Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер




Скачать 89.44 Kb.
НазваниеАтырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер
Дата конвертации20.01.2013
Размер89.44 Kb.
ТипДокументы


Облыс әкімдігінің 2010 жылғы

«28 » қазандағы №282 қаулысымен

бекітілді
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы

Е Р Е Ж Е

1.Жалпы ережелер

  1. "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыруға өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Респуликасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  3. Басқарманың мемлекеттік тілдегі атауы: "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение "Управление внутренней политики Атырауской области".

  4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде жазылған өз атауы, мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банкте есеп айырысу шоттары, дербес балансы болады.

  5. Басқарманың шекті штаттық санынын облыс әкімдігі, құрылымын облыс әкімі бекітеді.

  6. Басқарманың заңды мекен-жайы:

060010. Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

7. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

  1. Басқарманың негізгі міндеттері:

  1. қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру, қоғамды біріктіру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысу;

  2. мемлекеттің ішкі саясатын, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің және облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын аймақтағы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің орындауына бақылау жасау;

  3. қоғамның демократиялық институттарының нығаюына, "Қазақстан-2030" даму Стратегиясының негізгі басымдылықтарын түсіндіру мен насихаттауға атсалысу;

  4. мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық-саяси сала мәселелерін, Қазақстан Республикасының ішкі саясат жөніндегі заңнамасын насихаттауға және түсіндіруге арналған бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;

  5. ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер мен практикалық ұсынымдар дайындау, азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мен Қазақстан дамуының ұзақ мерзімдік басымдықтары негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар беру;

  6. өңірдегі қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты, әрі ақиқатты түрде зерделеу, қорыту және талдау;

  7. өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау жөніндегі өнірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру;

  8. өнірдегі қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу;

  9. ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

  10. қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, жұртшылық өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасау;

  11. облыс әкімдігі веб-сайтының ақпараттық қызмет көрсету, облыс әкімдігінің веб-сайтын көкейкесті және жедел толықтыруды қамтамасыз ету болып табылды;

12) басқарма жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады.

9. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. ішкі саяси процестерді мемлекеттік түрғыдан реттеп отыруға, өнірдегі қоғамдық-саяси ахуалды, саяси партиялармен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған ұсынымдар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және қазақстандық отан сүйгіштікті насихаттау мен тәрбиелеуге қатысу;

  2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

  3. тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге қатысу, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын облыс әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптама жүргізеді;

3-1) басқарманың есепке алу мен есептілікті жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады;

3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттер қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

  1. өңір, қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы билік органдарының қызметі туралы ақпарат тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімдік жұмысына қатысады;

  2. Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктер мен ведомстволардың тиісті бөлімшелерімен ұйымдық және ақпараттык байланыс орнатуды қамтамасыз етеді;

  3. Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша қалалық және аудандық әкімдіктердің қызметін бақылауды қамтамасыз ету және жұмысын үйлестіреді;

  4. облыс әкімі аппаратының қызметін ақпараттық-талдамалық жағынан қамтамасыз етуді көрсетеді;

  5. республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді;

  6. мемлекеттің ішкі саяси мәселелері бойынша қала және аудандар әкімдерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі мен ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын үйлестіру және бақылауды қамтамасыз етеді;

  7. өңірдің ішкі саяси мәселелері бойынша облыс әкімдігінің мәжілістеріне материалдар дайындауға қатысады;

  8. Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және оның хатшылығына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді;

  9. ішкі саясат саладағы және ұлтаралық қатынастар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдарды, бағдарламаларды дайындауға және іске асыруға қатысады;

  10. ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүзеге асырады;

  11. саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, адам құқығын қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асырады;

  12. өңірдегі ішкі саяси тұрақтылықты нығайту мен саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;

  13. облыс әкімі аппаратының басқа бөлімшелерімен бірлесіп басқарма құзырына жататын ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;

  14. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

10. Басқарма негізгі міндеттерін жүзеге асыру және өз функцияларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде:

  1. белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, басқада да ұйымдардан және азаматардан өз функциясын орындауға қажетті ақпарат сұратуға, Басқарма құзырына жататын мәселерді дайындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

  2. облыс әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс еңгізуге, Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдар дайындауға;

  3. тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне Басқарма қызметі саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындауын бақылауға, сондай-ақ, орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысуға;

  4. жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және жергілікті деңгейдегі ақпараттық саясатты жүргізуге өңірлік тапсырысты қаржыландыруға;

  5. Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша атқарушы органдар өкілдерінің есептерін тыңдай отырып, алқа мәжілістерін өткізуге, оларды өткізу қорытындылары бойынша облыс әкіміне аңықтама беруге;

  6. Басқарма құзырындағы мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмек көрсетуге;

  7. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

3. Басқарманың мүлкі

11. Басқарманың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады.

12. Басқарма мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Басқарма балансында көрсетілген өзге мүліктерден тұрады.

13. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

Басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.

4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

  1. Басқарманың құрылымына бастығы, оның орынбасарлары, бөлім бастықтары және штаттық санын облыс әкімияты бекітетін Басқарманың өзге қызметкерлері кіреді.

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма бастығын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.

  3. Басқарма бастығы:

  1. Басқарма қызметін басқарады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

1-1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және дербес жауапты болады;

  1. Басқарма құрылымын әзірлейді;

  2. өз орынбасарларының және Басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

  3. стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

  4. Басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде қала және аудандар әкімдері аппараттарының қызметін үйлестіреді;

  5. заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

  6. заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жауапкершілікке тартады;

  7. Басқарма бөлімшедері туралы ережелерді, лауазымдық ңұсқаулықтарын бекітеді;

  8. өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

  9. заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманы ұстауға бөлінген қаражатқа билік етеді;

  10. заңнамада және осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде Басқарма қызметіне қатысты мәселелерді дербес шешеді;

  11. Басқарма құзыретіндегі мәселелер бойынша аппарат қызметкерлерін іссапарларға жібереді;

  12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштерді қарайды;

  13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5. Басқарманың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу тәртібі

17. Басқарманың құрылтай құжаттарына барлық өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте облыс әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату.

Таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану тәртібі

18. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату, таратылған жағдайда оның мүлкін пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Басқарманың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет

19. Басқараманың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Облыс әкімдігінің 2010 жылғы

28 қазандағы №282 қаулысымен

бекітілді

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының құрылымы


  1. Басқарма бастығы

  2. Басқарма бастығының орынбасарлары

  3. Саяси партиялармен, діни бірлестіктермен жұмыс және қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг және талдау бөлімі

  4. Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі

  5. Әкімшілік бөлімі

  6. Үкіметтік емес ұйымдармен және жастармен жұмыс бөлімі



Похожие:

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы туралы ереже жалпы ережелер
...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер icon«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Ағымдағы ахуалдың талдауы және Қостанай облысы ішкі саясат саласының даму тенденциялары
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер iconҚостанай облысының үкіметтік емес ұйымдары арасында өтетін облыстық байқаудың ережесі жалпы ережелер
Байқау Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мм мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер icon«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже жалпы ережелер «Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті»
«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік орган) (бұдан әрі Департамент) облыстық бюджеттен...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер iconАтырау облысы Қаржы басқармасы туралы ереже
Атырау облысы Қаржы басқармасы (бұдан әрі- басқарма) өз құзыреті шегінде бірыңғай мемлекеттік қаржы саясатын, коммуналдық меншік...
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер icon«самұРЫҚ-энерго» акционерлік қОҒамының ішкі аудитін ұйымдастыру бойынша саясат мазмұНЫ
Жалпы ережелер
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер iconҚостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қазақстан Республикасы Президентінің
Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы туралы ереж е жалпы ережелер icon«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Атырау -2009 жыл Мазмұны
«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница