Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат




Скачать 41.53 Kb.
НазваниеАқтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Дата конвертации20.01.2013
Размер41.53 Kb.
ТипДокументы
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Ақтөбе облысы аумағында 112 діни бірлестік қызмет атқарады, олардың ішінде 81-і мұсылман қоғамы, 7 православие, 2 католиктік, 20 протестанттық, 1 иудейлік және 1 дәстүрлі емес діни бірлестік. Облыс көлемінде 84 діни ғимарат орналасқан.

Облыстағы діни экстремизмнің алдын-алу мақсатында жүйелі түрде жұмыс жасау үшін облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің мүшелері, мемлекеттік, құқық қорғау, дәстүрлі дін және қоғам өкілдерінен тұратын жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының жоспарына сәйкес, аудандардың жергілікті атқарушы органдары, құқық қорғау органдары, білім мекемелері, БАҚ, ардагерлер кеңесі және діни бірлестік өкілдерінің қатысуымен Әйтеке би, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Қобда, Ойыл, Темір, Байганин және Шалқар аудандарында семинар-жиналыстары өткізілді.

Есептік кезең бойынша облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөнідегі Кеңестің отырыстарында «Діни бірлестіктерді тіркеу және қайта тіркеу» және «Діни әдебиеттерді орналастыруын реттеу» мәселелері қарастырылды.

Ақтөбе облысы Дін істері департаменті тарапынан облыс аумағында діни ахуалға тұрақты түрде талдау жүргізіліп, облыс әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің тәжірибесі арқылы мемлекет пен діннің арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Есеп беріліп отырған кезең бойынша Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің 5 отырысы болып өтті. Бұл жиындарда аймақтағы діни ахуал тұрақтылығын сақтау, діни бірлестіктерді қайта тіркеу, діни әдебиеттер таралуы орындарын нақтылау және де діни толеранттылық пен діни экстремизмнің алдын алу үшін ақпараттық-насихаттық іс шараларын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар департамент қызметкерлерінің қатысуымен аудандарда Кеңес отырыстарының өткізілуі бір жүйеге түсті.

Жыл басында Ақтөбе облыстық қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі мен түзету орындарында діни экстремизм, ланкестік және сепаратизм ілімінің таралуына қарсы және оның алдын алу бойынша 2012 жылға арналған біріккен іс-шаралар жоспары бекітілді.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңға сәйкес, бекітілген жоспар аясында түзету мекемелеріндегі дін ұстанушыларды радикалды көзқарастарын бейтараптандыру мақсатында және мекеме қызметкерлері мен дәстүрлі дінімізді дұрыс бағытта ұстану аясындағы іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар облыстық Дін істер департаменті және ҚАЖ басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, діни мазмұндағы материалдарға тұрақты түрде сараптама жүргізілуде. Есеп беріліп отырған кезеңде департамент тарапынан ҚАЖ мекемесінен түскен 69 діни мазмұндағы материалдарға сараптама жүргізілді.

Дәстүрлі ислам дінін насихаттау мақсатында жыл басынан бері Дін істері департаменті тарапынан түзету мекемелеріндегі кітапханаларға орналастыру үшін «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» басып шығарған ханафи мазхабы бағытындағы діни мазмұндағы 1166 әдебиет жолданды.

Жалпылай алғанда, а.ж. бірінші жартыжылдығында облыстық Дін істері департаментіне 135 әдебиет түсіп, оларға 81-не дінтану сараптамасы жасалды.

Жыл басынан бері облыстағы радикалды көзқарастағы азаматтарды кері қайтару мақсатында теологтардан құралған ақпараттық-насихат топтары арқылы шаралар өткізілуде. Аталмыш топтың қатысумен 100-ден астам кездесулер мен іс-шаралар, соның ішінде насихат жұмыстары дәстүрлі емес жамағаттармен жүргізілді. Сонымен қатар, топ мүшелерінің тарапынан дайындалған 21000 дана кітапшалар мен бейнедискілер өткізіліп жатқан шаралар барысында таратылда. Сонымен қатар облыстық ҚМДБ өкілдерімен бірлесе отырып, жергілікті мешіттердегі имамдардың құқықтық сауаттылығы мен біліктілігін арттыру мақсатында облыс аумағында 4 семинар ұйымдастырылды.

ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының маңызын түсіндіру мақсатында Дін істер департаменті қызметкерлері тарапынан облыс көлемінде бірқатар ағартушылық іс-шаралар атқарылды.

А.ж. бірінші жартыжылдығында облыстық және аудандық баспасөз құралдарына 14 мақала жарияланды.

Жергілікті «Кәусар», «Факт», «Тәулік» және «Из первых рук» телераналарында 6 сұхбат ұйымдастырылды.

Сонымен қатар департамент қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде ел арасында жаңа Заңның тіркеу және қайта тіркеуге байланысты тұстарын түсіндіру мақсатында семинарлар, дәріс-сұхбаттар және кездесулер ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, а.ж. 17 ақпанда Ақтөбе Заң институтында, а.ж. 22 ақпанда Н. Байганин атындағы кітапханада, а.ж. 2 сәуірде Ақтөбе музыкалық колледжінде, а.ж. 18 мамырда облыстық Ішкі істер департаментінде, а.ж. 19 мамырда облыстық Қаржы полиция департаментінде, а.ж. 4 маусымда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде және а.ж. 20 маусымда ҚАЖ мекемесінде іс-шаралар өткізілді.

Бұл ретте, департамент қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау өңірлік орталығы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында тұрақты түрде дәрістер берілуде.
Қазіргі таңда, облыс әкімінің қолдауымен облыс орталығында «Ансар» кеңес беру және оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі құрылып басшысы болып белгілі теолог А. Сабдин белгіленді. Орталықтың негізігі мақсатына облыс көлемінде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, радикалды көзқарастағы азаматтардың танымын бастапқы қалпына кері қайтару, ханафи мазхабын кеңінен насихаттау, облыстағы имамдардың біліктілігін арттыру тәрізді маңызды мәселелер кіреді.

Есептік мерзімдегі жартыжылдықта Департамент жергілікті атқарушы органдармен және ақпараттық-насихат тобымен өзара бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында - 84 мақала, телеарналарда – 13 сөз сөйлеу, сонымен қатар ҚР Дін істері Агенттігінің ресми сайтында 6 жарияланым ұйымдастырды.

Жергілікті «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында ай сайын «Ғибадат» бағдарламасы, «Рика ТВ» жеке телеарнасында айына екі рет «Кәусар» бағдарламасы көрсетіледі.

Жалпы, Ақтөбе облысы Дін істері департаменті тарапынан қоғамдағы конфессияаралық татулықты сақтау және халықтың діни сауаттылығын арттыру, сонымен қатар өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп діни астары бар әлеуметтік дүрдараздықтардың алдын алуға бағытталған кешенді іс шаралар жүргізілуде.

Похожие:

Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Дін істері департаменті аймақтағы діни ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе бекітілген...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconЖамбыл облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Жамбыл облысы аумағында 5 конфессия мен 20 деноминациядан тұратын 392 діни бірлестік жұмыс атқаруда. Оларды 323-мұсылман,...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconМаңғыстау облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Бұл ретте, Маңғыстау облыстық дін істері департаменті қызметінің бағдары ең алдымен осы жұмыстарға бағытталған. Осы мақсатта жүйелі...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconШығыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Конфессия және 10 деноминацияға жататын 365 діни бірлестік қызмет етеді. Қызмет ететін діни бірлестіктердің жалпы санынан 201 ислам...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚарағанды облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы
Арағанды облысының Дін істері департаментінде діни қатынастар мен конфессияаралық және этникааралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconБатыс Қазақстан облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Батыс Қазақстан облысында 10 конфессия мен 8 деноменацияны танытатын 73 діни бірлестік қызмет етуде. Миссионерлер ретінде 7 шетел...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconАлматы облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Азіргі таңда Алматы облысында 606 діни бірлестік қызмет атқаруда. Оның 408-і ислам, 45-і православ, 11-і католик, протестанттық бағытта...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат
Атырау облысы халқының негізін 91,5% қазақтар құраса, 6,3% орыстар, басқалар 2,2%. Сол себепті өңірде этникааралық қақтығыстардың...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconҚызылорда облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарылған жұмыстары мен 2012 жылдың екінші жартыжылдығындағы міндеттері
Республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі арқылы мақсатты трансферт...
Ақтөбе облысының Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысы туралы ақпарат iconЕсіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізілген жұмысы туралы ақпарат Астана қаласы
Есіл экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторларымен 2012 жылдың 3 10 ақпан аралығындағы қоршаған ортаны қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница