Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев




НазваниеБекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Дата конвертации20.01.2013
Размер42.5 Kb.
ТипДокументы





БЕКІТЕМІН:

Шығыс Қазақстан облысы

әкімі аппаратының басшысы

Н. Шерубаев___________________

2011 жылғы «___» _____________

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының

ішкі бақылау және талдау қызметі туралы

ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкi бақылау және талдау қызметі (бұдан әрi - Қызмет) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрi - аппарат) құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.

2. Ішкi бақылау және талдау қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Қызметтің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте аппарат басшысы бекітеді.
2. Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі
4. Міндет: аппарат қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асыру.

Функциялары:

  1. аппараттың стратегиялық және операциялық жоспарларының iске асырылуын бақылау;

  2. аппарат жүргізетін есепке алу және есеп берудiң шынайылығы және дұрыстығына бақылау жүргізу;

  3. аппараттың Қазақстан Республикасының бюджеттiк және өзге де заңнаманы сақтауын тексерудi жүзеге асыру;

  4. бақылау нәтижелерiнiң қорытындылары бойынша бақылау объектілеріне жолданылатын ұсыныстардың және қабылданған шешiмдердiң орындалуына бақылау жүргізу.

5. Міндет: Облыс әкiміне есепті аппараттың және мемлекеттiк органдар қызметтерінің тиімділігін бағалау өткізуді ұйымдастыру.

Функциялары:

  1. мемлекеттiк органдар қызметiнің тиiмдiлiгiн бағалау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының қызметiн ұйымдастыру;

  2. аппараттың стратегиялық және операциялық жоспарларының iске асырылуына мониторинг жүргізу;

  3. аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi қызметінің тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу;

  4. қызмет тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн аппарат басшысының қарауына енгiзу;

6. Міндет: облыс әкiміне есепті аппараттың және мемлекеттiк органдар қызметінің тиімділігін талдау.

Функциялары:

  1. мемлекеттiк органдардың стратегиялық және операциялық жоспарларының iске асырылуына талдау жүргізу;

  2. аппараттың стратегиялық және операциялық жоспарларына өзгерістер мен қосымшалар енгізу бойынша ұсыныстарға талдау жүргізу;

  3. Қызмет құзырына жататын мәселелер бойынша облыс әкiмiнiң, оның орынбасарларының, облыс әкiмiнiң аппарат басшысының қатысуымен өтетін материалдар әзiрлеу;

  4. аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының есептік ақпараттарын жинақтау, өңдеу, талдау және Қызмет құзырына кіретін мәселер бойынша облыс әкімі мен аппарат басшысын ақпараттық-талдау мәліметтерімен қамтамасыз ету;

  5. мемлекеттiк органдар қызметтерінің тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерi бойынша есептік ақпарат дайындау және орталық мемлекеттік органдарға жолдау.

7. Құқықтары мен міндеттері:

Негізгі міндеттер мен өз функцияларын іске асыру мақсатында Қызмет өз құзыретінің шегінде құқылы:

  1. бақылау өткiзуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажеттi құжаттар, мәлiметтер, ауызша және жазбаша түсініктемелерді белгіленген мерзiмде сұрауға және алуға;

  2. құпиялық режимді, қызметтік, коммерциялық немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияларды сақтауды есепке ала, бақылау объектілерінің бақылау шаралары мәселелеріне жататын құжаттарымен кедергісіз танысуға;

  3. iшкi бақылау қорытындылары бойынша мемлекеттiк орган басшысына iшкi бақылау нәтижелерi туралы есепті және ұсыным жобасын ұсыну;

  4. мемлекеттiк орган қызметінiң бағыты бойынша бақылау шараларын өткiзу үшiн iшкi бақылау бойынша жұмыс топтарын құруға;

  5. аппарат басшысының келісімі бойынша бақылау шараларын өткiзу үшiн аппараттың басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң, облыс басқармаларының мамандарын iшкi бақылаудың жұмыс топтарына тартуға;

  6. облыс әкiмiнің аппараты басшысының келiсiмі бойынша Қызметтiң құзыры шегінде мәселелерді қарау және бiрлесіп пысықтау үшiн аппараттың басқа құрылымдық бөлiмшелерiнiң, облыс басқармаларының қызметкерлерiн тартуға;

  7. Қызмет құзырына кiретiн мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер өткiзу бастамасымен шығуға;

  8. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа құқықтарды жүзеге асыруға.

Өз қызметтерін жүзеге асыру кезінде Ішкi бақылау және талдау қызметінің қызметкерлері қолданыстағы заңнаманың талаптарын және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.
Ішкi бақылау және талдау қызметінің қызметін ұйымдастыру
8. Қызмет заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

9. Қызметке аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын облыс әкімінің бас инспекторы басшылық етеді.

10. Осы мақсаттарда Қызметке басшылық ететін облыс әкімінің бас инспекторы:

1) Қызметтің әрбір қызметкерінің міндеттері мен лауазымдық өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

11. Қызметтің құзырына кіретін мәселелер бойынша Қызмет атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жолданатын құжаттарға облыс әкімінің бас инспекторы, ал ол болмаған жағдайда - оны ауыстыратын тұлға қол қояды.

Облыс әкімінің

бас инспекторы Қ. Сағадиев

Похожие:

Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім туралы
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconСкбб-19/2790 12. 05. 2011ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаевқа
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті ШҚО әкімінің сайтында келесі ақпаратты орналастыруды сұрайды
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру- инспекторлық бөлімі туралы ереже
Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады (бұдан әрі аппарат)
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н.Ә. ШерубаевқА
Ж. Б. Баирханов, қала әкімдігінің «Істер басқармасы» кмқК филиалдары директорлары
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconШығыс Қазақстан облысының бекітемін мемлекеттік мұрағаты Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының, облыс мемлекеттік мұрағатының бұйрықтарын, осы ережені басшылыққа...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Өскемен қаласының әкімі С. ТӘукебаев
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімдігі Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесе отырып, 2012 жылғы 28-31 тамызда «Шығыс шынары»...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconБекітемін: Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Ысқаков А. К
Жик беру бойынша әділет басқармасына жәрдемдесу және ескі құжатары бар немесе құжатсыз азаматтарды шығару
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Зевакино ауылдық округі әкімі аппараты» мм
Зевакино ауылдық округі аппаратының функционалдық мүмкіншіліктері және мүмкін тәуекелдері 6
Бекітемін: Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Н. Шерубаев iconАрыс қаласының әкімі, оның орынбасарлары және қала әкімі аппаратының басшысы арасында міндеттерді бөлу Арыс қаласының әкімі Қ. Ж. Сыдықов
Кті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жергілікті мемлекеттік басқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница