Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы




Скачать 300.28 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы
страница1/2
Дата конвертации15.11.2012
Размер300.28 Kb.
ТипДокументы
  1   2




Темiр жол және әуе көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу және өрт салдарларын жою ережесiн бекiту туралы







Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы N 148 Қаулысы



-->
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 80-құжат

      "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Темiр жол көлiгiндегi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу ережесi ;
      2) Темiр жол көлiгiндегi өрт салдарларын жою ережесi ;
      3) Әуе көлiгiндегi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу және өрт салдарларын жою ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2008 жылғы 16 ақпандағы   
N 148 қаулысымен      
бекiтiлген         

Темiр жол көлiгiндегi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу
жұмыстарын жүргiзу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темiр жол көлiгiндегi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу жұмыстарын жүргiзу ережесi (бұдан әрi - Ереже) темiр жол көлiгiндегi өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi және " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы заңдарына сәйкес әзiрлендi.

      3. Өртке алдын алу жұмысын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiндегi салалық өртке қарсы қызмет (бұдан әрi - ТЖ СӨҚҚ) бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғалары мыналар болып табылады:
      ТЖ СӨҚҚ бастығы - ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы;
      ТЖ СӨҚҚ бастығының орынбасары - ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы;
      ТЖ СӨҚҚ аға инспекторлары, инспекторлары, бас мамандары және мамандары - ТЖ СӨҚҚ инспекторлары;
      ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бастығы (жол бөлiмшесi шегiнде) - жол бөлiмшесiндегi ТЖ СӨҚҚ бас инспекторы;
      ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесi бастығының орынбасары (жол бөлiмшесi шегiнде) - жол бөлiмшесiндегi ТЖ СӨҚҚ аға инспекторы.
      ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiндегi өрттiң алдын алу жөнiндегi аға нұсқаушылар, нұсқаушылар, өрт сөндiру поездарының бастықтары және олардың орынбасарлары немесе өрт сөндiру поезы қарауылының (бөлiмшесiнiң) бастығы (қызмет көрсету шекаралары шегiнде) жол бөлiмшелерiндегi ТЖ СӨҚҚ инспекторлары.

      4. ТЖ СӨҚҚ лауазымды тұлғалары өз қызметiнде "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын , Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн , сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      5. Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi ұйымдарының тұрақты объектiлерi мен жылжымалы құрамында (бұдан әрi - объект) ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң өрттiң алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруға, жүргiзуге жалпы басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ жүзеге асырады.

      6. ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнде (жол бөлiмшелерi шегiнде) өрттiң алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзуге басшылықты және бақылауды ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бастығы жүзеге асырады.

      7. ТЖ СӨҚҚ-нiң функцияларын жүзеге асырған кезде ТЖ СӨҚҚ-нiң жоғары тұрған инспекторларының нұсқаулары мен өкiмдерiн ТЖ СӨҚҚ төмен тұрған инспекторларының орындауы мiндеттi. Өзге лауазымды тұлғалардың олардың қызметiне араласуына жол берiлмейдi.

      8. ТЖ СӨҚҚ-нiң жоғары тұрған инспекторлары, қажет болған жағдайларда, ТЖ СӨҚҚ-нiң төмен тұрған инспекторларының шешiмдерiн жоя алады.

      9. ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердi өрт сөндiру техникалық комиссияларымен (бұдан әрi - ӨТК), объектiлердiң ерiктi өрт сөндiру жасақтарымен (бұдан әрi - ЕӨЖ), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң мемлекеттiк өртке қарсы қызметi органдарымен (бұдан әрi - ӨҚО) тығыз өзара iс-қимылда шешедi.
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008.11.18 N 1068 Қаулысымен.

      10. Өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi мәселелердi шешуге байланысты құжаттарды растау үшiн ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiндегi қолда бар мөрлер пайдаланылады.

      11. ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғалары осы Ережеде белгiленген өздерiне берiлген өкiлеттiктердi орындамағаны үшiн жауапты болады.

      12. Осы Ережемен байланысты емес, маңызы жоқ жұмыстар мен функцияларды орындауға ТЖ СӨҚҚ-нiң қызметкерлерiн тартуға рұқсат етiлмейдi.

2. ТЖ СӨҚҚ-да қызметтi ұйымдастыру және өрттiң алдын алу жұмыстарын жоспарлау

      13. ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғаларының қызметiн ұйымдастыру ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң тиiстi деңгейлерiнде жүзеге асырылады.

      14. Өрттiң алдын алу жұмысына тiкелей басшылықты, оны жоспарлауды, өрттердi және объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiн талдауды ТЖ СӨҚҚ-нiң бастығы, жол бөлiмшелерi шегiнде ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бастығы жүзеге асырады.

      15. Өртке қарсы жай-күйдi бақылауды жүзеге асыру үшiн ТЖ СӨҚҚ-нiң басқарушы құрамына ТЖ СӨҚҚ бастығы бекiткен тiзбе бойынша өртке қатысты аса қауiптi объектiлер бекiтiледi.

      16. Өрттiң алдын алу жұмыстарын жүзеге асыратын ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғалары қызмет көрсетiлетiн объектiлердiң өзiндiк ерекшелiгiн зерделейдi, өрттердiң шығу себептерiн және объектiлердiң өрт қауiпсiздiгi жай-күйiн талдайды, олардың өрт қаупiн азайту жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi, өрттi болдырмауға бағытталған iс-шараларды бiрлесiп өткiзу мақсатында объект басшыларымен, ӨТК, ӨҚО аумақтық органдарымен байланысты қолдайды.

      17. Өрттiң алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру мен жоспарлау ТЖ СӨҚҚ-та және ТЖ СӨҚҚ-нiң бөлiмшелерiнде жүзеге асырылады.

      18. ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жұмыс жоспары жедел қызмет мәселелерiнiң перспективалы және ағымдағы мәселелерiнiң шешiлуiн және Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн ескере отырып, өрт жағдайын, объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн талдау негiзiнде әзiрленедi.

      19. ТЖ СӨҚҚ-та мынадай жұмыс жоспарлары әзiрленедi:
      1) ТЖ СӨҚҚ-та - өрт-алдын алу iс-шараларының жылдық жоспары;
      2) ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнде - өрт-алдын алу iс-шараларының жылдық және айлық жоспары.

      20. Жұмыстың айлық жоспары, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жеке жоспарлаудың негiзгi құжаты болып табылатын алдын алу жұмысын есепке алу күнделiгiнде тiркеледi. Бұл жұмыс жоспарында ұйымдастыру - алдын алу iс-шаралары, тексеру жоспарланған барлық объектiлер атап көрсетiледi, сондай-ақ жоспардан тыс жұмыстар мен тапсырмаларды орындау үшiн қажеттi уақыт резервi көзделедi.

      21. ТЖ СӨҚҚ пен ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң бастығы жоспарларға белгi соға отырып, олардың орындалуын жүйелi түрде бақылайды. Жекелеген iс-шаралар орындалмай қалған жағдайда, тоқсанның (жарты жылдықтың) соңында олардың орындалмау себептерi туралы анықтама жасалады, онда жоспарда көзделген, жүргiзiлген жұмыс көрiнiс табады.

      22. Объектiлердi өрт сөндiру-техникалық тексеру (бұдан әрi - ӨТТ) жергiлiктi жағдайларды, объектiлердiң маңыздылығын, өрт жарылыс қаупiн ескере отырып, жыл бойы бiркелкi жоспарланады.

      23. ТЖ СӨҚҚ-нiң жұмыс жоспарын жоғары тұрған басшы, жол бөлiмшелерiндегi ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ-нiң бастығы, өрт сөндiру поездары бастықтарының, ТЖ СӨҚҚ инспекторларының жеке жұмыс жоспарларын - ТЖ СӨҚҚ жол бөлiмшелерiнiң бөлiмше бастығы бекiтедi.
      Өрт сөндiру - алдын алу Iс-шараларының жылдық жоспарында объектiлердi өрт сөндiру-техникалық тексерулер, басқа да мемлекеттiк қадағалау органдарымен бiрлесiп, объектiлердi маусымдық (көктемгi және күзгi тексерiстер) тексерулер жүргiзу, өрттердi алдын алуға бағытталған iс-шаралар кешенiн жүргiзу, өрт сөндiру-алдын алу жұмыстарын жүзеге асыру көзделедi.

      24. ТЖ СӨҚҚ-нiң қызметкерлерi объектiлердi ӨТТ үшiн осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бастығы бекiткен ӨТТ жүргiзуге арналған қызметтiк куәлiгi мен тапсырманы ұсынады.

      25. ӨТТ-нiң түрлерi: егжей-тегжейлi, бақылаулық, кешендi, мақсатты (жедел) болып бөлiнедi:
      1) егжей-тегжейлi ӨТТ кезiнде объектiлердiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шаралар кешенi жүзеге асырылады;
      2) бақылаулық ӨТТ кезiнде егжей-тегжейлi тексеру кезiнде ТЖ СӨҚҚ ұсынған iс-шаралардың орындалу дәрежесi анықталады. Бақылаулық ӨТТ ұсынылған iс-шаралардың көзделген орындалу мерзiмдерi өткен соң жүргiзiледi;
      3) объектiлердi кешендi ӨТТ ӨҚО органдарымен бiрлесiп жүзеге асырылады;
      4) мақсатты (жедел) ӨТТ объектiнiң маусымдылығын, өрт жағдайын, жұмыс режимiн ескере отырып, объектiлердiң өртке қарсы жай-күйiн iрiктеп тексеру мақсатында ТЖ СӨҚҚ басшылығының нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

      26. ӨТТ жылына кемiнде екi рет, ТЖ СӨҚҚ өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң бұзылушылықтарын жою туралы егжей-тегжейлi ӨТТ өрт сөндiру-техникалық тексеру актiсiн бере отырып, осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.
      ӨТТ бақылаулық және басқа түрлерi кезiнде ұсынылған iс-шаралардың орындалмауы және қайта анықталған өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзушылықтар туралы еркiн нысанда акт жасалады.

      27. Объектiлердi ӨТТ объект басшыларының немесе олар бөлiп берген объект әкiмшiлiгi өкiлдерiнiң қатысуымен, объектiлердiң ажыратылуына сәйкес ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғалары жүргiзедi. ӨТТ-ны жүргiзуге объектiнiң мамандары (технологтар, энергетиктер), ӨТТ мүшелерi және ЕӨЖ бастығы тартылады. ТЖ СӨҚҚ қызметкерi ӨТТ-нiң өткiзiлу күнi туралы объект басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға алдын ала хабарлайды.

      28. ӨТТ аяқталған соң объект басшысының басшылығымен барлық қатысы бар лауазымды тұлғалардың қатысуымен анықталған кемшiлiктердi талқылау жүргiзiледi, олардың өртке қарсы iс-шаралар мен орындалу мерзiмдерi белгiленедi.

      29. Акт екi данада жасалады және тексеру жүргiзген ТЖ СӨҚҚ-нiң лауазымды тұлғасы қол қояды. Актiнiң бiр данасы ӨТТ аяқталғаннан кейiн бес күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей, объект басшысына қолын қойдыра отырып тапсырылады, ал екiншiсi - ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнде бақылау үшiн қалдырылады.

      30. ӨТТ-ны ӨҚО-ның өкiлiмен бiрлесiп жүргiзген кезде үш данада нұсқама жасалады, оларға ӨҚО-ның лауазымды тұлғалары қол қояды, бiрiншi данасы объект басшысына, екiншi данасы ТЖ СӨҚҚ өкiлiне, үшiншi данасы бақылау үшiн ӨҚО-да қалдырылады.

      31. Өрт қауiпсiздiгi талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою жөнiндегi ұсынылған iс-шаралардың орындалу мерзiмдерiн нұсқамада ӨҚО-ның тексерудi жүзеге асырған лауазымды тұлғасы, актiде объект басшысымен келiсiм бойынша ТЖ СӨҚҚ-ның қызметкерi белгiлейдi.

      32. Объект әкiмшiлiгiнiң алдыңғы нұсқамалар мен актiлер бойынша орындамаған iс-шаралары жаңа нұсқамаға немесе актiге енгiзiледi. Бұл iс-шараларды орындаудың жаңа мерзiмдерi белгiленбейдi, тек олар қай жылдан бастап ұсынылып отырғаны ғана көрсетiледi.

      33. Нұсқама немесе акт алған және онымен келiспейтiн объектiлердiң басшылары он күндiк мерзiмде ӨҚО-ның немесе ТЖ СӨҚҚ-ның жоғары тұрған органдарына шағымдана алады.

      34. Жалға алынған ғимараттарда және объектiлер аумақтарында орналасқан объектiлер бойынша өртке қарсы талаптар жалға берушiге, егер бұл жалға алу шартында көрсетiлсе, тиiстi өртке қарсы ережелердiң толық көлемiнде қойылады.

      35. ӨТТ кезiнде:
      1) объект басшысының және жауапты тұлғаларының өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi; өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi бұйрықтардың, өкiмдердiң және нұсқаулықтардың болуы; өрт сөндiру автоматикасы қондырғыларын пайдалануды ұйымдастыру; өртке қарсы мақсаттар үшiн қаржыландыруға және өрт сөндiру жабдығын сатып алуға өтiнiмдердiң болуы; өртке қарсы iс-шаралардың перспективтi жоспарларына, өндiрiстiк-қаржылық жоспарларына енгiзiлуi; отпен жүргiзiлетiн жұмыстарды ресiмдеу және жүргiзу тәртiбiнiң сақталуы; ӨТК-ның алдын алу жұмысын ұйымдастыру және сапасы; ЕӨЖ жұмысының жауынгерлiк әзiрлiгi; жұмысшылармен және қызметшiлермен өртке қарсы нұсқаулықты және өрт-техникалық минимумды жүргiзу тәртiбi; өрт туындаған жағдайда объект қызметкерлерiнiң өз мiндеттерiн және iс-қимылдарын бiлуi; өрттердi есепке алудың дұрыстығы және бұл жағдайда әкiмшiлiк қабылдаған шаралар;
      2) ӨҚО-ның алдыңғы нұсқамаларының, ТЖ СӨҚҚ-ның тексеру актiлерiнiң, орындалу дәрежесi өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi талаптарының, өрт қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi стандарттардың, бұйрықтардың және нұсқаулардың сақталуы;
      3) өрт туындаған жағдайда адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету (мәжбүрлi эвакуация жағдайында объект қызметкерлерiнiң мiндеттерiн бiлуi; эвакуация жолдары мен шығатын жерлердi жарамды күтiп ұстау; түтiннен қорғау жүйелерiнiң болуы мен жұмысқа қабiлеттiлiгi);
      4) желдету, жылыту, энергиямен жабдықтау жүйелерi, көлемдiк-жоспарлық шешiмдер, өртке қарсы кедергiлер, аумақты күтiп ұстау нормаларының талаптарына сәйкестiгi;
      5) өрттен қорғау жүйелерiнiң өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкестiгi (өрт сөндiру техникасымен қамтамасыз ету және оның техникалық жай-күйi, өрт сөндiретiн автоматты қондырғылардың, өрт сигналын берудiң, байланыс құралдарының жұмысқа қабiлеттiлiгi, өртке қарсы сыртқы және iшкi сумен жабдықтаудың болуы және жұмысқа жарамдылығы);
      6) жөндеу ұйымдарының ӨТТ кезiнде күрделi жөндеулердiң, ТҚ-ның барлық түрлерiнiң жүргiзiлуi, жылжымалы құрамның жаңғыртылуы, олардың өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi нормалар мен ережелердiң , стандарттардың талаптарына, нормативтiк актiлерге сәйкестiгi тексерiледi.

      36. Объектiлердi есепке алуды ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнде ТЖ СӨҚҚ-ның лауазымды тұлғалары қызмет көрсету учаскелерi бойынша осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес алдын алу жұмысы журналында жүргiзедi.

      37. ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң басшылары ТЖ СӨҚҚ актiлерiнде ұсынылған iс-шаралардың орындалу дәрежесiне талдау жасайды.

      38. ТЖ СӨҚҚ-тың лауазымды қызметкерiне бекiтiлген әрбiр объектiге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес бақылау-байқау iсi жүргiзiледi, онда мынадай барлық хат алмасулар: объектiнiң техникалық сипаттамасы, нұсқамалар, актiлер, ӨТТ жұмысы; ЕӨЖ мүшелерiнiң тiзiмi, объектi басшыларының, жауаптылардың бұйрықтары. Объектiлердiң бақылау-байқау iсi кемiнде бес жыл сақталады.

      39. Жолаушы поездарының ӨТТ жолаушы поездарын құрастыру пункттерiнде және жөнелтудiң айналым станцияларында жүргiзiледi. Жолдағы жолаушы поездарының ӨТТ ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бастығы бекiткен кесте бойынша поезд бастығының және поезд электр механигiнiң қатысуымен жүзеге асырылады. Жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi тексерушi тұлғаның, поезд бастығының қолы қойылып рейстiк журналда көрсетiледi.

      40. Локомотивтердiң, мотор-вагонды жылжымалы құрамның, электр жылжымалы құрамның және тоңазытқыш секциялардың (поездардың) ӨТТ тiркелу депосында, ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң басшылары бекiткен кестелер бойынша өрт қауiпсiздiгiнiң белгiленген нормалары көлемiнде жүзеге асырылады.

      41. Қазақстан Республикасының магистральдық темiр жол желiсiне жұмысқа жiберу үшiн бөгде ұйымдардың темiр жол көлiгiндегi жылжымалы құрамы өрт қауiпсiздiгi нормаларына сәйкестiгi белгiленуi үшiн комиссиялық ӨТТ-ге ұсынылады.

                                          Темiр жол көлiгiнде өрт
                                           қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                            алдын алу жұмыстарын
                                              жүргiзу ережесiне
                                                 1-қосымша

         Алдын алу жұмыстарын есепке алу күнделiгi

______________________________________________________________     (СӨҚҚ қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, СӨҚҚ бөлiмшесiнiң
                   атауы мен мекен-жайы)
____________________________________________________________________

             200__ жылғы________айына

Р/с
N



Күнi

Объектiнiң
атауы

Iс-шаралардың
атауы

Станцияның
мөртабаны
және қолы































        Инспектор________________тегi, аты, әкесiнiң аты

                                          Темiр жол көлiгiнде өрт
                                           қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                            алдын алу жұмыстарын
                                              жүргiзу ережесiне
                                                 2-қосымша

               Салалық өртке қарсы қызмет

     Объектiге өрт сөндiру-техникалық тексеру жүргiзуге
                   N_______ тапсырма

200___ жылғы "___"________"____"_________кезеңiне___________________
____________________________________________________________________
              (объектiнiң, жылжымалы құрамның атауы)
өрт қауiпсiздiгi жағдайына егжей-тегжейлi, бақылау, мақсатты тексеру жүргiзуге
(қажеттiсiнiң асты сызылсын)________________________________ берiлдi
                          (тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы)

Негiздеме: Темiр жол көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi жөнiнде алдын алу жұмыстарын жүргiзу ережесi
Бастық______________________________________________________________
                  (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
Нұсқамамен таныстым_________________________________________________
                         (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты)

Нұсқама ТЖ СӨҚҚ-ның лауазымды тұлғасының куәландыруын болған кезде жарамды

                     Қызметтiк куәлiктiң үлгiсi

Қазақстан Республикасының темiржол көлiгiндегi салалық өртке қарсы қызметi

Темiр жол көлiгiнде өрт қауiп-
сiздiгi бойынша алдын алу
жұмыстарын жүргiзу ережесiне
сәйкес кез келген уақытта
жылжымалы құрамның барлық
түрiне және темiржол көлiгi
ұйымдарының тұрақты объектiле-
рiне өрт сөндiру-техникалық
тексеру жүргiзуге құқығы бар

Фотоға
арналған
орын

КУӘЛIК N_____________
_____________________
_____________________
_____________________
_____________________

200__ жылы "__"______берiлдi

ТЖ СӨҚҚ бөлiмшесiнiң бас______
                        (қолы)

                                           Темiр жол көлiгiнде өрт
                                           қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                            алдын алу жұмыстарын
                                              жүргiзу ережесiне
                                                 3-қосымша

               Салалық өртке қарсы қызмет

             Өрт сөндiру-техникалық тексерудiң
                      N _____ актiсi

Құрамында:__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________бар комиссия
   (комиссия мүшелерiнiң Т.А.Ә.а., қызметi көрсетiледi)
____________________________________________________________________
       (объектi өкiлдерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы)
___________________________________________________________ бiрлесiп

200___ жылғы "___"____________
____________________________________________________________________
    (тексеру объектiсi, ТЖ СӨҚҚ қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң
                       аты және лауазымы)
____________________________________________________________________
   өрт-техникалық тексеру жүргiздi.

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына және Темiр жол көлiгiнде өрт қауiпсiздiгi бойынша алдын алу жұмыстарын жүргiзу ережесiне сәйкес өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн тексеру кезiнде анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында, объектiнiң басшысы мынадай iс-шараларды орындауы керек:

Р/с
N



Iс-шаралардың
атауы

Орындалу
мерзiмi

Орындалғаны
туралы белгi

1

2

3

4





































        Ұсынылған iс-шаралар Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгi ұйымдарының басшылары үшiн мiндеттi болып табылады.
      Ұсынылған iс-шаралармен келiспеген жағдайда Сiз Актiнi ТЖ СӨҚҚ-ның жоғары тұрған органына тапсырылған күннен бастап он күндiк мерзiмде шағымдана аласыз.

      Комиссия мүшелерiнiң қолы _________________________________
                                   _________________________________
                                   _________________________________

      Актiнi орындау үшiн алдым:
     ____________________________  _________________________________
      (Объект басшысының қолы)      (ТЖ СӨҚҚ қызметкерiнiң Т.А.Ә.а.)

                                          Темiр жол көлiгiнде өрт
                                           қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                            алдын алу жұмыстарын
                                              жүргiзу ережесiне
                                                 4-қосымша

              Алдын алу жұмысының журналы

                       1-бөлiм

    Қызмет көрсетiлетiн бекiтiлген учаскенiң сипаттамасы

1. Қызмет көрсету учаскесi__________________________________________
2. Объектiлердiң жалпы саны_________________________________________
оның iшiнде:
2.1. ҚО_____________________________________________________________
2.2. ЖО_____________________________________________________________
2.3. БО_____________________________________________________________
2.4. ЭО_____________________________________________________________
2.5. МО_____________________________________________________________
2.6. ТО_____________________________________________________________
2.7. ЖО_____________________________________________________________
2.8. ВО_____________________________________________________________
2.9. ҰТ_____________________________________________________________
3.0. өзгелер________________________________________________________

              Объектiлердi есепке алу журналы

Р/с
N



Объектiнiң атауы
және оның
шаруашылыққа
тиесiлiлiгi

Объектiге
бекiтiлген
НОРИП
Т.А.Ә.

ӨТТ, ЕӨЖ
болуы, өрт сөндiру техникасының болуы

ӨТТ-ның
күндерiмен
түрлерi













1

2

3

4

































































































                                             Темiр жол көлiгiнде өрт
                                           қауiпсiздiгi жөнiндегi
                                            алдын алу жұмыстарын
                                              жүргiзу ережесiне
                                                 5-қосымша

                   Салалық өртке қарсы қызмет

                          Бақылау-байқау iсi
____________________________________________________________________
                            (ұйым атауы)
____________________________________________________________________

                            200__ жылғы "___"____________ басталды
                            200__ жылғы "___"____________ аяқталды

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2008 жылғы 16 ақпандағы    
N 148 қаулысымен       
бекiтiлген          

Темiр жол көлiгiнде өрт салдарларын жою ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темiр жол көлiгiнде өрт салдарларын жою ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде өрттi сөндiру және өрт салдарларын жою кезiндегi өрт сөндiру-тактикалық жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы " 1994 жылғы 21 қыркүйектегi және " Өрт қауiпсiздiгi туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңдарына сәйкес әзiрленген.

      3. Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде өрт салдарларын жою үшiн Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде салалық өртке қарсы қызмет (бұдан әрi - ТЖ СӨҚҚ) құрылады.

      4. ТЖ СӨҚҚ өз қызметiнде "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн басшылыққа алады.

      5. Осы Ереже меншiк нысанына және ведомстволық тиесiлiлiгiне қарамастан Қазақстан Республикасы темiр жол көлiгiнiң барлық ұйымдары және қызметкерлерi жұмыста басшылыққа алуы үшiн әзiрленген.

      6. Темiр жол көлiгiнiң ұйымдары қызметкерлерiнiң осы Ереженi бiлуi және орындауы үшiн жауапкершiлiк темiр жол көлiгi ұйымдарының басшыларына жүктеледi.

      7. Осы Ережеде мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
      өрт сөндiру - адамдарды, мүлiктi құтқаруға және өрттi жоюға бағытталған жауынгерлiк iс-қимылдар. Өрт сөндiру өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң негiзгi функцияларының бiрi болып табылады;
      жауынгерлiк iс-қимылдар - негiзгi жауынгерлiк мiндеттi орындау үшiн өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын ұйымдастырылған түрде қолдану;
      негiзгi жауынгерлiк мiндет - өртке қарсы қызметтiң өрттi сөндiруге тартылған күштерi мен құралдарының мүмкiндiктерiмен белгiленетiн мерзiмдер мен мөлшерлерде өрттi оқшаулауға және жоюға қол жеткiзу;
      өрттi оқшаулау - қолда бар күштермен және құралдармен адамдарға (жануарларға) қауiп-қатер болмайтын немесе жойылған, өрттiң тарауы тоқтатылған және оны жоюға жағдай жасалған өрт сөндiру сатысы;
      өрттi жою - жануы тоқтатылған және оның өздiгiнен туындауы үшiн жағдай жойылған өрт сөндiру сатысы;
      шешушi бағыт - өртке қарсы қызметтiң күштерi мен құралдарын пайдалану негiзгi жауынгерлiк мiндеттi шешудiң ең жақсы жағдайын қамтамасыз ететiн жауынгерлiк iс-қимылдар бағыты;
      өртте адамдарды құтқару - қауiптi факторлардың әсер ету ықтималдығы бар өрт аймағын өздiгiнен тастап кете алмайтын адамдарды құтқару жөнiндегi iс-қимылдар.

2. Бөлiмшелердi хабардар ету, өрт орнына шақыру және жөнелту

      8. ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерiнiң құрамына:
      1) темiр жол көлiгi объектiлерiнде өрттi сөндiру және өрт салдарларын жоюға;
      2) шарт негiзiнде бөгде ұйымдардың объектiлерiнде және жылжымалы құрамында өрт сөндiру жөнiндегi жұмыстарды және қызметтердi орындауға арналған темiр жол көлiгiндегi өрт сөндiру поездары кiредi.
      Өрт сөндiру поезын мақсатқа сәйкес емес жұмыстарды орындау үшiн тартуға жол берiлмейдi.

      9. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi мен авариялық-құтқару құралымдарын және басқа да ұйымдарын шақыру тәртiбiн темiр жол көлiгiнiң ұйымдары, жол бөлiмшелерi шегiнде ТЖ СӨҚҚ бөлiмшелерi әзiрлейдi, мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң тиiстi ұйымдарымен және аумақтық органдарымен келiсiледi.
      Темiр жол көлiгiнiң барлық ұйымдарында осы Ереже болуы қажет.
      
  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 шiлдедегi n 763 Қаулысы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 және 2006 жылғы 10 қарашадағы №1074 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 12 маусымдағы n 578 Қаулысы
Республикасының ПҮаж-ы, 2008 ж., N 30, 300-құжат, "Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 7 шiлде n 208-209
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 25 қыркүйектегi №885 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы №220 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 7 ақпандағы n 114 Қаулысы
Прокуратура туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 53-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconОблыс әкімдігінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №396 «Атырау облысы бойынша жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
«Мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына толықтыру...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2011 жылғы 3 қараша №1285 Астана, Үкімет Үйі
Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттау жүргiзу ережесiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №96 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 28 тамыз №1098 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында таратылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 16 ақпандағы n 148 Қаулысы icon«Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамытудың» 2004-2008
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi №903 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница