Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі




НазваниеРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
страница14/84
Дата конвертации15.11.2012
Размер6.87 Mb.
ТипДокументы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

144-бап. Кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету

ережелерін бұзу

Белгіленген көрсету уақытын және көрермендер санатын сақтамаудан көрініс тапқан, кино- және бейнешығармаларды көпшілікке көрсету ережелерін бұзу, -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.22.11 № 90-III   ҚР Заңымен 145 - бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)

145-бап. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын,

тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық

атауын заңсыз пайдалану

1. Бөтен тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын, немесе біртектес тауарлар немесе қызметтер үшін оларға ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану, сондай-ақ бөтен фирмалық атауды заңсыз пайдалану, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

146-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен  147-бап  жаңа редакцияда  

147-бап. Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерi

(келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық)

жағдайды теріс пайдалану

Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалану, -

дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаларға - монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың (түсімнің) бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  147-1-баппен толықтырылды   (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

147-1-бап. Мемлекеттік монополия туралы заңнаманы бұзу

Мемлекеттік монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік монополия туралы заңнамасында белгіленген шектеулерді сақтамауы, -

мемлекеттік монополия субъектісіне айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-2-баппен толықтырылды

147-2-бап. Экономикалық шоғырлану кезінде нарық

субъектілерінің заңсыз іс-әрекеттерi

Егер монополияға қарсы орган рұқсатының болуы қажет жағдайда, нарық субъектілерінің оның рұқсаттың алмай экономикалық шоғырлануы, экономикалық шоғырлануға қатысушы нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануға рұқсат беру туралы шешімге негіз болған талаптар мен міндеттемелерді орындамауы, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-3-баппен толықтырылды

147-3-бап. Монополияға қарсы органның шешімдерін орындамау.

Ақпарат беру жөніндегі міндеттемелерді бұзу және

үй-жай мен аумаққа кіруге кедергі жасау

Шешімді (нұсқаманы) орындамау немесе оны толық көлемде орындамау, монополияға қарсы органға белгіленген мерзімде ақпарат бермеу не толық емес көлемде беру, монополияға қарсы органға дұрыс емес және (немесе) жалған ақпарат беру, монополияға қарсы органның тергеу жүргізетін лауазымды адамдарының үй-жай мен аумаққа кіруіне кедергі жасау, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-4-баппен толықтырылды

147-4-бап. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті,

жосықсыз бәсеке

1. Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеті -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жосықсыз бәсеке -

дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 147-5-баппен толықтырылды

147-5-бап. Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу

Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар туралы заңнамамен белгіленген шектеулерді сақтамауы, табиғи монополия субъектісінің міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын өзге де бұзуы -

дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүзден екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

148-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

149-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

150-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  151- бап өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

151-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы

Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының  дара кәсіпкерлердің, заңды тұлғалардың қызметіне заңсыз араласуы, олардың кәсіпкерлік қызметіне кедергі келтіретін заңсыз актілер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы араласуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

152-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  алып тасталды  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

 2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  153- бап өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

153-бап. Тексеруді заңсыз жүргізу

1. Тексеру жүргiзу тәртiбiн бұзу, сол сияқты тексерудi негiзсiз тағайындау, тексерудi арнайы акт шығармай және оны уәкiлеттi органда тiркемей жүргiзу, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға  дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші тармағында көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР  Заңымен  154- бап өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

154-бап. Жалған кәсiпкерлiк

Жалған кәсiпкерлiк, яғни кәсiпкерлiк немесе банк қызметiн жүзеге асыру ниетiнсiз, кредит алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлiктiк пайда алу немесе тыйым салынған қызметтi жасыру мақсаты бар, жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрмеген, коммерциялық ұйым құру, -

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84

Похожие:

Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАудан әкімдігінің 2012 жылғЫ 31 мамырдағЫ №121 Қаулысы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3, 387 баптарына, Қазақстан Республикасы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconБесқарағай аудандық мәслихатының шешімі. 2012 жылғы «Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы»
...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon«Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №215 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon10/03 қаулысы Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаментте 2012 жылғы
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАстық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница