Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы




НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
страница1/23
Дата конвертации20.01.2013
Размер2.1 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы N 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау қаласының Әдiлет басқармасында 2008 жылғы 24 қыркүйекте N 11-1-94 тiркелдi

      Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 " Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң үлгi стандартын бекiту туралы " және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 " Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмiн бекiту туралы " қаулыларына сәйкес, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапасын көтеру мақсатында, Ақтау қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1.Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

      2. Мына мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарттары қоса берiлiп отырған қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн:
      1) "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң:
      "Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Мүгедектердi сурдо-тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшiн оларға құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Он сегiз жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Жергiлiктi өкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша аса мұқтаж азаматтардың және азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттар ресiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2) "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi:
      "Мемлекеттiк тұрғын-үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын-уй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке алу және кезекке қою" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      3) "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi:
      "Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тiлек бiлдiрген отбасылардан өтiнiштер қабылдау" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды өңiрлiк есепке қою" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалдық кеңсеге анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Зейнеткерлiк қорларға, iшкi iстер министрлiгiнiң, Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсiмдеу үшiн анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi банкке несие рәсiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Тұрғын үйдi меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелердi жасау үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесiнiң шешiмiне анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      4) "Ақтау қалалық жер қатынастары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi:
      "Жер учаскелерi туралы анықтама беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Жердi тұрақты пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Жердi уақытша өтеусiз пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты;
      "Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiлердi рәсiмдеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.

      3. Мемлекеттiк мекемелер:
      есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың 10 жұлдызына және әрбiр есеп беру жылының 15 желтоқсанына дейiн Ақтау қаласы әкiмi аппаратының жалпы бөлiмiне сапа көрсеткiштерi мен қол жетiмдiлiгiнiң мақсатты мәндерiне қол жеткiзу жөнiнде тоқсан сайынғы және жылдық есеп берудi қамтамасыз етсiн.

      4. "Ақтау қаласы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкiмi аппаратының басшысы Ұ.С. Сарқұловқа жүктелсiн.

      6. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкiмi                               С. Бекбергенов

      КЕЛIСIЛДI:
      Д.А. Клинчев
      Б.М. Шапқанов
      Т.К. Хитуов
      Ұ.С. Сарқұлов
      А.С. Борашев
      Л.Б. Аленова

      Орынд. А.Б. Қожаназарова  ___________    

Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 12 тамыздағы N 825
қаулысына 1 қосымша

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн
мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi

Р/с N

Қызметтердiң атауы

Тұтынушылар

Өтiнiштер қабылдауды және рәсiмделген құжаттар берудi жүзеге асыратын ұйымдар

1

2

3

4

1-бөлiм. Жеке тұлғаларды, азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды, шетелдiк азаматтарды тiркеу




1.

Жұмыссыз азаматтарды есепке қою және тiркеу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық  жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(К. Айтбатырова)

2.

Семей ядролық сынақ полигонындағы, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(К. Айтбатырова)

3.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру үшiн есепке алу және кезекке қою

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi мен автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(Н. Дүйсенов)

4.

Патронаттық тәрбиелеуге балаларды алуға тiлек бiлдiрген отбасылардан өтiнiштер қабылдау

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

5.

Жетiм балаларды және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды өңiрлiк есепке қою

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

6.

Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiн) жастағы балаларды тiркеу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

2-бөлiм. Әлеуметтiк қорғау




1.

Мүгедектердi сурдо-тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшiн оларға құжаттар рәсiмдеу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К. Айтбатырова)

2.

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К. Айтбатырова)

3.

Тұрғын үй көмегiн тағайындау

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К.Айтбатырова)

4.

үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшiн құжаттарды рәсiмдеу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К.Айтбатырова)

5.

Жергiлiктi өкiлеттi
органдардың шешiмдерiбойынша аса мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек тағайындау және төлеу

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К.Айтбатырова)

6.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(К.Айтбатырова)

3-бөлiм. Анықтамалар беру




1.

Қорғаншылық және
қамқоршылық жөнiнде анықтама беру

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

2.

Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтама беру

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

3.

Зейнеткерлiк қорларға, iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны рәсiмдеу үшiн анықтама беру

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(С. құрманғазиева)

4.

Кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi
банкке несие рәсiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсат беру

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм беру бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

5.

Тұрғын үйдi меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiнқозғайтын мәмiлелердi жасау үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесiнiң шешiмiне анықтама беру

Жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi
(С. Құрманғазиева)

6.

Жер учаскелерi туралы анықтама беру

Заңды және жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жер
қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(Б. Қуанбаев)

7.

Жердi тұрақты пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу

Заңды және жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жер
қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(Б. Қуанбаев)

8.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығына арналған актiлердi рәсiмдеу

Заңды және жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жер
қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(Б. Қуанбаев)

9.

Уақытша өтеулi жер пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу

Заңды және жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жер
қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(Б.Қуанбаев)

10.

Жердi уақытша өтеусiз пайдалану құқығына актiлердi рәсiмдеу

Заңды және жеке тұлғалар

"Ақтау қалалық жер
қатынастары бөлiмi "мемлекеттiк мекемесi
(Б.Қуанбаев)

       "КЕЛIСIЛГЕН":
      К.М. Айтбатырова
      ("Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi"
      мемлекеттiк мекемесi)
      ____________________ К.М. Айтбатырова
      "___"_____________ 2008 жыл

      Н.К. Дүйсенов
      ("Ақтау қалалық тұрғын үй - коммуналдық
      шаруашылық, жолаушылар көлiгi мен
      автомобиль жолдары бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi)
      ____________________ Н.К. Дүйсенов
      "___"_____________ 2008 жыл

      С.М. Құрманғазиева
      ("Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi)
      ____________________ С.М. Құрманғазиева
      "___"_____________ 2008 жыл

      Б.М. Қуанбаев
      ("Ақтау қалалық жер қатынастар бөлiмi
      "мемлекеттiк мекемесi)
      ____________________ Б.М. Қуанбаев
      "___"_____________ 2008 жыл

Ақтау  қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 825 қаулысымен  
Бекiтiлген      

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң стандарты
"Уақытша жер пайдалану құқығына актiлердi ресiмдеу"
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница