1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН




Скачать 110.79 Kb.
Название1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
Дата конвертации20.01.2013
Размер110.79 Kb.
ТипДокументы
1) МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы

2) МЕКТЕП, СЫНЫП, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 7-орыс сыныбы, қазақ тілі.

3) ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:


I. А критерийі. Айтылым

Әр топқа өтілген материал бойынша топтық тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тақырыпқа сурет салады және өздері салған сурет бойынша тақырыпты презентациялайды.

1- топ : Көрікті жерлер

2- топ : Жыл мезгілдері

3- топ : Саяхат

II. В критерий. Тыңдалым

Аудиомәтін тыңдалады.

Қазақстанның көрікті жерлері

Қазақстанда табиғаты ғажап әдемі жерлер көп.

Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді. 

Көкшетау – Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.

Қорғалжын – Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі.

Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген адамдар тау суына шомылып кетеді.

Мәтін мазмұны бойынша клоуз тест орындау

  1. Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық. Ол ________________ орналасқан. Қорықта өсімдіктердің _____________ түрі кездеседі, оның 57 түрі _________________ енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі________________. 

  2. Көкшетау – Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта ____________________________________ көлдері бар. Орманды алқап _______________60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері_______________, Көкшетау Ұлттық саябағының __________ кіреді.

  3. Қорғалжын – Орталық Қазақстанда орналасқан. ___________________ өсімдік пен ____________________________ барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа _____________.


Су құстарының 300 түрі кездеседі.

  1. Алматы қаласынан 300 шақырым ___________________ Көлсай мекені орналасқан.




  1. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3. Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты________________ . Қайыңды көлінің ___________________ киіз үйлерден

тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген адамдар ________________ шомылып кетеді.

С критерийі. Оқылым

Оқушылар берілген мәтіннің мазмұнын- мағынасын, құрылымын түсінетін және өзіндік ой-пікір айта алуын бағалайтын тапсырма орындайды.

Көктем еді. Сабақ аяқталды да, мен далаға жүгіріп шықтым. Аулада мені Әсел мен Алма күтіп отыр. Мен оларды көргеніме қатты қуанып, шаттана күліп жібердім.

Біз үшеуіміз қала көшесімен келе жатырмыз. Көктемнің ашық аспаны, жанға жайлы самал желі рахатқа бөлейді. Айнала әсем де көңілді еді. Балалардың сыңғырлаған күлкісін, үлкендердің көңілді дауыстарын есту қандай тамаша!

Кешке үйге қайтып келе жатқанда ерекше бір хош иісті сезіндім. Сөйтсем, киоскіде сатылып жатқан гүлдер екен. Мен мамама гүл сатып алдым. Мамамның қуанышты жүзін елестеткенде , өзімді бақытты санадым. Иә, бақыт деген достарыңды, анаңды қуанышқа бөлеу екен ғой! Мен осыны түсіндім.

«Бала би» журналы

Мәтіннің мағынасына арналған сұрақтар

  1. Мәтіннің негізгі идеясы не ?

А) Бақыт сезімі

В) Гүл шоғы

С) Жыл мезгілі

Д) Құрбы қыздар

2. Анасын қалай қуантқысы келді?

А) Достарын таныстыру арқылы

В Қыдырғанын айту арқылы

С) Қуанышын айту арқылы

Д) Сыйлық беру арқылы

Мәтіннің құрылымына арналған сұрқтар

3. Соңғы сөйлемдегі «осыны» сөзі нені білдіреді?

А) Бақытты болуды

В Гүл алуды

Д) Үйге келуді

С) Дос болуды

4. «Өзімді бақытты санадым» сөйлемін мәтінде қай жерге қоюға болады?

А) Жаз мезгілі келгенде

В) Ең жақын адамы көңілденгенде

С) Сабақ тез аяқталғанда

Д)Жолдастарымен жүздескенде

Коммуникацияға арналған сұрақтар.

5. Автордың пікірінше бақытты болу деген не ?

А) дауысты есту

В көшеде қыдыру

С) өзгені қуанту

Д көңілді болу

Д критерийі. Жазылым

Оқушылар 5 жолдық өлең жазады.

Топтарға берілетін өлең тақырыптары:

1- топ : Көрікті жерлер

2- топ : Жыл мезгілдері

3- топ : Саяхат

Өлең құрылысы:

1-жол: тақырып

2- жол: тақырыпқы байланысты 2 сын есім

3- жол: тақырыпқа байланысты 3 етістік

4- жол: тақырыпқа көзқарасты білдіретін 4 сөзден тұратын сөйлем

5- жол: тақырыптың синонимі.


4) ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЖАУАПТАРЫ:

А критерийі бойынша
дұрыс жауап үлгісі :

  1. Тақырыптың ашылуы.

  2. Сурет бойынша әңгімелеудің толықтығы

3. Коммуникативтілігі

В критерийі бойынша

дұрыс жауап үлгісі:

Тыңдалым арқылы мәінді түсінуі және клоуз тесті дұрыс орындауы

1. Тестің барлық сұрақтарына жауап беру

С критерийі бойынша

дұрыс жауап үлгісі:

1- сұрақ

  1. Мәтіннің негізгі идеясы не ?

А) Бақыт сезімі

2- сұрақ

2. Анасын қалай қуантқысы келді?

Д) Сыйлық беру арқылы

3- сұрақ

Мәтіннің құрылымына арналған сұрқтар

Соңғы сөйлемдегі «осыны» сөзі нені білдіреді?

А) Бақытты болуды

4- сұрақ

«Өзімді бақытты санадым» сөйлемін мәтінде қай жерге қоюға болады?

В) Ең жақын адамы көңілденгенде

5- сұрақ

Коммуникацияға арналған сұрақтар.

Автордың пікірінше бақытты болу деген не ?

С) өзгені қуанту

Д критерийі бойынша

дұрыс жауап үлгісі:

  1. Табиғат

  2. Аялы, әсем

  3. Сағынтады, сүйсінтеді, елжіретеді

  4. Бар тіршілік табиғаттан нәрленеді

  5. Тал бесік


5) КРИТЕРИЙЛЕР:




Критерийлер

Ең жоғарғы балл

А

Монологтік сөйлеу дағдыларын біледі, өз ойын жеткізе алады. Белгілі тақырып бойынша сөйлеуге қажетті лексиканы біледі, қарым-қатынас жасай алады. Мәтіндегі негізгі ойды біледі, өзіндік ой- пікір айта алады.

6

В

Тыңдаған материалдың мазмұнын біледі, мәтін мазмұнына және құрылымына байланысты тапсырмалар орындай алады. Аудио- бейне және ақпарат құралдары арқылы тыңдалған мәтіндердегі ойды біледі, өзіндік ой- пікір айта алады.

6

С

Грамматикалық нормаларды біледі. Сауатты жазады. Сөйлемді мағыналы етіп құрастыра алады. Тілдік көркемдеу құралдарын (синонимдер, ауыспалы мағына, мақал- мәтелдер, тұрақты тіркестер, теңеу, эпитет) біледі, оларды жазылымда қолдана алады. Стиль түрлерін біледі, түрлі стильде (хат, эссе, сұхбат) жазба жұмыстарын орындай алады

6

D


Оқыған мәтіннің мазмұнын біледі, мазмұндап айта алады. түсінеді, негізгі ойды ажыратады. Мәтіндегі негізгі ойды біледі, өзіндік ой- пікір айта алады. Мәтін бойынша коммуникацияға негізделген тапсырмаларды орындай алады, өз көзқарасын білдіре алады, тұжырым жасай алады.

6


5) КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ШКАЛАСЫ (рубрикаторлар мен дескрипторлар).

Критерийлері

балдар

Дескрипторлар

А (МАХ)

6

Тақырып толық ашылған. Сурет бойынша әңгімелеу толық. Мәнерлеп оқудың шеберлігі жақсы. Коммуникативтілігі жақсы

5

Тақырып толық ашылған. Сурет бойынша әңгімелеу толық. Мәнерлеп оқудың шеберлігі жақсы. Коммуникативтілігі жеткіліксіз.

4

Тақырып ашылған. Сурет бойынша әңгімелеу толық. Мәнерлеп оқудың шеберлігі орташа. Коммуникативтілігі жеткіліксіз.

3

Тақырып толық ашылған жоқ. Сурет бойынша әңгімелеу толық емес. Мәнерлеп оқудың шеберлігі орташа. Коммуникативтілігі жеткіліксіз.

2

Тақырып толық ашылған жоқ Сурет бойынша әңгімелеу толық емес. Мәнерлеп оқудың шеберлігі жеткіліксіз. Коммуникативтілігі төмен.

1

Тақырып мүлде ашылған жоқ. Сурет бойынша әңгімелеу толық емес. Мәнерлеп оқудың шеберлігі жеткіліксіз. Коммуникативтілігі төмен

В ( мак)

6

Барлық тапсырма орындалған

5

Тапсырмада 1 қателік бар

4

Тапсырмада 2 қателік бар

3

Тапсырмада 3 қателік бар

2

Тапсырмада 4 қателік бар

1

Тапсырмада 5 қателік бар

С (мак 6)


6

Мәтінің мазмұнын түсінген, құрылымын ажырата алады. Өзіндік ой- пікір қорытындылайды.

5

Мәтінің мазмұнын түсінген, құрылымын ажырата алады. Өзіндік ой- пікірі нақты емес.

4

Мәтінің мазмұнын түсінген, құрылымын ажырата алады. Өзіндік ой- пікір қорытындылауда кемшіліктер бар.

3

Мәтінің мазмұнын түсінген, құрылымын ажырата алады. Өзіндік ой- пікір қорытындылай алмайды.

2

Мәтінің мазмұнын толық түсінбеген, құрылымын толық ажырата алмады. Өзіндік ой- пікір қорытындылай алмайды.

1

Мәтінің мазмұнын қ түсінбеген, құрылымын ажырата алмайды. Өзіндік ой- пікір қорытындылай алмайды.

Д (мак 6)

6

Тақырыпты аша білген.Сөздік қоры мол. Өлеңді ережеге сай жазған




5

Тақырыпты аша білген.Сөздік қоры жақсы Өлеңді ережеге сай жазған




4

Тақырыпты аша білген.Сөздік қоры жеткіліксіз. Өлеңді ережеге сай жазған




3

Тақырыпты аша білген.Сөздік қоры аз. Өлеңді ережеге сай жазған.




2

Тақырыпты аша білген.Сөздік қоры аз. Өлеңді ережеге сай жазбаған.




1

Тақырыпты аша білмеген. Сөздік қоры аз. Ережеге сай жазылмаған


6) ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ:

Критерийлер бойынша ұпайлары

Ұпайлар жиынтығы

Баға

А

В

С

D







6

5

5

6

22

5

5

4

4

5

18

4

4

4

4

4

16

3

3

3

2

3

11

2




















7) БАЛДЫ МЕКТЕП БАҒАСЫНА АУДАРУ:

Алған ұпайлар жиынтығы

Баға

90-100 ℅ 22-24

«5»

75 - 89% 18-21

«4»

50-74 % 12-17

«3»

0-49 % 0-11

«2»

Похожие:

1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Ерниязова Жупат Ораловна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі. 7 сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Сулайманов Динмухаммед Давидкулович 2 мектеп, сынып, ПӘН
...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Жамиева Алия Касымхановна 2 мектеп, сынып, ПӘН
Мектеп, сынып, ПӘН: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 8-сыныбы, физика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Нысанбаева Толеугайша Гайдашевна. 2 Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі» Семей қаласы. 7 класс, математика
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН icon1 МҰҒалімнің аты жөНІ: Сулейменова Алуа Берікқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН: «Назарбаев Интелектуалды мектебі»
Тапсырманың мазмұны : «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН iconМектеп директорларына!!!
Тізім қағаз және электр нұсқада (флешка) тапсырлады. Сонымен қатар қала сыртындағы лагерлерге оқушыларды жіберуге жауапты мұғалімнің...
1 МҰҒалімнің аты-жөНІ: Барманбекова Күлсім Мұхамеджанқызы 2 мектеп, сынып, ПӘН iconМұғалімнің аты-жөні

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница