«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет




Скачать 265.33 Kb.
Название«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет
страница1/3
Дата конвертации20.01.2013
Размер265.33 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3
Ақсу ауданы әкімдігінің

2011 жылғы « 31 » қаңтардағы

№ 19 қаулысына

1 қосымша

«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

2011 - 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары
Мазмұны: бет.


1.

Миссиясы және пайымдауы


2

2.

Ағымдағы жағдайға талдау


2-3

3.

Аудан әкімі аппаратының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері және олардың мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға сәйкестігі


3-6

4.

Аудан әкімі аппаратының қызметтік мүмкіндіктері және орын алуы мүмкін тәуекелдері


6-8

5.

Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу барысында басшылыққа алынған нормативтік – құқықтық актілер


8-10

6.

Бюджеттік бағдарламалар


10-16




  1. Миссиясы мен пайымдауы


Ақсу ауданы әкімі аппаратының миссиясы – жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару сапасын арттыру, аймақты әлеуметтік – экономикалық тұрақты дамыту мақсатында аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық – талдау, ұйымдастыру – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

Пайымдауы – аудан әкімі мен әкімдігінің жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың әл ауқатын жақсартудағы қызметін қамтамасыз ету бойынша алға қойылған міндеттерін тиімді шешу.
2. Ағымдағы жағдайға талдау
2.1. Ағымдағы жағдайға талдау

2011 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша аудан әкімі аппаратының штаттық бірлігі - 13, нақты жұмыс істеп жатқаны 12 адамды құрады. Әйелдердің үлес салмағы 35%. Аппараттың барлық қызметшілерінің білімі жоғары.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 42 жыл. Мемлекеттік қызметтегі орташа еңбек өтілі 12 жыл, атқарып жүрген қызметте 5 жыл.

Аудан әкімі аппаратының әкімшілік – мемлекеттік қызметшілеріне қатысты: - мемлекеттік органдарды басқарудың үлгілік құрылымына сәйкес лауазымдарды санаттар топтарына бөлу іске асырылды;

- жұмысқа қабылданған кезде конкурстық іріктеу және заңнаманы білуге тестілеу енгзілді. Сонымен қатар, аудан әкімінің аппаратының ішінде, сол сияқты басқа мемлекеттік органдарға конкурстық іріктеусыз, ауысым тәртібімен ауысуға жол беріледі.

- мемлекеттік қызмет еңбек өтілі бойынша дифференциалды төлемді қарастыратын еңбек ақының тарифтік – біліктілік кестесі енгізілген;

- кадр резерв жүйесі жұмыс істейді. Резервте тұрғандар тиісті лауазымдарды конкірстық іріктеусіз иелене алады. Кадрлық резервке тіркеу конкурстық комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

- аттестациялау, тәртіптік жазаларды қолдану және т.б. рәсімдер белгіленген;

- мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесі қалыптастырылды.

2010 жылы біліктілікті көтеру курстарында 15 мемлекеттік қызметші оқыды, олардың ішінде 1 аудан әкімі аппаратының қызметкері, 8 поселкелік, ауылдық округтері әкімдерінің аппараттарындағы қызметшілер, 6 аудандық бөлімдердің қызметшілері.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы деңгейін, олардың құқықтық мәдениетін және функционалдық міндеттерге сәйкес жұмыс жасау қабілетін анықтау мақсатында 2010 жылы 12 мемлекеттік қызметші аттестациядан өткізіліп, атқарып жүрген қызметтеріне сәйкес келеді деп танылды.

Кадрлар резервімен жұмысқа үлкен назар бөлінуде. Резервтегі кадрлар мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтеді.

2010 жылы аудан әкімі аппаратына түсіп өнделген құжаттардың саны 1207, аудан әкімі аппаратынан 1446 бірлік корреспонденция жіберілді

Аудан әкімінің атына түсіп аппараттың ұйымдастырылуымен, қаралған арыз-шағымдардың саны: жалпы әр түрлі арыз сандар – 238, жер туралы арыздар – 236, жерді заңдастыру туралы ұсыныстар – 478, Есепті кезеңде аудан әкімінің атына түскен өтініштердің барлығы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы заңында көзделген мерзімдер ішінде қаралып, жауаптары берілді.

Қабылданған қаулылар саны - 554, өкімдер саны - 625, шешімдер саны - 1. Құжаттармен жұмыс сапасын артыру мақсатында электрондық құжат айналымы енгізілуде. Аудан әкімдігінің 6 отырысы өткізілді.

Аудан әкімі аппаратының кәсіби деңгейіне байланысты мәселелер.

Аудан әкімі аппаратымен оған жүктелген функциялардың жүзеге асырылуына жасалған талдау оның жекелеген қызметкерлерінің кәсіби деңгейлері әлі де жеткіліксіздігін көрсетіп отыр. Ол көбінесе мына жағдайлармен байланысты:

  • қазіргі қолданыстағы конкурстық рәсімдердің жетілмегендігімен;

  • мемлекеттік қызметтің жеткіліксіз қызықтырушылығымен;

  • еңбекті бағалаудың жетілмегендігімен және мансаптық өсу жүйесінің айқын еместігімен;

  • еңбекті төлеудің төменгі деңгейімен, шектелмеген жұмыс күнімен, демалыс, мейрам күндеріндегі өтелмейтін жұмыспен байланысты.

3. Аудан әкімі аппаратының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, олардың мемлекеттік стратегиялық мақсаттарға сәйкес келуі
Стратегиялық бағыттар. 1.Кадр саясаты.

1 - мақсаты. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа бағыттағы кәсіби басшылардың ұйытқысын қалыптастыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі конкурсқа қатысатын адам санын бір орынға 1,5 адамнан 3 адамға дейін арттыру.

  1. Кадрлар тұрақтамаушылығы (ауысымдылығы) деңгейін 12,1%-дан 8% дейін төмендету.

1-міндет. Конкурстық рәсімдерді айқын етіп, оларға қызметшілердің сенімділігін арттыру.

2-міндет. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегін бағалауды жетілдіру және карьералық өсу айқындылығын қамтамасыз ету.

2 - мақсаты. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Оқыту, қайта даярлау курстарындағы оқытуды 13% дан 30%-ға дейін арттыру.

  1. - мақсаты. Мемлекеттік қызметке алғашқы рет қабылданған қызметшілердің қайта даярлау курстарынан міндетті түрде өтуіне қол жеткізу.

  2. - мақсаты. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымын жоғарылатқан, аттестациядан өткізген кезде қайта даярлау курстарынан өткендігін ескеру;

  3. мақсаты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және нығайту.

Мақсаттық көрсеткіштер: Азаматтардың мемлекеттік басқару органдарына деген сенімін арттыру.

1-мақсаты. Мемлекеттік қызметтің оң имиджін насихаттау бойынша шараларды жүзеге асыру.

2-мақсаты. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың және Ар Намыс Кодексініңің сақталуына бақылауды күшейту.
2 Стратегиялық бағыт. Құқықтық мәдениетті және құқықтық хабардар етілуін қалыптастыру және жоғарылату, сапалы нормативтік шығармашылық қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес.
1 - мақсаты. Құқықтық мәдениетті арттыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Құқықтық түсіндіру шаралар көлемін кеңейту.

1 - мақсаты. Халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа деген төзімсіздікті қалыптастыру үшін тұрғындардың ақпараттық – түсіндіру жұмысымен қамтылуын кеңейту.

2 – мақсаты. Мемлекеттік органдарда осы мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты мәселелер бойынша құқықтық қеңестердің берілуінің тәжірибесін қолдану.

2 - мақсаты. Нормативтік шығармашылық қызметінің сапасын арттыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің сапалы сарапталуы.

Мақсаты. Аудан әкімдігінің және әкімнің нормативтік құқықтық актілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкестілігіне құқықтық сараптау жүргізу.

3 - мақсаты. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын жүзеге асыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендеті және алдын алу.

1 - мақсаты. Құқықтық білімді насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, бойынша шараларды іске асыру, заңнаманы оқып білу бойынша сабақтар, «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын жетілдіру барысы туралы халықты хабардар ету.

  1. мақсаты. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды және Ар-намыс Кодексін бұзушылық санын азайту.

3– мақсаты. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.

1-міндеті. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсешілдікке жол беріп, адамдарды әбігерге салуды, мемлекеттік қызмет тұтынушыларымен үнемі «кері байланыс» орнатуды жолға қою.
3 Стратегиялық бағыт. Құжат айналымын одан әрі жетілдіру, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу.

1-мақсаты. Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу.

Мақсаттық көрсеткіштер: 2015 жылы электрондық құжат айналымын 100%-ға жеткізу;

Міндеті: Электрондық тасымалдауыштарда берілген кіріс және шығыс хаттардың қозғалыс тетігін жетілдіру.

Көрсеткіштер:

  • хаттарды мұқият зерделеу, бұрыштаманы дұрыс жазу;

  • жаңа ақпараттық технологияларды қолдану;

  • құжаттармен жұмыстың негізгі ережелерін оқыту бойынша оқу курстарын әзірлеу, семинарлар мен практикалық сабақтар өткізу.

Міндеті: Құжаттардың орындалу мерзімдеріне бақылау жасау.

Көрсеткіштер:

  • түсетін корреспонденцияға бақылау мен тәптіштелген талдау, орындалу мерзімі жөнінде оперативті еске салу мәліметтері;

  • орындалмаған немесе мерзімнің бұзылуымен орындалған құжаттарға талдау жасау.

2 - мақсаты. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне уақытылы жауап беру.

1- мақсаты. Халықпен және заңды тұлғалармен оларды толғандырастын мәселелерді шешу жөнінде жаңа жұмыс ормаларын енгізу.

4 стратегиялық бағыт. Халыққа және ұйымдарға электрондық қызмет көрсету.

1-мақсаты. е-әкімдік ақпараттық инфрақұрылымды дамыту, тұрғындардың және бизнес құрылымдарының жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметіне қол жеткізуін ұйымдастыру.

Мақсаттық көрсеткіштер: Мемлекеттік электрондық қызмет сапасын арттыру.

1 -мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың базалық инфрақұрылымын электрондық қызмет ұсыну және электрондық үкімет инфрақұрылымымен біріктіру деңгейіне дейін дамыту.

2 -мақсаты. Жерглікті атқарушы органдардың шаруашылық етуші субъектілермен және халықпен ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану негізінде өзара байланысу тиімділігін арттыру.

3- мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың е-қызметін қалыптастыру және дамыту, оларға халықтың және бизнес құрылымдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету.

4 -мақсаты. Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерін біріктіретін біртұтас ақапараттық кеңістік құру.

Ақсу ауданы әкімі аппаратының стратегиялық мақсаттары мен бағыттарының

мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен міндеттері

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары, оны жүзеге асыруға бағытталған аудан әкімі аппаратының қызметтері

Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық актінің атауы

1 Стратегиялық бағыт. Кадр саясаты

1.1. мақсат. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа бағыттағы кәсіби басшылардың ұйытқысын қалыптастыру

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту, басқару аппаратының жұмыс тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру.

«Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы.
Елбасының 2008 жылғы 17 маусымдағы «Мемлекеттік қызметтің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы ролі» атты халықаралық конференцияда берген тапсырмасын жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің 2008 жылғы 25 маусымдағы №41-8.116 іс шаралар жоспары.


2 Стратегиялық бағыт. Құқықтық біліктілігі мен құқықтық мәдениетін, нормативтік шығармашылық қызметінің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жүргізу. Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру.


2.1 мақсаты. Құқықтық мәдениетін және заң шығарушылық қызмет сапасын арттыру.



Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру



Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 31 мамырдағы «Мемлекеттік органдардағы кадрлардың даярлығын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру шаралары туралы» № 1583 Жарлығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» №1706 Қаулысы

2.2. мақсаты. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.


Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың және Ар-намыс Кодексінің сақталуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» №267-1 Заңы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» №453-1 Заңы

3 Стратегиялық бағыт. Құжат айналымын, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді одан әрі жетілдіру.

3.1.мақсаты. 2015 жылы құжат айналымын 100%-ға жеткізу.


Құжаттармен жұмыс істеуде жаңа әдістерді енгізу.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкімет» даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысы

3.2. мақсаты. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеуді жетілдіру

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне уақтылы жауап беру

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221-111 Заңы.

4 Стратегиялық бағыт. Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызмет түрлерін ұсыну

4.1 мақсаты. е-әкімдік ақпараттық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындар мен бизнес құрылымдарының жергілікті атқарушы органдардың электрондық қызметіне қол жеткізуін ұйымдастыру.


Мемлекеттік электрондық қызмет сапасын арттыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан Республикасының 2008-2010 жылдарға арналған «электрондық үкімет» даму бағдарламасын бекіту туралы» №1155-1 Қаулысы

  1   2   3

Похожие:

«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Разинский селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Красная Шемонаиха а
Разинский селолық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Белогор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары. Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon2011-2015 жылдарға арналған Успен ауданының «Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму жоспары
«Богатырь ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы- ауылдық округ тұрғындарының заңды қызығушылықтары және құқықтарын...
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Катонқарағай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының Президенті мен Үкіметінің қаулылырымен, аудан әкімінің және әкімдіктің осы шаралармен қамтамасыз етілуі керек
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары
«Бейнеу аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Аудан әкімі аппараты)
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет iconЖуалы ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы
...
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2012 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы және көкжиегі
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны «Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты»
«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің комиссиясы және көкжиегі
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon«равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Сипаты: әкім аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде қарастырылған мемлекеттік саясат аясында округті дамыту жұмысын...
«Ақсу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны: бет icon2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Волчанка ауылы 2011 жыл мазмұны миссиясы және пайымдауы 3 Ағымдағы ахуалды талдау 3 «Волчанка селолық округі әкімінің аппараты»
«Волчанка селолық округі әкімінің аппараты» мм стратегиялық бағыттары, қызметінің мақсаттары мен міндеттері 5
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница