Ақпарат Автомобиль көлігі саласында




Скачать 87.47 Kb.
НазваниеАқпарат Автомобиль көлігі саласында
Дата конвертации10.07.2014
Размер87.47 Kb.
ТипДокументы
«ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ 2008 жылдың 10 айына арналған жұмыс нәтижелері туралы

ақпарат
Автомобиль көлігі саласында

Жақсы жолдар – қауіпсіз жол қозғалысының кепілі.

Автомобиль жолдары әрбір дамыған мемлекеттің экономикасын анықтайтын инфрақұрылымның элементі болып табылады. Аумағы үлкен біздің облысымызда темір жол көлігі мен су көлігін пайдалану шектеулі болғандықтан, автомобиль жолдарының маңызы ерекше.

Облыста 11829 шақырымды құрайтын Республикадағы ең ұзын жалпы қолданыстағы автомобиль жолдары бар, соның ішінде республикалық маңызы бар – 3420 шақырым, облыстық маңызы бар – 1971 шақырым, аудандық маңызы бар – 6438 шақырым. ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңарту және жөндеу бағдарламаларының әкімшісі болып табылады.

2007 жылы облыстың жергілікті маңыздағы автожолдарын салу және жөндеу бойынша 1506 млн. теңге соммаға жұмыстар орындалды. 2008 жылы аталған жұмыс түрлеріне 3387 млн. теңге бөлінді, яғни 2008 жылы қарастырылған қаражат 2007 жылы бөлінген қаражаттан 225% жоғары.

2007 жылы жергілікті маңызы бар жолдарда жөндеудің барлық түрлерімен 337 шақырым жөнделді. Ағымдағы жылы 456 шақырым жөнделеді, соның ішінде қайта жаңарту – 1 шақырым, күрделі жөндеу – 87 шақырым, орташа жөндеу – 173 шақырым, бағыттық әдіспен жөндеу - 195 шақырым, яғни былтырғы жылға қарағанда өсу 135% жоғары.

2008 жылы республикалық бюджеттен нысаналы трансфертпен жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу үшін 1799 млн. теңге бөлінді, олардың ішінде құрылыс – 709 млн. теңге, күрделі жөндеу – 1090 млн. теңге. 10 айдың қорытындысы бойынша жоспарланған 1734 млн. теңгеден 1696 млн. теңге игерілді, бұл 98 % құрайды.

«Дмитриевка-Вавилоновка-Шемонаиха» 95-97, 103-111 шақырым учаскесі, «Аққойын аулына кіре беріс жол-көмір қимасы» 22-27 шақырым учаскесі автомобиль жолдарын күрделі жөндеу аяқталды..

«Риддер қаласының айналма жолы» автожолының құрылысы , «Көкпекті - Самар» (0-91 шақырым) және «Шемонаиха-Секисовка» (0-27 шақырым) автожолдарын күрделі жөндеу, «Өскемен-Тарғын-Самар» (111-113 шақырым) «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка» (5-23 шақырым), «Үлкен Нарын-Күршім», (28-38шақырым), «Семей-Курчатов» (107-120 шақырым), «Семей-Қарауыл» (16-26, 60-70 шақырым) автожолдарын күрделі жөндеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Сондай-ақ ағымдағы жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен жол саласына 328,6 млн. теңге жіберілді. Бүгінгі күні 323,5 млн. теңге игерілді, бұл жоспарланған 326 млн. теңгенің 99% құрайды.

Зайсан қаласындағы Жеменей өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды, «Бобровка-«Нұр Тау» шаңғы базасы» автожолының 5-7 шақырымы күрделі жөндеуден өтті, «Семей-Курчатов» 43-44, 78-83 шақырым «Сөгүр-Белое» 3-27 шақырым автожолдары орташа жөндеуден өтті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, облыста туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы «Сібе көлдері» демалыс базасына кіре беріс жол», «Аюда» базасына кіре беріс жол» автожолдарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Сонымен қатар «Бәйтерек» балалар сауықтыру кешеніне кіре беріс жол» автожолының құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қалалар мен аудандар бюджетінен 2008 жылы жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге 1271,6 млн. теңге бөлінді, олардың 28 млн. теңгесі қайта жаңартуға, 153 млн. теңгесі күрделі жөндеуге, 638,6 млн. теңге орташа жөндеуге және 452 млн. теңге ағымдағы жөндеу мен күтуге жіберілді. 10 айдың қортындысы бойынша аталған қаражаттан 1157 млн. теңге игерілді.

«Новобаженово ауылына кіре беріс жол» автожолын қайта жаңарту бойынша жұмыстар орындалды, Аягозка өзені арқылы өтетін көпір күрделі жөндеу түрімен жөнделуде, учаскелік орташа жөндеу түрімен жалпы ұзындығы 139 шақырым «Дмитриевка-Вавилоновка-Шемонаиха», «Ақсуат – Бакей – Қарасу – Ақжар - Омск - Майқапшағай», «Күршім-Қалжыр», «Семей-Қарауыл», «Аягөз-Қарауыл-Қайнар», «Семей-Башкуль-Сосновка-Қоянбай», «Жаңа Үлгі-Жамбыл-Берел», «Солоновка-Жаңа Поляковка-Ульяновка», «Жаңа Хайрузовка-Парамоновка», «Мемжол-Мариногорка», «Мемжол-Ұзынбұлақ», «Васильевка-Бозанбай», «Шемонаиха-Үлкен өзен», «Өскемен-Таврия-Семей», «Алтайка-Чапаево», Бөрілі, Кеңсай, Біржан, Сарытерек ауылына кіре беріс жолдар жөнделуде.

Ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары басымды деп анықталған жолдарға сәйкес жүргізілді, яғни бірінші кезекте облыс орталығы Өскемен қаласын аудан орталықтарымен және бұрынғы аудан орталықтарымен байланыстыратын жолдар жөнделді.

Сонымен қатар облыста қалаішілік жолдарды жөндеуге және абаттандыруға ерекше назар аударыла бастады. Ағымдағы жылы аталған мақсаттарға қалалар мен аудандар бюджетінен 1626,6 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні барлық нысандарда құрылыс-жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде, 10 айдың қортындысы бойынша бюджеттік қаражатты игеру 99% құрады. Жылдың соңына дейін барлық бөлінген қаражат толық көлемде игеріледі.

Орта мерзімдік жоспарға сәйкес 2009 жылы жергілікті маңызы бар жолдардың құрылысы мен жөндеуге республикалық бюджеттен трансфертпен 2842 млн. теңге жіберу жоспарланып отыр.

Аталған қаражат «Шемонаиха-Секисовка», «Өскемен-Тарғын-Самар», «Семей-Долонь-Үлкен Владимировка», «Үлкен Нарын-Күршім», «Семей-Курчатов», «Семей-Қарауыл» және «Риддер қаласының айналма жолы» автожолдарын күрделі жөндеуді жалғастыруға жіберіледі. Күршім ауданындағы Қара Қаба өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы, Самар тас жолы тұстамасындағы темір жол арқылы өтетін жол өткелінің, сонымен қатар Аягөз ауданының «Шынқожа-Мыңбұлақ-Ақшауле» автожолдарын қайта жаңартуды бастау жоспарлануда.

Сонымен қатар «Автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2009 жылы облыстық бюджеттен жол саласына 645 млн. теңге жіберу жоспарланып отыр. Аталған қаражатқа «Семей-Курчатов», «Семей-Талица», «Жаңғызтөбе-Жарық», «Бородулиха-Жезкент» автожолдары учаскелерін күрделі жөндеу, «Өскемен-Тарғын-Самар», «Ақмарал ауылыныа кіре беріс жол», «Омск-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра-Омск-Майқапшағай» автожолдары учаскелерін орташа жөндеу басталмақ. Сондай-ақ «Өскемен-Тарғын-Самар», «Шар-Әуезов», «Күршім-Қалжыр» автожолдарын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.

Жоғарыда аталған нысандар Шығыс Қазақстан облысының инфрақұрылымын дамытудағы басымды бағыттарының бірі болып табылады. Оларды іске асыру Шығыс Қазақстан облысының жергілікті жолдар желісінің жағдайын жақсартуға септігін тигізеді, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігінің дәрежесін біршама көтереді.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, жөндеу және күту мәселесі ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасыының үнемі бақылауында.

Автомобиль көлігі саласында

2008 жылдың 9 айында 770165,4 мың жолаушы тасымалданды, 2007 жылғы кезеңге ұқсас 102,5% құрады, жолаушы айналымы 6921,5 млн. жолаушы-шақырымын құрады. Бұл 2007 жылғы кезеңге қарағанда 2,6 % жоғары.

Облыс халқына сапалы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстың тұрақты қалалық, қалааралық және ауданішілік бағыттарына 4 конкурс өткізілді. 4 ауданішілік бағыт бойынша тұрақты қатынас ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ауданішілік бағыттар бойынша конкурсқа 68 ауданішілік бағыт қойылды, бірақ тек 4 ғана сұранысқа ие болды: «Зайсан-Майқапшағай», «Ақсуат-Қызылкесек», «Ақсуат-Көкжыра», «Глубокое-Саяжайлар». Шығындары көп болғандықтан, сонымен қатар аудан әкімдіктерінің потенциалды тасымалдаушылармен түсінік беру жұмысын жүргізу және субсидия бөлу мен белгілеу бойынша дайындық жұмыстарының нашар жүргізілуіне байланысты 64 бағыт сұранысқа ие болмай қалды. Жарма және Бесқарғай аудандарынан бағытттар ашу бойынша ұсыныстар түскен жоқ.

5 облысішілік бағыт бойынша қатынастар ұйымдастырылды: «Өскемен-Уварово», «Өскемен-Алмасай», «Шемонаиха-Семей», «Шемонаиха-Өскемен», «Семей-Бахты».

Облыс орталығының қалалық бағыттарына конкурстар өткізілді. Глубокое кентіндегі кентішілік автобус бағыты қозғалысы қайта басталды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен қоғамдық көлік тасымалдаушыларының шығындарына өтемақы төлеу үшін инфляция дәрежесін тежеу мақсатында:

  • Өскемен қаласына – 119 млн. теңге;

  • Зырян қаласы- 4 млн. теңге;

  • Риддер қаласы- 7 млн теңге бөлінді.

Осы мақсатқа Өскемен қаласының бюджетінен 20 млн. теңге, Риддер қаласының бюджетінен- 4 млн. теңге бөлінді.

Өскемен қаласы бюджетінен азаматтардың жеке санаттарына жеңілдікпен жол жүруге берген тасымалдаушылардың шығынын өтеу үшін Өскемен қаласы бюджетінен 80 млн. теңге, Семей қаласы бюджетінен – 59,074 млн. теңге бөлінді.

Қараша айында өткізілген қоғамдық көліктегі тұрақты қозғалыс мониторингі нәтижесі бойынша бағыттарға қызмет көрсету құқығына шарттарды бұзу бойынша «Ульба-Транспорт» (Өскемен қаласы, № 212 бағыт), «Азия Combi» ЖШС «Семавтопарк» ЖШС және «Комплекс-2» ЖШС (Семей қаласы) хабарламалар жіберілді.

Семей және Өскемен қалаларының бағыттық желісін зерттеу және оңтайландыру үшін Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ «Көлік және логистика» кафедрасымен бірлесіп 15 774 381,4 соммаға қажетті қаражат сметасын әзірледі. Аталған қаражаттың бөлінуіне бюджеттік өтінім жіберілді. Ағымдағы жылдың ІV тоқсанында ауданішілік бағыттарға кезекті конкурс өткізу жоспарланып отыр. Аудан әкімдіктеріне ұйымдастырылмаған тасымалдаушыларды конкурсқа қатыстыру және жаңа бағыттарды ұйымдастыру үшін әлеуметтік-маңызды бағыттарға қажетті дотация белгілеу жонінде хаттар жолданды.

Сондай-ақ облысішілік жолаушы тасымалын ұйымдастыру және дамыту мақсатында бөлім мынадай міндеттерді орындауды жоспарлап отыр:

- аудан әкімдіктерімен бірлесіп шалғай елді мекендерді тұрақты көлік қатынасымен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру, бұл сәйкес бюджетттерден дотация бөлуді қажет етеді;

- такси режиміндегі тасымалдауларды заңнамаға сәйкес келтіру, оған қала және аудан әкімдіктерінің, сонымен қатар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі – ШҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының көмегі қажет.

Темір жол көлігі саласында

Аймақтың транзиттік потенциалын іске асыру үшін 2005 жылы тамызда басталған «Шар станциясы-Өскемен қаласы» темір жолының құрылысы аяқталды. Аталған жолды пайдалануға беру 2008 жылдың қарашасына жоспарланып отыр.

Аймақтың транзиттік потенциалын іске асыру үшін 2005 жылдың тамызында басталған, ұзындығы 152 шақырым «Шар стансасы-Өскемен» темір жолының құрылысы аяқталды.

Аталған теміржолды қолданысқа беру ірі Кенді Алтай өндірістік аймағын (Өскемен, Риддер, Зырян) Шар стансасы аймағындағы «Түрксіб» транзиттік магистралімен жалғастыруға мүмкіндік береді және Ресей аймағына кірмей, өз темір жол желісі арқылы Шығыс Қазақстаннан Республикамыздың басқа аймақтарына шығуды қамтамасыз етеді және «Ақсу-Дегелен» учаскесінің табиғи жалғасы болып табылады.

Облыста темір жол көлігімен ауданаралық темір жол қатынасы анықталды: «Защита-Зырян», «Защита-Лениногор», «Защита-Серебрянск».

Жыл сайын әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушы тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығыны ҚР заңнамасына сәйкес бюджеттік қаражат есебінен субсидияланады.

Ағымдағы жылы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен 110,4 млн. теңге соммаға «Шығыс Жолсерік» КМК «Защита-Лениногор» және «Защита-Серебрянск» бағыттары бойынша және 56,7 млн. теңге соммаға «Компания Жолаушылар Транс» ЖШС «Защита-Зырян» бағыты бойынша ауданаралық қатынастар жөніндегі жолаушы тасымалын ұйымдастыру шарттарына қол қойылды.

«Защита-Зырян» поезында плацкарт вагонында жол жүру құны 300-654 теңгені, жалпы вагонда километражға байланысты 200-380 теңгені, «Защита-Лениногор» поезында 20-180 теңгені құрайды.

2008 жылдың 9 айында ауданаралық қатынастар бойынша темір жол көлігімен 99817 жолаушы тасымалданды, 98,4 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Ағымдағы жылы «Шығыс Жолсерік» КМК теңгеріміндегі 3 жолаушы вагонына күрделі жөндеу жүргізілді, ол үшін облыс бюджетінен 30 млн. теңге бөлінді.

Әуе көлігі саласында

Басқармамен 2008 жылы «Scat» авиакомпаниясымен «Өскемен-Семей-Аягөз-Үржар-Өскемен», «Өскемен-Күршім», «Өскемен-Катонқарағай» және «Өскемен-Зайсан» бюджеттік бағдарламалар паспортына сәйкес ішкі авиажелілер бойынша жолаушы тасымалына шарт жасалды. 4 тамыздан бастап «Өскемен-Семей-Үржар» авиарейсі ашылды. Рейс Ан -24 ұшағымен орындалуда.

Аталған бағыттарда жол жүру құны 3000-6000 мың теңге.

Жолаушы ағынының аздығына байланысты тамыз айынан бастап «Өскемен-Семей-Аягөз», қыркүйек айынан бастап паром өткелі жабылғанға дейін «Өскемен-Күршім» авиарейстері жабылды.

Ағымдағы жылдың 9 айында ішкі авиажелілер бойынша 3600 жолаушы тасымалданды, 119 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Су көлігі саласында

Облыста Шығыс Қазақстан және Семей су жолдары Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындарымен қызмет көрсетілетін Боран кентінен Майск кентіне дейін 1083 шақырым су жолдары бар.

Жыл сайын Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тереңдету жұмыстары жүргізіледі. 2008 жылы 485 мың м3 көлемінде республикалық бюджеттен 198075 мың теңге сомма республикалық бюджет қаражатын игеру арқылы тереңдету жұмыстары орындалды.

2009 жылы Өскемен су жолдары кәсіпорны 70 мың м3 көлемінде тереңдету жұмыстарын, Семей су жолдары кәсіпорны 415 м3 көлемінде тереңдету жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

2009 жылы қаражат бөлінуіне қарай, Аягөз және Шемонаиха қалалары темір жол бекеттерінің ғимраттарын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. ЖСҚ сәйкес жұмыстардың құны 81,3 млн. теңгені құрайды.

Халықтың әсіресе жаз кезеңінде саяжай массивтеріне темір жол көлігіне сұранысын қанағаттандыру мақсатында, «Шығыс Жолсерік» КМК теңгеріміндегі 4 жолаушы вагонына күрделі жөндеу қажет. Жұмыс құны 63 млн. теңгені құрайды.
ШҚО жолаушы көлігі және

автомобиль жолдары басқармасы

бастығының м.а. Д. Көшербаев

Похожие:

Ақпарат Автомобиль көлігі саласында icon52 шығарылым «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль және қалалық электр көлігі; Теңіз және өзен көлігі» бөлімдері Астана 2010 Кіріспе
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (бтба) 52 шығарылымы: «Теміржол көлігі және метрополитен; Автомобиль...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconКатонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша ақпарат Автомобиль жолдары
Катонқарағай ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылдың 1 тоқсанына жұмыс қорытындылары бойынша...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconАудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconАудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconАҚпарат «Әлеуметтік жобалар»
Бағдарламаның бюджеттік бағдарламалар әкімшісі болып ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconКатонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары туралы Ақпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Катонқарағай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылғы жұмыстары...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconКөліктің негізгі экономикалық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының көлігі
Республикасының көлігі – сол аумақта тіркелген темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен,...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Ақпарат Автомобиль көлігі саласында iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №767 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 8 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница