Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша




НазваниеАудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша
страница1/6
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6
Аудан әкімінің

«_____»____________2011 ж.

_____ қаулысына № 1 қосымша

2011 – 2015 жылдарға арналған
КАТОНҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫН-ҮЙ, КОММУНАЛДЫ
ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ
ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

Үлкен Нарын ауылы

2011 жыл

МАЗМҰНЫ


Бөлімнің




Бөлімнің атауы

бет

I.

Кіріспе


3

II.

Саладағы қазіргі жағдайдың талдауы


3




Жылумен қамтамасыз ету


3




Сумен қамтамасыз ету


4




Газбен қамтамасыз ету


4




Тұрғын үй қоры


4




Елді-мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және көркейту


5




Автомобиль жолдары


5




Автомобиль көлігі


7

III.

Стратегиялық жоспарының мақсаттары


7

IV.

Бөлімнің функциональды міндеттері

15

V.

Мүмкіндігі бар қауіп-қатерлер


15

VI.

Нормативтік-құқықтық актілер


16


І.Кіріспе
Міндеті:

- ауданның энергетика және тұрғын- үй коммуналдық саласының кәсіпорындарының қызметін үйлестіруге;

- тұрғындарды қажетті мөлшерде және жоғары сапада тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге;

- аудан тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін қолайлы жағдай жасауға;

- ауылдық елді мекендердің аумағында жасыл көшеттердің сақталуын қамтамасыз етуге;

- инженерлік инфроқұрылымның техникалық жағдайын нормативті талаптарға сәйкес дәрежеге жеткізу;

- Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Пайымдау:

- қолдануға берілген объектілердің тіршілігін қамтамасыз ету және қолда бар тұрғын- үй қорын ұстау, сондай - ақ ондағы өмір сүрудің қауіпсіз және жайлы жағдайын жасау.

- тұрғындарды қажетті мөлшерде және жоғары сапада ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін құру және жүзеге асыру.

- ауданда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

-ауданның барлық тұрғындарын әлемдік қауіпсіздік стандарттарына сай жоғары сапалы тасымал қызметімен қамтамасыз ету.

ІІ. Саланың қазіргі замандағы талдауы
Жылумен қамтамасыз ету

Жыл сайын ауданның тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін қысқы жағдайға дайндау кезеңінде қызметтердің үлкен көлемі жүзеге асырылады, бұл жылумен қамту жұмыстарын дер кезінде бастауға және жылыту маусымын қиындықтарсыз өткізуге мүмкіндік береді. № 1 Медбірлестіктің ішкі жылыту желісінде 5 млн теңгеге жөндеу жұмыстары өткізілді. Профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Нарын» МКК жылыту қазандығында 5 қазан ауыстырылды.

2010-2011 жылдары жылумен қамту маусымына дайындау барысында 53- жылу қазандығы, 0,25 км жылу желілері жөнделіп іске қосылды.

Жылумен қамту маусымы басында ауданның барлық жылумен қамту көздері нормалық отын қорымен, яғни көлемі 14 000 тонна тас көмірмен қамтамасыз етілді, соның ішінде бюджеттік мекемелер үшін - 2588 тонна.

Ағымдағы жылы Катонқарағай ауданының аумағында 53 жылу қазандығы жұмыс істеп тұр, соның ішінде қатты отынмен жылытатындары-14. Барлығына бірыңғай отынмен жабдықтаушы белгіленген бюджеттік жылу қазандықтары 2010 жылдың 1 қазанына дейін 2588 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Бір тонна бюджеттік көмірдің бағасы орташа алғанда 6271 теңгені құрайды. Бюджеттік саладағы 39 объекті электрлі жылытуды қолданады. Электрлі жылытуға көшу экономикалық және экологиялық тұрғыда негізделген.

Аудан аумағында жылумен қамту қызметін, балансында 6 жылу қазандығы бар, «Нарын» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны көрсетеді.

«Нарын» МКК теңгеріміндегі жылу жүйелерінің тозуы 80% құрайды. Инженерлік желілер 25-30 жылдар бойы күрделі жөндеу жұмыстарынсыз қолданылып келеді. Жылумен қамтамасыз ету желілерін қалыпты жағдайда пайдалану үшін оған қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу қажет.

Үлкен Нарын ауылындағы Лицей қазандығы экологиялық талаптарға сәйкес келмейді, жылу қазандықтары тиісті бөлмеде орналаспағандықтан аталған қазандықты жауып, лицей ғимаратымен тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосу қажет. Сонымен қатар тұрғындардаң көп пәтерлі тұрғын үйлерді орталық жылумен қамтамасыздандыру үшін өтінімдері түсуде. Орталық қазандықтардың ұлғаю жобасының қуаты мен жылыту желісін қайта жасау байланысы қажет.

2010 жылы «Нарын» МКК жарғылық капиталын ұлғайтуға 21566 мың теңге бөлінді.

Сумен қамтамасыз ету

Аудан аумағында 51 елді мекен бар, оның 25 елді мекені орталықтан сумен қамтылған. Орталықтан сумен қамтамасыз ету 28319 адамды немесе 75% қамтиды.

Сонымен қатар 10212 адам немесе жалпы тұрғындардың 26,5% аула құбырларынан және сыртқы көздерден сумен қамтылған, ал тұрғындардың 1% немесе 211 адам тасып әкелінетін суды қолданады.
Аудан әкімдігінің жерасты су қорын бекітудің жоқ болуынан, суқұбырын күрделі жөндеу жобалық сметалық құжаттамасын қайта жасау мүмкіндігі туындамайды.

Аудан тұрғындарын сумен қамту шешімдері 2003-2010 жылдардағы аймақтық «Ауыз су» бағдарламасында көрсетілген. Бағдарламаның 7 жылдық әрекет ету мерзімінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілген, бұған бюджеттен 142 млн. 931 теңге бөлінген. 16 елді мекенде су құбырларының құрылыстары мен желілері күрделі жөндеуден өткізілді. 14,764 км желі қалпына келтіріліп, 15,8 мың адамды сумен қамту жағдайы жақсартылды.

2003 жылан бастап тұрғындарды орталықтан сумен қамту 27,3% өсті, бүгінде ол 75% құрайды.

Газбен қамтамасыз ету

Ауданда 51 елді мекенге ауылдық Әкімдермен келісілген кесте бойынша жұмыс істейтін 17 газ баллон ауыстыру көздері бар.
Тұрғын-үй қоры

Көлемі 24,9 мың м² көппәтерлі тұрғын үйлердің саны 43, олардағы пәтер саны 548 құрайды. Жалпы көлемі 21,7 мың м² құрайтын 28 үй күрделі жөндеуге жатады. Тұрғын ғимараттарындағы тұрғын және тұруға арналмаған жайларды жекешелендіруден кейін мемлекет тұрғын үй-коммуналдық саласын демеу принціпінен бас тартты. Қызметін шығынмен жүзеге асыратын аз нәтижелі тұрғын- үй коммуналдық мекемелерін негізінен жаңа меншік иелерінің тұтынушы кооперативтеріне ауыстыру көзделді. Ауданда құрылған 4 жеке меншік пәтерлер кооперативтері өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындай алмай және одан әрі дамуын тоқтатты. Бұндай жағдайда тұрғындар үйлерін ұстауға және жөндеуге төлеген жоқ, соған байланысты өткен жүз жылдықтың 60 және 70 жылдарда салынған үйлер тозып, қазіргі кезде олардың көбі авариялық жағдайда тұр. Сонымен қатар, 90 жылдары сумен және жылумен қамту уақ-уақ тоқтатқаннан кейін көппәтерлі үйлердегі пәтерлердің көп бөлігін иелері босатты немесе қандайда құжаттарды рәсімдеместен арзан бағаға сатты. Қозғалмайтын мүлікті жария ету арқасында, бүгінде кондоминимум рәсімдеуге мүмкіндік бар. Аудан орталығында осындай 6 кондоминимум рәсімделген.

Үлкен Нарын ауылында тазартылған кәріз желісі құрлыстардың жоқ болуы. Көппәтерлі үйлердің сұйық қалдықтары жинақтаушылардан ассенизациялық машиналар мен шығарылады, бұл жинақтаушылар тұрғын үйлерде өте жақын қашықтықта орналасқан, сонымен қатар кәріз жүйесіде аппаттық жағдайда. Жоғары аталғандардың барлығы адамдардың жарақаттануы мен опат болуына жағдай туғызады.


Елді мекендердің санитарлық жағдайын көркейту

және жақсарту

Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында ауданда соңғы жылдары елді мекендерді көркейту бойынша жұмыс жүргізілді, 2010 жылы жергілікті бюджеттен 10 млн. 891 мың теңге, соның ішінде елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға 3 млн. 548 мың теңге және көріктендіруге 7 млн. 343 мың теңге бөлінді және игерілді.

2010 жылы елді мекендер аумағында көркейту бойынша «Ауданның ең жақсы елді мекені» номинациясымен конкурс өткізілді, жеңгендерге бюджеттен 100,0 мың теңге бөлінді.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру барысында аудан аумағында 11251 түп түрлі көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, ауданда 40 адамнан тұратын «Жастар күзеті» жұмыс істейді. Аудандағы мемлекеттік паркті көгалдандыруға 2010 жылы бюджеттен 1788,0 мың теңге бөлінді және игерілді.
Тұрғын-үй, коммуналды шаруашылық

Аудан орталығының тұрғындары мен мекмелерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін жылу желілерінің қайта жаңартуы мен жылу қазандығының құрлысын жүргізу қажет, аталған жұмыстардың бағасы шамамен – 170,0 млн теңге. Бұл нысандардың тозу дәрежесі 60-80% құрайды. Жалпы инженерлік желілер 25-30 жылдар бойы күрделі жөндеусіз және қайта жаңартусыз пайдаланылып келеді.

Көппәтерлі үйлердің сұйық қалдықтары шұңқырларға жинақталып арнайы машиналармен шығарылады, тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы ыдырағаннан кезден бастап жөндеу сұйық қалдықтарды жинақтаушы шұнқырлар тазартылмаған және жөндеу жүргізілмеген, сонымен қатар сұйық қалдықтарды жинақтаушы шұңқырлар және де оларға апаратын кәріз жүйесі аппаттық жағдайда. Жоғары аталғандардың барлығы адамдардың жарақаттануы мен опат болуына жағдай туғызады.

Аталған жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 192,9 млн теңге қажет. Ауданның инженерлік коммуникациясының ағымдағы жағдайына жасалған талдау коммуналдық нысандарды қажетті мөлшерде қаржыландырмау энергияны, жылуды, суды нормадан тыс жоғалтуға, құрылғылардың істен шығуына және апаттық жағдайлардың орын алуына алып келеді.

Аудан аумағында 2003-2010 жылдардағы «Ауыз су» бағдарламасының жүзеге асуын жалғастыру үшін аудан аумағында барланған ауыз су қорлары жоқ және геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге бюджеттен бөлінетін қаражат азшылық етеді.

Аудандағы көркейтудің басты бір мәселесі қатты тұрмыстық қалдықтарының орындарын ұстау болып отыр. Ауданның елді мекендерінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинақтайтын қоқыс алаңдары ұйымдастырылған, осы қоқыс алаңдарында тегістеу жүзеге асырылады. Осы мәселені шешу үшін қоқыс орнының заңдастырып, қатты тұрмыстық қалдықтармен айналысатын кәсіпорын құру қажет. Осы мәселенің шешімі аудан экологиясының санитарлық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Автомобиль жолдары

Аудандағы жолдардың ұзындығы 721,7 км, республикалық маңызы бар – 227 км, облыстық маңызы бар – 111 км, жергілікті маңызы бар – 383,7 км (соның ішінде: асфальтты жамылғы – 5 км, қара жамылғымен жабылғаны – 12,7 км, қиыршық тасты – 366 км). Жергілікті автомобиль жолдарындағы инженерлік құрылымдар саны: көпірлер - 26 дана, жалпы ұзындығы - 638 қума метр; су өткізетін құбырлар - 171 дана, жалпы ұзындығы - 1957 қума метр.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайы ауылдық округ орталықтарына дейін қанағаттандырарлық. Бірақ та ұзындығы 137 км болатын гравийлі жабылған ауылдардың кіре берісі 15 жыл мерзімде қаржылық тапшылық салдарынан жөндеу уақыты бұзылу салдарынан қанағатсыз жағдайда. Аудандық маңызы бар жолдарда жол құрастырылуы және қажетті жерлерде қоршаулар жоқ деп айтуға болады. Шағын сужүргізу құрылыстары да қанағатанарсыз жағдайда.

2009 жылы автожолдардың қысқы, жазғы ұстау және жөндеу жұмыстарын жүргізуге 82,737 млн. теңге игерілді.

Ағымдағы жылы жалпы 172,516 млн. теңге игерілген. Бағыттық жөндеуде жалпы ұзындығы 36,3 км 31,300 млн. теңге игерілді. Ағымды жөндеу және ұстау жұмыстарына 4,000 млн. теңге жұмсалды. Көпірлер мен су құбырларының ағымды жөндеуі бойынша 0,900 млн. теңге игерілді. 3,900 млн. теңгеге көшелердің ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көктемгі су тасқынының салдарын жоюға 53,960 млн. теңге бағытталып, автомобиль жолдарының 16 шақырым, 1 кіші көпір және 4 су өткізетін құбырлар қалпына келтірілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 53,397 млн. теңгені (РБ – 35,616 млн.тг., ЖБ – 17,781 млн.тг.) құрайтын инвестициялық жоба іске асырылды. Бес нысанда орташа және бағдарлық жөндеу бойынша жұмыстар атқарылды.

Аудандық бюджеттің шектелген мүмкіншіліктеріне байланысты өңірдегі туризм саласының дамуында маңызды орын алатын «Сөгір – Печи – Белое» «Жаңа Үлгі – Жамбыл – Берел» автожолдарының жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық және облыстық бюджеттерден қаражат бөлу қажет етеді. Мәселенің бірден-бір шешімі аталған автожолдарды облыстық коммуналдық меншігіне қабылдау болуы мүмкін.

Үлкен Нарын, Юбилейное, Малонарым, Майемер ауылдардағы Нарын өзені арқылы өтетін, Печи, Жаңа Үлгі, Ақ қайнар, Берел ауылдардағы Бұқтырма өзені арқылы өтетін, Ақсу ауылдағы Белая өзені арқылы өтетін, сонымен қатар кеңес шаруашылығының қаражатымен салынған және пайдалануға берілмеген Берел ауылдағы Белая Берель арқылы өтетін үлкен темір бетонды көпірлерді қаралуға қаражат бөлу қажет етеді.

Ауданда «Нарын» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылып, оның жергілікті маңызы бар автожолдардың жөндеу және ұстау жұмыстарының бір түрі болып есептеледі. Ағымдағы жылда аудандық әкімдіктің 16.08.2010 жылғы №63 қаулысымен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары шаруашылық жүргізу құқығында аудан әкімінің «Нарын» МКК-на берілді. Болашақта осы кәсіпорнды аталған жұмыс түрлері бойынша мемлекеттік сатып алу заңдылығының нормаларын қолданбастан қаржыландыруы мүмкін. Осы жағдайда «Нарын» кәсіпорны лизинг негізінде (қосымша бюджеттік қаражат бөлінбей) қажетті арнайы техника және жол-құрылыс материалдарын өндіретін жабдықты сатып алуға мүмкіндігі мен аудандық жолдарды құжаттауды толық көлемде жүргізу болады.

Автожолдарды ұстау бойынша сауатты инженерлік саясатты жүргізу, жөндеу аралық мерзімдерді сақтау, дер кезінде жол төсемнің, жасанды құрылыстардың, жол құрастырылудың жағдайын сақтау, сонымен бірге қармен күрестің енжарлық әдістерін пайдалану автожолдарды қанағатты жағдайда сақтауға мүмкіндік береді. Автожолдардың техникалық жағдайды жақсарту мәселесі орташа және күрделі жөндеу үшін облыстық және республикалық бюджеттерден қаражат бөлуімен шешілуі керек, осыған байланысты жыл сайын аудандық бюджеттен аталған жұмыс түрлері бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге қаражат қарастырылуы қажет.
Автомобиль көлігі

Көліктік қажеттіліктеріне қызмет көрсетуде автомобиль көлігінің басымдық маңызы тұрақты орын алуда.

Автожолдардың бар болуы ауданның барлық елді мекендерді жүк тасымалдаумен қамтуға мүмкіндік береді. Жүк тасымалдаумен қамтылуы «Большенарымское АТП» ЖШС-і және «Дархан АТП» ЖШС-і, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер жүзеге асырады. 2010 жылы 144,6 мың тонна көлемінде әртүрлі жүктер тасымалданған, жүк айналымы 15696,6 мың тонна/шақырымы құрады, 30 млн. 549,4 мың теңге кіріске алынды. Кәсіпорындар негізінде ауданның шаруа қожалықтарына астық және кұнбағыс мәдени дақылдарды тасымалдау, тас көмірді, тұтыну тауарларды және әртүрлі тұтынушыларға басқа да шаруашылық жүктерді жеткізу бойынша қызмет көрсетуде.

Катонқарағай ауданының әкімшілік шегінде жалпы саны 38600 мың адамдар тіршілік жасайды, 13 ауылдық округ, 54 елді мекен бар. 31 елді мекен автобустық маршруттармен қамтылған.

Жолаушылар тасымалдауларды ЖК С.Романов және ЖК Г.Заднепровский жүзеге асырады, олар облыс ішілік, аудан ішілік және ауыл ішілік маршруттарда қызмет көрсетуде. Ауданда Үлкен Нарын – Көк-Терек, Катон - Берел, Катон - Ақсу, Катон - Коробиха, Катон - Өрел, Үлкен Нарын - Ново-Поляковка 6 аудан ішілік маршруттар және Үлкен Нарын мен Катонқарағай ауылдарда екі ауыл ішілік маршруттар жұмыс істейді.

2010 жылы ауыл ішілік маршруттарға арналған демеу қаржы 1 млн. 100 мың теңге.

Ауданда жыл бойы «Өскемен – Үлкен Нарын» (ЖК Г.Заднепровский) және Солдатово ауылына кіруімен «Өскемен – Катон» (ЖК С.Романов) маршруттары жұмыс істейді.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімінің 2010 ж. № қаулысына №1 қосымша
Катонқарағай ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімдігінің 2011 жылғы наурыздағы № қаулысына 2 қосымша
«Ертіс-Орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты мемлекеттік мекемесінің ғимараты Ленин көшесі, 60 (келісім бойынша)
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша icon2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінің нәтижесі бойынша іс-шаралардың ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жүзеге асырылу барысы туралы
Аудан әкімінің есебі 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы және 2011 жылға арналған міндеттер туралы атқарушы...
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconСеменовка ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы есебі мен 2011 жылғы міндеттері
Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша 2011 жылғы 13 қаңтарда округ халықтардың алдында округтің 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының...
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconҚазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №65/122 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хабары «Нұр Отан»
Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №65/122 қаулысына қосымша
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша icon2009 жылғы 19 ақпандағы аудан әкімдігінің №20/2 қаулысымен бекітілген Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде айтылған сұрақтар мен өтініштерді орындауға арналған іс-шаралар
Аудан әкімінің ауылдық округтер және Майқайың кенті жұртшылығымен 2009 жылғы есептік кездесуінде
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша icon«Тәжен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
Келісілді бекітілді аудан әкімі аппраты басшысы Аудан әкімдігінің Ү.Әмірханова № қаулсы
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconШарбақты аудан әкімдігінің 2009 жылғы «28» қазандағы №228/8 қаулысына қосымша
Шарбақты ауданының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының болжамы (одан әрі-Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы)...
Аудан әкімінің 2011 ж. № қаулысына №1 қосымша iconАудан әкімі Ә. Мұхтархановтың өткен 2010 жылдың қорытындысы бойынша есепті баяндамасы Құрметті қауым, жерлестер!
Аудан әкімінің халық алдындағы дәстүрлі есепті кездесуіне қош келдіңіздер! Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница