Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.)




Скачать 490.66 Kb.
НазваниеТүсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.)
страница3/4
Дата конвертации20.01.2013
Размер490.66 Kb.
ТипДиссертация
1   2   3   4

Кесте 2 – «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары» арнайы курсының тақырыптық жоспары





Тақырып атауы

Дәріс

СОӨЖ

СӨЖ

ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың қалыптасуының алғышарттары

2

2

3

ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы әсемдік пен ұсқынсыздық мәселелері

3

3

2

Аталған кезеңдегі ақын-жыраулар шығармаларындағы қасірет пен қайғының көрінісі

3

3

2

Жыраулар мен ақындар мұраларындағы үйлесім туралы ойлар

2

2

3

ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармашылығындағы асқақтықтың көрінісі

2

2

3

ХVІІІ – ХІХ ғғ. қазақ әдебиетіндегі тұрмыс, қарым-қатынас, табиғат эстетикасы.

3

3

2

Барлығы

15

15

15



Сонымен қатар, аталған зерттеу жұмысының қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының педагогикалық мамадықтарында оқытылатын «Педагогика тарихы» пәніне осы кезеңге байланысты материалдар ұсынылады.

Осы айтылғандардың барлығы ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларының қазіргі ұрпақ үшін өзінің құндылығының жоймағандығын, эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі ақын-жыраулар қазынасында жатқандығын, әлі де болса өзінің тәрбиелік әлеуетін толық пайдалануды қажет ететінін дәлелдейді.


Қорытынды


Зерттеу жұмысы барысында қол жеткен нәтижелер төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:

1 Қазіргі кездегі эстетикалық тәрбиенің басты мәселесі – жастардың эстетикалық талғамдарының қалыптасуына теріс әсерін тигізетін келеңсіздіктерді жойып, олардың санасына эстетика мен этика қағидаларына негізделген, адамдар арасындағы қарым-қатынастың көркем бейнесін орнықтыру. Бұл ретте балалар мен жастар арасында ХVІІІ – ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулардың эстетикалық көзқарастарын эстетиканың санаттарымен ұштастыра отырып насихаттау, осыған орай, арнайы дәрістер мен тәрбиелік іс-шараларды жоспарлы, жүйелі түрде ұйымдастырудың ұтымды болатыны белгілі болды.

2 Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері мен белгілеген болжамына қол жеткізу мақсатында, алдымен, ХVІІІ – ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар шығармаларында эстетикалық тәрбие беру туралы ойлардың қалыптасуының алғышарттары анықталды, олар: а) сол кезде қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар; ә) оған дейінгі халық ауыз әдебиетінің ықпалы болып табылады.

3 ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие беру дегеніміз – ақын-жыраулардың шығармалары мен өміріндегі көркемдікті ұштастыра қабылдау, түсіну, сол арқылы қабілеттерінің дамуына шарт түзу, эстетикалық білім мен талғамдарын қалыптастырып, эстетикалық іс-әрекет нышандарына қозғау салып, түрткі беру.

4 ХVІІІ – ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбие туралы ойларды талдау олардың үлкен тәрбиелік әлеуетке ие екендігін көрсетті.

5 Зерттеліп отырған хронологиялық кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармашылығын әдеби-педагогикалық талдау олардың шығармаларын эстетикалық санаттар тұрғысынан былайша топтастыруға болатынын көрсетті: қасірет; махаббат сезімін дәріптеу; әсемдікті суреттеу; ұсқынсыздықты шенеу; асқақтықты марапаттау; төмендікті жерлеу; табиғат сұлулығын сипаттау; адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасы; үйлесім мәселесіне арналған туындылар.

6 Сөз болып отырған кезеңдегі жыраулар мен ақындардың шығармаларын олардың эстетикалық тәрбие берудегі әлеуетін басты критерий етіп ала отырып талдау осы кезеңдегі ақындар мен жыраулар шығармаларындағы эстетикалық тәрбиенің өзіндік жүйесінің қалыптасқандығын көрсетті.

7 ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларының эстетикалық тәрбие берудегі әлеуетін талдай отырып, тарихи-педагогикалық зерттеулер логикасына сәйкес біз оларды тәрбие процесінде қолдану мүмкіндіктерін анықтадық. Бұл мүмкіндіктер біздің бірқатар әдістемелік ұсыныстарымызда өз көрінісін тапты.

Зерттеу жұмысы барысында алынған нәтижелер мен қорытындылар мынадай ұсыныстар беруге мүмкіндік туғызады:

1 XVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармалары арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімділігін арттыру үшін алдымен ақын-жыраулар шығармашылығындағы эстетикалық санаттарды танып білу, содан соң ғана олардың мұрасындағы эстетикалық санаттар сипатын балалар мен жастарға жеткізу және оның болашақ мұғалімдердің мектеп практикасында пайдалану мүмкіндігін көрсету – мақсатқа жетудің басты жолдарының бірі болуы қажет.

2. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларының талдау барысында анықталғандай, мол тәрбиелік мүмкіндіктерін ескере отырып, оларды оқу-тәрбие процесі барысында қолданудың тиімділігі көрінеді. Бұл ұсынысты жүзеге асыру үшін оқытушыларға арналған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойларын тәрбие процесінде пайдалану» арнайы семинарын және орта және жоғары мектепте оқытылу үшін «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулардың мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары» атты арнайы курсты ұсынамыз.

3 Ұсынылған арнайы семинар мен арнайы курсты оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін мазмұнында аталып отырған кезеңдегі ақындар мен жыраулардың эстетикалық тәрбиеге қатысты ойлары талданған «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар және олардың эстетикалық тәрбие туралы ойлары» атты монографияны оқу-тәрбие процесінде қолдануды ұсынамыз.

4 Аталған зерттеу жұмысының қорытындылары негізінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарында оқытылатын «Педагогика тарихы» пәніне осы кезеңге байланысты материалдар енгізілуі керек.

Біз өзіміздің зерттеу жұмысымыздың барысында ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие туралы ойларын талдадық, оны қазіргі оқу-тәрбие процесінде пайдалану мүмкіндігін қарастырдық. Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер оның мақсаты мен міндеттерінің орындалғанын, сондықтан қойылған проблеманың шешімін тапқанын көрсетеді. Дегенмен, мәселені оның басқа аспектілері тұрғысынан, мәселен, аталған кезеңдегі ақын-жыраулардың тәрбие теориясына қатысты, тәрбиенің түрлі бағыттарына қатысты ойларын, оларды оқу-тәрбие процесіне енгізу мүмкіндігін жан-жақты, толық зерттеу болашақтың ісі болып табылады.


Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мазмұны төмендегі басылымдарда жарық көрді:

1 Ақын-жыраулардың (XVIII-XIX ғ.ғ.) киім туралы ой-пікірлері // Қазақстан мектебі. – 2005. - №11-12. – Б.73-75.

2 Қарым-қатынас эстетикасы және тәрбие // Қазақстан мектебі. – 2006. - №12. – Б.67-70.

3 Сұлулық – эстетикалық тәрбиенің негізі // Мектепке дейінгі және бастауыш білім: қазіргі жағдайы, даму тенденциялары және мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – ІІ том. – Алматы, 2007.– Б.300-305.

4 Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие идеялары // Қазақстан мектебі. – 2007. - №1. – Б.57-60.

5 Отансүйгіштік (патриоттық) – адамның асқақ сезімі // 12 жылдық білім беруге өту жағдайында педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – І том. – Семей, 2008.– Б.308-311.

6 Ақын-жыраулар шығармашылығын оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде пайдалану // Қазақстанның ғылыми әлемі: Халықаралық ғылыми журнал. – 2008. – №2. Б. 224-227.

7 Ақын-жыраулар шығармашылығын эстетикалық тәрбие беруде пайдалану // Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – І том. – Алматы, 2008.– Б.191-196.

8 ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жыраулар және олардың эстетикалық тәрбие туралы ойлары: Монография. – Қарағанды, 2008.

Резюме


Тусупбаева Меруерт Балгабаевна


Мысли об эстетическом воспитании в наследии поэтов-жырау

(XVІІІ-ХІХ вв.)


13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика



Актуальность исследования. В современном мире необходимыми условиями формирования гармонически развитого человека являются богатство его внутренней духовной культуры, интеллектуальная свобода, высокий нравственный потенциал, хороший эстетический вкус, толерантность в межличностном, межнациональном и социальном общении. Развитие этих качеств невозможно без создания эффективной системы обучения и воспитания, поскольку эффективность обучения и воспитания, формирование нужной мотивации во многом зависит от организации учебной деятельности обучающихся. Основными задачами системы образования на современном этапе являются формирование духовной сферы личности обучаемых, воспитание ее нравственных и эстетических качеств с учетом общечеловеческого, конкретно-исторического и национального.

Одним из универсальных направлений в развитии личности, обеспечивающей ее рост в соответствии с социальным и психофизическим становлением человека под влиянием искусства и многообразных эстетических объектов и явлений реальности, является эстетическое воспитание. Эстетическое воспитание развивает вкус, умение замечать прекрасное и безобразное; оно важно еще и потому, что связано со многими сторонами воспитания: нравственным воспитанием, которое развивает в ребенке чувство любви, гордости; с трудовым воспитанием, которое помогает ребенку с уважением относиться к труду людей, видеть красоту сделанного.

Основы эстетической культуры закладываются еще в младенческом возрасте, приобретая полноценность при дальнейшем самообразовании и саморазвитии личности, приводящих к осознанию себя участником и субъектом эстетической деятельности. В этой связи актуализируется поиск новых подходов к организации обучения и воспитания в школе, в частности, реализации воспитывающей функции обучения. При этом особое значение приобретает приобщение учащихся к богатейшим традициям мировой и отечественной культуры, постоянное использование в системе эстетического воспитания потенциала произведений народного фольклора. На наш взгляд, использование народного фольклора позволяет в определенной мере решить проблему обучения и воспитания.

Проблемы эстетического воспитания достаточно хорошо разработаны в педагогике и психологии. Так, имеются работы, посвященные общим вопросам эстетического воспитания, разработке его понятийно - терминологического аппарата, определению сущности и задач, психологических и аспектов эстетического воспитания.

Проведенный анализ литературы показал, что проблемы эстетического воспитания нашли отражение в исследованиях многих ученых. Однако воспитательный потенциал произведений поэтов-жырау XVІІІ-ХІХ вв. в эстетическом воспитании учащихся и студентов еще недостаточно исследован.
Недостаточная изученность возможностей использования воспитательный потенциал произведений поэтов-жырау XVІІІ-ХІХ вв. с учетом современных реалий определили выбор темы настоящего исследования.

Объект исследования: Педагогические мысли в наследии поэтов-жырау.

Цель исследования: Научно-теоретическое обоснование идей эстетического воспитания в наследии поэтов-жырау и определение возможности использования их воспитательного потенциала в практике.

Методологическую и теоретическую базу исследования составляют философские и психолого-педагогические концепции; положения о диалектике соотношения общего, особенного и единичного, рассматривающих общечеловеческое и национальное в их единстве и взаимосвязи; аксиологический подход, признающий человека высшей ценностью и самоцелью общественного развития; культурологический подход, рассматривающий казахский народный фоольклор как важный источник и средство духовной преемственности поколений.

Результаты исследования:

1) раскрыта сущность эстетического воспитания посредством литературы в педагогческой теории и практике и его исторический характер;

2) определены предпосылки и генезис формирования мыслей о эстетическом воспитании в творчестве поэтов-жырау ХVІІІ – ХІХ вв.;

3) проанализированы мысли о эстетическом воспитании в творчестве поэтов-жырау ХVІІІ – ХІХ вв. с литературно-педагогической позиции;

4) определены возможности использования мыслей о эстетическом воспитании в творчестве поэтов-жырау ХVІІІ – ХІХ вв. в современном учебно-воспитательном процессе.

В ходе проведения исследования подготовлены:

а) спецсеминар для учителей, преподавателей «Использование в воспитательном процессе педагогических мыслей о эстетическом воспитании в наследии поэтов-жырау ХVІІІ – ХІХ вв.»;

ә) спецкурс для учеников и студентов «Мысли о эстетическом воспитании в наследии поэтов-жырау ХVІІІ – ХІХ вв.»;

б) монография «Поэты-жырау ХVІІІ-ХІХ вв. и их мысли о эстетическом воспитании» (на казахском языке).

Апробация и внедрение результатов исследования осуществлялись путем их обсуждения на международных научно-практических конференциях ((Алматы – 2007; 2008; Семей – 2008), публикации в научных журналах «Қазақстан мектебі» (2005; 2006; 2007), «Қазақстанның ғылыми әлемі» (2008), изданием монографии «Поэты-жырау ХVІІІ-ХІХ вв. и их мысли о эстетическом воспитании» (Караганды, 2008).

Рекомендации по внедрению результатов научно-исследовательской работы:

- эстетическое воспитание в системе целостного учебно-воспитательного процесса должно опираться на опыт эстетического воспитания народа;

- как показали результаты анализа, наследие поэтов-жырау ХVІІІ-ХІХ вв. имеет большой воспитательный потенциал. Для эффективного использования этого потенциала, по нашему мнению, нужно внедрить в учебно-воспитательный процесс школ, средних и высших профессиональных учебных заведений, в системе повышения квалификации спецсеминар для преподавателей «Использование в процессе эстетического воспитания педагогических мыслей поэтов-жырау ХVІІІ-ХІХ вв.»; спецкурс «Мысли о эстетическом воспитании в наследии поэтов-жырау ХVІІІ-ХІХ вв.»;

- в качестве учебно-методического обеспечения предлагаемых курсов использовать в процессе обучения подготовленную нами монографию «Поэты-жырау ХVІІІ-ХІХ вв. и их мысли о эстетическом воспитании», где проанализированы и систематизированы мысли о эстетическом воспитании поэтов-жырау ХVІІІ-ХІХ вв.

- предлагаются дополнения к курсу «История педагогики», «История педагогической мысли Казахстана», которые отражают суть педагогических мыслей поэтов-жырау ХVІІІ-ХІХ вв.

Область использования результатов исследования: результаты исследования могут использованы в средних общеобразовательных, средних и высших профессиональных учебных заведениях и в системе повышения квалификации педагогических кадров.

Перспектива исследования заключается в дальнейшей комплексной разработке проблем отражения теории воспитания, других направлений воспитания в наследии поэтов-жырау и возможности внедрения их в учебно-воспитательный процесс.



Resume

1   2   3   4

Похожие:

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconІ. Кітапхана жұмысының негізгі бағыттары
Эстетикалық этикалық тәрбие негізінде сұлулық, нәзіктік жайлы және өлке тануға байланысты насихаттау

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconКестенің бізі
Мақсаты: Сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. Эстетикалық тәрбие беру, шешендікке шыңдау

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconСыр бойының АҚыны
Сыр өңірі қашаннан –ақ ақын, жыраулар мен шайырлардан, данышпан би-шешендерден қалған асыл мұраларды көздің қарашығындай сақтап,...

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) icon8-тарау. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеу
«оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше...

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы
Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен...

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconҚазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы
Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен...

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconС диспут, тәрбие сағаты, конференция d педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік
А адамгершілік тәрбиесі, экологиялық тәрбие, азаматтық тәрбие, кәсіби білім, мамандық таңдауға дайындық

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconБірінші қалалық жалпы білім беретін лицей
Оқушылар, сіздер білесіздер биылғы жылы қазақтың ұлы перзенті М. Жұмабаевтың туғанына 115 жыл толады. Сондықтан да бүгінгі тәрбие...

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconАтемова Қалипа Тұрсынқызы Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы (IX-XII ғ.ғ.)
Түркі ғұламалары мұраларындағы отбасы тәрбиесі идеяларының қалыптасуы мен дамуы (IX-XII ғ.ғ.)

Түсіпбаева Меруерт балғабайқызы Ақын-жыраулар мұраларындағы эстетикалық тәрбие ойлары (XVІІІ-ХІХ ғғ.) iconТӘрбие үдерісіндегі куратор-эдвайзердің негізгі қызметтері студенттік топтарда тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар
А. Ясауи атындағы ХҚту-нің Тәрбие жұмыстары бойынша координациялық кеңестің мәжілісінде бекітілген

Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница