Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер




Скачать 157.14 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер
Дата конвертации20.01.2013
Размер157.14 Kb.
ТипДокументы


Жоба
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

Басқармасының

қ а у л ы с ы
Алматы қаласы 2011 жылғы ___ _______ № _____
Жаппай электрондық төлемдер

жүйесінің жұмыс істеу ережесін бекіту

және Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша

аударымының банкаралық жүйесіндегі

ақша аударымы ережесін бекіту туралы»

1998 жылғы 21 қарашадағы № 242

қаулысына толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қолма-қол жасалмайтын бөлшек төлемдерді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің жұмыс істеу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 711 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесінде:

5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Инкассалық өкімдерді орындау үшін пайдаланушы ақшасының болмауына немесе жетіспеуіне байланысты пайдаланушының активтік операцияларын тоқтату туралы Ұлттық Банктің хабарламасы және Ұлттық Банкпен жасалған корреспонденттік шот шартында көзделген өзге негіздемелер шарттың жекелеген ережелерін орындауды уақытша тоқтату үшін негіздемелер болып табылады.».

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Басқармасының

_____ жылғы «__» _______

№ __ қаулысымен

бекітілген


Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің

жұмыс істеу ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жаппай электрондық төлемдер жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін белгілейді.

  2. Жаппай электрондық төлемдер жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – Жүйені пайдаланушылардың өздерінің клиенттеріне көрсететін электрондық банк қызметтері бойынша Жүйені пайдаланушылар арасында электрондық төлемдерді қабылдауға, өңдеуге және жүргізуге арналған төлем жүйесі.

  3. Пайдаланушыларға Жүйеде электрондық төлемдер жүргізу бойынша қызметтерді «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) пайдаланушы мен Орталық арасында жасалған шарт негізінде көрсетеді.

  4. Жүйеде төлемдер пайдаланушылардың электрондық төлем құжаттарын Орталыққа жіберуі және банкаралық клиринг (бұдан әрі – клиринг) негізінде оларды өңдеу арқылы жүргізіледі. Жүйеде төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

  5. Осы Ережеде «Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

  1. алушы – ақша аудару туралы электрондық төлем құжаты жіберілетін пайдаланушы;

  2. аудиторлық із – Жүйедегі электрондық хабарлардың қозғалысын бақылау үшін Орталық пен пайдаланушылар сақтайтын ақпарат;

  3. Жүйені пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) – пайдаланушыға Жүйеде қызмет көрсету туралы Орталықпен шарт жасаған және банкаралық ақша аудару жүйесін пайдаланушы мәртебесі бар банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк);

  4. жіберуші – Жүйе арқылы ақша аударумен байланысты электрондық төлем құжатын Жүйеге жіберуші пайдаланушы;

  5. көпжақты дебеттік шектеу - әрбір пайдаланушы үшін ең жоғарғы дебеттік таза позицияға шектеу белгіленетін клирингтегі тәуекелдерді басқару тәсілі;

  6. күндізгі «овердрафт» заемы – пайдаланушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) теңгемен корреспонденттік шотында Жүйеде жүргізілген клиринг нәтижелері бойынша ақша аударуды жүзеге асыру үшін ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда Ұлттық Банк беретін заем;

  7. операциялық күн – Орталық пайдаланушылардан электрондық хабарларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асыратын уақыт кезеңі. Жүйенің операциялық күні 24 (жиырма төрт) сағатқа тең және оны Ұлттық Банктің келісімімен Орталық белгілейді.

  8. пайдаланушының кредиттік немесе дебеттік позициясы – барлық пайдаланушылардың бір пайдаланушыға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша электрондық төлем құжаттарының сомасы мен осы пайдаланушының қалған пайдаланушыларға қатысты ақшалай міндеттемелері бойынша электрондық төлем құжаттарының сомасы арасындағы айырма. Егер айырма теріс сан болса, пайдаланушыда дебеттік таза позиция, егер оң болса, кредиттік таза позиция;

  9. сәйкестендіру – электрондық төлем құжаттарының шынайлығы мен дұрыс жасалғандығын растау, сондай-ақ электрондық төлем құжатының жіберуші ретінде көрсетілген пайдаланушыға тікелей беру фактісін белгілеу үшін Орталық белгілеген және пайдаланушыларға жеткізілген рәсімдер мен шаралар кешені;

  10. төлем күні – электрондық төлем құжатын Орталық өңдеуі тиіс күнді айқындайтын, пайдаланушының электрондық төлем құжатында көрсетілген күн;

  11. уәкілетті бөлімше – Жүйе пайдаланушыларының корреспонденттік шоттарын жүргізетін Ұлттық Банктің бөлімшесі;

  12. электрондық төлем – пайдаланушының электрондық төлем құжаттарын Орталықтың сөзсіз және кері қайтарып алмау орындауы;

  13. электрондық төлем құжаты (бұдан әрі – төлем құжаты) – сәйкестендіруден өткеннен кейін бастапқы құжат күшіне ие, пайдаланушы белгіленген форматта жасаған және жіберген төлем құжаты;

  14. электрондық хабар – төлем құжатын қоса алғанда, электрондық тәсілмен жасалған және Жүйеге жіберілген хабар.

6. Жүйе мынадай қағидаттар негізінде жұмыс істейді:

1) пайдаланушылар клиенттерінің Жүйеде электрондық төлемдерге бастамашы болуы;

2) бір бенефициарды және бір ақша жіберушіні көрсете отырып пайдаланушылардың төлем құжаттарын өңдеу;

3) төлем құжаттарын өңдеу басымдықтарының болмауы;

4) төлем құжаттарын нақты уақыт режимінде қабылдау және өңдеу;

5) электрондық төлемдерді Орталық акцептегеннен кейін олардың түпкіліктілігі және кері қайтарылмауы;

6) электрондық төлемдерді клиринг негізінде өңдеу;

7) көпжақты дебеттік шектеулерді пайдалану;

8) пайдаланушылардың төлем құжаттарын тәулік бойы қабылдау және өңдеу режимі.

2-тарау. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің құқықтық негізі


  1. Жүйені ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің құқықтық негізін осы Ереже, сондай-ақ Орталық пен пайдаланушылар арасында жасалатын пайдаланушыға Жүйеде қызмет көрсету туралы шарттар (бұдан әрі – пайдаланушы мен Орталық арасындағы шарт) қамтамасыз етеді.

  2. Пайдаланушы мен Орталық арасындағы шартта мынадай міндетті талаптар бар:

  1. тараптардың деректемелері;

  2. тараптардың құқықтары мен міндеттері;

  3. электрондық хабарлар алмасудың тәсілдері мен тәртібі;

  1. пайдаланушылардың Жүйеде жүзеге асырған электрондық төлемдері клирингінің нәтижелері бойынша ақша аударымдарының мерзімдері мен тәсілдері;

  2. тараптардың шарт талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілігі;

  3. шартты бұзу және шарт талаптарын өзгерту тәртібі;

  4. тараптардың келісімі бойынша басқа да талаптар.

Шарттың нысанын Орталық Ереженің осы тармағының талаптарын ескере отырып белгілейді.
3-тарау. Пайдаланушылар
9. Пайдаланушы мен Орталық арасында шарт жасалғаннан кейін банк пайдаланушы мәртебесін алады. Шартты бұзу банкті пайдаланушы мәртебесінен айыруға әкеп соқтырады.

10. Пайдаланушы мен Орталық арасында шарт жасау үшін пайдаланушы Орталыққа Ұлттық Банкпен пайдаланушыға күндізгі «овердрафт» заемын беру туралы келісімнің (бұдан әрі – заем туралы келісім) көшірмесін береді.

11. Пайдаланушының Жүйеге қатысуын Орталық Ұлттық Банк хабарламасының негізінде мынадай жағдайларда:

1) пайдаланушы Жүйеде жүзеге асырылған төлемдер бойынша міндеттемелерін орындай алмаған және/немесе орындаудан бас тартқан;

2) пайдаланушының банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясын Ұлттық Банк тоқтата тұрған;

3) пайдаланушының Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоты бойынша оның шығыс операциялары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша тоқтатыла тұрған;

4) Пайдаланушы мен Орталық арасындағы шартта көзделген өзге негіздер бойынша уақытша тоқтатыла тұру мүмкін.

12. Пайдаланушы Жүйе шеңберінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. мазмұнында пайдаланушының клиенттері басқа пайдаланушылар клиенттерінің пайдасына жүргізген электрондық төлем құжаттары бар электрондық хабарларды қалыптасу және Орталыққа жіберу;

  2. жасалған шарттардың талаптарына сәйкес ақша алушы клиенттердің пайдасына Орталық арқылы қабылданған электрондық төлемдер туралы хабарламаларды қалыптастыру және ақша алушы клиенттерге жіберу;

  3. Орталық белгілеген хабарлар алмасу рәсімдеріне және форматтарына сәйкес Орталықпен электрондық хабарлар алмасу;

  4. пайдаланушы мен Орталық арасындағы шартқа сәйкес өзге функциялар.



4-тарау. Орталық
13. Орталық Жүйенің жұмысын қамтамасыз етеді және оның пайдаланушыларына электрондық төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетеді.

14. Орталыққа Жүйе шеңберінде мынадай функцияларды орындау жүктеледі:

1) Жүйеде пайдаланушылардың электрондық хабарларын үздіксіз және тәулік бойы қабылдауды және өңдеуді, сондай-ақ қабылданған электрондық төлем құжаттарын алушы пайдаланушыларға өткізу;

2) Жүйеде пайдаланушылар жүргізген электрондық төлемдердің клирингі, пайдаланушылардың таза позициялары және банкаралық ақша аудару жүйесіндегі клирингтің нәтижесі бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыруға арналған төлем құжаттары туралы ақпарат дайындау;

3) Жүйе пайдаланушыларының өзара іс-қимылдарын техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

4) Жүйенің жұмысына қатысты нормативтік-анықтамалық ақпаратты қалыптастыру және тарату;

5) Жүйе пайдаланушыларының анықтамалығын жүргізу;

6) пайдаларына түсетін төлемдер туралы ақпарат алу жөнінде Орталықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының анықтамалығын жүргізу және оларға осы ақпаратты беруді қамтамасыз ету;

7) Жүйенің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

8) пайдаланушылармен жасалған шарттарға сәйкес өзге функциялар.

5-тарау. Электрондық хабарлар алмасу
15. Орталық пен пайдаланушылар арасында электрондық хабарлар алмасу Жүйеде Орталық белгілеген ақпарат беру форматтары бойынша жүргізіледі. Жүйеде электрондық хабарлар алмасу тәртібін Орталық айқындайды.

  1. Орталық электрондық хабарларды сәйкестендіру тәртібін әзірлейді және оның сақталуын бақылайды.

  2. Ұлттық Банктің шешімі негізінде Орталық Жүйеде өңделетін бір төлем құжатының ең жоғары сомасына шектеу белгілейді.

  3. Жүйедегі тәуекелдерді басқару мақсатында Ұлттық Банк пайдаланушының дебеттік таза позициясының ең жоғарғы рұқсат етілетін мәнін белгілейді.

  4. Орталықтың төлем құжатын акцептеу талаптары мыналар болып табылады:

  1. сәйкестендіруден өту;

  2. операциялық күн датасының төлем құжатында көрсетілген төлем күніне сәйкес келуі;

  3. төлем құжатының сомасы бір төлем құжатының ең жоғарғы сомасына Орталық белгілеген шектеуден аспауы;

  4. жіберушіде және алушыда пайдаланушы мәртебесінің болуы;

  5. пайдаланушының Жүйеге қатысуы тоқтатыла тұрмауы;

  6. Жүйедегі пайдаланушының ағымдағы дебеттік таза позициясы төлем құжатының сомасын есептегенде пайдаланушының дебеттік таза позициясының ең жоғарғы рұқсат етілетін мәнінен аспауы.

20. Акцептеуден бас тартылған жағдайда Орталық жіберушіге электрондық хабар жібереді, онда төлем құжатын орындаудан бас тарту себебі көрсетіледі.

21. Төлем құжаты оны Орталық акцептегеннен кейін кері қайтарылмайды және жүргізілген төлемнің төлемді жүзеге асыруға қатысқан тараптардың бастамасы бойынша күші жойылмайды.

22. Орталық пайдаланушыдан қабылдаған төлем құжатын өңдеу төмендегі кезеңдерден тұрады:

1) төлем құжатын өңдеу және оны пайдаланушыға-алушыға беру;

2) жіберушінің және алушының таза позицияларын айқындау;

  1. электрондық хабарларды қалыптастыру – жіберуші үшін ақшаны есептен шығаруды растау және алушы үшін ақша аударуды растау.

23. Орталық операциялық күн ішінде пайдаланушының сұратуы бойынша оған:

  1. пайдаланушыны-жіберушіні, соманы және төлем құжатының бірегей сәйкестендірушісін көрсете отырып, осы пайдаланушы Орталыққа берген төлем құжаттарының тізбесінен;

  2. пайдаланушыны-жіберушіні, соманы және төлем құжатының бірегей сәйкестендірушісін көрсете отырып, осы пайдаланушының пайдасына түскен төлем құжаттарының тізбесінен;

3) пайдаланушының таза позициясының мәнінен тұратын ақпарат бар үзінді-көшірмені береді.

24. Орталық және пайдаланушылар электрондық хабарларды қалыптастыру және беру кезінде Орталық пен пайдаланушылар арасында жасалған бағдарламалық-криптографиялық қорғауды және электрондық-цифрлық қол қоюды пайдалану туралы келісімде белгіленген қорғау іс-қимылдарының тәртібін сақтайды.

Орталық және пайдаланушылар Жүйеге келіп түсетін және өңделген барлық төлем құжаттары бойынша өз ақпарат жүйелерінде аудиторлық іздің болуын, сондай-ақ жіберілген және алынған төлем құжаттарының бес жыл бойына сақталуын қамтамасыз етеді.

6-тарау. Пайдаланушылардың қарсы талаптары мен міндеттемелерін есепке алу және клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару
25. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аударуды жүзеге асыру үшін Орталық Жүйеге банкаралық ақша аудару жүйесінде позиция (бұдан әрі – Жүйе позициясы) ашады.

26. Жүйенің операциялық күні аяқталған соң Орталық пайдаланушылардың қарсы талаптары мен міндеттемелерін есепке алады және әрбір пайдаланушының таза позициясын айқындайды.

27. Жүйе пайдаланушыларының таза позицияларын айқындаған соң Орталық Жүйенің операциялық күнінің кестесінде (бұдан әрі – кесте) белгіленген уақытта әрбір пайдаланушының таза позициясына сәйкес клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару үшін банкаралық ақша аудару жүйесіне төлем құжаттарын беруді жүзеге асырады.

28. Ақша аудару Орталықтың клиринг нәтижелері бойынша дебеттік таза позициялары бар пайдаланушылардың позицияларынан Жүйе позициясына ақшаны есептен шығару және Жүйе позициясынан клиринг нәтижелері бойынша кредиттік таза позициялары бар пайдаланушылардың позицияларына ақшаны аудару туралы нұсқаулары негізінде жүргізіледі.

29. Банкаралық ақша аудару жүйесінде пайдаланушылардың позициялары бойынша ақша аудару Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 711 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына сәйкес жүргізіледі.

30. Дебеттік таза позициясы бар пайдаланушыда ақша жоқ болған не жеткіліксіз болған жағдайда, оның клиринг нәтижелері бойынша есептелмеген төлемдері банкаралық ақша аудару жүйесінде кезекке қойылады.

31. Кестеде белгіленген уақытта дебеттік таза позициясы бар пайдаланушыда ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде Ұлттық Банк пайдаланушымен жасалған заем туралы келісім негізінде оған күндізгі «овердрафт» заемын береді.

32. Уәкілетті орган пайдаланушыларға күндізгі «овердрафт» заемының берілуіне, пайдаланылуына және қайтарылуына бақылауды жүзеге асырады.

33. Күндізгі «овердрафт» заемы бойынша берешекті уәкілетті бөлімше өндіріп алған кезде пайдаланушының корреспонденттік шотында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған және пайдаланушыға ағымдағы операциялық күн үшін берілген күндізгі «овердрафт» заемы болған жағдайда уәкілетті бөлімше пайдаланушы мен Орталық арасындағы шартқа сәйкес Жүйеде пайдаланушының шығыс операцияларын уақытша тоқтат тұру туралы Орталыққа жазбаша хабарлама жібереді.

34. Пайдаланушы берілген «овердрафт» заемдары бойынша міндеттемелерін толық орындаған соң уәкілетті бөлімше Орталыққа пайдаланушының Жүйеге қатысуын қайта жаңғырту туралы тиісті жазбаша хабарлама жібереді.

35. Клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару аяқталған соң Жүйе позициясындағы ақшаның қалдығы нөлге тең болуы тиіс.

36. Ақша аудару аяқталған соң Орталық пайдаланушыларға Жүйеде өңделген төлем құжаттары туралы ақпараттан тұратын түпкілікті үзінді-көшірмені, пайдаланушының Жүйедегі таза позициясы туралы ақпаратты және себептерін көрсете отырып, Жүйеде қандай да бір себеппен өңделмеген төлем құжаттары туралы ақпаратты береді.

7-тарау. Қызметтердің ақысын төлеу
37. Орталық пайдаланушыға Жүйеде көрсетілген қызметтер үшін ақы алады. Орталықтың қызметтері үшін ақы алу талаптары мен тәртібі пайдаланушы мен Орталық арасындағы шартта айқындалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Жаппай электрондық төлемдер жүйесінің жұмыс істеу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы» 1998 жылғы 21 қарашадағы № 242 қаулысына толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасына келісу парағы







Лауазымы

Қолы

Күні

Аты-жөні

  1. 1

ҚРҰБ Төрағасының орынбасары







Бектасов Ә.А.

  1. 2

ТЖД директоры







Мұсаев Р.Н.



ҚБЕО бас директоры







Абдулкаримов С.Х.



АТД директоры







Молчанов С.Н.



МОЕД директоры







Әбдіғапыров А.И.

  1. 3

ЗД директоры







Өртембаев А.Қ.

  1. 4

АБАЖЕБ бастығы







Рахметова С.К.




Похожие:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қ аулыс ы алматы қаласы 2007 жылғы 24 қыркүйек №111 Қазақстан Республикасының
Республикасының Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы № Қазақстан Республикасының
Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2012 жылғы №2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы
Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2011 жылғы 26 желтоқсан №202 Алматы қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі басқармасының Қаулысы 2012 жылғы 30 қаңтар №8 Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі»
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігінің...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарында заңды және жеке тұлғалармен кассалық...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2008 жылғы 28 қараша №93 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан республикасының Ұлттық банкі б а с қ армасыны ң Қ аулы сы алматы қаласы 2009 жылғы 24 тамыз №77 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту...
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы Алматы қаласы 2011 жылғы № Жаппай электрондық төлемдер iconҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қ аулыс ы
Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) 2009 жылғы 27 қарашадағы №19 шешімін орындау жөніндегі шаралар туралы Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница