Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы




Скачать 20.23 Kb.
НазваниеҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Дата конвертации20.01.2013
Размер20.23 Kb.
ТипДокументы
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Қарағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 336 діни бірлестік, соның ішінде исламдық – 105, православтық – 25, католиктік – 18, протестанттық – 179, иудей – 3, дәстүрлі емес діндер – 6 бірлестік өз қызметін жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Рим-католик епархиясына әлемнің 11 елінен, соның ішінде Польша, Словакия, Үндістан, Грузия, Италия, Литва, Украина, Кения, Филиппин, Германия және Корея елдерінен келген 28 шетелдік азамат миссионер ретінде тіркелген.

Мемлекеттік органдар мен діни ұйымдар арасындағы сұхбатты нығайту мәселелерінде маңызды әлеуметтік институт ретінде облыс, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестер үлкен қызмет атқарып отыр.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында облыстық Кеңестің 2 отырысы, сондай-ақ қалалар және аудандар әкімдіктерінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестердің 22 отырысы өткізілді.

Дін істері департаменті 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында әртүрлі деңгей, әрқилы көлемдегі 132 шара өткізіп, облыстық, қалалық және аудандық деңгейлердегі баспа беттерінде діни тақырыпта 72 мақаланы бастырып шығарды, жергілікті арналар бойынша дін өкілдері діннің өзекті мәселелері бойынша тікелей эфирден жауап берген 48 телехабарға бастамашы болды, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметі туралы 4 түрлі ақпараттық буклеттер жасап шығарды және олар мемлекеттік органдар қызметшілері, оқу орындардың студенттері және облыс тұрғындары арасында таратылды.

Қарағанды облысында жұртшылық арасында жүйелі негізде теолог ғалымдар, дінтанушылар, дәстүрлі дін және мемлекеттік орган өкілдері тартылған ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіліп отыр.

Тұрғындар арасында түсініктеме жұмыстарының жүйелілігін ұйымдастыру мақсатында, дәстүрлі емес діни ағымдардың шынайы мақсаттарын түсіндірудің белсенділігін арттыру бойынша Дін саласында ақпараттық-насихат жұмысының 2011-2012 жылдарға арналған Тұжырымдамасы бекітілген. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыру экстремистік діни ағымдардың қызметі және жастардың деструктивті, тоталитарлық жалған діни бірлестіктердің ықпалына түсіп кетуінің алдын алу жөнінде тұрғындарды жоғары тиімділікте хабардар етуге мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы Қарағанды облысы Дін істері департаментінің қызметі конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз етуге, жастардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, конфессияаралық сұхбатты ұйымдастыру мен дамытуға бағытталғанын айта кету керек. Осының бәрі уақытында діни негіздегі келіспеушіліктердің алдын алуға және болдырмауға мүмкіндік береді.

Похожие:

Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconҚазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған жұмысы туралы есеб І
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2010 жылдың і-ші тоқсанында атқарған...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Қарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы iconКүршім аудандық Әділет басқармасының 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайлы
Ағымдағы жылдың 1- ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан 6650 арыз түсіп, барлық арыздар қанағаттандырылды
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница