Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі




Скачать 44.58 Kb.
НазваниеАқпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
Дата конвертации20.01.2013
Размер44.58 Kb.
ТипДокументы
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі
Әрбір мұғалімді педагогикалық

құралдарды қолдануға үйретуге

болады, әрі үйрету керек те,

сонда ғана оның еңбегі жоғары

нәтижелі болып, мұғалімнің орны

күн астындағы ең артық орын болар еді»

Я.А.Каменский
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында: «Сапалы білім беру Қазақстанның индустриалдық-инновациялық дамуының негізі болуы тиіс» деп атап көрсетілгендей қазіргі кездегі білім беру жүйесі әлемдік өркениет көшіне сай, жан-жақты ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етілуі керек.

Ақпараттық-коммуникациялық технология білім беру жүйесін ақпараттандыруға, білім сапасын арттыруға, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге, электрондық есептеуіш техникамен жұмыс істеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернет желісін пайдалануға, телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, қашықтықтан білім беру – Елбасымыздың жолдауында айтылып кеткендей елімізде оқыту теледидарын құруға негізделген міндет.

Қоғамның ақпарттандырылуы білім беруге қойылатын талаптарды да өзгертеді. Білім беру саласының қызметкерлерінің міндеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, баланың рухани мүмкіндігін дамыту, білім беру, тәрбиелеу, олардың өзіндік жұмыс жасау қабілетінің дамуына мүмкіншілік жасау. Сонымен бірге ақпараттық-коммуникациялық технологиялар білім беру саласының қызметкерлерінің шығармашылық ізденіс қабілетін дамытуға, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгеруге, мамандық шеберлігін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің мүмкіндігін жоғарылататын құрал.

Компьютердің мүмкіндіктерін психологиялық және дидактикалық тұрғыда талдап, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолдану, ішкі тиімділігіне көңіл бөлу мұғалімнің шеберлігі болып табылады. Компьютердің графикалық мүмкіндігі жаңа сабақты бояулы суреттермен, тірек сызбалармен, кестелермен меңгертуге жол ашады. Компьютерді мұғалім әртүрлі мағлұматтар, қосымша ақпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана алады. Электрондық оқулықтарды енгізу уақыт үнемдейді, мұғалім араласпай-ақ оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың негізгі ерекшелігі мұғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіншілік туғызады.

Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек.

Мұғалімге жаңа материалды өте қызықты әрі түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті ең бірден-бір құрал бұл – интерактивті тақта. Интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Интерактивті тақта өзінің аты айтып тұрғандай мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.

«Есептеуіш техниканың даму тарихы» тақырыбын өту барысында пйдаланған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кейбір элементтеріне мысал келтіретін болсам:





«Есептеуіш техникасының даму тарихы» тақырыбын түсіндіру барысында тірек-сызбаларды пайдалана отырып, жаңа сабақты жинақы, оқушылардың тез меңгеруіне жағдай жасалынған.

Сабақты меңгергенін тексеру үшін гиперсілтемелер арқылы жасалынған «Ғажайып тоғыздық» ойыны және сабақты бекіту үшін пайдаланылған «Сәйкестендіру тесті»:





Сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақ алынған. Оқушылар тақтаға шығып, сұрақтарға жауап береді және интерактивті қаламмен жұмыс жасауды үйренеді.



Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылығын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, тірек сызбаларды техникалық құралдар көмегімен түрлендіре отырып, түрлі ойындарды тиімді қолдану керек. Интерактивті тақтаның бұл жағдайда көмегі мол. «Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж.Аймауытов айтқандай әр сабақты жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашылады.




Аты-жөні: Садыбаева Назкен

Әкесінің аты: Жақсылыққызы

Туған жылы, күні, айы: 1984 жыл 22 наурыз

Бітірген оқу орны: Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда Мемлекеттік университеті

Мамандығы: Информатика пәнінің мұғалімі

Мекен-жайы: Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы Аққұм бекеті, инд. 120300

Қызмет орны: Негізгі білім беретін №221

Аққұм мектебі

Лауазымы: Информатика пәнінің мұғалімі

Еңбек өтілі: 2 жыл

Мадақтаулары: Аудандық «Компьютер

шебері - 2010» байқауынан жүлделі ІІІ орын,

«Сыр қойнауы» ғылыми жобасынан оқушысы

Аятбек Айдана ІІ орын

Похожие:

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconОқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconЛогикалық ойлау қабілетін арттырудың субъектіні дамытудағы ролі Ақпараттық коммуникативтік технология тиімділігі
АҚпараттық коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconБілім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты
...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұЛҒаны дамытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconМынбаева М. М., Жумабекова А. А. Оқушылардың шығармашылық дарындылығының құрылымдық мазмұндық моделі
Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім беруді дамыту...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconОрта арнаулы білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар
Білім беру саласындағы инновациялық технологиялардың басты мақсаты күнделікті өзгеріп жатқан өмірге оқушыларды дайындау болып табылады....
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі icon«Үздік веб-сайт» облыстық байқауын өткізу туралы
Облыстың білім беру ұйымдарының шығармашылық бастамаларын анықтау және қолдау мақсатында облыстық орта білім беру саласын ақпараттандыру...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconҚазақстан республикасының білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы оқу бағдарламасы информатика
«Математика және информатика» білім беру саласына кіретін оқу пәнінің нысаны -информатика. Ұсынылып отырған «Информатика» оқу пәнінің...
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың білім беру саласын дамытудағы ролі iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
«Білім берудегі акт» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница