Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы " "




НазваниеПавлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы " "
страница1/7
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.76 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7






Павлодар облысы әкімдігінің

2009 жылғы “____”_____________

“Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы”

№ _____ қаулысымен

бекітілді


Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп

басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


  1. Миссиясы мен көрінісі


Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы - облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Көрінісі - отандық және шетелдік тұтынушылардың сұранысына ие қазақстандық шикізаттық емес өнімнің көлемін елеулі арттырумен сипатталатын экономиканы тиімді әртараптандыру; облыс экономикасының құрылымында кәсіпкерлік сектор үлесін арттыру; бөлшек сауда кәсіпорындарын ірілендіру және соның негізінде сауда қызмет көрсетудің жаңа нысандарын жетілдіру, сауда инфрақұрылымын, логистиканы дамыту және инновациялық технологияларды қолдану есебінен ішкі сауда жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Индустриялық-инновациялық дамыту. 2008 жылы облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 714,3 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, бұл 2007 жылға қарағанда 4,0% көп. Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 1,9% өсіп, 534,1 млрд. теңгені құрады, тау-кен өнеркәсібінде – 17,2% (64,8 млрд. теңге).

2008 жылы кен өнеркәсібінің үлес салмағы облыстың өнеркәсіптік өндіріс жалпы көлемінің 9,8% құрады.

Облыстың көмір өнеркәсібін Екібастұз тас көмір кенорнында тас көмір, сондай-ақ Майкубен бассейнінде қоңыр көмір (лигнит) өндіретін кәсіпорындар ұсынады.

2008 жылы 68,1 млн. тонна тас көмірі (117,8%), 4,7 млн. тонна лигнит (108,3%) өндірілді.

Өңдеуші өнеркәсіп пайдасына құрылымдық өзгерістер болды. Оның үлесі 74,8% құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 1,6 пайыздық пунктке (73,2%) өсті.

2008 жылы өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібінде және дайын металл бұйымдарының өндірісінде көлемдердің артуы есебінен өндірістің өсуі байқалды (2007 жылға қарағанда 106,7%), олар өңдеуші өнеркәсіп өндіріс көлемінің 80,7% қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, машина және құрал-жабдықтар өндірісі – 24,6%, тоқыма және тігін өнеркәсібі – 34,5 %, химия өнеркәсібі – 2,0% артты.

Павлодар облысы кәсіпорындарының өндіріс қуаттарын арттыру, жұмыс орындарын сақтау мақсатында облыста тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуда қазақстандық үлесті арттыру жұмысы жүргізілуде.

Жергілікті тауарлар мен қызметтер үлесін талдау және мониторинг жөніндегі жұмыс тобы құрылды, іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.

Жұмыс тобының бірқатар кеңейтілген отырыстары өткізілді, соның қорытындылары бойынша өңірдің жүйе қалыптастырушы кәсіпорындары (“Қазақстан алюминийі” АҚ, “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ, “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты, “KSP Steel” ЖШС ПФ, “Кастинг” ЖШС ПФ, “Богатырь Көмір” ЖШС, “Еуроазиаттық Энергетикалық Корпорациясы” АҚ, “Павлодарэнерго” АҚ, “Екібастұз ГРЭС-2 стансасы” АҚ, “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС, “Майкубен Вест” ЖШС, “Павлодар машинажасау зауыты” АҚ, “Қазэнергиякәбіл” АҚ, “Павлодар мұнай-химия зауыты” АҚ) тауар өндірушілермен жалпы 133,8 млрд. теңге сомасына меморандумдарға қол қойды.

Сонымен қатар “ҚазақстанТемірЖолы” ҰК” АҚ, “Қазақтелеком” АҚ, “ҚазМұнайГаз” АҚ, “КЕGОC” АҚ, “Самұрық Энерго” АҚ, “Қазпочта” АҚ ұлттық компаниялары облыстың тауар өндірушілерімен 2009 жылы 14,3 млрд. теңге көлемінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізу туралы ниеттер жасады.

Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту. Облыс өнеркәсібі дамуының оң беталысына инвестициялық қызметті жандандыру ықпал етті. 2008 жылы негізгі капиталға инвестициялар облыс бойынша 140,8 млрд. теңгені құрады (2007 жылға қарағанда 100,8%).

Салалық құрылымда инвестициялардың неғұрлым көбірек көлемі өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі - 44,7%. Инвестицияларды салу жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамытуға, жоғары технологиялық және экспортқа шығаруға бағдарланған жаңа өндірістерді құруға ықпал етті.

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 471,9 млрд. теңге сомасына 44 жобаны іске асыруда, олар жаңа өндірістерді құруға, жаңғыртуға және техникалық қайта жарақтауға бағытталған.

Жалпы жобалар қатарынан (жалпы құны 275,8 млрд. теңге) 3-уі серпінді жобалар қатарына жатады бұл:

“Бастапқы алюминий өндіретін электролиз зауытының құрылысы” (2010 жылдың бірінші жартыжылдығында зауыттың 2-ші кезегі іске қосылады);

“Мембрандық әдіспен жылына қуаты 30 мың тонна хлор мен каустикалық сода өндірісін салу және ұйымдастыру” (“Каустик” АҚ, өндіріс 2010 жылы іске қосылады).

“Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысы” (жобаны аяқтау – 2013 жыл).

Ағымдағы жылдың басынан 8 жаңа өндіріс және кәсіпорынды техникалық қайта жарақтау мен жаңарту бойынша 5 жоба іске қосылды:

Павлодар мұнай-химия зауытында өнімнің сапасын арттыру үшін сутегі өндірісі қондырғысының құрылысы, Екібастұз ЖЭО қуаты 12 МВт құбырды орналастыру, “Паритет-ПВ” ЖШС-те тік тігісті болатты құбырлар өндірісі, жылына қуаты 70 млн. және 3,0 млн. дана кірпіш болатын қыш кірпіштерін өндіретін 2 зауыт, Көктөбе ауылында асфальт-бетон зауыты, метил–үш-бутил эфирі мен полипропилен өндірісі бойынша зауыт, “Қазбытхим” ЖШС базасында сұйық жуғыш құралдар өндірісі, ЖЭО-3 № 2 градирняні жаңғырту, “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауытында № 61, 62 және 25 пештерді күрделі жөндеу, “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС-те № 5 блокты күрделі жөндеу.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін 2 жаңа өндіріс және техникалық қайта жарақтау мен жаңғырту бойынша 3 жоба іске қосылады:

“Жүк лифтерін өндіру” (“Иртыш-лифт” ЖШС, инвестициялар көлемі – 1,8 млрд. теңге, іске қосу мерзімі – 2009 жылғы желтоқсан);

“Кірпіш зауытының құрылысы” (“Вершина” ЖШС, инвестициялар көлемі – 1,28 млрд. теңге, іске қосу мерзімі – 2009 жылғы желтоқсан);

“Теңіз контейнерлерін тиеу алаңдарының құрылысы” - “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты (инвестициялар көлемі – 1,2 млрд. теңге, іске қосу мерзімі – 2009 жылғы желтоқсан);

“Күл жинақтау қондырғысын қайта жаңарту” (“Екібастұз ГРЭС-2 стансасы” АҚ, инвестициялар көлемі – 3,5 млрд. теңге);

“Зауытты электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту” (“Қазақстан алюминийі” АҚ, инвестициялар көлемі – 1,2 млрд. теңге, іске қосу мерзімі – 2009 жылғы желтоқсан).

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 3 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру жұмысын жалғастыруда:

“Кальцийленген сода өндірісін ұйымдастыру” (“Қазсода” ЖШС, құрылыс мерзімі – 36 ай);

“Екібастұз қаласында “Таман” ЖШС базасында жүк вагондары зауытының құрылысы” (өндіріс 2011 жылы іске қосылады);

“KSP Steel” ЖШС базасында жылына қуаты 100 мың тонна рельс болатын рельстік-арқалық өндірісті ұйымдастыру” (жобаны іске асыру мерзімі - 2012 жыл).

Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында өз қаражаттары есебінен 2010-2012 жылдары іске қосу мерзімімен жаңғырту мен техникалық қайта жарақтау бойынша 19 инвестициялық жобаны іске асыру жалғастырылуда.

Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру. Облыста өнеркәсіп секторының кәсіпорындарындағы инновациялық үдерістерді одан әрі дамытуға құрылған инновациялық инфрақұрылым ықпал етеді, оған С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми-технологиялық паркі, Инновациялық Еуразия университетінің инновациялық орталығы, сондай-ақ облыс ірі кәсіпорындарының ғылыми-техникалық бөлімшелері (“Қазақстан алюминийі” АҚ, “Қазхром” ТҰК” АҚ филиалы - Ақсу ферроқорытпа зауыты, “Қазэнергиякәбіл” АҚ, “Ромат ФК ” ЖШС және т.б.) енеді.

Павлодар облыстық мәслихатының (ІІІ сайланған ХХІІ сессиясы) 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 103/22 шешімімен бекітілген Павлодар облысын индустриялық-инновациялық дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі - Бағдарлама) шаруашы-лық субъектілеріне халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және консультативтік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік қызметшілер мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметкерлері үшін халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша (консалтингтік ұйымдарды шақырумен) оқыту семинарлары жыл сайын өткізіледі.

Сапа менеджменті жүйесін енгізудің негізгі мақсаты ішкі және сыртқы нарықтарда отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесін әзірлеп, енгізіп отырған және сертификатталған кәсіпорындарға үнемі мониторинг жүргізіледі. 2009 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыстың 92 кәсіпорнында 123 ИСО 9001, 14001, 22000 сериялы және OHSAS 18001 сапа менеджменті жүйесі сертификатталған.

Облысты индустриялық-инновациялық дамыту саласындағы мәселелер:

өңдеуші сектор өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

негізгі қорлардың тозуы және ескірген технологияларды пайдалану;

айналым қаражатының жетпеуі;

отандық кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмен деңгейі;

халықаралық сапа стандарттарын енгізуге кәсіпкерлердің төмен қызығушылығы.

Сыртқы сауда. 2008 жылғы облыстың тауар айналымы 2874,3 млн. АҚШ долларын құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 21,5% артты, соның ішінде экспорт - 38%-ға өсіп, 1489,2 млн. АҚШ долларын құрады, импорт - 7,7%-ға өсіп, 1385,1 млн. АҚШ долларын құрады.

Облыс тауар айналымының жалпы көлеміндегі неғұрлым көп үлес салмақты алыс және жақын шетелге өнімді экспорттау алады – 51,8%, импорт көлемі 48,2% құрайды.

Сыртқы сауда географиясы. 2008 жылғы жағдай бойынша Павлодар облысы дүниежүзінің 80 астам елімен экспорттық-импорттық операцияларды, соның ішінде экспорттық операцияларды 32 елмен, импорттық операцияларды 82 елмен жүзеге асырады.

Өңірлік экспорттың көбі (75,2%) ТМД елдеріне (1120,6 млн. АҚШ доллары) тиесілі, алыс шетелге - 24,8%, 368,7 млн. АҚШ доллары сомасына тауарлар шығарылды.

Негізгі сатып алушылар: Ресей Федерациясы (72,9%), Швейцария (16,8%).

2008 жылы ТМД елдерінен 870,6 млн. АҚШ доллары сомасына тауарлар әкелінді (62,9%), алыс шетелдерден – 514,5 млн. АҚШ доллары (37,1%).

Импортталынатын тауарлардың негізгі жеткізушілері: Ресей Федерациясы (импорт жалпы көлемінің 52,6%), Қытай (14,7%), Украина (9,1%), Германия (6,6%), АҚШ, Жапония, Франция (2,4%-дан).

Сыртқы сауда құрылымы. 2008 жылғы экспорттың негізгі үлесі шикізат тауарларына тиесілі – 97,8% (2007 жылы – 97,8%), соның ішінде минералдық өнімдер – 43 % немесе 639,5 млн. АҚШ доллары (46% немесе 496,0 млн. АҚШ доллары), химия өнеркәсібінің өнімі – 33% немесе 496,4 млн. АҚШ доллары (48,7% немесе 525,5 млн. АҚШ доллары), жай металдар және солардан жасалған бұйымдар – 21,5% немесе 320,7 млн. АҚШ доллары (3,2% немесе 34,4 млн. АҚШ доллары).

Импорт құрылымындағы ең көп үлес мына тауар түрлеріне тиесілі: машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары - 656,0 млн. АҚШ доллары, металдар және содан жасалған бұйымдар - 310,1 млн. АҚШ доллары, химия және онымен байланысты өнеркәсіп салалары-ның өнімдері - 206,1 млн. АҚШ доллары, азық-түлік тауарлары - 68,1 млн. АҚШ доллары.

Берілген көрсеткіштер бүгінгі күні бар өңір экспортының шикізаттық бағытының беталысын және облыс экономикасының қайта өңдеу дәрежесі жоғары тауар импортына байланысын көрсетеді.

 Сыртқы сауда қатынастарын дамыту. Облыс экономикасын дүниежүзілік сауда жүйесіне одан әрі біріктіру мақсатында өңіраралық қатынастарды дамыту жұмысы жалғасуда.

Бүгінгі күні облыста Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерімен (Омбы, Новосібір облыстарымен, Алтай өлкесімен), сондай-ақ Беларусь Республикасының Минск облысымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени салалардағы ынтымақтастық туралы келісімдер әрекет етеді.

Облыстың инвестициялық әлеуетін іске асыру мақсатында жақын және алыс шетел мемлекеттері ресми өкілдерінің кездесулеріне жәрдемдесу сыртқы экономикалық қызметтің басқа бағыты болып табылады.

Мысалы, 2008 жылы облыста Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісінің, Бразилия Елшісінің, АҚШ Елшілігі өкілінің және Швеция Сыртқы істер министрлігі Аға кеңесшісінің кездесулері өткізілді. 2009 жылғы ақпанда Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысымен кездесу өтті.

Қонақтарға облыстың жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларымен кездесулер ұйымдастырылды, өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері өткізілді.

Ішкі сауда дамуының серпіні. Облыста бөлшек сауда айналымы көлемдерінің өсуі тұрақты сақталуда. 2008 жылы тауар айналымы 89,9 млрд. теңгені немесе 102,6 % құрады.

Сауда желісін кеңейту жалғасуда. 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың сауда желісі 3264 стационарлық дүкенмен ұсынылған. Облыс тұрғындарының сауда алаңдарымен қамтылуы республика бойынша орташа көрсеткіш -111,7 шаршы метр жағдайында бір мың адамға 180,3 шаршы метрді құрайды. 2007 жылы қамтамасыз ету 136,5 шаршы метрді құрады (32,0% артылды).

Сауда желісінің үдемелі өсуі тұрғындардың бар санымен және төлем қабілеттілігімен, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды қысқарту есебінен ірі сауда кәсіпорындарының санын арттыру себебінен шектелгенін атап өту қажет.

Ішкі нарық дамуының жағымды факторы сақталуда - дүңгіршек-тер желісін қысқарту есебінен сауда үйлері, супермаркеттер, заманауи дүкендер сияқты сауданың өркениетті нысандарының үлес салмағының артылуы.

Сауда саласындағы мәселелер:

жеткілікті дамытылмаған материалдық-техникалық база (қойма-лар, құрал-жабдықтар, сауданың жаңа технологиялары) және салаға салынатын меншікті инвестициялардың төмен көлемі;

өнімдер қауіпсіздігінің төмен деңгейі, контрафакті және бұрмаланған өнімді сату, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігіне сатушылар жауапкершілігінің жетілмеген жүйесі;

ауыл шаруашылығы өнімін сатудың өткізілім арналары мен көтерме буынының инфрақұрылымын дамытудың жетілмеген деңгейі.

Шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау. 2008 жылы шағын бизнес субъектілері 102,6 млрд. теңге сомасына (2007 жылдың деңгейіне қарағанда 101,7%) өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығарды, соның ішінде заңды тұлғалар - 54,7 млрд. теңге (102,1%), жеке кәсіпкер-лер - 37,8 млрд. теңге (110,8%), шаруа қожалықтары - 10,2 (76,7%) млрд. теңге.

2008 жылы белсенді шағын бизнес субъектілерінің саны 25280 бірлікті құрады (2007 жылдың деңгейіне қарағанда 96,9%), соның ішінде заңды тұлғалар – 2239 (102,6%), жеке кәсіпкерлер – 20201 (95,7%), шаруа қожалықтары – 2840 (101,5%).

2008 жылы шағын кәсіпкерлікпен айналысатын облыс тұрғындарының саны 76,7 мың адамды құрады (2007 жылдың деңгейіне қарағанда 97,3 %), соның ішінде заңды тұлғалар – 21,4 мың, жеке кәсіпкерлер – 46,7 мың, шаруа қожалықтары – 8,6 мың адам.

2008 жылы шағын бизнес субъектілерінен 17,9 млрд. теңге сомасына бюджетке салықтар түсті немесе 2007 жылдың деңгейіне қарағанда 104,1 %. 2008 жылы шағын бизнес көрсеткіштерінің төмендеу беталысы дүниежүзілік қаржы дағдарысының әсеріне, соның нәтижесінде екінші деңгейлі банктердің шағын бизнес субъектілері үшін қарыз беру шарттарын қатаңдатуға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығаратын тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатылымының қысқаруына байланысты байқалады.

Кәсіпкерлік саласындағы негізгі мәселелер:

өңірлерде кәсіпкерлік дамуының деңгейіндегі сәйкессіздік;

өнеркәсіп өнімінің өндірісінде шағын кәсіпкерлік субъектілері белсенділігінің төмендігі;

ауыл кәсіпкерлерінің кредиттік ресурстарға шектеулі қол жетімділігі;

кәсіпкерлер қызметі үшін әкімшілік кедергілер.
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconПавлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы «24» қыркүйектегі

Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconПавлодар облысы Ертіс ауданы әкімдігінің
«Павлодар облысы Ертіс ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconОңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі n 20/239-iv шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің...
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconШығ. №3-05/218 2009 жылғы 23 желтоқсан Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бастығы Т. С. Жақыповаға
Есеп кестесіне сәйкес Сізге 2009 жылғы 2 жартыжылдықтағы Федоров ауданының жастар төлқұжатын жіберіп отырмын
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconЛебяжі ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 наурыздағы
«2011 жылғы әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтардың санаты туралы» №5/25 шешіміне толықтырулар енгізу туралы», Павлодар облысы...
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Жер қорының жалпы сипаттамасы
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconБекiтемiн: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мм бастығының м а
Мемлекеттік сатып алуға тапсырыс беруші: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы, 1-Май...
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы \" \" iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы «20» «желтоқсан»
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница