Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы




Скачать 198.8 Kb.
НазваниеМаңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Дата конвертации10.07.2014
Размер198.8 Kb.
ТипДокументы



Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы

Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыс Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларына сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.

Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 737,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,4% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінде үлесі 94% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 693,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. НКИ – 97,2% құрады.

2012 жылдың қаңтар-сәуірінде 5,8 млн. тонна немесе өткен жылдың осындай кезеңіндегі деңгейіне 96,2% мұнай өндірілді. Мұнай өндіру 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,8% - ға (6 млн.тонна), табиғи газ өндіру – 19,6%-ға (779,2 млн. текше метр) төмендеді. Өнеркәсіп көлемі және мұнай мен газ өндірудің төмендеуінің негізгі себебі – облыста игеріліп жатқан көмірсутегі кен орындарының табиғи түгесілуімен байланысты.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіру көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8%-ға, (23 млрд. теңге) дейін төмендеді. Азық-түлік өндірісі де төмендеді (НКИ – 86,5%). Тапсырыстың жоқтығы себебінен (Бейнеу ауданындағы «Ақ-Бидай терминалы) ұн кәсіпорыны өнімдері өндірісінің қысқаруына байланысты, азық-түлік өндірісі (НКИ – 83%) төмендеді.

Резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде (1,8 есе), тері, теріден жасалатын өнімдер өндірісінде (1,4 есе), химиялық өнімдер өндіру өнеркәсібінде (4,1%) өсім байқалады.

Өңдеу өнеркәсібінде еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларына 7,9 мың АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 32,7%-ға төмендеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда өнімдер көлемі 16 млрд. теңгені немесе өткен жылдың осындай деңгейіне 105,7%-ды құрады.

«Сумен жабдықтау, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинақтау және бөлуді бақылау» саласында өнім көлемі 4,5 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне 128,1% құрады.

Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 614 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 30 мың жұмыс орны құрылатын 31 жоба енгізілді.

Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 113 млрд.теңге болатын және жаңадан тұрақты 7,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылатын 23 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 501 млрд. теңге болатын және жаңадан тұрақты 22 мың жұмыс орны құрылатын 8 жоба енгізілді.

2010-2011 жылдары жалпы сметалық құны 120,4 млрд.теңге болатын 17 жоба аяқталды және 3874 жаңа жұмыс орны құрылды. 2010 жылы жүргізілген объектілердің 3-і қуаттылығы 100% жүктемеге ие, 2 жоба - 50%-ға жүктелген (теңіз операцияларын қолдау базасы «Балықшы» ЖШС, Баутино селосындағы кеме жөндеу зауыты «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС) және тапсырыстың жоқтығына байланысты 2 жоба бойынша қуаттылық жүктелмеген.

2011 жылғы объектілер көбіне желтоқсан айында жүргізілген, өнім өндіру 5 кәсіпорында қамтамасыз етілген. Жылына қуаттылығы 84 мың.тонна бұрғылама ерітінділер зауыты «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» бойынша жоба бастапқыда теңіз мұнайын өндіруге бағытталғандықтан өнімге тапсырыстар жоқ. Өткен жылдың қыркүйек айында хабарланған және нәтижесі тек ғана ағымдағы жылдың маусым айында анық болатын «Аджип ККО»-ның тендерлік тәртібіне кәсіпорын қатысуға өтінім берді.

2012 жылы жалпы сметалық құны 54 млрд. теңге болатын және жаңадан 853 тұрақты жұмыс орны құрылатын 8 жобаны, оның ішінде республикалық Карта жобасының жаңадан 675 жұмыс орны құрылатын 45,1 млрд. теңге сомасындағы 2 жобасын және өңірлік Карта жобасының 178 жұмыс орны құрылатын құны 8,9 млрд. теңге сомасындағы 6 жобасын аяқтау жоспарланған, олар:

- «Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру» «Caspi Bitum» бірлескен кәсіпорны;

- «Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен» «Медикал Фарм Ча-Кур» ЖШС»;

- «Мұнайдан тұратын қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын зауыт» «ХаКоОйл» ЖШС;

- «Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы» «Осетр-Аралды» САС;

- «Жел электр станциясының құрылысы» «DMK-Ko» ЖШС;

- «Бетоннан жасалатын бұйымдар өндірісі» «Рауан и Ко» ЖШС;

- «Мұнайдан тұратын қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу бойынша «Шырын» зауыты» «Эко-су тазарту» ЖШС;

- «Резеңке ұнтағынан жабын өндірісін ұйымдастыру» «ИК-Дара» ЖШС;

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылығы есебімен облыс экономикасының мынадай өсу резерві анықталды: мұнайгазөндіру секторын ары қарай дамыту (іздестіру, барлау және өңірдің минералды-шикізат кешенін қосымша барлау, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеуші салаларды (оның ішінде «Ақтаутеңізпорты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлуетін дамыту (көлік логистикасы, шекара бойындағы аумақтар); құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық демалыс аймағының құрылысын салу), агроөнеркәсіп кешенін дамыту (мал жайылымын, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және тауарлық балық өсірушілік) дамыту.

Облыстың өнеркәсіп салаларында және жүйеқұраушы кәсіпорындарында келесідей өсу резервтері бар:

Тау – кен өндірісі. «Өзенмұнайгаз» ӨФ-да мұнайдың алғашқы қорын өндіру - 70%-дан жоғары, соған қарамастан аумақтағы көмірсутек шикізатын дайындау қарқыны әлі де өндіру серпінінен артта қалып отыр. Бұл мұнайгаз компанияларының, оның ішінде «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты ірі компаниялардың болашақта дамуын тежейді.

Республикалық бюджет есебінен аумақтың минералды-шикізаттық кешенін барлау және қайта барлау, іздеу бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Одан басқа «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларының, оның ішінде көрсетілген компаниялармен қосымша барлау және жаңа кен орындарын тексерудің болашақ даму жоспарларын мұнай және газ министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бекіту қажет.

Өңдеу өнеркәсібі, металлургия өнеркәсібі. Қазақстан Республикасын индустриалды-инновациялық дамыту 2015 жылға дейінгі стратегиясы төңірегінде Маңғыстау облысында «CaspianStal» ЖШС және «Ақтау құю зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС)- аудан үшін жаңа өнеркәсіп саласын қалыптастырған екі металлургия зауытын салу бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылды.

Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынықтарын қолданады. Бірақ, соңғы кездері аумақта осы шикізаттың жеткіліктігіне қарамастан, шетел мемлекеттерінің металл компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттен тыс толық жүзеге асыратын, металл сынықтарын дайындаушылардан металл сынықтарын алу бойынша мәселелер туындады. Аумақта шикізаттың жетіспеушілігі 2012 жылдың қаңтар-наурызында қара металлургия өндіріс көлемінің 16%-ға төмендеуіне алып келді.

Қазақстанның металлургия өнеркәсіп кәсіпорындарын қара металлдардың сынықтарымен және қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында, оны экспорттауға толық тыйым салғанға дейін металл сынықтары айналымын реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажет.

«Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жоғары технологиялық экспорттық бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылды, 22 жоба іске асырылу сатысында болып отыр. Оларды бюджеттік инвестиция есебінен активтендіру үшін «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағы барлық инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

2011 жылы № 3 субзонаны абаттандыру үшін сомасы 3 млрд. теңгеге жұмыстар жүргізілді және № 1 субзона бойынша жұмыстар басталды. 2012 жылы осы мақсаттарға №1 субзона бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.

Өңірдің экспорттық әлуетін және инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында облыс әкімдігі «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағын 1056,03 га № 7, №8, №9 қосымша субзоналарды құру жолымен кеңейту ұсынылды. № 7 субзонада қолданыстағы «ҚазАзот» ЖШС аммиакті-карбамидтік кешенін, №8 субзонада «Болашақ» - Халықаралық шекера бойындағы ынтымақтастық орталығын орналастыру ұсынылып отыр.

Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылығын дамыту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Осылайша, Республикалық бюджет есебінен «Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің қазақстандық учаскесінің құрылысы аяқталды. «Жезқазған – Бейнеу» темір жол желісінің құрылысы басталуда.

2011 жылы Азия Даму Банкімен Маңғыстау облысындағы автомобиль жолдарының 750 шақырымын қайта құрылымдау мақсатында жалпы сомасы 1,2 млрд. АҚШ долларына 2015 жылға дейін жобаны іске асыру мерзімімен негіздемелік келісімге қол қойылды және бекітілді. Осы ретте қарыз қаражаттар үш траншыға берліеді (бірінші- «Бейнеу-Шетпе», екінші «Шетпе – Ақтау», үшінші – «Жетібай-Жаңаөзен» Түркменстанмен мемлекеттік шекара» және «Бейнеу-Ақжігіт»).

Өткен жылы қашықтығы 200 км бірінші траншы бойынша «Бейнеу-Шетпе» учаскесін қайта құрылымдауға қарыз беру жөнінде Келісімге қол қойылған болатын, құрылысты салуға тиісті қаражаттар 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қарастырылды. Бүгінге екінші және үшінші траншы бойынша қарыз тарту жөнінде мәселе шешілуде.

«Кендірлі» курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кендірлі демалыс аймағы мен Кендірлі халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді. Республикалық бюджет қаражатының есебінен Кендірлі демалыс аймағы мен Кендірлі халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына 420,5 млн. теңге көлемінде объектілердің ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде, аяқтау ағымдағ жылдың 1 жартыжылдығында жоспарлануда.

ТЭН-ге сәйкес, сыртқы инфрақұрылымды салудың жалпы құны 9,3 млрд. теңгені құрайды. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 қаулысымен бекітілген Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарымен осы объектілерді республикалық бюджет қаражаты есебінен 2013 жылдан бастап салу қарастырылған.

«Кендірлі» халықаралық курортын, оның ішінде әуежай салу жобасы 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанды Индустрияландыру картасына енгізілді.

Кендірлі халықаралық курортының әуежайы құрылысының жобасына техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленді, «КЦ ГЧП» оң нәтиже алынды, АЖТМ-не сомасы 86,7 млн. теңгеге ЖСҚ әзірлеуге өтінім жолданды. Кезекті бюджеттік нақтылау кезінде ресмпубликалық бюджеттен қаражаттар бөлу мәселесін шешу қажет.

2. Өңірдің ауыл шаруашылығында ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде 1965,9 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жалпы өнімнің нақты көлем индексі 100,1% құрады.

Мал басының барлық түрінің, оның ішінде жылқының – 13,3%, ірі қара малдың - 18%, түйенің – 7,7%, қой мен ешкінің – 1,8% өсуіне қол жеткізілді. Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларына 4 мың АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға өсті.

3. Шағын және орта кәсіпкерлік. Осы саладағы шаруашылық жүргізуші субъектілер саны 2012 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 27,8 мың бірлік құрайды немесе 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 26%-ға өсті. Онда жұмыспен қамтылғандардың саны 25%-ға дейін өсті және 92 мың адамды құрады, халықтың экономикалық белсенді тобының құрылымындағы олардың үлесі 1.04.2011 жылғы 31,8%-дан 1.04.2012 жылы 38,7%-ға дейін артты.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2012 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша берген кредиттер көлемі 5,2 млрд. теңге құрады немесе 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп.

Жыл басынан бері облыстағы шағын кредит ұйымдарының барлық түрімен 50,7 млн. теңге сомасында 27 шағын кредит беріліп, 64 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ ауылдарда 49,1 млн. теңге сомасында 25 шағын кредит беріліп, 62 жұмыс орны құрылды.

«Даму-Аймақтар» Бағдарламасының төңірегінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2012 жылдың 1 сәуірдегі жағдайы бойынша жалпы құны – 145,6 млн.теңге сомасында берген кредиттер саны 2-ні құрайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі (жұмыс тобы) қаражаттандыру бойынша ағымдағы жылы кәсіпкерлердің 728 млн. теңге жалпы сомасындағы 11 жобаны мақұлдады, оның ішінде пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыруға «бизнес бастамаларын қолдау» атты бірінші бағыт төңірегінде жалпы құны 2300,4 млн.теңге сомасында 11 жоба мақұлданды. Кепілдік беру бойынша жалпы құны – 1,1 млн.теңге сомасында 1 жоба мақұлданды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға табыс етілетін активтерді орналастыру арқылы кәсіпкерлікті дамытуға «Каспий» ӘКК» АҚ жәрдемдесу үстінде. Сонымен бірге инвестициялық жобаларды әрі қарай жүзеге асыру үшін әкімшілік тосқауылдарды шешу бойынша жәрдемдесіп жатыр.

Қазіргі уақытта «Каспий» ӘКК» АҚ-ның жәрдемдесуі арқылы облыста келесі жобалар жүзеге асырылып жатыр:

  • «планшетті компьютерлер, теледидарлар мен мониторлар өндіру бойынша зауыт салу, «Caspiy Electronics» ЖШС», жобаның қуаттылығы – 21000 бірлік/ай, жоба құны – 800,0 млн.теңге, сріктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі – 200 млн.теңге (25%);

  • «Жел электр станциясының құрылысы және пайдалануға беру (ЖЭС)» «Каспий Жел» ЖШС, жобалық қуаттылық – 19,5 МВт, жобаның құны – 5423,2 млн.теңге, Түпқараған ауданының аумағында (10%) 20 гектар жер телімі берілді;

  • «Каспий Маржаны» демалыс аймағын салу», «Каспий Маржаны» ЖШС», жобалық қуаттылық – қазіргі заманауи демалыс аймағын ұйымдастыру және қайта жаңғырту, жобаның құны – 100 млн.теңге, Қарақия ауданының аумағында Кендірлі жерінде (20%) ауданы 4 гектар мүліктік кешен берілді.

4. Негізгі капиталға инвестиция көлемі. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға инвестиция көлемі 77,4 млрд. теңгені құрады немесе 2011 жылдың тиісті кезеңінен нақты баға индексін есепке алғанда 3,8%-ға жоғары.

Жалпы көлемі-10,7% өңдеу өнеркәсібінде 11,3 есе (8,3 млрд.теңге салынды) өсім байқалады.

Инвестиция құрылымында негізгі көлемді - өнеркәсіп иеленіп отыр – 67,5%, сонымен бірге тау-кен өндірісі – 54,4%, өңдеу өнеркәсібі – 10,7%, транспорт және қоймалау – 6,6%, құрылыс – 1,9%, жылжымайтын мүлікпен операция – 8,2%, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 5,5%.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестиция көлемін өз қаражаты есебінен 47,8 млрд.теңгені немесе 61,7%-ды құрады, шетел инвестиция есебінен – 13,2 млрд.теңге (17%), қарыз қаражаты есебінен – 8,6 млрд.теңге (11,1%), республикалық бюджет есебінен – 6 млрд.теңге (7,8%), жергілікті бюджет есебінен – 1,9 млрд.теңге (2,4%).

5. Құрылыс жұмыстары. Құрылыс жұмыстарының көлемі 27,9 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 112,1 % -ды құрады. Жалпы ауданы 137,5 мың шаршы м. тұрғын үйлер іске қосылды немесе 2011 жылдың тиісті деңгейіне 118,8%. Іске қосылған тұрғын үйлердің жалпы көлемінен негізгі көлем тұрғындар қаражаты үлесіне – 91,7% тиеді.

Ағымдағы жылы келесідей коммуналдық тұрғын үй құрылыстарын аяқтау жоспарлануда: Жаңаөзен қаласында 200 пәтерлік тұрғын үй, Бейнеу ауданында алты 4 пәтерлік үйлер, Маңғыстау ауданында он бір 2 пәтерлік үйлер, Ақтау қаласында 30 шағынауданда ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ведомстволық тұрғын үй, «Аққу» шағынауданындағы бірінші кезектегі кредиттік тұрғын үйлер.

6. Бөлшек сауда айналымы. Есептік кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі 21,4 млрд. теңгені құрады және 2011 жылы қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 11,9 % -ға ұлғайды.

Облыстың сыртқы сауда айналымы 2012 жылдың қаңтар-наурызында 1892,2 млн. АҚШ долларын немесе өткен жылдың осындай кезеңіне 80,2% құрады. Бұл ретте экспорт – 1721,3 млн. АҚШ долларын (83,3%), импорт – 170,9 млн. АҚШ долларын (50%) құрады.

7. Тұтыну бағаларының серпіні. Облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс жалғасуда. 2012 жылдың қаңтар – сәуір айларының қорытындысы бойынша облыстағы әлеуметтік-маңызды тауарлар мен қызметтерге тұтыну бағаларының индексі мен тарифі 2011 жылдың желтоқсанына – 101,3% (ҚР – 101,7%), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 101,3% (ҚР – 102,0%), азық-түлік емес тауарлар бойынша – 101,5% (ҚР – 101,3%), ақылы қызметтер бойынша – 101,2% (ҚР – 101,8 %) құрады.

Азық-түлік тауарларының ішінде 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда: 1-сұрып ұннан бидай наны - 1%, сиыр еті – 3,2%, шошқа еті – 4,4%, қой еті – 5%, жылқы еті – 8,1%, секер – 0,6%, жартылай қақталған шұжық – 1,9%, сарымай – 0,3%, ұйытқы ірімшік – 0,5%, жұмыртқа - 11,8%, тұз- 1,5%, сүзбе – 1,1%, ірімшік – 1,1%, шәй – 4,1%, қияр – 10,6%, қызанақ – 15,3%-ға қымбаттады. 1- сұрып бидай ұны – 10,8%, күріш – 2,9%, қарақұмық жармасы – 15,2%, сұлы жармасы – 3,8%, арпа жармасы – 2,5%, тары – 12,8%, күнбағыс майы – 7,3%, картоп – 5,5%, капуста – 3,5%, түйінді пияз – 9,9%, қызылша – 3,2%, сәбіз – 1,3% - ға арзандады.

Азық-түлік емес тауарлар: маусымдық ерлер пальтосы - 0,4%, костюм шалбар - 2%, мектеп жасындағы балаларға арналған кеудеше – 2,3%, қонышсыз бәтеңке – 1,5%, әйелдердің қысқы етігі- 2,6%-ға, ерлерге арналған бәтеңке, қонышсыз бәтеңкесі –1,3%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтердің ішінен: нақты жалдау құны - 2%-ға, электр қуаты – 3,3%-ға қымбаттады.

Энергия тасымалдаушылар ішінен: бензин Аи-80 – 3,8%-ға, бензин Аи-92 – 8%-ға, Аи-96 – 2,4%, дизелді отын – 7,4%-ға қымбаттады.

8. Орташа айлық еңбекақы және халықтың орташа жиынтық табысы. 2012 жылдың сәуірінде облыста ең төменгі күн көріс мөлшері 20030 теңгені құрады. 2012 жылдың қаңтар – наурызында экономикалық қызметтің барлық түріндегі жұмысшылардың орташа айлық кесімді жалақысы 9,8 күн көріс минимумын қамтамасыз ете отырып, 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 7,4% құрап, 196132 теңгеге дейін өсті. Бағалау бойынша халықтың орташа жиынтық табысы 96479 теңгені құрады. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жиынтық табыс 19,5%-ға, нақты – 15,1%-ға ұлғайды.

Облыста 1.05.2012 жылғы жағдай бойынша тіркелген жұмыссыздық деңгейі (01.05.2011 жылға – 0,6%) 0,7% құрады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған жұмыссыздар саны артты. Жалпы жұмыссыздық деңгейі (ашық еңбек нарығында) 5,9%-ды құрады.

Облыс бойынша 8695 жұмыс орнын құрылды (2011 жылғы тиісті кезеңге – 7898 жұмыс орны). Жұмыспен қамту органдарына өтініш жасаған 2173 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, қоғамдық жұмыстарға 1124 адам қатысты.

Халықтың әлеуметтік-әлсіз жігін әлеуметтік қолдау мақсатында 5743 аз қамтылған азаматқа 62,3 млн. теңге жалпы сомасында атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа толмаған 3054 балаға 13,6 млн. теңге сомасында балалар жәрдемақысы төленді. Әлеуметтік-әлсіз жік санатындағы 8619 азаматқа 51,7 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді.

9. Салықтар мен бюджет. Есептік кезеңде мемлекеттік бюджетке – 67,6 млрд. теңге (болжамға 109,9%), оның ішінде республикалық бюджетке – 49,4 млрд. теңге (110,5%), жергілікті бюджетке – 18,2 млрд. теңге (108,3%) сомасында салықтар мен өзге де міндетті төлемдер (Ұлттыққор есебінсіз) түсті.

Облыс бойынша бюджет төлемдері бойынша берешек 2012 жылдың 1 мамырына 4,3 млрд. теңге құрады немесе 2012 жылдың басымен салыстырғанда 34,4%-ға («Толқынмұнайгаз» ЖШС мен «Казполмұнай» ЖШС (9,8 млрд. теңге) бойынша проблемалық берешектері есебінсіз және үмітсіз берешектер (4,7 млрд. теңге) азайды.

10. Әлеуметтік салаға арналған шығыстар. Білім беруге арналған шығыстар нақтыланған бюджет бойынша 32,4 млрд. теңге құрады.

Білім беру объектілерін дамытуға 2012 жылы 4386,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3341,6 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1045 млн. теңге қарастырылды.

Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында 320 орындық балабақша, Жаңаөзен қаласындағы «Бостандық» шағын ауданында 624 орындық орта мектеп және 320 орындық балабақша салу бойынша, сонымен қатар Жаңаөзен қаласындағы Теңге селосында 900 орындық және Мерей селосында 640 орындық балабақша салу бойынша жұмыс жүргізілуде. Қарақия ауданының Жетібай кентіндегі 624 орындық орта мектептің, Мұнайлы ауданының Баянды, Батыр, Маңғыстау, Басқұдық селоларында, Маңғыстау-5 тұрғын жай алабында және Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында әрқайсысы 960 орындық орта мектептің құрылысын салу қарастырылған. Қарақия ауданының Құрық ауылындағы кәсіптік-техникалық лицейдің үлгілік ғимаратының, Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының Атамекен шағын ауданындағы 624 орындық орта мектептің құрылысы жалғасуда.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бейнеу ауданы Бейнеу ауылының 140 орындық балабақша, Шебір ауылының 50 орындық балабақша, Шайыр ауылының Маңғыстау ауданының Шайыр және Жыңғылды селоларында әрқайсысы 80 орындық балабақша, Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селосында және Аташ ауылында 140 орындық балабақшы құрылысын салу жұмыстары жүргізілуде.

2012 жылы 17 білім объектісін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджет есебінен 1961,1 млн. теңге қарастырылды.

Денсаулық сақтауға арналған шығыстар 2012 жылға арналған нақтыланған бюджет бойынша 18,3 млрд. теңгені құрады.

Денсаулық сақтау объектілерін дамытуға 2012 жылы – 7015,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5585,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 1430,6 млн. теңге қарастырылды.

Республикалық бюджеттің трансферттері есебінен Ақтау қаласындағы Ана мен баланы қорғаудың 150 орындық өңірлік орталығының, Маңғыстау облыстық ауруханасының «Г» блогының, Қызылсай және Теңге селоларында дәрігерлік амбулатория ғимаратының, қалалық перзентхана салу жұмыстары жүргізілуде. Жаңаөзен қаласында терапиялық корпус, Жаңаөзен қаласының Рахат шағын ауданында ауысымды 250 орындық емхананың құрылыс жұмыстары қарастырылды.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақтау қаласындағы 100 орындық облыстық онкологиялық диспансердің құрылысы жалғасуда.

2012 жылы 7 білім объектісін күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджет есебінен 715,4 млн. теңге қарастырылды.

11. Жылыту маусымына дайындық (өту).

Ағымдағы жылыту маусымы тұрақты және нық жағдайда өтті. Жылыту маусымы кезінде аумақта энергия ресурстары жалпы көлемде білім беру объектілеріне 195, денсаулық сақтауға – 101, өзге де әлеуметтік объектілерге – 112 және тұрғын үйлерге 1287 ұсынылды.

Жылыту маусымының басынан бастап, яғни ағымдағы жылдың 15 қазанынан бері «МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «МРЭК» АҚ, «КазТрансГазАймақ» АҚ және «ТВСиВ» ЖШС сияқты аумақтың маңызды объектілері тарапынан қазандық, жылы су өткізетін, газ өткізетін желілерде ірі апаттық жағдайлар мен энергия ресурстарын шектеу болған жоқ.

Жылыту маусымы кезінде облыста апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында қалалар мен аудандарда жедел топтар құрылды, осыған орай жылу, су және электр желілеріндегі аздаған кемшіліктер уақытылы қысқа мерзімде және сапалы түрде жойылып отырылды.

Облыстың барлық қалалары мен аудандары табиғи газбен қамтамасыз етілгендігіне байланысты қазандық, энергетикалық және әлеуметтік объектілерінде мазуттық отын қолданылмайды, тас көмірге мұқтаж емес.

Мазуттық отын «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-де қор отыны ретінде қолданылады. Қазіргі уақытта қорда 22,4 тонна мазут бар.

2012 жылдан бастап жалпы қаражаттандыру көлемі 46 млрд.теңге сомасында Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру басталды..

Кешенді жоспар төңірегінде республикалық нысаналы трансферттер, жергілікті бюджет және «ҚазМұнайГаз» МБ» АҚ-ның әлеуметтік міндеттемелер есебінен 2012 жылы 28-инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланды.

Инвестициялық жобалардың жалпы санынан 13-і 2011 жылдан ауыспалы және осы жобалар бойынша мердігерлер анықталған. Қазіргі таңда аталған жобалармен 2012 жылғы қаражаттар бойынша қосымша келісімдер жасау жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 мамырдағы жағдайы бойынша қанализациялық-тазалау ғимаратын салу обьектісінен басқа барлық обьектілер бойынша қосымша келімдер жасалды.

28 обьектінің ішінен 15-і жаңа обьект болып табылады, осы обьектілерді қаржыландыру облыстық бюджетті (а.ғ. 4 сәуір) және Жаңаөзен қаласының бюджетін нақтылау кезінде қарастырылған (а.ғ. 11 сәуір). 15 жобаның ішінен 9 жоба бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен ЖСҚ жасақталған, 2 жоба бойынша (Теңге селосы мен «Мерей» шағын ауданында екі орта мектеп) ЖСҚ мемлекеттік сараптамада қарастырылып жатыр, 1 жоба (қалалық емхананың терапиялық корпусы) түзетуге жолданған. ЖСҚ бар жобалар бойынша мердігерлердің анықтауымен а.ғ. мамыр-маусым айларында конкурстар өткізу жоспарлануда.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы мыналар салынады:

Теңге мен Қызылсай ауылдарында дәрігерлік амбулаториялардың және ауылдық мәдениет үйлері, екінші қалалық емхана, 320 орындық екі балабақша және 624 орындық орта мектеп, оперативті басқару орталығы салынады, сумен қамтамасыз ету бойынша 5 объект, жылу желілерін байта құрылды және кеңейтілді, орталық стадионға күрделі жөндеу жүргізілді.

Құрылысы басталады:

Қалалық аурухананың терапевтикалық корпусының ғимараты, 900 және 640 орындық екі орта мектеп, 6 шығыстық бір үлгідегі өрт сөндіру депосы.

Күрделі жөндеу жұмыстары және автомобиль жолдарының қрылысы, 15 аула алаңдарын орналастыру, 10 спорттық алаңшаларды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Абаттандыру және қаланың орталық көшелерін жарықтандыру, осы көшелердегі көп қабатты тұрғын үйлерді қаптау, сонымен қатар жаңа автобус аялдамаларын жайғастыру және орналастыру (20 бірлік)бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

«Жұлдыз» және «Мерей» жаңа шағын аудандарында электрмен жабдықтау құрылысы, қайта өндіру бойынша комбинат, қатты тұрмыс қалдықтарын көму және іске сыру, канализациялық- тазарту имараттары, неке сарайы, ЖЭО-ға ауыстыру арқылы орталық қазандықты кеңейту бойынша құрылыс жалғасатын болады.

Облыста қойылған мәселелер:
1. Қара металл сынықтарын шетелге экспорттауға қатысты.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы аясында Маңғыстау облысында 2006-2010 жылдары өңір үшін өнеркәсіптің жаңа саласын қалыптастырған екі метталургия зауытын салу инвестициялық жобалары іске асырылды – «Caspian Stal» ЖШС және «Ақтау құю зауыты» ЖШС («АҚЗ» ЖШС).

Кәсіпорын металл дайындамалар, арматуралар, сортты жаймалау шығарады, 2011 жылы 5,3 млрд. теңгенің немесе өткен жылмен салыстырғанда 153,5% өнімі өндірілді. Өнім ішкі рыногпен қатар экспортқа да шығарылады.

Мәселен, «АҚЗ» ЖШС металл сынықтарын қайта өңдеп, қосылған құны мейлінше жоғары бағамен Иранға экспортқа шығарады. Сондай-ақ өзге өңірлерде орналасқан, республиканың Иранмен сауда жасайтын металлургиялық кәсіпорындары Ақтау теңіз портына дейін темір жол көлігімен жеткізу үшін өнімнің 1 тоннасы үшін 50 АҚШ долларына дейін шығындануға мәжбүр. «АҚЗ» ЖШС теңіз портынан 5 км қашықтықта орналасқандықтан, маңызды логиятикалық артықшылыққа ие.

Құю өндірісі (180 мың тонна дайындама) мен жаймалау өндірісінің (400 мың тонна) арасындағы сәйкессіздікті жою үшін, «АҚЗ» ЖШС қуаттылығы 600 мың тонна болат дайындама болатын «Электрмен болат балқыту кешенінің құрылысы» жобасын іске асыруда. Бұл жоба ҚР-ның Индустрияландыру картасына енгізілген.

Негізгі проблема: Екі кәсіпорын да шикізат ретінде қара металл сынығын пайдаланады. Алайда, соңғы кезде осы шикізаттың өңірдегі жеткілікті көлеміне қарамастан, шетелдік металлургия компанияларының қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар олардың экономикасының дамуына үлес қоса отырып, толық көлемде ел шегінен тыс жерде өткізетін металл сынықтарын дайындаушылардан сатып алу бойынша қиындықтар туындады. Шикізаттың жетіспеушілігі өңірдің металлургиялық саласындағы өндіріс көлемінің 2012 жылғы қаңтарда 80%-ға төмендеуіне әкеп соқтырды.

Шешу жолдары: Қазақстанның металлургиялық өнеркәсібінің ксәпорындарын сынықтармен және қара металл қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында ҚР ИЖТМ, ӘМ металл сынықтары (қара металл сынықтары) айналымын заңнамалық деңгейде реттеуге бағытталған тиісті шаралар қабылдауы қажет.
2. Кеме жүргізу компанияларының күрделі және ағымдағы жөндеуге арналған тапсырыстарын Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауытында орналастыру туралы.

«Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС 2008 жылғы наурызда құрылып, Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының бір жобасы болып табылады.

Зауыт Каспий теңізінің қазақстандық секторында (КТҚС) операция жасайтын барлық үлгідегі теңіз кемелерін ағымдағы, сапараралық, сондай-ақ күрделі жөндеу бойынша қызметтерді ұсынады.

Бүгінге КТҚС-нда қолдау көрсетуші 250 кеме – буксирлер, баржалар, ғылыми-зерттеу кемелері, мұзжарғыш кемелер операция жасайды.

Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты іске қосылғанға дейін кеме иелері кемелерді Ресей мен Әзірбайжанның жақын жердегі кеме жөндеу зауыттарына жолдауға мәжбүр болатын, осылайша Қазақстан кеме жөндеу қызметінен бюджетке түсетін салық түсімдері түріндегі кірістерді жыл сайын жоғалтатын.

2012 жылғы мамырда теңіз табанын тереңдету жұмыстары аяқталуда, кемелерге қызмет көрсету спектрін ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

Серіктестіктің құрамынан құрылтайшының біреуі – TOPAZ Engineering (50%) шығуына және Қашағанды игерудің 2-фазасын іске асыру мерзімінің ауысуына байланысты, өндіріс көлемі кенеттен қысқарды.

Шешу жолдары: Көлік және коммуникациялар министрлігі, Мұнай және газ министрлігі, «Самұрық-Қазына» ӘАҚ» АҚ тарапынан КТҚС-нда қызметін жүзеге асыратын кеме жүргізу компанияларын кемелерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған тапсырыстарын «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС кәсіпорнында орналастыруға тартуға қолдау көрсету.
3. Экологиялық проблемаларды шешу туралы.

Құрлықта көмірсутегі шикізатын өндіру мен тасымалдау көлемінің және Каспий теңізінің қайраңында барлау жұмыстары өндірісінің басталуына байланысты, облыс аумағында өндірістік апаттардың туындау, теңіз қайраңына мұнай төгілу қауіптері өсуде.

Бүгінгі күнге дейін қазақстандық секторда апатты жағдайдағы және және Каспий теңізінің суы басу аймағында орналасқан көптеген мұнай-газ ұңғылары оқшауланбағана және жойылмаған.

Су қоймасының биологиялық ортасының жағдайы туралы ғылыми негізделген деректер жоқ. Каспий теңізінің биоресурстарын сақтау және орнын толтыру бойынша пәрменді шаралар қабылданбауда. Бүгінге Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінде балықтың бекірелік және өзге де түрлері ондаған есе қысқарды.

Шешу жолдары: ҚОҚМ, МГМ жоспарланған шаруашылық қызметтің қоршаған теңіз ортасына теріс әсерін мейлінше азайту үшін, мына іс-шаралар кешенін әзірлеуі:

- су қоймасының биологиялық ортасының жағдайын зерттеумен және әрбір экологиялық аймақтың ұйғарынды техногендік жүктемесін айқындаумен бірге Каспий теңізінің солтүстік бөлігін экологиялық аймаққа бөлу бойынша жұмыс жүргізуі;

- әртүрлі мұнай операцияларын жүргізген және Каспий теңізінің қайраңында төтенше жағдайлар туындаған кезеңде келтірілген зардапты бағалау әдістемесін әзірлеуі;

- теңіз мұнай операцияларын мұқият регламенттеуді және Каспий теңізінің қайраңында апат орын алған жағдайда зардапты өтеуді әзірлеуі және енгізуі қажет.

Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

Похожие:

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconҰлан ауданының 2010 жылғы 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы Анықтама
...
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconКатонқарағай ауданының 2009 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2009 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық...
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconҚұрметті ақтөбеліктер! Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға койылған міндеттер
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының...
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconЖарма ауданының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы Ақпарат
Ауданның экономика және әлеуметтік сала дамуының жалпы беталысы ағымдағы жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда оң серпінде
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  icon«2012 жылдың бірінші тоқсанына Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» ақпарат
Скемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы оңды динамикамен сипатталады
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Корнеевка селолық округінің әкімі Ж. Сейпиловтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы қаңтар – сәуірдегі қорытындылары туралы Ағымдағы жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы  icon2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округінің әкімі С. Некібаевтың “2010 жылы округтің әлеуметтік-экономикалық
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница