«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің




Скачать 482.7 Kb.
Название«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
страница1/8
Дата конвертации20.01.2013
Размер482.7 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Катонқарағай ауданының әкімдігінің

2010 жылғы «18»қаңтар № 4525 қаулысымен

бекітілді

«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық

жоспары
Мазмұны


1.


Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімінің миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы

2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3.

Мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері

4.

Катонқарағай ауданы ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел

5.

Нормативтік-құқықтық база

6.

Бюджеттік бағдарламалар


1. Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі (бұдан әрі –бөлім) миссиясы және ертеңгі күнді пайымдауы
Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімінің (бұдан әрі – бөлім) миссиясы аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халық бірлігін сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, аудандық ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастардың дамуына жағдайлар жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

Бөлімнің ертеңгі күнді пайымдауыаудандағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал, толерантты ұлтаралық және дінаралық қарым-қатынас, бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістік, дамыған үкіметтік емес сектор, жастардың әлеуметтік құқықтары мен мемлекеттік кепілдіктерін іске асырудың толықтығы.

2. Ағымдағы жағдайды талдау



Қазақстандық саясаттың ішкі саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық келісім тәрізді негізгі басымдықтары өзгеріссіз қалып отыр.

2008 жылы «Қазақстан-2030» Стратегиясының, «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Президент Жолдауының, сондай-ақ басқа да бағдарламалық құжаттардың негізгі басымдықтарын іске асырудың барысын жария ету бойынша белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жыл бойы ведомствоаралық аудандық ақпараттық-насихат топтарының жүйелі жұмыстары ұйымдастырылды. Облыста түсіндіру жұмыстарын барлық деңгейдегі 62 ақпараттық-насихат тобы жүргізді, олардың құрамында 249 адам жұмыс істеді. Аудандық насихат топтарының (АНТ) мүшелері 330 –дан аса кездесулер өткізді.

Аудандық АНТ жұмыстарына мемлекеттік қызметшілермен қатар қоғамдық қауымдастық өкілдері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, жастар, үкіметтік емес ұйымдар белсене қатысуда.

2011 жылы идеологиялық жұмыстың инновациялық формалары, насихатшыларды оқыту іс-шаралары жоспарлануда. Интерактивті әдістер – пікірталастар, қоғамдық тыңдаулар, on-line конференциялары аудан әкімінің тәжірибесіне енгізуге жоспарланған.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қаржыландыруға бөлінген қаржы көлемі 2006 – 2008 жылдары 8 млн.022 мың тенгені құрады, соның ішінде 2006 жылы қаражат бөлінген жоқ, 2007 жылы – 2 млн.882 мың теңге, 2008 жылы - 5 млн.140 мың. теңге бөлінді. Ал 2009-2011 жылдарға бөлінген қаржы 16 млн.686 мың теңге, соның ішінде 2009 жылға – 5 млн.140 мың теңге, 2010 жылға – 5 млн.551 мың теңге, 2011 жылға – 5 млн.995 мың теңге бөлініп отыр.

Аудандық газеттерді бәсекеге қабілеттілік мәселелері. Аудандық бюджеттен ақпараттық қызметтер көрсетуді қаржыландырудың жыл сайын артуы мемлекеттің медиа-нарықтағы мүддесін кеңейтуге, аудандық БАҚ-та «күн тәртібін» қалыптастыруға, тұрғындардың жүргізіліп отырған мемлекеттік саясат туралы ақпараттануын арттыруға мүмкіндік берді.

Аудандық «Арай Луч» газеттерінің техникалық жарақталуы мен штат саны олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайдың жасалғаның көрсетеді. Редакцияның меншікті ғимараттары бар.Сонымен қатар қажетті компьютерлік құралдармен жарақталған.Редакцияның 2 автокөлігі бар. Аудандық редакция штатында 15 адам жұмыс істейді.

Бүгінгі таңдағы жастар саясаты саласындағы басты басымдық елдің болашақ дамуын қамтамасыз етуге қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік қасиеттерге ие тұлғаларды қалыптастыру.

Жүйелі жастар саясатын жүргізу қажеттілігі жас адамның өзінің әлеуметтену үдерісінде кездесетін өмірлік қиыншылықтардан туындап отыр. Жастардың жекеленген бөлігі өздерінің біліктілік және кәсіби дайындық деңгейінің төмендігінен, әлеуметтік және психологиялық тұрғыда пісіп-жетілмеуінен тұрғындардың ең аз қорғалған бөлігін құрайды.

Демократиялық қоғам дамуының көрсеткіштерінің бірі жастардың шешімдерді талқылауларға және қабылдауға қатысуы болып табылады

Жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу маңыздырақ мәселенің бірі болып табылады. Қазіргі заманғы патриотизм ұғымы көп нұсқалығымен, әр түрлілігімен және бір мәнді еместігімен сипатталатындығын ескеру қажет.

Ауданда «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты, «Алтай Жастары» тәрізді белсенді 1006 жастары бар 2 ұйым жұмыс істейді. Олар жастар арасындағы шынайы белсенді жұмыстарды жүргізеді.

Жастар саясаты саласындағы аудандық бағдарламаларды іске асыруды қаржыландыру көлемі 2007 – 2008 жылдары 854 мың тенгені құрады, соның ішінде 2007 жылға – 395 мың. тенге, 2008 жылға – 459 мың. тенге бөлінді. 2009-2011 жылдары 1 млн.749 мың теңге қаржы игерілмек: 2009 жылы – 539 мың. теңге, 2010 жылы– 582 мың. тенге, 2011 жылы – 628 мың. тенге.

Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы сындарлы ынтымақтастық мәселелері мемлекеттік саясаттың басымды бағыттарының бірі болып табылады және оның еліміздің саяси жүйесін жаңарту кезіндегі өзектілігі одан сайын артып келеді. Осы өзара іс-қимыл арқылы халықтың қоғамдық үдерістерге, қоғам мен мемлекет арасындағы сұхбатты дамытуға кеңінен қатысуы қамтамасыз етіледі.

Аталған сұхбат ауданда консультативтік-кеңестік органдар (ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер, Қоғамдық кеңес, Сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күресті үйлестіру кеңестері және басқалар) және сұхбат алаңдары (Азаматтық және Медиа форумдар, тұрақты жұмыс істейтін «Сұхбат-Диалог» «дөңгелек үстелі», Жеткіншектер клубы және басқалар) арқылы жүзеге асырылады.

«Азаматтық қоғам-билік» қарым-қатынасындаға «кері байланыс» тетігі қажетті дәрежеде пысықталған, бұл ретте жұртшылықтың әлеуметтік-маңызды мәселелерді талқылауға және шешімдер қабылдауға қатысуға шектеу қойылмаған.Азаматтық қоғам әлеуеті мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланылады. Аудандық құрылымдардың ішінен азаматтық қоғам секторымен белсенді ынтымақтастық жүргізіп отырған ішкі саясат бөлімі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімдері ынтымақтастық жүйелерін жетілдіруде. Ынтымақтастықты кеңейту азаматтық қоғамды шешімдер қабылдауға және мемлекеттік органдар қызметіне сараптамалық баға беруге тарту аудандық және бюджеттік бағдарламалардың сапасын, қайтарымы мен тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Дінаралық қатынастарды реттеу арқылы азаматтық ынтымақ пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау ішкі саясаттың өзекті мәселесі болып табылады.

Бүгінгі таңда ауданда 8 діни бірлестік жұмыс істейді, олардың 6-і әділет органдарында тіркелген. Жалпы олардың билік органдарымен өзара қарым-қатынасы сындарлы негізде құрылады.

Дінтанушы ғалымдардың бағалауы бойынша қазақстандық қоғам түрлі ағартушы, миссионер тақуалар қызметі үшін қолайлы орта болып отыр. Діни бірлестіктердің қызметі мемлекетке қатысты бейбіт және бейтарап даму үрдісіне бағынады.

Дегенмен, осы салаға қатысты негізгі мәселелер ішінен діни экстремизм идеяларының таралу қауіпін бөліп атаған жөн. Аталған қауіптің жаһандық сипаты осы әлеуметтік-саяси көрініске пәрменді қарсы тұру жолдарын іздеуді талап етеді.

Аудандық «Арай Луч» газеттерінде деструктивті бағыттағы түрлі секталар мен діни ағымдардың адамға және санаға әсер ету қауіпі жайындағы материалдар жарияланады. Дәстүрлі дін жетекшілерінің қатысуымен көшпелі дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Әйткенмен ауданда діни ұйымдардың көптігін және сарапшылардың әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында діни ағымдардың деструктивті әсері рөлінің күшейетіндігі туралы болжамдарын ескеріп, бұл мақсаттағы жұмыстарды жандандыра түсу қажет.

Ауданда қоғамдық-саяси ахуал мониторингі жолға қойылған, оның аясында қоғамдық пікірді зерттеу бойынша сауалнама жүргізіледі.

Ауданда 1 саяси партия филиалы тіркеліп, жұмыс істеуде.

Қоғамдық-саяси өмірде «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы белсенділік танытып отыр. Өзге саяси партиялардың өкілдіктері ауданда тіркелген жоқ..

Ауданда саяси партия филиалының және қоғамдық бірлестіктердің көшбасшыларымен сындарлы өзара іс-қимыл қалыптасқан.

Ауданда мәдени және спорт мекемелері азаматтық қоғамды дамытуға қомақты үлес қосып отыр.

Бүгінгі күні ауданда 23 мәдени ошақтары, 16 кітапхана және О.Бөкейдің мұражай-үйі халыққа қызмет көрсетеді.

2009 жылы мәдениет мекемелерінде 1211 іс-шаралар өткізілді. Аудандық кітапханалар оқырмандарға 1097 қызмет жасап, оқырмандарға оқуға 220410 дана кітаптар таратылды.

Ауданда денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жұмысы жоспарлы түрде іске асырылуда. 2009 жылы аудан көлемінде 20-дан астам ірі жарыстар мен турнирлер өткізілді. Аудандағы спортпен шұғылданушыларға арналған 3 спорттық кешен, 32 спорт залдар, 8 хоккей қорапшалары, 49 спорт алаңдары, 31 алаң, 1 жеке зал жұмыс істейді.

2007-2008 жылдары аудандық ішкі саясат бөлімін қызметін қамтамасыз ету мақсатына бөлінген қаржы көлемі 17,9 млн. теңгені құрады, соның ішінде 2007 жылы – 8 млн.664 мың теңге, 2008 жылы – 9 млн.300мың теңге.

2009-2011 жылдары 39 млн. теңге қаржы игеру жоспарланып отыр. Соның ішінде 2009 жылы – 12 млн.334 мың  теңге, 2010 – 13 млн.320 мың  теңге, 2011  жылы – 13 млн.426 мың . теңге игерілмек.
3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары,

мақсаттары және міндеттері


Атауы

Өлш.

бірл.

Есептік кезең

Жоспарланған кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(ағымда-

ғы жылғы жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1 - Стратегиялық бағыт

Аудандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

1.1 - мақсат. Ауданда жүргізіліп отырған мемлекеттік ақпараттық саясат аясында белсенді азаматтық ұстанымды және әлеуметтік сенімді қалыптастыру

Мақсаттық индикатор
  1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Зайсан ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Зайсан ауданы ішкі саясат бөлімінің функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекел
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері, мақсаттық индикаторлары, іс-шаралар және қорытынды көрсеткіштер
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Катонқарағай ауданының сәулет-қала құрылысы саласын дамыту жоспары сәулет-қала құрылысының қызметі мен механизмінің мемлекеттік саясаттың...
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары сырдария ауданы
«Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Мемлекеттік орган қызметі нәтижесінің көрсеткіштері, стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconБаянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі
Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 28 – бабының 2 – тармағына сәйкес БҰйырамын
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconУспен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Успен ауданының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
Успен ауданының құрылыс бөлімінің миссиясы – жергілікті деңгейде құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік...
«Катонқарағай ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің icon«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалдың талдауы және Қостанай облысы ішкі саясат саласының даму тенденциялары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница