Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша




НазваниеӘлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша
страница1/7
Дата конвертации15.11.2012
Размер0.72 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша.
Болжалды лизингілік мәміле бойынша құжаттардың сараптамасы үшін әлеуетті лизинг алушының/кепілгердің тапсыратын негізгі құжаттары



Құжаттың атауы

Тапсыру нысаны

Оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

1. ЖОБАНЫ ҚАРАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

1

Өтінім (қосымшаға сәйкес)

түпнұсқа

Өтінімге бірінші басшының, бас есепшінің (бар болған жағдайда) қолы қойылуы керек және ол әлеуетті лизинг алушының мөрімен куәландырылады

2

Жобаның бизнес-жоспары, ТЭН

түпнұсқа

Бизнес-жоспарды, ТЭН рәсімдеуге қойылатын талаптар кестенің соңында көрсетілген *.

3

Әлеуетті лизинг алушының сауалнамасы (қосымшаға сәйкес)**

түпнұсқа

Сауалнамаға бірінші басшының қолы қойылып, ол лизинг алушының мөрімен куәландырылуы керек. Сонымен қатар сауалнама жасасқан қаржы лизингі шарттары және кредиттік шарттар бойынша міндеттемелер туралы ақпаратты қамту керек.

4

Кредит тарихы субъектісінің (заңды және жеке тұлғаның) ол туралы кредиттік бюроға ақпарат жіберуге және кредит тарихы субъектісінің кредит тарихы туралы ақпарат алуға келісімі **

түпнұсқа

Келісімге кредит тарихы субъектісі бірінші басшысының, «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның Басқарма төрағасының немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы керек.

5

Заңды тұлғаны (лизинг алушыны) әділет органдарында мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка және басқалары**

Нотариалды куәландырылған көшірме




6

Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігі (лизинг алушының) **

Нотариалды куәландырылған көшірме




7

Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік (лизинг алушының) **

Нотариалды куәландырылған көшірме

Берілген құжат бар болған жағдайда тапсырылады

8

Құрылтайшылық құжаттар (Құрылтайшылық Құрылтайшылық шарт, Жарғы), әділет органдарында тіркелген өзгертулер мен толықтырулар/ әділет органының алуы туралы белгісі бар енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы хабарламалар **

Нотариалды куәландырылған көшірме




9

Лизинг алушы уәкілетті органдарының бірінші басшыны сайлау/ тағайындау туралы шешімі, бірінші басшының қызметке кірісуі туралы бұйрық, бас есепшіні тағайындау туралы бұйрық, бас есепшіні немесе басқа тұлғаларды төлем, қаржы және басқа құжаттарға қол қою құқығына уәкілеттік беру туралы бұйрық **

Түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер




10

Жарғылық капиталдың қалыптасуын дәлелдейтін құжаттар (төлем тапсырмасы, кіріс-кассалық ордер, жарғылық қапиталдың мүлік негізінде қалыптасу жағдайында мүлікті қабылдау-өткізу актісі, ақша және басқаларын қоспағанда мүліктің тәуелсіз бағалануы) **

Түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер




11

Лизинг алушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасы акционерлік қоғам болса, құнды қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесінен лизинг алушының 5 және одан көп % акция ұстаушылары туралы үзінді**

Түпнұсқа




12

Өтінім берушінің ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болса (серіктестіктің тізілімін жүргізу шарты болған жағдайда), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары тізілімінен серіктестіктің жарғылық капиталына қатысушы үлеске меншік құқығын дәлелдеу туралы үзінді **

Түпнұсқа




13

Әлеуетті лизинг алушының атынан құжаттарға қол қою және «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен шарттар жасасу құқығына тұлғаның өкілеттілігін растайтын құжат, егер бұл тұлға әлеуетті лизинг алушының өкілі болса (хаттамадан үзінді, сенімхат)

Түпнұсқа




14

Бірінші басшының, бас есепшінің немесе әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның (әлеуетті лизинг алушының мүддесін білдіретін өкіл сенімхат негізінде әрекет ететін жағдайда) қолдары үлгілері және әлеуетті лизинг алушының мөрі таңбасы бар құжат**

Нотариалды кәуландырылған құжат




15

Әлеуетті лизинг алушының бірінші басшысының, бас есепшінің немесе сенімхат негізінде әлеуетті лизинг алушының атынан өкілдік ететін тұлғаның жеке куәлігі **

Көшірмелер




16

Лизинг алушы құрылтайшыларының құжаттары**:

- жеке тұлға үшін – жеке куәлік, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі.

- заңды тұлға үшін – жарғы, құрылтайшылардың заңды тұлғаның атқарушы органын (бірінші басшысын) тағайындау туралы шешімі.

Көшірмелер




17

Лизинг алушы акционерлік қоғамдар үшін: акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп, барлық өзгертулер мен толықтырулары бар акция шығарылымының аңдатпасы, акция шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, ықпалдас тұлғалар туралы мәлімет

Көшірмелер




18

Әлеуетті лизинг алушының соңғы үш жылдағы және соңғы есеп беру күніндегі қаржы құжаттары (БҚЖЖ бойынша №1,2,3, 4 нысандар). Теңгерімдік құжаттамаға толық түсініктеме хат****

Түпнұсқалар

Қаржы құжаттарына бірінші басшының, бас есепшінің (бар болған жағдайда) қолы қойылуы керек және ол әлеуетті лизинг алушының мөрімен куәландырылуы керек.

Акционерлік қоғамдар үшін қаржы есептілігі аудитпен расталуы керек

19

Сомалары, пайда болудың мерзімдері мен себептері, (қосымша бойынша) **** мерзімі 3 айдан өтіп кеткен кредиторлық берешекті өтеу және дебиторлық берешекті қайтару бойынша өткізілетін іс-шаралары көрсетілген кредиторлық, дебиторлық және қаржы берешегінің мағынасын ашу, сонымен қатар теңгерім валютасын 20%-ға асатын бухгалтерлік теңгерім баптарының мағынасын.

Түпнұсқа

Құжаттарға бірінші басшының, бас есепшінің (бар болған жағдайда) қолы қойылуы керек және ол әлеуетті лизинг алушының мөрімен куәландырылуы керек.

Акционерлік қоғамдар үшін қаржы есептілігі аудитпен расталуы керек

20

Әлеуетті лизинг алушының «негізгі құрал-жабдық» бухгалтерлік теңгерімнің бабының мағынасын ашу (қосымшаға сәйкес)****




Бухгалтерлік теңгерімнің мағынасын ашу атын, шығару жылы және басқаны қамту керек және оған бірінші басшының, бас есепшінің (болған жағдайда) қолы қойылып, әлеуетті лизинг алушының мөрімен куәландырылуы керек

21

Қызмет көрсететін банктерден соңғы 6-12 ай ішіндегі банктік шоттар бойынша ай сайынғы айналымы көрсетілген банктік шоттардың бар болуы туралы, несие/мерзімі өткен несие берешегінің болуы немесе болмауы туралы анықтама, картотека бойынша мәлімет, сонымен қатар Лизинг алушының басқа банк шоттарының болуы/болмауы туралы хаты

Түпнұсқа

Анықтама қызмет көрсететін банктің және/немесе банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын ұйымның фирмалық бланкінде рәсімделуі тиіс

22

Салық комитетінің салықтар және бюджет пен зейнетақы қорына тағы басқа міндетті төлемдер бойынша берешектің болуы немесе болмауы туралы салыстыру актісі қосылған анықтамасы

Түпнұсқа

Анықтамаға уәкілетті тұлғаның қолы қойылуы керек және ол салық комитетінің мөрімен куәландырылады, салыстыру актісі қағаз жүзінде де, электрондық тасымалдаушымен де тапсырылуы мүмкін

23

Қарыздың, кредит желілерінің, қаржы лизингінің қолданыстағы шарттары және ақшалай қаражатты тарту бойынша тағы басқа шарттар

Көшірмелер




24

Шарттар және/немесе алдын-ала жасалатын шарттар (дайын өнімді өткізу, қызмет көрсету бойынша)

Түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер

Қосымшалар, маманданымдар және барлық өзгертулер мен толықтыруларды (болған жағдайда) қамтитын шарттарға және/немесе алдын-ала жасалатын шарттарға басшының қолы қойылуы керек және олар мөрмен куәландырылуы керек

25

Әлеуетті лизинг алушы әрекетінің негізгі түрлерін іске асыруға қажетті рұқсаттар, лицензиялар және басқа құжаттар (болған жағдайда) **

Нотариалды куәландырылған көшірмелер

Рұқсаттар, лицензиялар және басқа құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес рәсімделуі керек

26

Жобаның іске асырылуы көзделген жер телімінің меншік құқығы/иелену және қолдану (жалға алу) құқығын растайтын құжаттар (құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары) **

Нотариалды куәландырылған көшірмелер

Құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сйкес рәсімделуі керек

27

Құжаттар (техникалық құжаттама, куәліктер және басқалары) және алдын-ала жасалатын шарттар, лизинг затын жеткізуге прайс-парақтары қосылған коммерциялық ұсыныстар ***

Баламалы коммерциялық ұсыныстар

Көшірмелер (факсимильді көшірмелер), түпнұсқалар немесе нотариалды куәландырылған көшірмелер

Техникалық құжаттама, куәліктер және басқалары шығарушы ел заңнамасының және өндіруші зауыттың талаптарына сәйкес рәсімделуі керек. Алдын-ала жасалатын шарттарға тараптардың қолдары қойылып, мөрмен куәландырылуы керек, коммерциялық ұсыныстар заңды тұлғалардың фирмалық бланктерінде рәсімделіп, уәкілетті тұлғалардың қолдары қойылуы керек.

2. ЖОБАНЫ КОМПАНИЯНЫҢ КРЕДИТТІК КОМИТЕТІНІҢ

ҚАРАСТЫРУЫНА ҰСЫНУҒА ДЕЙІНГІ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР

28

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы немесе экологиялық сараптаманың қажеттілігінің жоқ екені туралы уәкілетті мемлекеттік органның хаты

Түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме




29

Лизинг Заттарын Сатушылардың Құжаттары:

1) қазақстандық заңды тұлғалар үшін:

Жарғы;

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;

Салық төлеушінің куәлігі;

Сатушының уәкілетті органының атқарушы органды (бірінші басшыны) тағайындау туралы шешімі;

Атқарушы органның (бірінші басшының) қызметке кірісуі туралы бұйрық;

Бірінші басшының жеке басын куәландыратын құжат;

Статистикалық карточка (болған жағдайда);

Заңды тұлғаның құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімін жүргізу құнды қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу әрекетін жүзеге асыруға лицензиясы бар құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен іске асырылатын шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары құжаттарын қоспағанда);

Мемлекеттік лицензия (клиенттің әрекеті Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкес лицензияланған жағдайда).

2) шетел заңды тұлғалары үшін:

Құрылтайшылық құжаттар

Жарғы (болған жағдайда);

Заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар өткізу құжаттарына қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға(лар) жеке бас(тар)ын куәландыратын құжат(тар);

Тұлғалардың заңды тұлғаның ақшамен және (немесе) басқа мүлікпен операциялар өткізу құжаттарына қол қою құқығына уәкілеттігін растайтын құжаттар;

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) өтуді растайтын уәкілетті орган берген құжат;

Заңды тұлғаның құрылтайшыларының жеке бастарын куәландыратын құжаттар (акционерлік қоғамдардың құжаттарын, сонымен қатар шаруашылық серіктестіктің қатысушыларының тізілімін жүргізу құнды қағаздар ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізу әрекетін жүзеге асыруға лицензиясы бар құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен іске асырылатын шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары құжаттарын қоспағанда);

Заңды тұлғаның орналасқан жерінің мекен-жайын куәландыратын куәлік;


Нотариалды куәландырылған көшірмелер

Құжаттардың апостиль қойылған немесе нотариалды куәландырылған аудармамен заңдандырылған көшірмелері

Құжаттардың апостиль қойылған немесе нотариалды куәландырылған аудармамен заңдандырылған көшірмелері






30

Қамтамасыз ету бойынша құжаттар (кепілдіктер,кепілгерліктер, кепілзаттар және басқалары)

Түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме

Кепілдіктер мен кепілгерліктер АҚ «ҚДБ-Лизинг» талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс, кепілдікке берілетін мүліктің құжаттары ҚР заңнамасының және АҚ «ҚДБ-Лизинг» талаптарына сәйкес қосымша бойынша рәсімделуі керек.

3. ЖОБАНЫ КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ

ҚАРАСТЫРУЫНА ШЫҒАРҒАНҒА ДЕЙІНГІ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТ

31

Әлеуетті лизинг алушының уәкілетті органының (жалғыз қатусышының шешімі немесе қатысушылардың жалпы жиналысының немесе акционерлердің немесе қоғамның директорлар кеңесінің жалпы жиналысының хаттамасы немесе қоғамның атқарушы органының бұйрығы, егер жеке орган немесе Басқарма хаттамасы, егер алқалық орган қызмет бабына байланысты) қаржы лизингі бойынша лизинг затын сатып алу, Сатушыны таңдау, лизинг мерзімі, лизинг мәмілесі аясында тұлғаға әлеуетті лизинг алушының атынан шарттарға қол қоюға өкілдік беру, мүлікті кепілдікке беру және мүліктің соттан тыс өткізілуіне келісім (мүлікті кепілдікке берген жағдайда) туралы шешімі

Оригинал

Хаттамалар /шешімдер ҚР заңнамасы және АҚ «ҚДБ-Лизинг» талаптарына сәйкес қосымша бойынша рәсімделуі тиіс

32

Жарғыға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы әділет органының анықтамасы

Түпнұсқа




Ескерту: - Жобаны қайталама лизинг аясында қарастыру жағдайында әлеуетті лизинг алушы жоғарыда аталған құжаттардың 27, 28, 29 тармақтарда аталғанндарынан басқасын тапсырады
  1   2   3   4   5   6   7

Похожие:

Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша iconӘлеуетті лизинг алушы/кепілгерге ұсынылатын құжаттар тізімі
Жоспарлы лизингтік мәмілелер бойынша құжаттарды сараптауға арналған әлеуетті лизинг алушы/кепілгерге ұсынылатын негізгі құжаттар...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon«Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру ережесі 1-тарау. Жалпы ережелер
Ережесі) «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысын (бұдан...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша iconЛизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны Лизингтің даму тарихы
Лизинг ертеде тек белгілі бір меншік түрлерін жалға алумен шектелген жоқ. Тарихи мәліметтер бойынша, ауылшаруашылық техниканың түрлері...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша iconЖоспар Кіріспе I. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы
...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша iconРегламентің бекіту туралы Жалпы ережелер
Регламентінің (ары Регламент) 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар тізімі. Осы регламентің 2 қосымшасына сәйкес тұратын мекенжайы...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша сұрақтар мен жауаптар «Бизнестің жол картасы – 2020»
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon13-БӨлім. КӨлік қҰралы салығЫ 50-тарау. Жалпы ережелер 365-бап. Салық төлеушiлер
...
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы мемлекеттік қолдау құралы «Қазіргі заманғы басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу»
Экономиканың басым секторларында ұжымдық басқару деңгейін және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon«Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы бойынша түсініктеме
Президентінің және Қазақстанның дамуының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарында көрсетілген тапсырмаларды орындау, сондай-ақ
Әлеуетті лизинг алушы/кепілгер тапсыратын құжаттар тізімі, сонымен қатар «Өнімділік 2020» бағдарламасы аясындағы жобалар бойынша icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница