Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі




НазваниеРеспубликасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
страница6/84
Дата конвертации15.11.2012
Размер6.87 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  54 -бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

54-бап. Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты

мәжбүрлеп бұзып тастау

Заңсыз салып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзуды, осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда, судья тағайындайды.

ҚР 25.09.03 ж. N 484-II ; 09.12.04 ж. N 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III   (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  Заңдарымен 55-бап өзгертілді

55-бап. Әкiмшiлiк қамауға алу

1. Әкімшілік қамауға алуды судья ерекше жағдайларда жеке адамға қарсы әкімшілік құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін - он бес тәулікке дейінгі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерін жасағаны және (немесе) төтенше жағдай режимінің талаптарын бұзғаны үшін отыз тәулікке дейінгі мерзімге тағайындайды.

2. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен  алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

3. Жүктi әйелдерге және он төрт жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерге, он сегiз жасқа толмаған адамдарға, I және II топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ елу сегiз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге әкiмшiлiк қамауға алуды қолдануға болмайды.

4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi әкiмшiлiк қамауға алу мерзiмiне қосылады.

2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен 56-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

56-бап. Шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік

жолмен кетіру

1. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіруді судья осы Кодекстің ерекше бөлімінде көзделген тәртіп пен негіздер бойынша әкімшілік жазалау шарасы ретінде қолданады.

2. Егер әкімшілік іс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру түріндегі әкімшілік жазалау шарасы қолданылуы мүмкін адам, өзіне қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып танылатын әрекет жасалғаны туралы хабарласа, онда осы адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 185-бабында белгіленген тәртіппен хабарлама немесе өтініш бойынша шешім қабылданғанға дейін кейінге қалдырылады.

 

57-бап. Әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға әкiмшiлiк жаза қолданумен қатар осы адамның жаңадан құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында әкiмшiлiк-құқықтық ықпал етудiң мынадай шаралары қолданылуы мүмкiн:

1) жол жүрiсi ережелерiн бiлуiн тексеру;

2) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) және 2) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк құқықтық ықпал ету шаралары әкiмшiлiк жаза тағайындаумен қатар, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды осы Кодекстiң 67, 68-баптарында көзделген негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықтан босату кезiнде соның орнына қолданылуы мүмкiн.

  2006.20.01. № 123-III  Заңымен 58-бап  жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

58-бап. Жол жүрісі ережелерін білуді тексеру

Осы Кодекстің 467-бабында (алтыншы бөлігінде) көзделген құқық бұзушылықтарды жасаған, сондай-ақ 462 (екінші бөлігінде),  463(бірінші бөлігінде), 468 (бірінші және үшінші бөліктерінде) баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаған көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін білуін тексеру үшін олар емтихан тапсыруға жіберілуі мүмкін. Жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулыны ішкі істер органдарының жол полициясы бөлімшелерінің (бөлімдерінің, басқармаларының, департаменттерінің) бастықтары мен олардың орынбасарлары шығаруға құқылы.

2006.20.01. № 123-III  Заңымен 59-бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

59-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған маскүнемдiкпен,

нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратындарға

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану

1. Созылмалы маскүнемдiкпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған және өз еркiмен емделуден жалтарған адам басқа жеке тұлғалардың  құқықтарын не қоғамдық тәртiптi бұзатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда, сот әкiмшiлiк жазамен қатар оған денсаулық сақтау органдарының мамандандырылған мекемесiнде мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындауы мүмкiн.

2. Мәжбүрлеп емдеу мерзiмi маман наркологтардың ұсыныстары ескерiле отырып белгiленедi, бiрақ ол екi жылдан аспауға тиiс.

3. Мәжбүрлеп емдеудi тоқтатуды сол адам емделiп жатқан емдеу мекемесi жүргiзедi.

7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану

60-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолданудың жалпы

ережелерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнiң бабында көзделген шекте, осы Кодекстiң ережелерiне дәл сәйкестiкте қолданылады.

2. Әкiмшiлiк жаза әдiл, құқық бұзушылықтың сипатына, оның жасалу мән-жайларына, құқық бұзушының жеке басына сай келетiн болуға тиiс.

3. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану кезiнде жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, кiнәлiнiң жеке басы, соның iшiнде оның құқық бұзушылық жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

4. Заңды тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолданған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипаты, мүлiктiк жағдайы, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар ескерiледi.

5. Әкiмшiлiк жаза қолдану адамды, орындалмағаны үшiн аталған жаза қолданылған мiндеттердi атқарудан, жол берiлген бұзушылықты жоюдан және зиянды өтеуден босатпайды.

6. Бiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бiр негiзгi не негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалардың қолданылуы мүмкiн.

2006.20.01. № 123-III  Заңымен 61-бап  өзгертілді  (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

61-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты

жеңiлдететiн мән-жайлар

1. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады:

1) кiнәлi адамның өкiнуi;

2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;

3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;

6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау.

8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн.

ҚР 09.08.02 ж. N 346-II Заңымен 62-бап өзгертілді

62-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты

ауырлататын мән-жайлар

Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады:

1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту;

4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн.

ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 63-бап толықтырылды

63-бап. Бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде

әкiмшiлiк жазалар қолдану

1. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады.

2. Егер адам бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол iстердi бiр судья, орган (лауазымды адам) қараса, бұл адамға белгiлi бiр түрдегi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерiн жазаның осы түрi үшiн осы Кодексте белгiленген үш еселенген ең жоғарғы шегiнен асыруға болмайды. Әкiмшiлiк қамауға алудың ең ұзақ мерзiмi мұндай жағдайларда отыз тәулiктен, ал төтенше жағдай режимiнiң талаптарын бұзғаны үшiн қолданылатын әкiмшiлiк қамауға алу қырық бес тәулiктен аспауға тиiс.

3. Егер әкiмшiлiк айыппұлдар заң актiлерiнде белгіленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының процентiмен көрсетiлген жағдайда, оларды бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн салған кезде, айыппұл әрбiр әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн бөлек өндiрiлiп алынады.

ҚР 05.12.03 ж.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84

Похожие:

Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі
Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАудан әкімдігінің 2012 жылғЫ 31 мамырдағЫ №121 Қаулысы қылмыстық-атқару инспекциясы пробация
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Тасқала ауданы бойынша 2012 жылға халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАббатандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын және "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconҚазақстан Республикасының Үкiметi
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconЖоба Қарғалы ауданының аумағын абаттандыру Ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155 "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң 3, 387 баптарына, Қазақстан Республикасы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconБесқарағай аудандық мәслихатының шешімі. 2012 жылғы «Жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың құны туралы»
...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon«Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы» 2009 жылғы 24 желтоқсандағы №215 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 және 7 баптарына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі icon10/03 қаулысы Қарағанды облысы бойынша Әділет Департаментте 2012 жылғы
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі iconАстық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы n 143 Заңы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат. "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 23 қаңтар n 14
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница