Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа




Скачать 291.81 Kb.
НазваниеЭкономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа
страница1/3
Дата конвертации20.01.2013
Размер291.81 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны
Мына сайтта бар түпнұсқа
http://kzdocs.docdat.com/docs/index-17788.html

1 2 2. ДӘРІСТІК КЕШЕН

1 БӨЛІМ
ЭКОНОМИКЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс №1.
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны.

Дәрістің мақсаты: Бүгінде нарықтық экономикалық қатынастар орнаған жағдайда шаруашылық субъектінің өндірістік шаруашылық жағдайын талдаудың мазмұнынын, пәні мен міндеттерін ашып, олардың шаруашылық қызметте алатын орнын анықтау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Экономикалық талдау түсінігі, пәні.
Экономикалық талдаудың мазмұны мен міндеттері
Шаруашылық субъект-микродеңгейдегі зерттеу объектісі ретінде

Тақырыптың қысқаша мазмұны
Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.
Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.
Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.
Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.
Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.
Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.
Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.
Бақылау сұрақтары:
Талдау ұғымын қалай түсінесіз?
Экономикалық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны?
Экономикалық талдау қандай принциптерге сүйенеді?
Әдебиеттер:
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.
Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №2
Экономикалық талдаудың әдістері және олардың ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: Экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу
Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері

Тақырыптың қысқаша мазмұны
Экономикалық талдау барысында тәсілдер қолданылады және олар екі топқа бөлінеді:
Дәстүрлі;
Математикалық;
Дәстүрлі қабылдаулар зерттеу үшін абсолютті, орта және салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.
Аналитикалық орта көрсеткіштердің әртүрлі түрлері экономикалық талдау жүруінде қажеттілікпен қолданылады:
Орта арифметикалық;
Орта үндесу;
Орта хронологиялық;
Орта геометриялық;
Сән;
Медиана;
Экономикалық талдау жүруінде келесі топталу түрлері пайдаланады:
Типологиялық – табуға арналған мінездемелі және типтердің оқылатын процестердің байланыстары;
Құрылысты - құрылымның талдауға арналған және құрам бағалауларының көрсеткіші;
Аналитикалық - өзара байланыс зерттеуіне арналған тәуелді, факторлы, нәтижелі көрсеткіштердің әрекеттестіктері;
Математикалық әдістердің қолданылуы кәсіпорынның шаруашылық қызмет экономикалық нәтижелігін жоғарылатады. Негізгі математикалық әдістерге және экономикалық талдау қабылдауларына жатады:
Математикалық үлгі;
Математикалық бағдарлама;
Ойындар теориясы;
Бұқаралық қызмет ету теориясы;
Корреляция қабылдаулары және кері кетушілік;
Экономикалық талдаудың ең басты кезеңі:
Материалдардың аналитикалық өндеу;
Қажетті кестелер құрастыру (график, диаграмма);
Көрсеткіштердің жүйе құруы;
Бөлінген көрсеткіштерге ықпал жасау;
Факторлардың ықпалын жасау;
Бар резервтерді бағалау;
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдау кезінде қолданылатын барлық тәсілдер неше топқа жіктеледі?
Математикалық әдістерді атаңыз?
Әдебиеттер:
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.
Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №3
Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыру

Дәрістің мақсаты: Экономикалық талдауды ақпаратпен қамтамасыздандыруда оларды жіктеу.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Ақпарат көздерінің түрлері
Экономикалық талдаудағы көрсеткіштер жүйесі
Оперативтік, ағымдық және перспективтік талдауды жүргізу әдістері Экономикалық талдаудың тәсілдерін жіктеу
Экономикалық талдаудағы салыстыру әдістері
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Экономикалық талдау нормативтік, статистикалық, бугалтерлік және жедел мәліметтердің, алғашқы құжаттардың, сонымен қатар мамандандырылған фирмалардың жүйесі ретінде қарауға болатын түрлі шығыс ақпаратқа негізделген. Ақпараттардың барлық дереккөздері ресми, нормативтік-жоспарлық, есептегі және есептен тыс болып бөлінеді.
Ақпараттардың ресми түріне:
• ҚР заңдары;
• ҚР Президентінің Жарлықтары;
• ҚР Үкіметінің қаулылары және қараулары;
Нормативтік-жоспарлық көздерге:
• министерстволардың, мемлекеттік комитеттердің, федаралдық қызметтер және орындаушы биліктің орталық федералды органдарының нормативтік құжаттары (бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулықтар және т.б.);
• кәсіпорынның шаруашылық-құқықтық құжаттары (бұйрықтар, шарттар, келісімдер, рекламациялар т.б.);
• акционерлер жиналысының шешімі;
• кәсіпорында дайындалатын жоспарлар;
• сметалар (бюджет);
• бағалар.
Экономикалық талау жүргізудің есептегі дереккөздеріне:
• бугалтерлік есеп және есеп берулер- осы көздердегі деректер шаруашылық құбылыстарды, үрдістер және олардың қорытындыларын неғұрлым толық баяндайды;
• статистикалық есеп және есеп берулер- жаппай құбылыстар мен үрдістердің сандық мәліметтерінен тұрады және өзара қатынастарды тереңірек зерттеп, экономикалық заңдылықтарды анықтайды;
• жедел есеп және есеп берулер- экономикалық талдауды статистикалық және бухгалтерлік есепке салыстырғанда неғұрлым қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді және талдаудың тиімділігіне жағдай жасайды;
• салықтық есеп берулер- кәсіпорынның салықтық міндеттемелерді түрлі бюджет деңгейлерінде толықтығын талдауға және уақытылы орындалуына мүмкіндік береді;
• таңдаулы есеп мәліметтері жатады.
Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне:
• төмендегідей материалдар, актілер, қорытындылар:
ведомство ішілік және тыс тексерулердің;
сыртқы және ішкі аудиттің;
салық органдарының тексерулерінің;
тұрақты өндірістік мәжілістердің;
баспасөз беттерінде жарияланған;
• түсіндірме және баяндау жазбаларының материалдары;
• контрагенттермен хаттар;
• жарнама;
• кәсіпорынның техникалық және технологиялық құжаттары.
Бақылау сұрақтары:
Ақпараттардың ресми түрлеріне не жатады?
Экономикалық талау жүргізудің есептегі дерек көздеріне ше?
Нормативтік-жоспарлық көздерге?
Ақпараттың есептен тыс мәліметтеріне?
Әдебиеттер:
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.
Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

Дәріс №4
Кешенді экономикалық талдаудың әдістемесі
Дәрістің мақсаты: Кешенді экономикалық талдау барысында көптеген қолданылатын тәсілдерді жіктеу және анықтама беру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Экономикалық құбылыстарды зерттеудегі жүйелік ықпал
Факторларды жіктеу, талдау және жүйелендіру
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Экономикалық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Соның ішінде негізгі деген әдістерін қарастырайық:
Көлденең немесе уақытша талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру.ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухалтерлік есептің түрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
Тікелей немесе құрылымдық талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады.
Коэффициенттік талдау - коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады. Олардың біреуі бірлік ретінде, ал екіншісін бірлікке қатынас ретінде көрсетеміз. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
факторлық талдау- бұл жекелеген себептердің қорытынды көрсеткіштерге тигізетін әсерін зерттеудің детерминттік(анықтау) немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктесе тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктірсе кері болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған әдістер мен қатар қаржылық жағдайды талдауда экономиканың және математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шамалар, графиктік және индекстік әдістер, корреляция, регрессия және т.б.) дәстүрлі тәсілдері қолданылады. Экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорынның қаржыылық жағдайына терең талдау жасауға және шаруашылық субьектінің тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды дайындауға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдау кезінде қолданылатын барлық тәсілдер неше топқа жіктеледі?
Математикалық әдістерді атаңыз?
Әдебиеттер:
Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятияий 1998-494 б.
Баканов М.Н., Шеремет А.Д.Теория экономического анализ, Финансы и статистика 2000 416 б.

2 БӨЛІМ
ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ТАЛДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дәріс №5
Өнімді (жұмысты, қызметті)өндіру мен өткізуді, сұранысты талдау.
Дәрістің мақсаты: Кәсіпорындарда өнімді шығару мен өткізуді талдаудың негізгі міндеттерімен таныстыру және өндіріс ырғақтылығына талдау жасау.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
Өнімге деген сұранысты талдау
Өнімнің ассортименті мен құрылымын талдау
Өндіріс ырғақтылығын талдау
Тақырыптың қысқаша мазмұны
Шаруашылық ететін субъектінің сәттілігі немесе сәтсіздігі сұраныстың деңгейі, сипаты, құрылымы қаншалық мұқият зерттелуі мен анықталуынан және оның өзгеру беталысынан тәуелді болады. Нарықты зерттеудің нәтижелері шаруашылық стратегиясы мен тауарлық ассортиментті жасаудың негізіне салынған. Олар өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) жаңарту екпінін, өндірістің техникалық жетілдіруін, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарына мұқтаждықты анықтайды. Шаруашылық субъектісі өндіріс көлемін жоспарлаған және өндіріс қуатын анықтаған кезде қандай өнімді, қандай көлемде өндіретінін, қашан, қайда және қандай бағаға сататынын анықтайды. Соңғы қаржылық нәтижелер мен қаржылық тұрақтылық осыған байланысты.
Ресурстар өның өнімдеріне сұраныс бар салалар мен кәсіпорындарға түседі. Нарықтық жүйе пайдасы жоқ салалар мен шаруашылық субъектілерін сирек кездесетін ресурстардан айырады. Шаруашылық субъектілері тауарларды оны өткізуден пайда түсіп турған уақытқа, осы тауарларға сұраныс қаныққанға дейін өндіреді. Қанша және қандай тауарларды өндіру, қандай бағамен оларды сату, капиталды қайда салу сұраныс және ұсыныс механизімімен, пайда нормасымен, акция бағамымен, валютамен, несие пайызымен анықталады.
  1   2   3

Похожие:

Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconЛекция конспектілері Дәріс 1 Экономикалық талдаудың негідері
Мақсаты: Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын...
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconКөкпекті ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері, мақсаттық индикаторлары, іс-шаралар және қорытынды көрсеткіштер
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа icon«Теориялық әлеуметтану тарихы» пәні Позитивистік әлеуметтанудың ерекшелiктерi. О. Конттың әлеуметтануы
Позитивистік әлеуметтанудың бастаулары. Огюст Конттың әлеуметтанулық доктринасының пайда болуының әлеуметтiк-экономикалық және әлеуметтiк-мәдени...
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа icon«Мемлекеттік бюджет» пәні бойынша лекциялар жинағы 1-тақырып Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны
Бюджет түсінігі. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны. Бюджеттің ерекше арналымы
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconМазмұны содержание нұРСҰлтан назарбаев 3 (өмірбаяны) 3 назарбаев нурсултан абишевич 4 (биография)
Еу­рАзия экономикалық ынтымақтастық ұйы­мына, Түркісой сияқты ұйымдарға мүше болар ма едік? Егер Нұр­сұлтан Назарбаев әлем бойынша...
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа icon«Экономика, басқару және құқық» факультетінің деканы
Экономикалық талдаудың логистикалық әдістері және оларды Қазақстан Республикасы өнеркәсібінде пайдалану (кешен, сала мысалында)
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconЛ. Н. Гумилева Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің
М. У. Спанов Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұжырымдамалық негіздерін атап көрсеткен, онда елдің экономикалық...
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconПму ұс н 18. 3/40 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Заттарды талдаудың ядролық-физикалық әдістері пәні бойынша 050716 «Аспап жасау» мамандығының студенттеріне арналған
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа icon«Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері және нысаналы индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны Мына сайтта бар түпнұсқа iconҚмму ф 4/3-04/01 2007 ж. 14 маусымдағы
Тақырыбы: «Микробиологияға кіріспе. Микробиология пәні мен міндеттері. Микроорганизмдердің жіктелуі және номенклатурасы. Бактериялардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница