Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы




НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
страница7/23
Дата конвертации20.01.2013
Размер2.1 Mb.
ТипДокументы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты
"Кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi банкке несие
рәсiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсат беру"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мемлекеттiк қызмет кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi банкке несие ресiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсат беру тәртiбiн анықтайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң  22, 23, 24-баптары, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабы 3 тармағы, қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы, қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалқан балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi көрсетедi.
      қызмет көрсету орны: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi аяқтау нысаны болып жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өңiрлiк есепке қойылғаны туралы ауызша хабарлама болып табылады
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Құжаттарды қарастыру мерзiмi бес жұмыс күнi iшiнде:
      1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi, өңiрлiк есепке қою рәсiмдеу екi жұмыс күнi iшiнде рәсiмделiп, одан кейiн өтiнiш берушiге берiледi.
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде (тiркеу, талон алу кезiнде) кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейiн;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тегiн.
      9. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерiнде, мемлекеттiк мекеме фойесiндегi қабырғаларда орналасқан.
      10. Мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа күнделiктi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      құжаттарды қабылдау әр аптаның дүйсенбi күнi, сағат 09.30-дан 18.00-ге дейiн, үзiлiс уақыты 12.30-дан 14.00-ге дейiн, "сервис орталығы" 4 терезе.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу және қызмет көрсетудi жеделдету жүзеге асырылмайды.
      11. Мемлекеттiк қызмет "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде көрсетiледi, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, 207 кабинет.
      әкiмшiлiк ғимаратына кiре берiсте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткiзу пунктi орналасқан.
      Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгiлерi қойылған ақпараттық қабырға бар.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

       12. Жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалқан балаларды өңiрлiк есепке қою үшiн ұсынылады:
      ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланың өңiрлiк есепке қойылғаны туралы жауапты жеке тұлғаның өтiнiшi еркiн түрде жазылады;
      ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланың туу туралы куәлiгi;
      ата-ананың қайтыс болуы туралы анықтама (бала ата-анасының қайтыс болуы салдарынан қамқорлықсыз қалған жағдайда);
      ата-анасының ауруы туралы анықтама (бала ата-анасының денсаулығы нашарлығы салдарынан қамқорлықсыз қалған жағдайда);
      баланың ата-анасын ата-ана құқықтарынан айыру туралы сот шешiмi (бала ата-анасын ата-ана құқықтарынан айыру салдарынан қамқорлықсыз алған жағдайда);
      баланың ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеу туралы сот шешiмi (бала ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеу салдарынан қамқорлықсыз қалған жағдайда);
      ата-ананың әрекетке қабiлетсiз деп танылғаны туралы сот шешiмi (бала ата-анасының әрекетке қабiлетсiздiгi салдарынан қамқорлықсыз қалған жағдайда);
      ата-ананың екеуiнiң де баланы тәрбиелеу мен күтуден бас тарту өтiнiшi, ата-анасының бiреуiнен өтiнiшi болмаған жағдайда - оның жоқ екенi (қайтыс болуы туралы анықтама, баланың әкесi жөнiндегi мәлiмет анасының айтуы бойынша көрсетiлген анықтама, ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, әрекетке қабiлетсiз деп тану туралы сот шешiмi) туралы растау анықтамасы.
      толтырылатын балаға сауалнама;
      тастанды (тастап кеткен) бала туралы акт (бала IIД органдарымен немесе медициналық мекемелерде қалдырылған жағдайда) (IIД бөлiмшесi инспекторының баянаты немесе медицина мекемесiнiң қолдаухаты);
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мамандары бередi.
      14. Мемлекеттiк қызмет кабинеттерде "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерi тарапынан көрсетiледi.
      15. құжатты қабылдаған уәкiлеттi қызметкер өтiнiш берушiге ауызша түрде барлық қажеттi құжаттарды алғаны және олардың орындалған қызметтi алатын күнi туралы хабарлайды.
      16. өңiрлiк есепке қою "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметкерi қабылданған құжаттар негiзiнде күнделiктi жүзеге асырады.
      Жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өңiрлiк есепке қою электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
      өңiрлiк есепке қою жеке барғанда берiледi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме қаралған құжаттардың мерзiмсiз сақталуын жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздерi жоқ.

3. Жұмысымыздың қағидаттары

      18. "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      3) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдептi болу қағидаларына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану қажеттiлiгi кезiнде талап етушi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысына шағымдана алады. телефон: 50-79-17
      Талап етушi қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.
      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеменiң кеңсесi арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндерi қабылданады: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, 207 кабинет.
      23. Тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген екiншi данасы қайтарылады.
      Мемлекеттiк мекемеге келiп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiп пен мерзiмде жүзеге асырылады.
      Берiлген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат мекен-жай бойынша 207-шi кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
      Заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген шағым мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

6. Байланысу ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме жұмысының белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
      1) "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме бастығы:
      Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, телефон 50-79-17;
      Жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа, күнделiктi сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейiн.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелiк күндерден басқа, әр айдың 1 мен 3, аптасының сәрсенбi күнi сағат 14.00-ден сағат 18.30-ға дейiн.
      2) "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары:
      Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат;
      Жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейiн.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелiк күндерден басқа, әр аптаның дүйсенбi күнi сағат 10.00-ден сағат 12.30-ға дейiн.
      25. Қосымша қызметтер көрсетiлмейдi.

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартына
N 1 қосымша

Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi

Сапа және қол
жетiмдiлiк
көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң
нормативтiк
мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мән

Көрсеткiштiң есiптiң жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы




1.1. қызметтер құжаттар тапсырылған сәттен бастап белгiленген мерзiмде көрсетiлген жағдайлар % (үлесi)

100

100

100

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)

100

90

95

2. Сапасы




2.1. қызмет көрсетудi кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылар % (үлесi)

100

100

100

2.1. қызмет көрсету барысының сапасы қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесi)

100

100

100

3. Қол жетiмдiлiк




3.1. қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы ақпараттың сапасы қанағаттандырылған тұтынушылар % (үлесi)

100

100

100

3.2. құжаттар дұрыс толтырылған және бiрден тапсырылған жағдайлар % (үлесi)

90

80

85

3.3. Интернетте ұсынылған мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат % (үлесi)

90

80

85

4. Шағымдану үдерiсi




4.1. Осы қызмет бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санынан шаққандағы негiзделген шағымдар % (үлесi)

-

-

-

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдар % (үлесi)

-

-

-

4.3. Шағымданудың қазiргi тәртiбi қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

-

-

-

4.4. Шағымданудың қазiргi мерзiмi қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

-

-

-

5. Сыпайылық




5.1. қызметкерлердiң әдептiлiгi қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

100

100

100

      Ескерту: Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi модельдiк әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес есептеледi

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартын
N 2 қосымша  

үлгi

Қазақстан Республикасы Ақтау қаласының "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi

қамқоршылық және қорғаншылық орган бар, кәмелетке толмаған
балалар мүддесiне әрекет ететiн, "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабы, 3 тармағына сәйкес
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
_____________________
мекен-жайы бойынша____________________________N____ үй, пәтер N_____
______________________________________________келiсiм бередi.

       Ақтау қаласы "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң директорының орынбасары __________қолы

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартына
N 3 қосымша  

Жеке тұлға үшiн үлгi

Ақтау қаласының "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi____________________________________________

мекен-жайы бойынша тұратын, телефон Ерлi-зайыпты (аты-жөнi, толық, қысқартусыз төлқұжат бойынша)__________________________________________________________

өтiнiш

      Сiзден _______________________ мөлшерде _______ мерзiмге
несие алу үшiн ________________________________ мекенжайында
орналасқан пәтердi кепiлге қоюға рұқсат беруiңiздi сұраймыз.
Балаларымыз:
1_______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
4._____________________________________________________________
5.______________________________________________________________
6.______________________________________________________________
(балалардың аты-жөнi, туған жылдары, куәлiк N, 10-нан асқан балалар
қолын қояды, "келiсемiн" - деп жазады)
әкесi туралы мәлiметтер (Аты-жөнi, жеке куәлiк N, кiм және қашан
берiлген)
________________________________________________________________
_____________________________________________________(қолы)_____
Анасы туралы мәлiметтер (Аты-жөнi, жеке куәлiк N, кiм және қашан
берiлген)
________________________________________________________________
_______________________________________________(қолы)___________
Банктен хат N ______________________________________________________
      үйден айрылып қалған жағдайда балалар мына мекен-жайда тұратын
болады (қосымша үйдiң немесе балаларды алуға келiсетiн жақын
туыстарының мекенжайын көрсету керек), "Алдағы уақытта балалар үйсiз
қалмайды" деген сөйлем қолмен жазылады.
________________________________________________________________

      Күнi:
      Ерлi-зайыптылардың екеуiнiң қолы

Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 825 қаулысымен 
бекiтiлген    
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница