Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі




НазваниеРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
страница5/84
Дата конвертации15.11.2012
Размер6.87 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Заңымен  (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 45-бап өзгертілді

45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:

1) ескерту жасау;

2) әкiмшiлiк айыппұл салу;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті  тәркiлеу;

5) арнаулы құқықтан айыру;

6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;

7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;

8) заңсыз  салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;

9) әкiмшiлiк қамауға алу;

10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.

Осы Кодекстiң 461-472, 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

46-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары

1. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.

47-бап. Ескерту

Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.

ҚР 13.12.04 ж. N 11-III Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 48-бап өзгертілді  ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  48 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

48-бап. Әкімшілік айыппұл

1. Әкімшілік айыппұл (бұдан әрі - айыппұл) - әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде салынатын ақшалай жаза.

Осы бөлімнің ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген салық міндеттемелерінің орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргізілген операция сомасының процентімен не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерімен не монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс (түсім) сомасының процентімен көрсетіледі.

2. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмайды.

3. Осы бөліктің екінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Осы бөліктің үшінші абзацында көрсетілгенді қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсіпкерге, жеке нотариусқа, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін төрт жүз айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

Ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін екі мың айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды.

4. Осы баптың бірінші бөлігінің екінші абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетілген айыппұлдардың белгіленген мөлшерінен асатын немесе одан кем мөлшерде белгіленуі мүмкін.

5. Айыппұл заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет кірісіне өндіріп алынады.

6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсіпкерлік, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  49 -бап өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

49-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның

тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою, оны судья қаулысының негізінде мәжбүрлеп алып қоюдан және сот актілерін орындау үшін көзделген тәртіппен кейіннен өткізуден тұрады. Осындай затты өткізуден түскен соманы сот орындаушысы оларды өткізу жөніндегі шығыстарды шегере отырып, меншік иесіне береді.

2. Аңшылық қаруды, атыс оқ-дәрiлерiн және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемiн төлеп алып қоюды аң аулау өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

3. Өтемiн төлеп алып қою осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында әкiмшiлiк жаза ретiнде көзделген жағдайларда да, тек қасақана құқық бұзушылық үшiн ғана қолданылуы мүмкiн.

 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  50 -бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

50-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның

тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік

құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүліктi

тәркілеу

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу оларды заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз өндіріп алудан тұрады.

Меншік иесіне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның заңсыз иелігінен алып қою тәркілеу болып табылмайды. Айналымнан алынған зат мемлекет меншігіне өндіріп алынуға немесе жойылуға тиіс.

2. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қана тәркіленуге жатады.

3. Аңшылық қаруды, оның оқ-дәрілерін және басқа да рұқсат етілген аң аулау және балық аулау құралдарын тәркілеуді аң аулау (балық аулау) өмір сүруінің негізгі заңды көзі болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

4. Тәркілеуді судья қолданады және ол осы бөлімнің ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  51 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

51-бап. Арнаулы құқықтан айыру

1. Нақты адамға берiлген арнаулы құқықтан айыру осы құқықты пайдалану тәртiбiнiң өрескел немесе үнемi бұзылғаны үшiн қолданылады.

2. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады.

3. Арнаулы құқықтан айыру мерзiмi бiр айдан кем болмауға және екi жылдан аспауға тиiс.

4. Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куәландырудан белгiленген тәртiппен өтуден жалтару, сондай-ақ аталған адамдардың белгiленген ережелердi бұза отырып, өздерi қатысушысы болған жол-көлiк оқиғалары болған жерден кетiп қалу жағдайларын қоспағанда, көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруды, бұл құралдарды мүгедектiгiне байланысты пайдаланатын адамдарға қолдануға болмайды.

5. Аң аулау, балық аулау құқығынан, аң аулау қаруларын, оның оқ-дәрілерін және балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру құқығынан айыруды, осы құқықты пайдалану тәртiбiн үнемi бұзушылықты қоспағанда, аң аулау (балық аулау) өмiр сүруiнiң негiзгi заңды көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды.

 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  52 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

52-бап. Лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан

(куәлiктен) айыру не белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр

iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын (оны) тоқтата тұру

1. Жеке тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, адвокаттарды және заңды тұлғаларды белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыруды судья аталған адамдардың қызметтi жүзеге асыруы не лицензияда, арнаулы рұқсатта, бiлiктiлiк аттестатында (куәлiкте) көзделген белгiлi бiр iс-әрекеттердi жасауы кезiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн қолдануы мүмкiн.

2. Белгiлi бiр қызмет түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) уақытша айыру алты айға дейiнгi мерзiмге белгiленедi.

3. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  53 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

53-бап. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін

тоқтата тұру не оған тыйым салу

1. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) өтiнiшi бойынша тек сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi.

2. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы талап қою өтiнiшi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен және негiздерде сотқа жiберiледi. Өтiнiштi сот он күн мерзiмде қарайды.

3. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру түрiндегi әкiмшiлiк жазалау шарасы бұзушылықты жою үшiн сот белгiлеген мерзiмде қажеттi iс-әрекеттер (iс-шаралар) жүргiзу арқылы оны жоюға болатын жағдайларда қолданылады.

4. Жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға, сот шешiмiнсiз ерекше жағдайларда, талап қою өтiнiшiн сотқа белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде табыс ету арқылы үш күннен аспайтын мерзiмге жол берiледi. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру актiсi сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.

5. 2006.20.01. № 123-III ҚР
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84

Похожие:

Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАудан әкімдігінің 2012 жылғЫ 31 мамырдағЫ №121 Қаулысы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3, 387 баптарына, Қазақстан Республикасы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconБесқарағай аудандық мәслихатының шешімі. 2012 жылғы «Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы»
...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon«Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №215 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon10/03 қаулысы Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаментте 2012 жылғы
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАстық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница