Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы




НазваниеЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
страница9/23
Дата конвертации20.01.2013
Размер2.1 Mb.
ТипДокументы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

өтiнiш

      Маған __________________________ жинақтаушы зейнетақы
қорындағы (қордың атауы мұрагерлiкке құқығы туралы куәлiгiндегi
жазбаға сәйкес көрсетiледi) зейнетақы жинақтарын салымшының
_________________ (күйеуi немесе әйелiнiң Т.А.Ә.) қайтыс болуына
байланысты (___________жылғы (куәлiктiң берiлген күнi) қайтыс
болуы туралы куәлiгi N _________) кәмелетке толмаған балаларға
алуға рұқсат беруiңiздi сұраймын.

      Күнi "____"____________жыл
      ______________________қолы

Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 825 қаулысымен 
бекiтiлген    

"Кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын
ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге
анықтама беру"

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк қызмет кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтама беру тәртiбiн анықтайды.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 22, 23, 24-баптары, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабы 3-тармағы, Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы  ережелердi және Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережелерiн бекiту туралы" қаулысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi көрсетедi.
      қызмет көрсету орны: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат.
      5. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудi аяқтау нысаны болып кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. құжаттарды қарастыру мерзiмi бес жұмыс күнi iшiнде:
      1) ұсынылған құжаттарға сараптама өтiнiш тiркелген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi, өңiрлiк есепке қою рәсiмдеу екi жұмыс күнi iшiнде рәсiмделiп, одан кейiн өтiнiш берушiге берiледi.
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде (тiркеу, талон алу кезiнде) кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 40 минутқа дейiн;
      3) мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берiлген ең ұзақ уақыт 40 минуттан көп емес.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсету тегiн.
      9. Мемлекеттiк қызмет тәртiбi туралы ақпарат ресми ақпараттық көздерiнде, мемлекеттiк мекеме фойесiндегi қабырғаларда орналасқан.
      10. Мемлекеттiк қызмет сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа күнделiктi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн көрсетiледi.
      құжаттарды қабылдау әр аптаның дүйсенбi күнi, сағат 09.30-дан 18.00-ге дейiн, үзiлiсi уақыты 12.30-дан 14.00-ге дейiн, "сервис орталығы" 4 терезе.
      Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн алдын ала жазылу және қызмет көрсетудi жеделдету жүзеге асырылмайды.
      11. Мемлекеттiк қызмет "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнде көрсетiледi, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, 207 кабинет.
      әкiмшiлiк ғимаратына кiре берiсте жеке басын куәландыратын құжат бойынша өткiзу пунктi орналасқан.
      Фойеде және кабинетте толтырылған бланк үлгiлерi қойылған ақпараттық қабырға бар.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Анықтама алу үшiн нотариалдық кеңсеге ұсынылады:
      осы стандарттың N 3 қосымшасына сәйкес кәмелетке толмаған балалардың екi ата-анасының (ерлi-зайыптылардың) өтiнiшi;
      жақын туыстарынан, кәмелетке толмаған баланың ата-аналарынан нотариалды расталған кепiлдi мүлiкке өтiнiш;
      пәтер құжаттарының түпнұсқалары мен көшiрмелерi (келiсiмшарт, жылжымайтын мүлiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, пәтердiң техникалық төлқұжаты, үй кiтабы);
      өтiнiш берушi-кәмелетке толмаған баланың ата-анасының жеке куәлiктерiнiң түпнұсқасы мен көшiрмелерi;
      баланың туу туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi (балалардың, 10 жастан және одан жоғары баланың өзiнiң болуы (18 жасқа дейiн);
      неке қию туралы куәлiгiнiң түпнұсқасы мен көшiрмесi;
      басқа да құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмесi (ажырасу куәлiгi, қайтыс болу туралы, некелiк қатынаста болмағанын растайтын құжат; баланың некеден тыс туылғаны жөнiндегi N 4 нұсқалы анықтама);
      ерлi-зайыптылардың бiреуi жоқ болса, оның сенiмхаты (нотариуспен расталған).
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн бланкiлердi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мамандары бередi.
      14. Мемлекеттiк қызмет кабинеттерде Департаменттiң арнайы қосымша бiлiм беру және тәрбие жұмыстары бөлiмi қызметкерлерi тарапынан көрсетiледi.
      15. құжатты қабылдаған уәкiлеттi қызметкер өтiнiш берушiге ауызша түрде барлық қажеттi құжаттарды алғаны және олардың орындалған қызметтi алатын күнi туралы хабарлайды.
      16. өңiрлiк есепке қою "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қызметкерi қабылданған құжаттар негiзiнде күнделiктi жүзеге асырады.
      Жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өңiрлiк есепке қою электрондық почта, сайт арқылы жүзеге асырылмайды.
      өңiрлiк есепке қою жеке барғанда берiледi.
      Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзiмiнде хабарласпаған жағдайда, мемлекеттiк мекеме қаралған құжаттардың мерзiмсiз сақталуын жүзеге асырады.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн негiздерi жоқ.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi  қызметi:
      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
      2) сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру;
      3) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұлжытпай сақтау;
      4) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат беру;
      5) тұтынушылардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермеу;
      6) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға жол бермеу;
      7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты сақтау;
      8) құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
      9) белгiленген мерзiмде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
      10) сыпайы және әдептi болу қағидаларына негiзделедi.

4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың N 1 қосымшасына сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану қажеттiлiгi кезiнде талап етушi "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң басшысына шағымдана алады. телефон:50-79-17
      Талап етушi қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған органның қарауын қажет етсе Ақтау қаласы әкiмiнiң орынбасарына жазбаша шағым хат жолдауына болады.
      22. Шағым жазбаша түрде поштамен немесе "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеменiң кеңсесi арқылы қолма-қол мына мекен-жай бойынша жұмыс күндерi қабылданады: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, 207 кабинет.
      23. Тiкелей жазбаша өтiнiш жасаған тұтынушыға тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-және көрсетiлген екiншi данасы қайтарылады.
      Мемлекеттiк мекемеге келiп түскен шағымды қарау Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiленген тәртiп пен мерзiмде жүзеге асырылады.
      Берiлген шағымға жауапты не шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат мекен-жай бойынша 207-шi кабинеттен, не канцеляриядан алуға болады.
      Заңнамада белгiленген тәртiппен берiлген шағым мiндеттi түрде қабылдануға, тiркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиiс.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тұтынушыларды қабылдау "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме жұмысының белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.
      1) "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме бастығы:
      Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат, телефон 50-79-17;
      Жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа, күнделiктi сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-ден 14.00-ге дейiн.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелiк күндерден басқа, әр айдың 1 мен 3, аптасының сәрсенбi күнi сағат 14.00-ден сағат 18.30-ға дейiн.
      2) "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" мемлекеттiк мекеме басшысының орынбасары:
      Мекен-жайы: Ақтау қаласы, 4 шағынаудан, әкiмшiлiк үйi ғимараты, 2 қабат;
      Жұмыс кестесi: сенбi, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, үзiлiс сағат 12.30-дан 14.00-ге дейiн.
      Жеке мәселелер бойынша қабылдау: мерекелiк күндерден басқа, әр аптаның дүйсенбi күнi сағат 10.00-ден сағат 12.30-ға дейiн.
      25. қосымша қызметтер көрсетiлмейдi.

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартына
N 1 қосымша

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол
жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есiптi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылығы




1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының % (үлесi)

100

100

100

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)

100

90

95

2. Сапасы




2.1. қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

100

100

100

2.2. құжаттарды (жүргiзiлген есептеулер, есеп айырысулар және т.б.) дұрыс ресiмдеген жағдайдың % (үлесi)

100

100

100

3. Қол жетiмдiлiгi




3.1. қызмет ұсыну тәртiбi туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)

100

100

100

3.2. құжаттар дұрыс толтырылған және бiрiншi реттен тапсырылған жағдайлардың % (үлесi)

90

80

85

3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызметтер туралы ақпараттың толықтығы  % (үлесi)

90

80

85

4. Шағымдану үдерiсi




4.1. қызметтiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санынан негiзделген шағымдардың % (үлесi)

-

-

-

4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың % (үлесi)

-

-

-

4.3. Шағымданудың қазiргi тәртiбi қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

-

-

-

4.4. Шағымданудың қазiргi мерзiмi қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

-

-

-

5. Сыпайылық




5.1. қызметкерлердiң сыпайылығы қанағаттандырған тұтынушылар % (үлесi)

100

100

100

    Ескерту: Көрсеткiштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi төрағасының бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк қызмет стандарттарының көрсеткiштерiн анықтау жөнiндегi модельдiк әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес есептеледi.

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартына
N 2 қосымша  

үлгi

Қазақстан Республикасы Ақтау қаласының
"Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi"

      қамқоршылық және қорғаншылық орган бар, кәмелетке толмаған
балалар мүддесiне әрекет ететiн, "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13-бабы, 3 тармағына сәйкес
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________
мекенжайы бойынша_____________________________NN____ үй, пәтер N____
______________________________________________келiсiм бередi

Ақтау қаласы

"Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi"                              орынбасары                __________қолы

Мемлекеттiк қызмет
көрсетудiң стандартына
N 3 қосымша

                     Жеке тұлға үшiн үлгi

                       Ақтау қаласының "Ақтау қалалық бiлiм бөлiмi" _____________________________________________
                       __________мекен-жайы бойынша тұратын, телефон
                       Ерлi-зайыпты (аты-жөнi, толық, қысқартусыз,
                       төлқұжат бойынша)____________________________
                       _____________________________________________

өтiнiш

      Сiзден ________________________________ мекен-жайында
орналасқан пәтердi сатуға (айырбастауға, сыйға беруге) рұқсат
беруiңiздi сұраймыз.
Балаларымыз:
1._________________________________________________________________
2._________________________________________________________________
3._________________________________________________________________
4._________________________________________________________________
5._________________________________________________________________
6._________________________________________________________________
(балалардың аты-жөнi, туған жылдары, куәлiк N, 10-нан асқан балалар
қолын қояды, "келiсемiн" - деп жазады)

      әкесi туралы мәлiметтер (Аты-жәнi, жеке куәлiк N, кiм және
қашан берiлген)
____________________________________________________________________
_____________________________________________________(қолы)_________
Анасы туралы мәлiметтер (Аты-жөнi, жеке куәлiк N, кiм және қашан
берiлген)
____________________________________________________________________
_______________________________________________(қолы)_______________

Келешекте тұратын мекен-жайы________________________________________

      "Келешекте балалар тұрғын үймен қамтамасыз етiледi" фразасы
(әз қолымен жазу қажет)
____________________________________________________________________

Күнi:
Ерлi-зайыптылардың екеуiнiң қолы

Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң
2008 жылғы 12 тамыздағы
N 825 қаулысымен 
бекiтiлген    
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

Похожие:

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Миссионерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеудi және қайта тiркеудi жүргiзу" мемлекеттiк қызмет стандартын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconЛебяжi ауданы бiлiм бөлiмiнiң мемлекеттiк қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы №558, «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А. Т. Перуашев мырзаға «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы»
«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2010...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы icon«Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) және заңды тұлғаның филиалы мен өкiлдiгiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Мемлекеттiк қызмет «Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы...
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі
«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница