Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат




Скачать 27.57 Kb.
НазваниеШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации20.01.2013
Размер27.57 Kb.
ТипДокументы


Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының аумағында 20 конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 - ислам (55,1 %), 38 – православие, 6 - католиктік, 111 - протестанттық, 3 - иудаизм бағытындағылар, 6 дәстүрлі емес діни ұйым. Олардың қарамағында 274 ғибадат үйлері бар.

Дін істері департаменті тарапынан шетелдік миссионерлердің қызметіне мониторинг жүргізілуде. А.ж. бірінші жартыжылдығында Өскемен қаласындағы «Қасиетті Розарийдың аса қасиетті қызы Мария Римдік-католиктік кірісі» діни бірлестігінің атынан әрекет ететін 4 азамат шетелдік миссионерлер ретінде тіркелді.

Облыс әкімдігінің, қалалар және аудандар әкімдіктерінің жанынан құрылған діни бірлестіктермен байланыс бойынша Кеңестерінің жұмыстары жалғастырылып, отырыстары тоқсан сайын өткізілуде. Отырыстарда ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының жүзеге асырылуы және түсіндірілуі, аймақтардың діни ахуалы, ШҚО діни бірлестіктерінің қызметі, үгіт – насихат жұмысын жүргізілуі және облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру туралы сұрақтар қаралды.

Облыс қалалары мен аудандар әкімдіктерінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестерінің тиімді жұмысы мақсатында, барлық отырыстар Дін істері департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өтеді. Бірінші жартыжылдықта Зайсан, Тарбағатай, Жарма, Аягөз, Үржәр аудандары, Семей және Өскемен қалаларының шығу отырыстары өтті.

Облыстағы жүргізілетін ақпараттық-насихат жұмысы (АНТ) тұрғындармен тиімді жұмыс әдісі болып табылады. Облыстық және аудандық деңгейде ақпараттық-насихат құрамына ғалымдар, теологтар, дінтанушылар, сыйлы ақсақалдар, сондай-ақ ресми діни қауым, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілген топтар жұмыс істеп жатыр. Есепті кезеңде Өскемен, Семей, Риддер қалаларында және Аягөз, Жарма, Үржәр, Тарбағатай, Зайсан аудандарында шығу отырыстарымен кездесулер ұйымдастырылды.

А.ж. бірінші жартыжылдықта Департаменттің және АНТ іс-шаралар жоспарларына сәйкес 14 мыңнан астам адамның қатысуымен 90 кездесу, сұхбат, семинар және дөңгелек үстелдер форматында қоғамдық маңызы бар іс-шаралар өткізілді.

Дін істері департаменті және басқа мемлекеттік органдары қызметінің ақпараттық сүйемелдеуіне үлкен көңіл бөлінеді. Төзімділікті, конфессияаралық келісімді нығайтуға, экстремизмге қарсы тұрудағы мемлекеттік органдарының жұмысы туралы ақпарат облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланды.

Облыстық «Қазақстан – Өскемен» телеарнасында діни тақырыпқа арналған «Шарапат» және «Близкие духом» телехабарлары шығады. Телехабарларға дайындықта және телебағдарламаларға ресми діни қауым, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысады.

Департамент тарапынан тұрақты негізде электрондық және баспа БАҚ-қа мониторинг жүргізіледі. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында өңірлік баспа БАҚ-та 220 материал басылып шығарылды. Электрондық БАҚ-та, оның ішінде ғаламтор көздерінде 17 хабарлармен сюжеттер орналастырылды. Облыс аумағына «Ислам нұры», «Православие в Прииртышье» атты діни баспа басылымдары таралады.

Діннің қоғамдағы рөлінің артуына байланысты діни бірлестіктердің, әсіресе теріс пиғылды діни ағымдардың белсенділігі байқалады. Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментімен қызығушылық білдірген органдарымен бірлесіп облыстағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтауға, қоғамдағы конфессия аралық келісімді нығайтуға, тұрғындар арасындағы діни сауаттылықты арттыруға, оның ішінде теріс пиғылды діни ағымдардың әсерінен жастарды қорғауға бағытталған кешенді жұмыс атқарылуда.

ШҚО Дін істері

департамент директоры М. Мұхамеджанов

Орынд. Омарбаева А.Қ.

263239


Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері
Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Жылғы 11 шілдедегі №151-i қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница