Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы




Скачать 386.74 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы
страница1/2
Дата конвертации20.01.2013
Размер386.74 Kb.
ТипДокументы
  1   2


Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы

2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» және «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрінің

2011 жылғы «19» тамыздағы

№252 бұйрығына

1-қосымша
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» регламентінде (бұдан әрі – Регламент) мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздестіруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе;

2) ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийі – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға ілеспе нормативтік-техникалық құжаттамалармен бірге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеуді қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны;

3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру – бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру;

4) «құрылымдық-функционалдық бірлік (ҚФБ)» – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелері немесе олардың кіші жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ);

5) мемлекеттік қызмет – жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру аясында мемлекеттік органдар, өзге де мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет;

6) тұтынушы – электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің иесі немесе меншік иесі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;

7) ішінара автоматтандырылған қызмет – құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керісінше нысанға өзгерту қажет болған кезде қызмет көрсету үдерісінде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесу қызметі.

2. Жалпы ережелер
2. Осы Регламент «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 38-тармағына, «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1402 Қаулысына сәйкес әзірленді.

3. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге депозитке салу» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс комитетімен (бұдан әрі Комитет) көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

5. Мемлекеттік қызмет «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 25-бабы, «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 қаулысы негізінде көрсетіледі.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы Депозитке берілген бағдарламалық өнімдердің тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) депозитке беруге ұсынылған объектілерге депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны депозитке беруге ұсынылған объектілерге депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Комитетпен демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен көрсетіледі. Қызмет алу үшін алдын ала жазылу талабы жоқ. Жедел қызмет көрсету тәртібі қарастырылмаған. Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Сол жағалау, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар туралы ақпарат www.mci.gov.kz., www.reginfo.kz. Интернет-ресурстарында орналастырылады немесе (87172) 51-81-08 телефоны арқылы алуға болады.

9. Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі:

тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, тұтынушы Тізілімге енгізу үшін белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма алты жұмыс күнін құрайды;

депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда тұтынушы Тізілімге енгізу үшін белгіленген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап жиырма бір жұмыс күнін құрайды.

10. Осы Регламенттің 14-тармағында көрсетілген материалдар мен құжаттардың толық жиынтығын бермеу Комитеттің тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуына негіз болады.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) 1-кезең – Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің (бұдан әрі – ҚҚҚ) жұмыскерлері қосымша берілген өтінім және нормативтік-техникалық құжаттама материалдары мен ықшам-дискілері бар кіріс корреспонденцияны (бұдан әрі – материалдар) қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

2) 2-кезең – Комитет басшысының кіріс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Комитет басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен лауазымдық тұлғаға жолданады;

3) 3-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасының қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарауы, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым мекенжайына қосымша берілген материалдары бар ілеспе хат дайындауы;

4) 4-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ҚҚҚ жұмыскерлері қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу және тіркеу журналына тіркеуді жүргізеді;

5) 5-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым басшысының кіріс корреспонденцияны қарауы және лауазымдық тұлғаны анықтауы. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым басшылығының тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен орындаушыға жолданады;

6) 6-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым лауазымдық тұлғасының құжаттар мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеруі;

7) 7-кезең – тексеру нәтижесі оң болған жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлайды;

8) 8-кезең – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізеді;

9) 9-кезең – өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитетке қайтарады;

10) 10-кезең – Комитеттің лауазымдық тұлғасы қайтару себептерін көрсетумен өтінімді тұтынушыға қайтаруды жүргізеді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдау Комитеттің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күні ішінде бір тұлғамен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимылдар (өзара іс-қимылдар) тәртібін сипаттау
13. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін Комитетке қосымшаларын көрсетумен ілеспе хатты ұсынады, ол Комитеттің ҚҚҚ қызметкерімен ілеспе хатта көрсетілген тізім бойынша қабылдап алынады. Комитеттің ҚҚҚ қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген ілеспе хатты тіркеуі тұтынушының барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын растайды.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мыналарды:

1) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруге арналған өтінімді;

2) авторлық құқықтармен қорғалғандардан басқа, ақпараттық жүйенің бастапқы бағдарламалық кодтарын;

3) депозитке берілетін бағдарламалық өнімді орнату бағдарламасының қалыптастырылған пакеттерін, депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің құрастырылған модульдерін (құрауыштарын) қамтитын ақпараттық жүйелердің инсталляциялық пакетін;

4) қажет болған жағдайда тұтынушы айқындайтын қосымша бағдарламалық қамтамасыз етуді;

5) ақпараттық жүйенің аннотациялық немесе жарнамалық сипаттамасын;

6) нормативтік-техникалық құжаттама – ақпараттық жүйенің ерекшелігін, сипаттамасын, сынақ бағдарламасы мен әдістемесін, мыналарды:

депозитке берілетін бағдарламалық өнімнің ерекшелігін;

техникалық тапсырманы (бағдарламалық өнімді дамытудың барлық кезеңдерін);

формулярды (негізі сипаттамалары, жинақтылық және депозитке берілетін бағдарламалық өнімді пайдалану туралы мәліметтер);

бағдарламалық өнімнің сипаттамасы (жұмыстың және өзара іс-қимылдың схемасы мен диаграммасын қоса алғанда, бағдарламалық өнімнің қисынды құрылымы мен жұмыс істеуі туралы мәліметтер);

түсіндірме жазбаны (алгоритм схемасы, бағдарламалық өнімнің алгоритмінің және (немесе) жұмыс істеуінің жалпы сипаттамасы, сондай-ақ қабылданған техникалық және техникалық-экономикалық шешімдердің негіздемесі);

қолданылу сипаттамасын (бағдарламалық өнімнің мақсаты, қолданылу саласы, қолданылатын әдістер, шешілетін міндеттердің сыныбы, қолдану үшін шектеулер, техникалық құралдардың ең төменгі конфигурациясы туралы мәліметтер);

орнату жөніндегі нұсқаулықты;

әкімшінің нұсқаулығын;

пайдаланушының нұсқаулығын;

техникалық тапсырма бойынша талап етілетін басқа құжаттарды қамтитын пайдалану құжаттамасын;

7) тұтынушының қалауы бойынша басқа да бағдарламалық құралдар мен құжаттарды ұсынады.

15. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша талаптар «Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2280 қаулысына сәйкес әзірленген және бекітілген.

16. Құрылымдық-функционалдық бірліктерді тізбелеу және сипаттау (бұдан әрі – ҚФБ):

ҚФБ 1 – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс комитеті;

ҚФБ 2 – «Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

17. Әр ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекеті дәйектілігінің кестелік сипаттамасы әрбір әкімшілік іс-әрекетінің орындалу мерзімін көрсетумен осы Регламентке 1-қосымшада берілген.

18. ҚФБ мен мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік іс-әрекеттің қисындық өзара байланысын бейнелейтін схема осы Регламентке 2-қосымшада берілген.

19. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны мәліметтер мен депозитке беруге ұсынылған объектілерге депозитарлық нөмірлерін меншіктеп беру, немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымдық тұлғалардың жауапкершілігі
20. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағым жасау тәртібі туралы ақпаратты № А772 кабинет, (87172) 74-06-85 телефоны бойынша Комитеттің лауазымды адамынан алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй,«Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А739 кабинет, телефон (87172)74-10-34 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды тұтынушы Комитетке: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 14-кіреберіс, № А772 кабинет, телефон (87172) 74-06-85 мекенжайы бойынша жолдайды.

Жұмыс кестесі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, оның ішінде сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліс бар.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқылы.

Шағым ерікті түрде, екі данада ресімделеді, оның біреуі жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орын, сондай-ақ шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректері көрсетіліп, тұтынушыға беріледі.

Шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен қаралады.

Қабылданған шағым заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның екінші данасы не көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдап алған адам жасалған шағымға жауап алатын мерзім мен орынды және шағымның қаралу барысы туралы білуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерін көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты www.mci.gov.kz немесе www.reginfo.kz интернет-ресурстарынан және (87172) 74-03-54 телефоны арқылы алуға болады.

«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық

өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық

құжаттаманы депозитарийге депозитке салу»

мемлекеттік қызмет Регламентіне

1-қосымша

1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы

Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы

депозитке беру




Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

Комитеттің құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

Комитет басшылығы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің жұмыскері

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның басшылығы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым мекенжайына қосымша берілген материалдары бар ілеспе хат дайындау

Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады


Ілеспе хат

Кіріс корреспонденцияны тіркеу журналында тіркеу

Басшылықтың тапсырмасы (бұрыштама) бойынша, құжаттар орындау үшін тіркеу журналында қол қоюмен жолданады

5

Орындау мерзiмдерi

15 минут

1 жұмыс күні

2 жұмыс күні

15 минут

2 жұмыс күні



1-кестенің жалғасы




Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

1

Iс-әрекеттiң (барысының, жұмыс ағынының) №

6

7

8

9

10

2

ҚФБ атауы

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның ақпаркоммуникациялық технологиялар департаментінің лауазымдық тұлғасы

Комитеттің ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау басқармасының лауазымдық тұлғасы

3

Iс-әрекеттiң (үдерiстiң, рәсiмнiң, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру


Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау


Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу


Өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитет мекенжайына қайтару

Қайтару себептерін көрсетумен өтінімді тұтынушыға қайтару


4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкiмгерлiк шешiм)

Бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың стандарт талаптарына сәйкестігін тексеру қорытындысы


Ілеспе хат

Ұсынылған депозиттеу объектілеріне депозитарлық нөмірлер меншіктеу


Ілеспе хат

Ілеспе хат

5

Орындау мерзiмдерi

15 жұмыс күні

3 жұмыс күні

5 жұмыс күні

13 жұмыс күні

3 жұмыс күні


2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс.


Негiзгi үдерiстiң iс-әрекетi (барысы, жұмыс ағыны)

Комитет

Уәкілетті ұйым

1. Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

4. Қосымша берілген өтінім мен материалдары бар кіріс корреспонденцияны қабылдау, ашу, іріктеу

2. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

5. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

3. Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым мекенжайына ілеспе хат дайындау

6. Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру

10. Қайтару себептерін көрсетумен өтінімді тұтынушыға қайтару


7. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау




8. Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу




9. Өтінім берілген депозитке салу объектілерінің сәйкессіздігі немесе депозитке беру өтінімі тиісінше ресімделмеген жағдайда қайтару себептерін көрсетумен өтінімді Комитет мекенжайына қайтару



«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар

мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитарийге

депозитке салу» мемлекеттік қызмет

Регламентіне

2-қосымша
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беру» мемлекеттік қызметін көрсету үдерісі

Комитеттің лауазымдық тұлғасы
3. Қосымша берілген өтінім және материалдары бар кіріс корреспонденцияны қарау, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым мекенжайына қосымша берілген материалдары бар ілеспе хат дайындау

(2 жұмыс күні)

Комитет басшылығы
2. Кіріс корреспонденцияны қарау және лауазымдық тұлғаны анықтау

(1 жұмыс күні)















Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның басшылығы
5. Кіріс корреспонденцияны қарау және орындаушыны анықтау

(2 жұмыс күні)








Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы
7. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда Комитетке депозиттеу объектілерін депозитке салу, есепке алу және депозитарийде сақтауды қамтамасыз ету туралы хабарлау

(3 жұмыс күні)


Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы
8. Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттама туралы мәліметтерді Депозитке салынған бағдарламалық өнімдер тізіліміне енгізу

(5 жұмыс күні)




Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның лауазымдық тұлғасы
6. Құжаттардың мазмұны мен ресімделуінің Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарына сәйкестігін тексеру

(15 жұмыс күні)










Есепке қою


Қайтару

Қазақстан Республикасы

Байланыс және ақпарат министрінің

2011 жылғы «19» тамыздағы

№252 бұйрығына

2- қосымша

«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бұйрығы 2012 жылғы 10 тамыз №367 Астана қаласы Баланың құқықтарын қорғау саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірлескен бұйрығы 2012 жылғы 10 тамыз №367 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 5 тамыз №25-02-01/451 Астана қаласы
Республикасы табиғат қорғау ұйымдары қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы icon2011 жылғы 24 тамыз №02-02-18/169 Астана қаласы Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мен даярлауды ұйымдастыру
Республикасы 1999 жылғы 2 желтоқсандағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 25 тамыз №296 Астана қаласы Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына...
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 3 тамыз №587 Астана қаласы Темір жол көлігі объектілеріне және
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының...
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 14 наурыз №138 Астана қаласы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 201
Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2012 жылғы 23 тамыз №4-2/431 Астана қаласы
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №4-2/180 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 24 маусым №276 Астана қаласы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабына және «Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас...
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 19 тамыз №252 Астана қаласы iconҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2011 жылғы 20 қаңтар №18 Астана қаласы Жеке сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын бекіту туралы
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница