Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген




НазваниеҚарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген
страница1/9
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.92 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының

2006 жылдың 14 желтоқсандағы № _______шешімімен

бекітілген
Қарағанды облыстық Мәслихатының хатшысы Қарағанды облысының әкімі

____________________________Қ. Медиев _____________________Н.Нығматулин


Қарағанды облысының 2007-2008 жылдарға арналған

индустриалдық-инновациялық даму

бағдарламасы

I. Бағдарлама паспорты

Атауы

2007-2008 ж.ж. арналған индустриалдық-инновациялық даму Бағдарламасы

Әзілеуге негіздеме: Бағдарламалар:

"Қазақстан-2030"даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 майдағы « 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы туралы» N 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы «Республика Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы» №80 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосылу Стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Негізгі әзірлеуші:

«Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ

Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері:

Аймақтың индустриалдық-инновациялық бағдарламасының негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін экономиканың қайта өңдеу салаларын диверсификациялау жолымен теңгерілген индустриалдық кешен құру болып табылады.

Қайта өңдеу өнеркәсібінде және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауар, жұмыс, қызмет өндірісі аймақтық индустриалдық –инновациялық саясаттың негізгі ұстыны болып табылады.

Аймақтық индустриалдық –инновациялық саясаттың міндеттері келесіден тұрады:

  • өнеркәсіптік өнім өндірісін арттыру ;

  • өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесін 86-88 % деңгейінде сақтау;

  • металлургияда, машинажасау өнімдерінде, химиялық салада, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында 4-5 қайта бөлінген өнімдерді арттыру;

  • ғылымға негізделген және жоғарытехнологиялық өндіріс құру;

  • инвестицияның құйылу өсімін қамтамасыз ету;

  • тауарларды экспорттауды арттыру және сыртқы сауда айналымындағы оң сальдо

  • кәсіпорындар мен мекемелерде ИСО сериялы сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізу ;

  • 2 кластерді құру және дамыту.

Жүзеге асыру мерзімі:

2007-2008 жылдар

Қаржыландыру көлемі мен көздері :

Кәсіпорындардың өз қаражаты, банк несиелері, шетелдік және отандық тікелей инвестициялар, даму институттарының қаражаты, жергілікті және республикалық бюджет

Күтілетін нәтиже:


Бағдарламаны жүзеге асыру мыналарға мүмкіндік береді:

  • 2008 жылы өнеркәсіптік өнім өндірісін 2006 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге арттыру;

  • өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде қайта өңдеу өнеркәсібінің үлесін 86-88 % деңгейінде сақтау;

  • әлемдік нарықта металл бағасының өзгерісіне аса тәуелді болмайтын тұрақты экономика құру жолымен өнеркәсіп құрылымында сапалы өзгерістер жасау. Солай ете отырып, 2008 жылы қайта өңдеу өнеркәсібі көлемінде машинажасау және химия салаларының үлес салмағының өсіміне қол жеткізу;

  • 20-дан кем емес индустриалдық-инновациялық жаңа өндіріс құруды қамтамасыз ету;

  • инвестицияның құйылу өсімін 2007-2008 жылдары 1,4 есеге арттыру;

  • тауарларды экспорттауды 2,2 есеге арттыру ;

  • 70 кәсіпорында ИСО сериялы сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізу жолымен өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ;

  • 2 кластерді құру және дамыту үшін жағдай туғызу.

Орындаушылар:

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, қала, аудан әкімдері, «Сары-Арка» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, «Технопарк UniScienTech»ЖШС, «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы, «Темңртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС



IІ. Кіріспе

Қарағанды облысының 2007-2008 жылдарға арналған даму бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында әзірленді, ол бойынша бүгінгі күні республика алға қарай сенімді түрде жылжып келеді. Олар "Қазақстан-2030"даму стратегиясы, 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына қосылу Стратегиясы.

Аймақтағы инновациялық кәсіпкерліктің қалыптасуы халықтың білім деңгейіне, инновациялық идеялар ұсынып қана қоймай, іс жүзіне асыра білетін ғылыми кадрларды даярлауға да байланысты. Инновация үрдісіне, экономиканың өсіміне, халықтың жағдайына қолайлы микроклимат жергілікті жерде дамуы керек.

Индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыруда бизнеспен және өндірістің нақты секторымен байланыста болатын, туындаған жүйелі емес мәселелерді шешуге жеткілікті уәкілеттіліктері мен құзырлылықтары бар қала, аудан әкімдері, жергілікті басқару органдары маңызды роль ойнауы керек.

Қала, аудан әкімдеріне, сондай-ақ барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорын жетекшілеріне қазіргі заманғы машинажасауды дамытуға, инновациялық технологияларға, білімді коммерциализациялауға, кәсіпкерлік климатты жақсартуға және аймақты энергетикалық қамтамасыз етуге бар күш-жігерді жұмсау керек.

Аймақтық бағдарлама 2007-2008 жылдар кезеңіне облыстың экономикалық саясатын қалыптастыруды көздейді. Бұл бағдарлама экономиканың салаларын диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуына жетуді және осылайша дамудың шикізатқа бағытталуынан кетуді көздейді. Осылайша Бағдарлама мыналарға бағдарланған:

біріншіден – қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету,еңбек өнімділігін арттыру, энергиясыйымдылықты төмендету;

екіншіден – ғылыми-техникалық үрдісті жеделдету, материалдық базаның және өндіріс құрылымының сапалы өзгерісіне жағдай туғызу;

үшіншіден – облыс кәсіпорындарында бәсекеге қабілетті экономика құру үшін ИСО сериялы сапа менеджменті жүйесін енгізу;

Билік органдарының, қожалық етуші субъектілер, кәсіпкерлік ортаның алдында тұрған осы басым міндеттерден шыға отырып, Қарағанды аймағы өзінің салмақты өнеркәсіптік, кадрлық, ғылыми және мәдени потенциалының, сондай-ақ тиімді географиялық жағдайының арқасында елдің инновациялық экономикасының лидерлерінің біріне айналуы керек.

III. Мәселенің қазіргі жағдайының талдауы
Қарағанды облысының 2004-2006 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде өнеркәсіптік өнім көлемі 1,6 есеге артты және 2006 жылы 691,0 млрд. теңгені құрады немесе 2005 жылғы деңгейге (513,0 млрд. теңге) 134,7%. Өндіріс өсіміне «Миттал Стил Теміртау» КД шахталарындағы (11%), «Қарағандытүстіметалл», «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Гефест» көмір өнеркәсібі кәсіпорындары ассоциациясының көмір разрездеріндегі жоспарланып отырған көмір өндірісін арттыру әсер етеді.

1 кесте. Облыста өнеркәсіптік өнім өндірісі

Атауы

2004 жыл

2005 жыл

2006 жыл

күтілетін

Облыстағы өнеркәсіптік өнім көлемі, млрд. тенге

437,0

513,0

691.0

Өнімнің айғақты көлем индексі %

103,0

91,1

106.0

Жалпыреспубликалық өнім көлеміндегі үлес салмағы, %

11,3

10,0

10.6


Өнеркәсіптің өсімі едәуір көлемді инвестиция салумен қамтамасыз етілді. 2004-2005 жж. Облыс экономикасын дамытуға (қаржылық емес) 308,1 млрд. теңге салынды.

2005 жылға негізгі капиталға инвестицияның салалық құрылымының талдауы көрсеткендей, олардың едәуір бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорындарға (51,2%), оның 41,8% қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына келеді. Қайта өңдеу өнеркәсібінде капиталға қолайлы салалар қара және түсті металлургия (инвестиция көлемі 74,8%) болып табылады, Мұнда негізгі жабдықтарды модернизациялау мен жаңартуға инвестициялардың негізгі бөлігі бағытталды. Сонымен қоса, химиялық өнеркәсіпке инвестиция көлемі 2004 ж. Салыстырғанда 3,5 есеге күрт артты, бұл «EURASIAFLOR»АҚ (еден жабындарының өндірісі), «ЮИИ Қазақстан»ЖШС (жарылғыш заттар өндірісі), «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС (дәрілік препараттар өндірісі) сияқты жаңа кәсіпорындарды енгізумен байланысты.

2006 жылы тау-кен саласының күтілетін өндіріс өнімінің көлемі 43,8 млрд.теңге, немесе 2004 жылға 166,5% құрайды. Өндіріс өнімі көлемінде тау-кен өнеркәсібінің үлес салмағы 6,5% (2006 ж.). құрайды

Соңғы жылдары қайта өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Машина жасау және басқа салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсу тенденциясы байқалады, бұл өнеркәсіптің кейбір түрлерінің үлес салмағының қысқаруына алып келді.

Ең көп өнім өндірісі көлемі металлургия мен металөңдеудің үлесінде.

Республикалық өнеркәсіптік өндірісте облыс үлесіне мыналар кіреді: темір немесе болат илек 100 ;дайындама түріндегі тазартылған мыс -96,1; қара металл құбырлар – 91,5%; айырылған күміс – 78,1%; мыс кенін өндіру – 99,3%; тас көмір – 31,0%; темір кені – 27,1% .

Осыған байланысты 2005 жылы облыста «Металлургия-металөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын жүзеге асыру басталды. (ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы №633 қаулысы). Үйлестіру кеңесі құрылды және оның 3 отырысы өтті. Сонымен бірге даму институттарымен бірлесе отырып кластерге қатысушы кәсіпорындар үшін 4 кластерлік конференциялар ұйымдастырылды. Бүгінгі күні кластерге қатысушылар 42 өнеркәсіптік кәсіпорын мен ғылыми институттар болып табылады.

Отандық кәсіпорындар өнімінің экспорттық потенциалын және бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін кластерді жүзеге асыру мақсатында 2005 жылы 14 қыркүйекте облыс әкімдігі, «Миттал Стил Теміртау»АҚ, «Қазақмыс Корпорациясы»ЖШС мен «Металлургия-металөңдеу»кластерінің Үйлестіру кеңесі арасында өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандумда жергілікті тауар өндірушілер үшін бағаны 5 % түсіру көзделген. Бұл мәселе әлденеше рет Үйлестіру Кеңесі отырыстарында қаралды, баға саясаты бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Миттал Стил Теміртау» АҚ басшыларына ұсыныс хаттар әзірленді.

2005 жылдың 30 қыркүйегіндегі келіссөз барысында « Миттал Стил Темірау» АҚ ішкі нарықта өз өнімінің бағасын 2,0 % түсіруге келіскен. Алайда кластер қатысушыларын бұл қанағаттандырмады, себебі осы тектес өнімнің бағасы Ресей мен Қытайға қарағанда жоғары болып отыр.

Металлөңдеумен айналысатын облыс кәсіпорындары металл өнімдерін Қытай мен Ресейден алуға мәжбүр.

Металлургия -металөңдеу» пилоттық кластерін құру және дамыту бойынша шаралар жоспарын орындау аясында Теміртау қаласында Индустриалдық парк құру жобасы іске асырылуда. Территориясы анықталды, Теміртау қ. мен Бұқар жырау аудандарында 940 га жер бөлінді.

Жобаның ТЭН әзірлеуге 2006 жылы облыстық бюджеттен 39,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен 335,0 млн. теңге бөлінді. «Теміртау қ. Индустриалдық парк» ЖШС құрылды. Жобалау-сметалық құжаттың жалпы құны 508,5 млн. теңге.

2004-2006 ж.ж. кезеңінде облыста индустриалдық-инновациялық бағыттағы 58 өндіріс құрылды, оларда 2174 жұмыс орны ашылды, салынған қаражат сомасы 59,1 млрд. теңгені құрады. Олардың арасында:

Жылына 100 мың тонна мырыш шығаратын «Балқаштүстіметалл» ХМК «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС мырыш зауыты іске қосылды. Зауытта «Дайнатек» канадалық фирмасының жаңа технологиясы, яғни қоршаған ортаны ластамайтын технология қолданылды. Зауыт нарықтың жаңа сегменті-мырыш концентратын қайта өндеуге бағытталған(құрамындағы мырыш 50%) әлемдегі басқа зауыттар құрамында 50% артық мырышы бар концентраттарды қайта өңдеумен айналысады.

«Alian-paint» ЖШС бояу материалдарының өндірісі басталды. 2005 жылы 900 тоннадан астам бояулар өндірілді. Жобалық қуаттылығына (жылына 3000 т) 2008 жылы қол жеткізеді. Өндіріс кез келген қасиеттері мен сипаттамалары бар бояу өндіруге мүмкіндік беретін европалық модульдік технологиямен жабдықталған.

«ЮИИ Қазақстан» ЖШС Қазақстанда теңдесі жоқ « Rioflex» сулық-гельдік жарылғыш затының өндірісі басталды.Өндіріс қуаттылығы жылына 12,0 тонна.

Кәсіпорындардың біріккен қаражаты мен 2004 жылғы облыстық бюджет есебінен қуаттылығы жылына 2 млн. ампула фармацевтикалық зауытының бірінші кезегі енгізілді.Зауыттың негізгі өнімі «Арглабин» ісікке қарсы препараты болып табылады. «Арглабин» бірегей отандық препарат медициналық препараттар реестріне тіркеліп (№003950 09.12.99.), ҚР өмірлік маңызы бар дәрілік заттардың тізіміне енгізілді.

Бассейндер, монша, сауналарға арналған «Аквател» кірден қорғаушы әмбебап модульдік жабындар мен кілемшелер шығаратын жаңа өндіріс («Карат» ЖШС) ашылды. Өнімнің Қазақстанда теңдесі жоқ, поливинилхлоридтан компьютерлік графиканы қолдана отырып инновациялық технология бойынша дайындалады.Салынған инвестиция сомасы 7,0 млн. теңгені құрады, жылдық қуаттылығы 3,0 мың шаршы метр.

«Лека» ЖШС әлемдік стандарттарға сәйкес келетін вентиляциялық жүйелер үшін диаметрі 80-1250 мм спираль ауа құбырларын шығару швейцарлық линиясы іске қосылды. Өндіріске шикізат ретінде «Миттал Стил Теміртау» АҚ мырыш илегі қолданылады.

«Қазцентрэлектропровод» ЖШС-де америкалық фирма «3М» алдыңғы қатарлы технологиясы бойынша «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС металлургиядағы 5 бөлік- мыс катанкасын қолдана отырып сым мен кабель өндірісі жолға қойылды.

2004 жылдың аяғында «Сантехпром» ЖШС-де болат радиаторларды шығару бойынша цех іске қосылды. 2005 жылы болат радиаторлар өндірісі цехы жылына 3600 штук межеге шықты.

Бағдарламаға енгізілген облыстың инвестициялық және инновациялық жобаларын жылжыту мен жүзеге асыру үшін мемлекеттік даму институттары өзара іс-қимыл бойынша - Ұлттық инновациялық қор, Қазақстанның инвестициялық қоры, Даму банкі, Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы, Экспорттық несие мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, маркетингтік-талдаушылық зерттеу орталығы, Кәсіпкерлікті қолдау қорымен белсенді жұмыс жүргізілуде.

Даму нситуттарына 80-нен астам жоба жіберілгенімен, оның 8-і ғана қаржыландырылуға мақұлданды. Жобаны жүзеге асырудың төменгі деңгейлі тиімділігі өтінім беруші тарапынан толық қарастырылмағандығынан және институт менеджерлерінің қарастыру мерзімінің ұзақтығын аңғартады.

Бұл мәселені шешу үшін «Индустрия және сауда министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігі арасындағы аймақ экономикасын қарқынды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы» Меморандумында бір тармақ қарастырылды. Оған сәйкес Министрлік енгізілген жобаларды даму институттарының қарастыру мерзімін белгілеу мүмкіндігін қарастыруы керек.

Жалпы мемлекеттік даму институттарынан 2,2 миллиард теңгеден астам қаржы тартылды.

Соған бірлесе отырып2004 жылы басталып, 2005 жылы даму институттарының 2 жобаны қаржыландыруы аяқталды.

«Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ, «Eurasiaflor»ЖШС қуаттылығы жылына 1,4 млн. шарша метр еден жабындарының өндірісі басталды. Жобаның құны 480,5 млн. теңге. « Жылуқуаттылық қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштарын құру» ( "ТММ"ЖШС) жобасына «Ұлттық инновациялық қор» АҚ грант бөлді. Эксперименттік қондырғы құрылды, онда Цельсий бойынша 110 градус жылу температурасыына жеткізілді.

Одан басқа «Инвестициялық компания: Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ бірлесе отырып 2005 жылы басталып, 2006 жылы жалғастырылып мынадай жобалар жүзеге асырылуда:

1.Панельді ағаш үй құрылысы мен конструкциялы желімделген қырлы бөрене өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу зауыты» АҚ). Жобада құрастырмалы-қалқанды үйлер дайындау көзделген. Құрастыру «Weining» герман фирмасының автоматтандырылған линиясында жүргізіледі.Жоспарланып отырған өндіріс көлемі – 200 үй/жылына, жоспарланған жұмыс орны – 200.

2. «Арнайыкокс өндірісі мен электр және жылу энергиясын шығару бойынша кешен құру» ( «Қазақстан Инвест Көмір»). Арнайкокс өндірісінің жоспарланып отырған көлемі жылына 1,0 млн. , жоспарланған жұмыс орны – 72.
«Ұлттық Инновациялық қор» АҚ бірлесе отырып мына жобаларды жүзеге асыру көзделеді:

  1. «Қарағанды фармацевтикалық зауыты» ЖШС «Арглабин» ісікке қарсы препаратының өндірісі үшін участок ұйымдастыру»;

  2. «Антилишай» тиімділігі жоғары антитрихофитозды линимент құралын шығару және ветеринарлық тәжірибеге енгізу» ОСКИ (оргсинтез және көмірхимиясы институты).


Экономика салаларын ДСҰ енуге дайындау мақсатында облыс кәсіпорындарында ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу бойынша шаралар өткізілді.

Осы жұмыс аясында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау қалалары әкімдіктерінде аймақ кәсіпорындары, Қарағанды облысы бойынша техникалық реттеу комитеті Басқармасы, «НаЦЭкС»ААҚ ҚФ, сауда-өнеркәсіп палатасы, Орталық Қазақстан кәсіпкерлерінің ассоциациясы, сапа менеджментінің сертификация мен консалтинг бойынша компания басшыларының қатысуымен кеңестер өткізілді.

Бүгінгі күні облыстың 51 кәсіпорны сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізді, 24-і енгізуге жұмыс жасап жатыр.

Облыс әкімдігі көмегімен ҚарМТУ жанындағы стандартизация, метрология және сертификация орталығы, «НаЦЭкС»ААҚ ҚФ, «НаЦЭкС»ААҚ ЖФ,»Қарағанды сапа институты» ЖШС «дөңгелек үстелдер», Экономика салаларын ДСҰ енуге дайындау мен ИСО 9000 сериялы сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу мәселелері бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

Экономика салаларын ДСҰ енуге дайындау мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен сөз болды.

Облыста жыл сайын «Қарағандылық сапа» байқауы өтеді, онда облыстың 50-ден аса кәсіпорындары қатысады.

Облыстың инновациялық жүйесін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының бекітілген ұлттық инновациялық жүйесін дамыту Бағдарламасына сәйкес аймақтық технопарктер инновациялық инфрақұрылымның негізгі институты болып табылады.

ҚР 2015 жылға дейінгі индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру мен ҚР Премьер-министрінің тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен «Технопарк UniScienTech»ЖШС құрылды.

Технопарктің негізгі міндеті ғылыми-техникалық сфераның, инновациялық бизнестің ресурстарын біріктіру арқылы аймақта тиімді инновациялық орта қалыптастыру, осылайша ғылыми-техникалық прогресті және ғылымды коммерциализациялауды ынталандыру болып табылады.

Жарғылық капиталы 539,4 млн. тенге мөлшерінде қалыптастырылды. «Технологияның инжинирингі мен трансферті» АҚ (акция үлесі 74,2 %) мен кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті кейпіндегі облыстық әкімдік (акция үлесі 25,8 %) құрылтайшылары болып табылады. Технопаркке Жарғылық капитал есебінен 100 млн. теңге, жалпы құны 39,462 млн. теңге ( Құрылысшылар даңғылы, 4 үй мекенжайдағы кеңсе ғимараты, ғимараттың бір бөлігі Гоголь к., 34) тұратын кеңселік және өндірістік ғимарат берілді.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті «Технологияның инжинирингі мен трансферті орталығы» АҚ технопарктің құрылтайшылары ретінде бірлесе отырып, Серіктестік Қатысушылары құзырлылығы шегінде технопарк қызметін бақылауды және жалпы үйлестіруді жүзеге асырады, атап айтқанда құрылтайшылардың жалпы жиналысында даму жоспары мен қызметтің негізгі бағыттарын келісу, көлемді инфрақұрылым қалыптастыруда көмек көрсету т.б. жүзеге асырады. Нақ осы кезеңде аймақтың ірі кәсіпорындарының, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ және облыстық бюджеттің қатысуымен ғылыми және инновациялық әзірлемелерді қаржыландыру мақсатында венчурлік қор құру мәселесі қарастырылып жатыр. Инновациялық жобалардың деректер базасын толықтыру бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі.

2005 жылдың қараша айында технопаркта Эксперттік кеңес құрылды, оның құрамына облыстың кәсіпорын мен ғылыми мекемелерінің басшылары кірді. Технопарктің мәліметтер базасында бүгінгі күні 90 жоба бар. Барлық жобалар бойынша бекітілген талаптарға сәйкес өтініш берушілермен жұыс жүргізіледі.

Оқыту орталығының қызметі аясында ғылым, өндіріс және бизнес өкілдері үшін 3 ірі семинар ұйымдастырылды. Облыстың ЖОО-мен және ҒЗИ-мен ынтымақтастық орнатылды және меморандумдар жасалынды.

2006 жылдың қазанында Технопарктің Құрылысшылар даңғылы, 4 мекенжайында орналасқан жаңа офистік ғимаратының тұсаукесері болды. «Технопарк UniScienTech»ЖШС жалпы көлемі – 2650 шаршы метр.

Қаражал,Теміртау, Жезқазған қалаларында жалпы жарғылық қоры 820 млн. теңге болатын 3 инвестициялық-инновациялық қор құрылды.
IV. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Аймақтың индустриалдық-инновациялық бағдарламасының негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін экономиканың қайта өңдеу салаларын диверсификациялау жолымен теңгерілген индустриалдық кешен құру болып табылады.

Қайта өңдеу өнеркәсібінде және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауар, жұмыс, қызмет өндірісі аймақтық индустриалдық –инновациялық саясаттың негізгі ұстыны болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:

  1. Өнеркәсіптік өнім өндірісін арттыру ;

  2. Металлургияда, машинажасау өнімдерінде, химиялық салада, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында 4-5 қайта бөлінген өнімдерді арттыру;

  3. Ғылымға негізделген және жоғарытехнологиялық экспортқа бағдарланған өндіріс құруды ынталандыру;

  4. «Металлургия-металлөңдеу», «Фармацевтикалық өнеркәсіп» кластерін құру және дамыту;

5. Аймақтық технопарк базасында өнеркәсіптік өндіріске ғылыми әзірлемелерді енгізу жолымен инновациялық бизнесті дамыту

6.Экспортқа бағытталған өнім шығаруды кеңейту;

7.Өнеркәсіп салаларына инвестиция тарту;

8.Тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін кәсіпорындарда ИСО сериялы сапа менеджменті стандарттарын енгізу
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Похожие:

Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚарағанды облысының 2007-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту Аймақтық бағдарламасын 2007 жылы орындау туралы есеп беру
Бағдарлама 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту Мемлекеттік бағдарламасының...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚарағанды қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/15 Қарағанды қаласының жер қатынастары
«Қарағанды қалалық мәслихатының ІІІ шақырылған кезекті ХLII сессиясының «Қарағанды қаласының 2007 жылға арналған бюджеті туралы»...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconБатыс Қазақстан облыстық маслихат сессиясының 2002 жылдың 8 қазанындағы №25-2 шешімімен бекітілген батыс қазақстан облысының

Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚарағанды облысы аудандарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдарындағы өзгерiстер туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы n 27/05 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының III сессиясының...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚызылорда облысының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасы Қызылорда қаласы, 2003 жыл Мазмұны
Облыстық Мәслихаттың 2003 жылғы 20 желтоқсандағы ІІІ сессиясының №25 шешімімен бекітілген
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚарағанды облысы әкімдігінің 2007 жылғы 21. 12 №28/07 қаулысына 2 қосымша
«2008 жылға арналған облыстық бюджетті бекіту туралы» Қарағанды облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы ІII сессиясының...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген icon2006 жылғы 22 желтоқсандағы №33/6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Хliv сессиясының №3 шешімін, ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 11 сәуірдегі кезектен тыс ХLVІІ сессиясының...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconНұра, Ақтоғай, Қарқаралы, Шет аудандарының кейбiр ауылдық округтерiн қайта атау туралы
Бiрлескен Қарағанды облысының әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 5 қыркүйектегi n 19/17 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XXIII сессиясының...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconҚарағанды қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы
«iy шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы кезекті iy сессиясының «Қарағанды қаласының 2008 жылға...
Қарағанды облыстық Мәслихаты XXIV сессиясының 2006 жылдың 14 желтоқсандағы № шешімімен бекітілген iconОблыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар
Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне сәйкес Қарағанды облысы әкімдігі қаулы етЕДі және Қарағанды облыстық мәслихаты...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница