Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»




Скачать 228.61 Kb.
НазваниеҚұрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы»
Дата конвертации20.01.2013
Размер228.61 Kb.
ТипДокументы
Төлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2011 жылы атқарылғын жұмыстары туралы есебі
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары!
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» тапсырмасын орындау мақсатында Ұлан ауданында 2005 жылдың 6 сәуірінен бастап жыл сайын өздеріне сеніп тапсырылған аумақта әкімдердің есеп беру кездесулері өтеді. Осы жұмыс халықтың елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық және саяси реформалары туралы, сонымен қатар біздің Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындарының еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесі жайында ақпараттануын жоғарылатуға бағытталған.

Округ әкімінің тұрғындармен кездесуінде 2011 жыл барысында әртүрлі сұрақтар мен мәселелер талқыланды. Қазір қорытындысын шығарайын. 2012 ж 1 қаңтарында Төлеген Тоқтаров округінің тұрғындарының саны 2315 адам. Герасимовка ауылында – 1315, Казачье – 368, Украинка – 632 адам. Округ аумағында жеті мал жайылымы бар. «Қосбармақ»- 2 үй, «Сақау» - бір-екі пәтерлі үй және «Землянки» - 12 үй. Округте 724 үй, соның ішінде Герасимовкадағы 368 үй, қосалқы шаруашылығы жоқ 196 үй, яғни 53٪ Казачье ауылы – 97 үй, 39 үйде - 30٪ үйінде қосалқы шаруашылық жоқ.

Украинка ауылындағы 259 үйдің 107 үйінде, яғни 41٪ қосалқы шаруашылық ұстамайды. Жалпы округ бойынша тұрғындардың 45٪ қосалқы шаруашылық ұстамайды.

2011 ж қаңтар айында ауыл әкімінің халық алдында есеп беру кешінде төмендегідей мәселелер қаралған болатын.

  1. Ұлан өзені арқылы Заречная көшесіне қарай өтетін көпірді қайта жөндеуден өткізу

  2. Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету

  3. Украинка ауылында зейнетақы, әлеуметтік және коммуналдық төлемдер төлейтін, салық төлеуге арналған ғимараттың жоғы туралы сөз болды. Сол үшін де төлемдер уақытында төленбей жүр.

  4. Украинка ауылында дәріхана жоқ

  5. Украинка мен Герасимовкадағы қоқыс мәселесі

  6. Ауыл ішіндегі жол жөндеу мәселесі

  7. Қаңғыбас иттердің мәселесі

2012 ж Ұлан өзені арқылы казачье ауылындағы Заречная көшесіне қарай өтетін көпірді қайта жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Украинка ауылында жалпы көлемі 98, 0 м² ФАП бұрынғы ғимараты КГКП «Дарын» аудандық мәдениет бөлімінің 2012 жылдағы балансына енді.

220845 теңгеге электросчетчик пен теплофондар орнатылды

5898 кітап қоры бар кітапхананың жұмысы үшін екі бөлме бөлінген, олардың ішіндегі 247 жаңа кітап 2011 жылы түсті, 108 кітап тапсырыс бойынша алынды. Басқа екі бөлмесінде клуб орналасқан, сонымен қатар көлемі 15м² жер зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер, коммуналдық төлемдерді және салық төлейтін, сонымен бірге мұғалімдердің жалақысын беретін бір бөлме тағы бар.Дүйсенбі, жұма күндері жылжымалы «Казпошта» бөлімі ауыл тұрғындарына қызмет етеді.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап әр түрлі мәдени шаралар мен мейрамдарды жүргізу үшін мәдениет үйінің қызметіне Остапенко Марина жұмысқа алынды.

Медицина қызметкері Е. Г.Скобелева дәріхана ашу үшін қайта дайындау курсынан өтті енді медикаменттер алу үшін керек қаражат мәселесін шешу керек. Ауданның ауылшаруашылық бөлімінің жанындағы «Ұлан малдәрігері» КГП қаңғыбас иттерді ату мәселесімен айналысады. 2011 жылы 72000 теңгеге 24 иттің көзі жойылды.

Ауыл әкімінің қызметі «Қазақстан Республикасындағы өзін – өзі басқару және жергілікті басқару» туралы заңдарды және облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдерін басшылыққа алып қызмет жасайды.

Округтегі өндіріс орны – «Восток - Молоко» ірі зауыты. Бастығы С. Ж. Жайлаубаев, сүт өнімдерін өндіреді және ет өнімдерімен айналысатын «Дружба», «Щелаковский», «Төртқара», «Украинка» шаруа қожалықтары бар.

2010 жылғы «Восток Молоко» өндірген сүт өнімдері тек қана аудан аумағында емес, сондай – ақ республика көлемінде сатылады. 2012 жылы округ аумағында еткомбинатын ашу жоспарланған болатын, оның ең алғашқы тасы қараша айында қаланған.

Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылығы. округ аумағында 38 шаруашылықтар бар; 2 ЖШС, 1 серіктестік және 35 шаруа қожалықтары бар. Шаруашылық қожалығының 25-інің 100га көлемінде егістік жерлері бар. Бұл жалпы санның 58,1٪ құрайды. Өз бетімен істейтін 25 қожалықтың техникасы жоқ. 10 шаруашылық келісім бойынша бірігіп жұмыс атқарады. Округ бойынша барлығы 13 шаруашылық мал шаруашылығымен, соның ішінде 2 ірі «Украинка» және «Дружба»

2012 ж 1 қаңтарында округ бойынша ірі қара – 2210, соның ішінде сиыр – 924, шошқа – 979, жылқы – 378 бас, қой, ешкі саны 2817, ққс -4935. Өндірілген ет 461,2 тонна, сүт – 3559 тонна, жұмыртқа – 326000 дана. Шаруашылық қожалықтарында ірі қара мал саны 5٪ кеміді, сауын сиыр 19٪ өсті . Қойдың саны 10٪, ешкінің саны 59٪ өсті.

Жылқының саны 15٪ азайды, ал шошқа саны өзгеріссіз қалды. Ауылдағы ірі қара мал да өзгеріссіз қалған, ал сауын сиырлардың саны 22٪ азайды. Ауыл тұрғындарының қолындағы ешкі саны 80٪ өсті. Жылқы саны да 40٪ өсті.

Жалпы округ бойынша ірі қара малдың басы 3٪ төмендеді, сауын сиыр саны 4٪ азайды. Қойдың саны 5٪, ал ешкінің саны 70٪ өсті. Жылқы басының саны 2٪ өсті. Шошқа саны мен құстың саны өзгеріссіз.

Мал басының азаюының себептері:

  • Ет өнімдерінің сатып алу бағасының төмендеуі

  • Жем, шөптің қымбаттауы

  • Ауыл тұрғындарының 60٪ Өскемен қаласында жұмыс істесе, ал 47٪ жеке шаруашылық ұстамайды

  • «Украинка» шаруашылық қожалығы малдарын іріктеуден өткізді, ал жаңадан сатылып алынған малдары жоқ

Шаруашылық қожалықтарының өнімдері туралы.

Ет өнімі 15٪, сүт 24٪, жұмыртқа 28٪, жүн өнімі 10٪ азайды. Балдың бір жыл көлеміндегі өнімі 58,2ц

2010 жылы шаруашылық қожалықтарымен қатар ауыл тұрғындары да құс өсіргеніне байланысты. Жалпы округ бойынша ет 3٪, сүт 15٪ өсті. Жұмыртқа 29٪ азайды. Ал, 2011 жылы ауыл тұрғындары ғана өндіріп отыр.

2011 бруцеллез ауруының шығуы.

Осы уақытқа дейін 2200 бас ірі қара мал тексерілсе, оның 22-нен бруцеллез ауруы шықты, осының ішіндегі 18 бас мал ауыл тұрғындарына тиесілі малдар.

3300 ұсақ мал тексеріліп, 6 – нан бруцеллез ауруы табылды, оның 3-і ауыл тұрғындарының малдары. Ауру малдардың көздері жойылды.

«Украинка» шаруашылық қожалығында 1998 бас ірі қара мал тексеріліп, оның 22-і бруцеллез екені анықталды. Ауру малдардың еті Ұлан ауданының ет консерві зауытына тапсырылды. 1000 бас ұсақ мал тексеріліп, 4-інің бруцеллез екені анықталды.

Округте мал шаруашылығын дамытуға 7800,0 мың теңгеге инвестиция құйылды.

«Төртқара» шаруашылық қожалығы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша (шаруашылық басшысы Кантарбаев М. Р.) Шаруашылық өз жұмысын одан әрі жақсарту мақсатында шаруашылыққа 42 бас сауын сиыр сатып алды.

2011 жылдағы өсімдік шаруашылығы.

Шаруашылық қожалықтарының өсімдікке арналған жер көлемі 4627,5га, соның ішінде:

Дәндідақылдар 1413,1 га (бидай – 924,1 га, арпа – 424,0га, сұлы – 55,0га, қарақұмық -10 га):

Күнбағыс – 876,3 га

Картоп – 68,3 га

Көкеністер – 55,3га (қияр 4,5 га, қызанақ – 4,5га, орамжапырақ – 25,6 га, сәбіз – 9,5га, қызылша – 10,2 га, басқа да жидектер – 1,0)

Жемшөп өнімдері – 1845,2

(силос – 78 га, көпжылдық шөп – 2237,7га, біржылдық шөптер – 30 га)

Табиғи шабындық шөбі және мәдени жайылымдар – 262,1га 2011 ж шабылатын өнім:

Бидай – 5868ц

Арпа – 4346ц

Сұлы – 877ц

Қарақұмық – 2 ц

Күнбағыс – 1324 ц

Картоп – 20728 ц

Қияр – 1754ц

Қызанақ – 1912ц

Орамжапырақ – 12039 ц

Сәбіз – 3528 ц

Қызылша – 5180ц

Силос – 785 ц

Көпжылдық шөп – 16545

Табиғи шабындық шөбі – 13931Ауыл тұрғындарының шабындығының жер көлемі – 99,1 га, соның ішінде:

Картоп – 86,2 га

Көкеністер – 12,9 га (қияр – 2,3га,қызанақ – 3,1 га, орамжапырақ – 3,9га, сәбіз – 1,2 га, қызылша – 1,7 га, пияз – 0,4га, басқа да өнімдер – 0,3га)

2011 ж түскен өнім төмендегідей:

Картоп – 13792 ц

Қияр – 690 ц

Қызанақ – 1085 ц

Орамжапырақ – 2184 ц

Сәбіз – 540ц

Қызылша – 884 ц

Пияз – 112 ц

Басқа өнімдер – 68 ц

Өнім алудың сараптамасын жасай отырып, соңғы 6 жылдағы көрсеткіштер:

жылдар

Дәнді дақылдар

Күнбағыс

2006

5

4,1

2007

5,6

3,8

2008

1,2

0,8

2009

13

4,1

2010

7,6

5,6

2011

7,9

1,5


2011 ж мәдени өсімдіктерге анализ жасай келе, түскен өнім мөлшері әртүрлі екенін көреміз. «Гладышев және К» шаруашылық қожалығындағы 240 га жерге бидай салынған. Соның 1 га – нан 41 ц өнім алды, ал «Щелаковский» шаруашылық қожалығы 80 га жердің 1 гектарынан 15 ц өнім алса, «Украинское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі 304 га жерде 1 га жерден 8,3 ц өнім алынды. Күнбағыс өнімі бойынша ең жоғары өнім «Украинка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 638 га жер болса, соның 1 га – сынан 5,6 ц күнбағыс жиналды. «Турсынбаева» шаруашылық қожалығында ең төмен көрсеткіш, 57 га жер болса, соның 1 га 1,2 ц өнім

Өткен жылы «Украинское» ЖШ қожалығы 2281га жердің 629 га жеріне арпа, 638 га жеріне күнбағыс екті.

Күнбағыс 3 жылда бір рет салынады, себебі ол техникалық дақыл,күнбағыс салынған жер құнарсызданады да, одан кейін өнімнің түсімі аз болады.Округ бойынша күнбағыс егістік жердің 30٪ алып жатыр.

Агротехникалық іс- шараларды уақытылы өткізіп тұру, технологияны сақтау жақсы өнім алуға үлкен ықпалын тигізеді. Сараптама көрсетуі бойынша, жеткілікті техникасы бар шаруашылықтарда осы шаралардың бәрі сақталады. Осындай іс – шаралар «Украинка» ЖШС, «Дружба», «Төртқара», «Щелаковский» шаруашылық қожалықтары қазір уақытылы жүргізіліп тұрады.

Өкінішке орай, кіші шаруашылық қожалықтары ақырғы жылдары ешқандай техника алған жоқ алса да ескі техника, себебі жаңа техника алуға ақша жетіспеді. Дәл осындай жағдай жоғары сапалы тұқым мен тыңайтқыш сатып алуға кедергі жасайды. Өз теникасы жоқ 7 шаруашылық және келісім шарт бойынша жұмыс істеп жатқан шаруашылықтар өз бетімен жұмыс істеп жатқан үлкен шаруашылықтар жанына жасақталды. Механизаторлар дайындау мәселесі де өте маңызды сұрақ. Қазіргі уақытта механизаторлардың 50٪ 45 жастан үлкен, енді 3-4 жылдан кейін жұмыс істейтін ешкім қалмайды.

2012 жылы механизатор мамандығына жаңа топтар жасақталатын болады, сондықтан шаруашылық қожалықтарының бастықтары қазірден бастап оқитын адамдарды тауып, олармен келісім жасай беруі керек.

Әлеуметтік әріптестіктақырыбын қозғай отырып, мына сандарды атай кетсем деймін: ауылшаруашылық жасақтарына мемлекет тарапынан бағалау құны 1млрд 487 млн 386 теңгеге бағаланған жер 49 жылға жалға берілген.

Біздің округте 391 зейнеткер тұрады. Оларға мемлекет тарапынан 156млн.400 мың теңге зейнетақы төленеді.Сондай – ақ әртүрлі көмекақы, әлеуметтік көмекақы, балалар жәрдемақысы, бюджеттіктер, мұғалімдер және дәрігерлер жалақысы – 120353 теңге округтің ауылшаруашылық жасақтарына мемлекет тарапынан 51343,0 теңге, олардың ішінен өсімдік шаруашылығына 12715 теңге, мал шаруашылығына 38628 теңге Мемлекет тарапынан біздің округке бір жылға 187336 теңге бөлінген. Барлық шаруашылық қожалықтары ықшамдалған салықсалу жүйесі бойынша, ал ЖШС жеңілдетілген салықсалу жүйесі бойынша жұмыс істейтіндігін есепке ала келе округтентүскен салықтың көрсеткіші төмендегідей:




Келіп түскен

Кіші және орташа бизнестен

132114,1теңге

Қоғамның құқылы мүшелерінен (жер, көлік салықтары)

2144,8теңге

Барлығы:

134259 теңге


Осы сандарға қарап отырып, округтен түскен салықтар ол субцидиямен жабылатынын көруге болады, яғни мемлекет салықты біз үшін өзі төлейді. Ендеше неліктен кейбір шаруа қожалықтары бастықтарын меморандум жасауға, одан кейін оны орындауға көндіруіміз керек. Мұның бәрі осы залда отырған адамдарға әлеуметтік көмек беру үшін, ауылды көркейту үшін, әртүрлі мерекелерді өткізу үшін керек нәрселер. Көп жылдар бойы өздерінің жер үлесін шаруа қожалықтары мен ЖШС сеніп тапсырған үлескерлермен пай үшін, 22 га шаруашылық өнімдерімен есеп айырысып отырған.

Ауыл шаруашылығы жайындағы мәселені аяқтай келе, «Восток Молока» ЖШС директоры С. Ж. Сайлаубаевқа, шаруашылық қожалықтарының бастықтары В. С. Гладышевқа, Н. А. Щелаковскийге, М. Кантарбаевқа, С. Ханға, Қ. Джанзаковқа, М. Хамидовқа кез келген уақытта мектепке, зейнеткерлерге, дәрігерлерге, көрсеткен көмектері үшін алғыс айтқым келеді.

Кіші кәсіпкерлік

Округ аумағында кіші кәсіпкерліктің 22 субъектісі тіркелген. Жұмыс істеп тұрған 22 – нің құрамына 16 магазин, 3кафе кіреді. Қазіргі уақытта «Береке» кафесі уақытша жұмыс істемей тұр. 2010 ж 13 желтоқсанынан «Лялиндердің» кафесі жұмыс істей бастады. Сонымен қатар округте бір ЖҚС (АЗС), іс тігетін шеберхана, жеңіл көліктерді жөндейтін пункт, бір дәріхана, мал союға арналған жер бар.

2011жылы мал союға арналған пункт ашылды. Кіші және орташа кәсіпкерлікпен қазіргі күні айналысатын адамдардың саны 60. Қожалық ететін субъектілермен инфляциялық жүйені ұстап қалу үшін 10 пайыздық сауда үстемелі ақысын қосуға меморандум жасалды. Сонымен қатар, бірінші кезектегі қажетті тауардың баға мониторингісі күнделікті жасалып отырады.

2011 жылғы бюджет

2011 ж Төлеген Тоқтаров әкім аппаратының әлеуметтік міндеттерін шешу үшін аудандық бюджеттен 7 млн. 73мың теңге жоспарланып отыр.

Шығыстың бұл саласына 3 085000 теңге аударыммен еңбекақы (қызметтік көлікті жөндеу, күту, оргтехникаалуға, компьютерді жөндеуге,кеңсе тауарларын сатып алу)

Көшелердегі жарықтандыру үшін 717мың теңге бөлінсе, соның ішінен Украинка ауылындағы Клименко көшесін электр жарығымен қамтамасыз етуге 342 мың теңге кетті. Елді мекндерді санитариямен қамтамасыз етуге , яғни герасимовка ауылында қатты тұрмыстық қалдықтарды әдейілеп бөлінген жерге жиюға 100 мың теңге бөлінді.

Елді мекендерді көгалдандыру мен көркейтуге 1730 мың теңге бөлінсе, соның ішінен Герасимовка ауылындағы ҰОС қаза болғандарға арналған мемориалды жөндеуге 1636 мың теңге бөлінді. Және де ауылға 75 түп қайың мен қарағай көшеттері отырғызылды.

Елді мекндердегі көлік жолдарының қызметін жақсарту үшін және қыста жолды тазалуға 300,0 мың теңге бөлінді.

Барлық бюджеттік қаражат толығымен пайдаланылды.

2012 жылы 9,8 млн. Теңге жоспарланып отыр, соның ішінен 5 млн теңге Герасимовка ауылында 140 балаға арналған бала бақшаның құрылыс жобасын жасау құжаттарына бөлінсе, ал 2350,0 мың теңге Герасимовка мен Украинка ауылдарын электр жарығымен қамтамасыз етуге бөлініп отыр.

Әлеуметтік қорғау

2012 ж 1 қаңтарына округ бойынша жұмыссыздар жоқ.

2011ж 12 адам жұмыс сыз адам тіркелді, бүгінгі күні 12 адам да жұмыспен қамтамасыз етілді. Жұмыс іздеген адамдар 100٪ жұмыспен қамтылды.

2011ж 4 отбасына (Кукибаева З, Ахметкалиева А, Сарт А, Өжкен Ж) 18 жасқа дейінгі балаларға арналған көмек ақша алатын адамдар саны – 25.

Тұрғын үй көмегін алғандар саны – 67 адам. Олардың ішінен Герасимовка ауылынан – 36 адам, Украинка ауылы бойынша - 29 адам, Казачье бойынша – 2 адам.

Округ аумағында 58 тыл ардагерлері тұрады, олардың барлығы тұрғын үй көмегін алуға құжаттарын тапсырды.

Төлеген Тоқтаров ауылдық кругінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 ж 31 наурызындағы № 316 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының бірінші бағыты өз бетімен жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды, табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу бойынша 15 адам қайтадан оқуға ниет білдірді.

Олар:3 аспаз, 3 жүргізуші, 2 машина жөндеу шеберлері, 2 бухгалтер, 1 электрик, 2 оператор ЭВМ, 2 ағаш қию шеберлері. Бүгінгі күні екі аспаз тағы жұмысқа тұрды. Олар Нурсултанова Бақытгүл – ШҚМУ -де аспаз Өскемен қаласында, Нагнитченко Ирина – Украинка орта мектебінің аспазы. Рахимов Мансур «Восток Молоко» ЖШС жүргізуші болып орналасты.

Екінші бағыт: жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бойынша бірнеше адам микрокредит алу үшін бизнестік жоспар жасады. Олардың саны 249 (2011ж 01.01 – да 272)адам, соның ішінде Герасимовка бойынша 158(127); Казачье -46(66); Украинка – 45 (79)

Білім беру және спорт

Округ аумағында екі орта мектеп бар. Олар : Герасимовка орта мектебі және Украинка орта орта мектебі.

Қазіргі кезде герасимовка орта мектебінде 185 оқушы бар, 16 оқушының басқа мектепке кетуіне байланысты оқушылар саны азайды. 92 оқушы мемлекеттік ілде білім алса, 93 оқушы орыс тілінде ілім алып жатыр. Барлық жұмысшылар саны 74, олардың 33 –і мұғалімдер.

Украинка орта мектебінде 120 оқушының барлығы тек орыс тілінде оқиды. Жұмысшылар саны 32, олардың 20-сы мұғалім. Украинка мектебі қауіпті (апатты) жағдайда тұр. Қазіргі күні Украинкада 80 орынға жаңа мектептің жобалау (ПСД) жоспарлау құжаты дайындалып жатыр , мектептің құрылысын бастау 2013 ж жоспарланып отыр.

Мектептерде шағын орталықтар ашылған. Онда мектепке дейінгі жастағы 85 бала тәрбиеленіп жатыр. Герасимовкада 58 бала 3 топта: Украинкада -27 бала.

Герасимовка орта мектебінде 41 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген, олардың 4-і ата-анасы жоқ жетім балалар, 18 аз қамтылған отбасының балалары, 19 бала көпбалалы отбасынан шыққандар.

Украинка орта мектебінде – 80, олардың 22-і аз қамтылған отбасының балалары, 45-і бастауыш сынып оқушылары, 13 мектепке дейінге балалар.

Былтырғы оқу жылында 15 оқушы мектеп бітірді. Олардың -4 –і ЖОО грантқа түсті.

Округ бойынша ҰБТ дің орташа балы 85,3 . Былтырғымен салыстырғанда (83,4) 1,9 балл жоғары . Бұдан да жоғары көрсеткіштер болатынына сенемін.

Бүгінгі күні барлық пәндер бо йынша мұғалімдер бар. Жоғары санатты 16 мұғалім, 16 мұғалім бірінші санатты, 12 мұғалім екінші санатты, санатсыздар саны – 6

Округтің мектептерінде мұғалімдердің санатын көтеруге барлық жағдай жасалынбаған. Мектептерде 31 компьютер жұмыс істеп тұр, оның 2-і ғана интернетке қосылған. Герасимовка орта мектебіндегі компьютерлерлер ескірген, істен шығып, тозығы жеткен. Сол үшін интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ. (2000 – 2005ж)

2011ж Бозанбай ауылында аудандық спартакиадада біздің окркгтің спортсмендері 1 орын алды. (шахмат, волейбол, ат спортының барлық түрлері, «қазақша күрес»)

Округте ДЮШС (БЖСМ) еркін күрес бойынша Омаров Серіктің басқаруымен филиал жұмыс істейді. Спорт секциясы екі топқа бөлінген.

Советханов С., Жумаргалиев Б. – облыс чемпиондары, Советханов М. облыста 3 орын алды. Сейітханов Айдос, Кудайбергенов Нурбол облыс призерлары. Советханов Мирас, Қойшыбаев Бекболат, Бөкейханов Жандос, Токшекенов Темірлан – аудан чемпиондары.

Медициналық қызмет

Округте Дәрігерлік амбулатория, Украинкада ФАП Дәрігерлік амбулаториядағы емделушілер саны 2403 (2325) адам

Бір жылға дейін балалар саны – 40

Жеткіншектер – 76

Ересектер – 2403 \ 1768

15 – 49 жастағы әйел - 575(578)

Жүкті әйелдер – 15

Балалар – 521 (522)

Онкологиялық науқас – 11

Округте 5 медицина қызметкерлері бар 1 бас дәрігер, орта мединина білімді.

Округте арнайы жасақталған медициналық автомашина жоқ. 2011 ж алғашқы медициналық көмек алғандар саны 6325 науқас

Үйден медициналық көмек алғандар саны Герасимовка ауылы бойынша 611 (520) шақырылу, Украинка бойынша 490(420)адам

Жыл бойында туған балалар саны 22, қайтыс болғандар саны – 14

40 жасқа дейін

-(2)

40 тан 60 жасқа дейін

1(2)

60 тан жоғары

13(12)








Қайтыс болғандардың орташа жасы – 71 (2011 ж - 77)жас

2011ж округ бойынша кішкене бала өлімі тіркелген жоқ.

Украинка ауылында ФАП 665 адам тіркеуде тұр. Медициналық қызмет көрсететін Скобелева Елена Геннадьевна

Инфрақұрылым

Округ тұрғындары өз аулаларында орналасқан құдықтардан су алып ішеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету. Герасимовка ауылында Новостройка ауыз суды тереңдетілген насостан су алады. Онымен бірнеше отбасы қолданылады. Насостың ақысын өздері төлейді. «Таза су» мемлекеттік бағдарламасын енгізу үшін жер асты суларының тазалығын тексеру жұмысын қолға алу керек. Ол үшін қомақты қаражат қажет. Бүгінгі күні бұл сұрақ төңірегінде аудандық бөлімдермен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз.

Жолдардың жағдайы:

Ауыл ішінде

Герасимовка

Казачье

Украинка

Жолдардың ұзындығы

8,8,км

2км

7,4 км

Жолдың қатты беті

5,2 км

1,8 км

2,0 км


2011ж төртінші кварталда бюджеттен бөлінген 375 мың теңгеге Украинка ауылындағы Клименко көшесіне жарық шамдар орнатылды.

Жарықпен қамту (освещение)

Ауыл округінің аты

Қазіргі уақытта бар көше




Қосымша қажеттіліктер

Қосымша қажеттіліктер

Қосымша қажеттіліктер

Төлеген Тоқтаров

Көше ұзақтығы

Жарық беретін құрылғылар саны

Көше ұзақтығы

Мөлшерленген жылдық энергия үнемдеу

Бағдарлы шығын сомасы

Төлеген Тоқтаров

4,1

44

10

--

6800


Округте АТС филиал бар, 523 абонент барлығы.

Герасимовкада - 302 телефон

Казачье – 58

Украинка ауылы – 143

Округтегі ұйымдарда – 20 нөмір

Көшіқон (миграция)

Келгені – 70адам, соның ішінде герасимовка – 63, Украинка – 4, Казачье – 3. Кеткендері – 112. Герасимовкадан – 71, Украинкадан – 23, Казачье – 18

Кету себептері: қоныс аудару, оқу.

Құқық қорғау

Біздің округтің полиция капитаны учаскелік инспектор Б. Бердігожаев 2011 жы 12 ай көлемінде учаскелік инспектор Б. Бердіғожаев тәртіп бұзушылықтың алдын алу шараларының бәрін жүргізді.

Осы уақытқа дейін 53 арыз бен өтініш қаралды.




Өтініштерді тіркеу кітабы бойынша қабылданған шешім (КУЗ)




1

Барлығы тіркелгені (ӨТК) (КУЗ)

53

2

Қылмыстық іс тіркелді

29

3

Қылмыстық іс қозғау шегертілді

24







ҚР ҚК баптары

барлығы

Ашылған қылмыс

Ашылмаған




ҚР ҚК 175 бабы (ұрлық, соның ішінде ірі қара мал)

21

5

17

1

--

4




ҚР ҚК 179 бабы (талан-таражға салу)

-

-

1




ҚР ҚК 145 бабы (бұзып кіру)

-

-

-




ҚР ҚК 251 бабы (суық қарудың тәркіленуі)

3

3

-




ҚР ҚК 79-3 (денсаулыққа жеңіл зақым келтіру)

2

2-







ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 330 – 1 (ұсақ тәртіп бұзушылық)

2

2

-




187 бап (мүлкін жою)

1

1

-




ҚР ҚК 362 бабы 3 бөлімі (қасақана әкімшілік қадағалау ережелерін бұзу)

-

-





2011 ж 12 айында 64 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 10 азаматқа қатысты шешім қабылдау үшін Ұлан ауданының №2 мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.

ҚР ӘҚЮ туралы кодексінің 79 -5 бабы (тұрмыстық – отбасылық қатынас – 5)

ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 330 -1 (ұсақ тәртіп бұзушылық) – 2.

ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 320 (наркотики) – 1.

ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 336 бабы (қоғамдық ортада мас күйінде жүру немесе қоғамдық ортада спирттік ішімдік ішу) – 39.

Елді мекендерді көркейту ережелерін бұзған ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 387 бабының 1 бөлімі бойынша 3 азамат жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 371 (тегіс ұңғылы сақтау ережелерінің бұзылуы) – 2.

ҚР ӘҚБ туралы кодексінің 377 (паспорт режимінің бұзылуы) – 13 хаттама (хаттама).

Аңшылық мылтық иелерін тексеру барысында ақтау ережелерін бұзған және қайта тіркеу уақытын ережелерін бұзған және қайта тіркеу уақытын бұзған 5 атыс қаруы тәркіленіп, тегіс ұңғылы қаруды заңсыз сақтаған 2 іс мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберілді.

Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде профилактикалық тіркеуде 44 адам тіркелген, оның ішінде:

  1. Әкімшілік қадағалауда – жоқ

  2. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар – 3

  3. Бұрын сотталғандар – 2

  4. Шартты түрде сотталғандар – 2

  5. Қорғаныс нұсқауды шығарылғандар – 5

  6. Спирттік ішімдікті шектен тыс қолданатындар – 28

  7. Кәмелеттік жасқа толмағандар – 4

1995 ж 07.0.4 ҚР Президентінің жарлығына сәйкес 2011 жылдың 12 айының ішінде Төлеген Тоқтаров ауылдық округінен 4 ер адам Өскемен қаласындағы арнайы емдеу – профилактикалық мекемесіне 6 айдан 3 жасқа дейін жіберілді.

Бүгінгі күні округте маскүнемдік деңгейін анықтау медициналық куәландырудың болмауы спирттік ішімдікті қолданып қоғамдық құқық бұзушылармен жұмыста белгілі бір деңгейде қиындықтар тудыруда.

Медициналық куәландыру жасау үшін учаскелік инспектор Бердіғожаевқа Өскемен қаласындағы наркологиялық орталыққа апаруға тура келетіндіктен, бұл көп уақытты алады. 2010 ж желтоқсан айында Украинка ауылын тексеру нәтижесінде Ковзелева Юлия жағдайсыз отбасы ретінде Ұлан аудандық ІІБ – не тізімге алынды.

2004 ж 09.07. ҚР №590 Заңына сәйкес бүгінгі күні қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қоғамдық көмекші: Кантарбаев Досым, Тлебалдинов Нуржан, Асанов Каирды жасақталды.

Ұлан ауданының жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінен қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша екі адам бөлінген.
Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде АІІБ-нің басқа қызметтерімен бірлескен 7 жедел алдын алу шаралары өткізілді. Түнгі уақытта округ аумағында мал ұрлап фактілерін болдырмау мақсатында түнгі кезекшілік пен рейдтік шаралар өткізіледі.

Азаматтардың сұраулары бойынша жұмыс:

Әртүрлі сұрақтармен әкімге келгендер саны – 37, 2011 жылмен салыстырғанда 2-ге артық.

Сұраныс сипаты:

Жер және жерді пайдалану мәселесі – 1

Басқа да сұрақтар – 14

Аудан әкімі мен облыс әкімінің тапсырыстарының орындалуы

Аудандық әкім тапсырмасы:

Көркейту, көгалдандыру мен округты санитарлық тазалау бойынша ШҚО әкімінің жарияланған 2 айлық көркейту кезінде ауылдық округінде қысқы жиналған қоқыстарды шығару сенбіліктер өткізілді. Сенбілікке шаруа қожалықтары мен жеке меншік иелерінің техникалары жұмылдырылды.

Герасимовка ауылындағы Ұлы Отан соғысының батыры Т. Тоқтаров ескерткіші мен Украинка ауылындағы Ұлы Отан соғысында мерт болғандарға арналған ескерткіш маңы тазаланып, сырланып, қалыпқа келтірілді. Сырлау, қоршауын жөндеу, қоқысын тазалау кезінде «Дружба» шаруа қожалығының қаржылай көмегімен жасалса, Украинка ауылының жылы жайынан көшеттер алынып отырғызылды.

Қоғамдық – саяси жағдай

Округтегі қоғамдық – саяси жағдай тұрақты. 2011 жылы Герасимовка, Казачье, Украинка ауылы тұрғындарымен Президенттің Қазақстан халқына жолдауы бойынша, ҚР рәміздері бойынша, қоғамдық – саяси жағдайды зерделеу бойынша, гендерлік теңдікті тәрбиелеу бойынша (жемқорлыққа негативті қарым – қатынасы «Молодежь» жастар акция жемқорлыққа – жоқ!», алкагольді, темекі тарту, есірткіге, жастар мәселелерін анықтау, діни жағдайларды зерделеу) ақпаратты – насихаттық топ мүшелерінің халықты жылдағы Елбасының жолдауындағы тапсырмаларды іске асыру, жолдауды түсіндіру мен насихаттау бойынша көрсетті.

Қазіргі таңда Ташкенбаева Мариям Насимолданованың төралығымен «Нұр Отан» ХДП қатарында 168 адам бар. Мариям апайдың жетекшілігімен кездесулер, «дөңгелек үстелде» ұйымдастырып, округтің көкейтесті мәселелерін көтеріп, округтің еңбек сіңірген тұрғындары жайлы оқушылардың жетістіктері мен учаскелік инспектор жұмысы туралы мақала жазады. Сондай –ақ округте қоғамдық ұйымдар да үлкен жұмыс атқарып жатыр. Ардагерлер кеңесі төрайымы Карибаева Қ.Н., сонымен қатар ол кісі қазақ тілі оқыту курстарын аптаның сейсенбі, бейсенбі күндері жүргізеді.

Сонымен қатар округ тұрғындарына діни тәрбие беруде және өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеуде үгіт – насихат жұмысы белсенді түрде жүргізіледі. Мұсылман және христиан діндерінің өкілдері молда – Зульфиев Равшан, қасиетті әкей – Закурдаев Александар Закарьянович демеушілік көмектерін көрсетеді.

2012 ж 15 қаңтарда аудан және облыс маслихаттарына депутаттарды сайлауға округ тұрғындары атсалыса қатысты. «Нұр Отан » партиясы үшін халықтың 81,5٪ дауыс берді

Похожие:

Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconКеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес соңғы 5 жыл көлемінде...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconАудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconАудан әкімінің ауыл тұрғындарының жиындарында есеп беру баяндамасы құрметті жерлестер, ауылдастар! Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға»
Жолдауының аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы жарлығын...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconҚұрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары! Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп берулері әрбір елді мекенде 2010 жылғы 10 қаңтардан 20 қаңтар аралығында өткізіледі....
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconБекітемін сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров 2012 жыл
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы орган басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconТөлеген Тоқтаров ауылдық округі әкімінің 2009 жылы атқарған жұмыстары туралы тұрғындар алдындағы есебі
Ткен жылмен салыстырғанда Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде 2010 жылғы 01 қантарға халық саны: Герасимовка ауылы 1329, Казачье 366,...
Құрметті Төлеген Тоқтаров ауылдық округінің тұрғындары және қонақтары! ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2005ж 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы ұйымдастырушының жетекшілерінің халыққа есеп беру кездесулерін жүргізу туралы» iconБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница