымдық-функционалдық бірліктердің арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграммалары берілген.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны осы регламенттің 4 қосымшасында көрсетілген.

16. Басқарма заңмен белдгіленген жағдайларда Алматы облысының аумағында таратылатын шетелдік БАҚ-тарды есепке қоймауға құқығы бар. Шетелдеі БАҚ есепке қойылмаған жағдайда таратушыға оның жазбаша түрдегі дәлелдемесі беріледі.

Кесте 1. Құрлымдық қызметің бірлігі іс-әрекеттерінің сипаттамасы


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)



Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағымының) №

1

2



Құрылымдық-функционалдық бірліктің аталуы

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімі

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі



Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімінің, операцияның) аталуы және оның сипаттамасы

Арызды қабылдау және тіркеу, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бастығына виза қоюға беру

Арызды алу және қарау, қажетті құжаттарды жинақтау және дайындау, анықтаманы беру



Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық әкімгерлік шешім)




Шетелдік бұқарлық ақпарат құралдарын есепке қою анықтамасы



Орындау мерізімдері

1 күн

14 күн


Кесте 2. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.


Алматы облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімі

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

№ 1 іс-әрекет.

Арызды қабылдау және тіркеу, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бастығына виза қоюға беру

№ 2 іс-әрекет. Арызды алу және қарау




№ 3 іс-әрекет. Қажетті құжаттарды жинақтау және дайындау




№4 іс-әрекет. Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау




№5 іс-әрекет. Қорытындысын дайындау




№6 іс-әрекет. Анықтаманы тапсыру



Кесте 3. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс.


Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімі

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

№ 1 іс-әрекет.

Арызды қабылдау және тіркеу, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының бастығына виза қоюға беру

№ 2 іс-әрекет. Арызды алу және қарау




№ 3 іс-әрекет. Қажетті құжаттарды жинақтау және дайындау




№4 іс-әрекет. Құжаттарды заңнамаға сәйкес екендігін қарау




№5 іс-әрекет. Қорытындысын дайындау




№6 іс-әрекет. Анықтаманы тапсырудан бас тарту


Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы


Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі


Алматы облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімі

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

№ 1 іс-әрекет.

Арызды қабылдау және тіркеу, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының бастығына виза қоюға беру

(1 күн)


№ 2 іс-әрекет. Арызды алу және қарау (2 күн)
№ 3 іс-әрекет. Қажетті құжаттарды жинақтау және дайындау (4 күн)
№4 іс-әрекет. Құжаттардың заңнамаға сәйкестігін қарау (3 күн)
№5 іс-әрекет. Қорытындысын дайындау (4 күн)
№6 іс-әрекет. Анықтаманы тапсыру (1 күн)




Алматы облысы

ішкі саясат басқармасының бастығы

______________________

(аты - жөні)

кімнен ______________________

(жеке/заңды тұлғаның атауы)

_________________________

(мекен-жайы, телефон)

ӨТІНІШ

Таратушының ұйымдастыру-құқықтық нысаны

_________________________________________________________________

Орналасқан орны

шетелдік бұқаралық ақпарат құралын таратуға анықтама беруіңізді сұраймын.





Бұқара-лық ақпарат құралы атауы

Тарату аумағы

Таратыла-тын бұқаралық ақпарат құралының тілі

Тақырыптық бағыты

Таратылатын даналардың болжаммен алғандағы саны/ретрансляциялау көлемі

1
















2
















3
















4

















Күні Қолы

М.о.

_____ -ШБ анықтама
Алматы облысы аумағында таратылатын шетелдік БАҚ есеп жүргізу туралы
«БАҚ туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 4-4 тармағының 2 бабына сәйкес, осы анықтама

__________________________________________________________ ____________________ шетелдік БАҚ _______________________________ аумағында таратуға рұқсат берілді.
Қосымша: шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының тізбесі.

Анықтаманың күшінде болу мерзімі: __________________ .

Берілген күні: _________________________.

Алматы облысы

ішкі саясат басқармасының бастығы


-ШБ анықтамасына қосымша




Шетелдік бұқаралық ақпарат құрал тізілімі

Таралу аумағы

Бұқара-лық ақпарат құралда-рының тарату тілі

Негізгі тақырыптық бағыты

Болжаммен алғандағы көлемі

1
















2
















3



















Похожие:

Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Мал басы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Мал басы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті Негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалықтары
«Оңтүстік Қазақстан облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар
...
Регламенті Негізгі ұғымдар icon«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
Регламенті Негізгі ұғымдар icon«Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру»
Осы «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметі регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті Негізгі ұғымдар
Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жеке категориялар бойынша көмекті қажет ететін азаматтарға әлеуметтік жәрдем белгілеу мен...
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Алтынтөбе ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті негізгі ұғымдар Пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Жаңабазар ауыл округі әкімі аппаратының «Қосалқы шаруашылығы жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуінің
Регламенті Негізгі ұғымдар iconРегламенті Негізгі ұғымдар Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница