«Қазатомөнеркәсіп»




Скачать 127.89 Kb.
Название«Қазатомөнеркәсіп»
Дата конвертации20.01.2013
Размер127.89 Kb.
ТипДокументы
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Директорлар кеңесінің

25.07. 2009 жылғы №6/11

шешімімен бекітілген

«Қазатомөнеркәсіп»

ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комиттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалау туралы ереже

  1. Мәні

  1. Осы Ереже «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне баға беруді жүргізу процесін реттейді.



  1. Жалпы ережелер


2. Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, Қоғамның Корпоративтік басқару кодексіне және Қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді.

3. Осы Ережеде қолданылатын атаулар:

Директорлар кеңесі – Қоғамның Директорлар кеңесі;

Корпоративтік хатшы – Қоғамның корпоративтік хатшысы;

кеңесші – консультациялық қызмет көрсететін заңды тұлға;

Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.

4. Бағалаудың негізгі мақсаттары: Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмыс тиімділігі дәрежесін айқындау, олардың жұмысының тиімділігін арттыру және Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы берудің барабар жүйесін белгілеу болып табылады.

5. Директорлар кеңесін бағалау:

- Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне талдау жүргізіп, мықты және осал жақтарын (артықшылықтары мен кемшіліктерін) айқындауға;

- Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне түзетулер енгізуге және нысаналы бағыттарын түзетуге;

- Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі жұмысының тиімділігін айқындауға;

- Директорлар кеңесі мүшелеріне сыйақы беру жүйесінің тиімділігін айқындауға;

- Қоғамның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін Директорлар кеңесінің құрылымы мен құрамының тиімділігін айқындауға;

- Директорлар кеңесінің мүшелерін оқыту қажеттілігін айқындауға мүмкіндік береді.

6. Ережеге сәйкес Директорлар кеңесі бағалаудың мынадай түрлерін:

- өз жұмысын бағалауды;

- Директорлар кеңесінің комитеттерін бағалауды;

- Директорлар кеңесінің әр мүшесін бағалауды жүзеге асыра алады.

7. Директорлар кеңесі бекітілген критерийлер бойынша өз қызметінің, Директорлар кеңесінің комитеттері мен әрбір мүшесі қызметінің бір жылғы нәтижесін бағалайды. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне жыл сайынғы бағалауды жүргізуге жауапты тұлға болып табылады.

8. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу туралы шешімді Директорлар кеңесі қабылдайды.

9. Директорлар кеңесі бағалауды:

- кеңесші тарту арқылы;

- сауалнама жүргізу, сұхбаттасу және т.б. арқылы;

- аралас әдісті пайдалану арқылы: консультант тарапынан процесті үйлестіру кезінде өз күшімен жүргізе алады.

10. Бағалау жүргізу үшін кеңесші тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, аталған шешім нақты негіздемемен дәлелденуге тиісті (Директорлар кеңесінің қызметіне сыни баға беру қажеттігі, Директорлар кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру).

11. Сауалнама жүргізу кезінде Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу нысандарын Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі жеке толтырады. Әрбір критерийдің орындалуын бес балдық шкала бойынша бағалау ұсынылады.


Рейтингілік бағасы

Мәні

5 – орындалуда

Бұл саладағы практика үздік стандарттарға сәйкес келеді. Жақсарту қажет емес және мұндай практиканы жалғастыру қажет.

4 – негізінен орындалуда

Жалпы, бұл саладағы практика, жақсарту бойынша жалпы және сыни емес ескертулері болса да, үздік стандарттарға сәйкес келеді.

3 – ішінара орындалуда

Бұл салада практика көп жағдайда тиісті дәрежеде болғанына қарамастан, аталған критерийлердің толық көлемінде орындалмағандығы туралы фактілер бар.

2 – орындалмайтын сияқты

Аталған аспект бойынша кейбір оң нәтижелер болғанына қарамастан, жалпы практика үздік стандарттарға сәйкес келмейді. Директорлар кеңесі аталған аспектіге аса назар аударып, түзету әрекеттерін қабылдағаны жөн.

  1. – орындалмайды

Бұл саладағы практика үздік стандарттарға мүлдем сәйкес келмейді. Аталған аспект Директорлар кеңесі тарапынан бірінші кезекте назар аударуды және әрекет етуді қажет етеді.


12. Директорлар кеңесі бағалауды өткізу мерзімдерін (кестелерін), бағалау әдістерін, қажетті ресурстарды (материалдарды, ақпаратты, есептерді) және өзге де қажетті ережелерді айқындайды.

13. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін бағалауды Директорлар кеңесінің отырысында жүзеге асыру ұсынылады, онда алдын ала Қоғамның жылдық есебі бекітіледі. Бағалау қорытындысы Қоғамның жылдық есебіне кіргізіледі.

14. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысын бағалау қорыту және жүйелеу сипатында болуға тиісті. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің бағалау қорытындысын а талқылау жүргізу үшін барлық дайындық іс-шараларды Директорлар кеңесін өткізуге дейін жүзеге асыру қажет.

15. Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметіне бағалау жүргізу нысандары Директорлар кеңесінің отырыстары өткізілгенге дейін Директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне алдын ала жіберіледі.

16. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі мүшелерінен келіп түскен ақапартты жіберуге, жинау мен өңдеуге жауапты. Директорлар кеңесінің мүшелерінен сауалнама жүргізу нәтижесінде алынған сандық ақпаратты өндеу мына схемаға сәйкес жүргізіледі:

1) Директорлар кеңесінің мүшелерінен жеке алынған нәтижелер біріктіріледі;

2) Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысын бағалау критерийлерінің әрқайсысы бойынша орташа мәні есептеп шығарылады, ол Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі жұмысының тиімділігін жалпы бағалау дәрежесін көрсетеді.

17. Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі комитеттері жұмысының осал жақтар мен кемшіліктері орташа балы 5-тен төмен болған критерийлер болып табылады. Бұл мәселелер Директорлар кеңесі немесе оның комитеттері тарапынан бірінші кезекте назар аударуды және әрекет етуді қажет етеді.

18. Жиналған ақпаратты жүйелеу мен өңдеуді жүзеге асыратын корпоративтік хатшы оның объективтілігі мен құпиялылығы үшін жауап береді.


  1. Директорлар кеңесінің Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысына бағалау жүргізу процесі

19. Бағалау Директорлар кеңесінің шешімімен есептік жылда жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша жүргізіледі. Директорлар кеңесінің шешімімен жылына бір реттен көп жүргізілуі мүмкін.

20. Директорлар кеңесінің қызметін бағалау критерийлері:

- Директорлар кеңесінің құрылымы мен құрамын;

- Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі төрағасының рөлі мен міндеттерін;

- Директорлар кеңесі жұмысының рәсімдерін, оның қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді;

- Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын;

- Директорлар кеңесінің Басқармамен өзара іс-қимыл жасауын;

- Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы беру факторларын қамтиды.

21. Директорлар кеңесінің қызметіне бағалау жүргізген кезде Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі осы Ережеге №1-қосымшаға сәйкес нысанды толтырады.

22. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің қызметін жеке бағалау кезінде мынадай факторларға көңіл бөлінеді:

- Директорлар кеңесінің, құрамына Директорлар кеңесінің мүшелері кіретін Директорлар кеңесі комитеттерінің жауапкершілік аясына кіретін мәселелердегі біліктілік;

- саланы, бизнесті, саланы жүргізу аясындағы ерекшеліктерді білу;

- Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына қатысу;

- Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарындағы талқылауларға қатысу дәрежесі;

- Директорлар кеңесінің отырыстарындағы белсенділік және шешім қабылдау процесіндегі дауыс беру сипаты, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырыстарына шығарылатын материалдарды қарау мерзімдерінің сақталуы (Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген мерзімде материалдарды қарау және Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамаларына қол қою);

- шешімдер іздестіруге деген табандылық.

23. Жеке қызметті бағалау кезінде Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі, Директорлар кеңесінің төрағасын қоса алғанда, Директорлар кеңесінің барлық мүшесіне арналған осы Ережеге №2-қосымшаға сәйкес нысанды толтырады.

24. Жиналған ақпарат негізінде Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі жұмысын бағалау туралы есепті дайындайды. Директорлар кеңесі жұмысын бағалау туралы есепте мыналар болуға тиісті: Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау рәсімінің сипаттамасы, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің жұмысы туралы тұжырымдар, Директорлар кеңесінің және Директорлар кеңесі мүшелері жұмысының тиімділігін жақсарту мен арттыру бойынша ұсыныстар.

25. Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау туралы есеп бағалау қорытындысы талқыланатын Директорлар кеңесінің отырысын өткізгенге дейін алдын ала Директорлар кеңесінің Төрағасына жіберіледі.

26.Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесінің мүшелері Директорлар кеңесінің жұмысын тұжырымдамалық тұрғыдан талқылауға, олардың жұмысының тиімділігін төмендететін факторларды анықтап, тиімділікті арттыру жолдарын ұсынуға, Қоғам қызметін басқару мен бақылаудың бірқатар негізгі проблемаларын талқылауға тиісті. Жалпы бағалау процесі:

- Директорлар кеңесінің рөлін, функциялары мен тиімділігін;

- Директорлар кеңесі мүшелерінің мақсаттарын, міндеттерін;

- Директорлар кеңесі жұмысының басымдығын;

- Директорлар кеңесі мүшесінің бойында болуға тиісті білім мен біліктің, тәжірибе мен жеке қасиеттерді талқылауға;

- отырыстарды дайындау, өткізу практикасы мен олардың тұрақтылығын, қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, Директорлар кеңесінің қолданыстағы жұмыс рәсімдерін талқылауды ынталандыруға тиісті.

27. Директорлар кеңесінің төрағасы Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау нәтижесін талқылағаннан кейін Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны Директорлар кеңесінің қарауына шығарады да, кейін Директорлар кеңесінің бір жылға арналған жұмыс жоспарына кіргізеді. Директорлар кеңесі жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде Директорлар кеңесінің мүшелерімен олар бағалауды жүргізу процесінде назар аударған мәселелер бойынша консультациялар өткізілуі мүмкін, оның ішінде:

- Директорлар кеңесі назар аударуға тиісті бірнеше басты мақсатты/бағытты айқындау;

- Директорлар кеңесінің мүшелерін оқытудың тиімді жүйесін құру;

  • Директорлар кеңесінің құрылымын (Директорлар кеңесінің комитеттері, Қоғамның тәуелсіз директорлардың арақатынастары және т.б.), Қоғамның ішкі құжаттарының ережелерін ескере отырып, Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы мөлшерін қалыптастыру кезінде Жалғыз акционерге Директорлар кеңесінің өз құрамына, Директорлар кеңесінің мүшелеріне қатысты ұсынымдар дайындау кезінде бағалау нәтижелерін ескерген жөн.




    1. Директорлар кеңесінің комитеттеріне бағалау жүргізу процесі


28. Белгіленген тәртіпке сәйкес Директорлар кеңесінің комитеттері Директорлар кеңесінің алдында жылына кемінде бір рет есеп береді.

29. Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін бағалау Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметі туралы есеп қаралмай тұрып өткізіледі.

30. Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметін бағалау мына факторларды талдау негізінде өткізіледі:

- Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелерінің барлығы Директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережеге сәйкес өздерінің функционалдық міндеттерін орындай ма;

- Директорлар кеңесі комитеттерінің алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі;

- Директорлар кеңесінің комитеттері жұмысының қорытындысы Директорлар кеңесінің болжамына сәйкес болуы.

31. Директорлар кеңесі комитеттерінің қызметіне баға беру кезінде Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі нысанды осы Ереженің №3-қосымшасына сәйкес толтырады.

32. Жиналған ақпарат негізінде Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау туралы есепті дайындайды. Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау туралы есепте мыналар болуға тиісті: Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын бағалау рәсімінің сипаттамасы, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Директорлар кеңесінің комитеттері мүшелерінің жұмысы туралы тұжырымдар, Директорлар кеңесі комитеттерінің және олардың мүшелерінің жұмыс тиімділігін жақсарту мен арттыру бойынша ұсыныстар.

33. Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысына баға беру туралы есеп тиісті комитеттердің төрағаларына комитеттердің қызметі талқыланатын комитет отырысына дейін алдын ала жіберіледі.

34. Директорлар кеңесі комитеттеріне баға беру қорытынды бойынша Директорлар кеңесі комитеттерінің төрағалары Директорлар кеңесінің комитеттері жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді, оны кейін Директорлар кеңесі комитетінің бір жылға арналған жұмыс жоспарына кіргізеді.

35. Директорлар кеңесінің комитеттері Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмыс жоспарына келешекте енгізілетін Директорлар кеңесі комитеттері жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен қызметіне баға беру қорытындысы кіретін өз қызметі туралы есепті мақұлдап, оларды Директорлар кеңесіне қарауға жібереді.

36. Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшелері Директорлар кеңесі комитеттерінің жұмысын тұжырымдамалық түрғыдан талқылауға, олардың жұмысының тиімділігін төмендететін факторларды анықтап, тиімділікті арттыру жолдарын ұсынуға тиісті. Тұтастай алғанда, жалпы бағалау процесі:

- Директорлар кеңесінің рөлін, функциялары мен тиімділігін;

- Директорлар кеңесі мүшелерінің мақсаттарын, міндеттерін;

- Директорлар кеңесі жұмысының басымдығын;

- Директорлар кеңесі мүшесінің бойында болуға тиісті білім мен біліктің, тәжірибе мен жеке қасиеттерді талқылауға;

- отырыстарды дайындау, өткізу практикасы мен олардың тұрақтылығын, қызметін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелерін қоса алғанда, Директорлар кеңесінің қолданыстағы жұмыс рәсімдерін талқылауды ынталандыруға тиісті.



    1. Бағалау туралы ақпаратты ашу


38. Қоғамның жылдық есеп беру құрылымына кіретін және Жалғыз акционерге ұсынылатын Директорлар кеңесінің істеген жұмысы туралы есепте Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесі комитеттері мүшелерінің қызметіне баға беру туралы ақпарат болуға тиіс.

Баға беру туралы ашылуға тиісті ақпаратқа:

  • баға беруді жүргізу туралы;

  • баға беру әдісі мен рәсімі туралы;

  • баға беру қорытындысы туралы;

  • Директорлар отырысында баға беру қорытындысын талқылау фактісі туралы;

  • қабылданған шаралар туралы хабарлама кіреді.

39. Бағалаудың әрбір түрі бойынша нақты нәтижелер туралы ақпарат құпия және жария етуге жатпайтын ақпарат болып бөлінеді. Бағалау қорытындысы туралы есеп, сондай-ақ Директорлар кеңесінің әрбір мүшесі толтырған нысандар құпия ақпарат деп жіктеледі және осындай құжаттар Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес тиісінше сақтау режимінде сақталынады.

40. Бағалау қорытындысы Жалғыз акционердің Қоғамның Жарғысында және ішкі құжаттарында көзделген тәртіпте жасаған сұрауы бойынша ұсынылады.

41. Қоғамның Корпоративтік сайтта жарияланатын көпшілікке арналған жылдық есебінде Директорлар кеңесі мен Директорлар кеңесінің комитеттерін бағалау туралы ақпарат көрсетілуге тиісті.


    1. Қорытынды ережелер


42. Тағайындау және сыйақы беру жөніндегі комитет, Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің қызметін реттейтін корпоративтік құжаттардағы өзгерістерді көрсету мақстында, сондай-ақ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің тиімділігін алдағы берген бағалауын ескеріп, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің және Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің жұмысына баға беруді жүргізу критерийлерін кезең-кезеңмен қарауға тиісті.

Ережені бекіту, сондай-ақ Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оның ішінде бағалау критерийлерін өзгерту Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.

43. Осы Ереже Директорлар кеңесі бекіткен күнінен бастап күшіне енеді.

44. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қоғамның Жарғысын немесе Корпоративтік басқару кодексін өзгерту нәтижесінде Ереженің бөлек нормалары оларға қайшылық келтірсе, онда Ереженің аталған нормалары күшінен айырылады, және Қоғам қызметкерлері Ережеге өзгерістер енгізілген сәтке дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық нормаларын, Қоғамның Жарғысы мен Корпоративтік басқару кодексін және өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
_________________________________________________________________

Ауд. Шөпшебаева Ш.М.

23.01.2012ж.

Похожие:

«Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің саясаты мәні «Қазатомөнеркәсіп»
АҚ-тың корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы қызметін жетілдіруге арналған және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік...
«Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тәуекелдерін басқару
Саясаты (бұдан әрі – Саясат) тәуекелдерді басқару мақсаттарын, негізгі ұстанымдарын белгілейді және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың...
«Қазатомөнеркәсіп» iconҚазатомөнеркәсіп” Ұлттық атом компаниясы” акционерлік қоғамының акцияларды шығару проспектісі «Қазатомөнеркәсіп»
Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттың дұрыстығына жауап береді және ондағы берілген бар ақпараттың...
«Қазатомөнеркәсіп» iconТуралы № / шарт ақтау қ. 2012 ж
Республикасының заңдылықтары бойынша құрылған және жұмыс істейтін «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі...
«Қазатомөнеркәсіп» icon«маэк-қазатомөнеркәсіп» жшс еко кассасі күзет сатып алу туралы № шарт 2011 ж. Ақтау қ. «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Казатомөнеркәсіп»
АҚ директорлар Кеңесі Шешімімен бекітілген дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесі) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама...
«Қазатомөнеркәсіп» iconТәуекелдер жөніндегі комитет Ереже Мәні Осы Ереже «Қазатомөнеркәсіп»
Акционерлік қоғамы Басқармасының жанындағы Тәуекелдер жөніндегі комитеттің (бұдан әрі Комитет) мәртебесін, мақсатын, міндетін, функциясын,...
«Қазатомөнеркәсіп» icon«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қОҒамы директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитеті туралы ереже
Ак ақ-тың Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қоғамның Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница