Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау




Скачать 121.08 Kb.
НазваниеЖоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау
Дата конвертации20.01.2013
Размер121.08 Kb.
ТипДокументы
ЖОБА


Курчатов қаласындағы көркейту

және жасыл желектерді қорғау

Қағидасы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес, Курчатов қалалық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ұсынылған «Курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау Қағидасы» бекітілсін.

2. Күші жойылды деп танылсын:

Курчатов қалалық маслихатының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/50-ІІІ «Курчатов қаласы аумағындағы жерлер мен жасыл алқаптарды қорғау, жинау, санитарлық тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты сақтау, көркейту Қағидалары туралы» (ШҚО әділет департаменті Курчатов қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 08 ақпандағы № 2169 тіркелген, «Дидар» газетінде 2005 жылғы 05 сәуірдегі № 34, «Рудный Алтай» газетінде 2005 жылғы 05 сәуірдегі № 44 жарияланған) шешімі;

Курчатов қалалық маслихатының 2005 жылғы 22 қазандағы № 20/117-ІІІ «Курчатов қаласы аумағындағы жерлер мен жасыл алқаптарды қорғау, жинау, санитарлық тазалауды ұйымдастыру мен тазалықты сақтау, көркейту Қағидалары туралы» (ШҚО әділет департаменті Курчатов қалалық әділет басқармасында 2005 жылғы 03 қарашадағы № 5-3-9 тіркелген, «Дидар» газетінде 2005 жылғы 08 қарашадағы № 109, «Рудный Алтай» газетінде 2005 жылғы 08 қарашадағы № 173-174 жарияланған) шешімі.

3. Осы шешім алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы
Курчатов қалалық

маслихатының хатшысы Ш. Төлеутаев

Курчатов қалалық мәслихатының


2012 жылғы «___ » _________

№ ____ шешіміне қосымша

Курчатов қаласындағы көркейту

және жасыл желектерді қорғау

ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида (ары қарай Қағида) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының Экологиялық және басқа да нормативті құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

Қағида Курчатов қаласындағы нысандардың инфрақұрылымын қорғау және күту, жасыл желекті күзету, аумақтарды жинастыруды ұйымдастыру және тазалықты бақылау, санитарлық күту, көркейту аясында жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігін анықтауды және жеке меншік формасына тәуелсіз, барлық жеке және заңды тұлғаларға таратылады, реттеледі.

1. Негізгі ұғым және анықтау
1. Аумақтарды көркейту - қала аумағында адамдардың өмір сүруіне қолайлы, жақсы жағдай, ыңғайлы қамтамасыз ететін элемент және жұмыс кешені.

2. Жасыл желектер – санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдаймен, көркейту көрсеткішін жоғарылату және сәулет-ландшафттарын (гүлдер, ағаштар, жасыл шөп, бұталар) рәсімдеуді қамтамасыз етуде қала шешімінің жоспарлы элементі.

1) аумақтарды көгалдандыру – саябақ, көгал, гүлдер, нысан және саябақ кешендеріне табиғи және жасанды жолмен құрылған жер телімі;

2) жасыл желектерді қорғау – көгалдандырылған және жасыл желек отырғызылған аумақтарды құруға, сақтауға бағытталған, ұйымдастыру және экономикалық іс-шаралардың құқықтық жүйесі;

3) жасыл желектерді зақымдау – ағаш-бұта өсімдіктерінің тамыр сабақтарының, олардың тамыр жүйесінің, жер үстіндегі бөлігі және шөп өсімдіктері тамыр жүйесінің өсуіне кедергі келтіретін зақымдау себептері. Өсімдіктердің тамыр, сабақ жүйесінің механикалық зақымдау топырақ жабындарын, тамыр аумақтары зиян заттармен зақымдау, өрттеу және басқа да зиянды себептер болып табылады;

4) жасыл желектерді жою – өсуіне зиян келтіріп, жасыл желектерді зақымдау;

5) кешенді көгалдандыру – зақымдалған немесе жойылған жасыл желектер орынын жаңғырту;

3. Жерді пайдаланушы – қала шетіндегі жер телімдерін пайдаланушы, жеке меншік формасына және мақсатына тәуелсіз (ұйым кәсіпорындары, коммерциялық құрылым, жеке кәсіпкерлер, үй иелері, жалға алушы, жеке меншік пәтерлер кооперативі және басқалар) жеке және заңды тұлға.

4. Үй иелері – жеке меншік үй тұрғызатын, жеке немесе заңды тұлға.

5. Арнайы белгіленген аймақ – өкілетті органдарының шешіміне сәйкес немесе жеке меншік жерді пайдаланушыларға берілген нысандарды орналастыратын (ғимарат, құрылыс, көлік магистрі және басқалар) жер телімі.

6. Бекітілген аймақ – қызмет көрсету және күту үшін өкілетті органның ұсынысы немесе олардың пайдаланатын аймақтарды, жеке және заңды тұлғаларға белгілеген жер телімі.

Қала шетіндегі бекітілген аймақтар болып табылады:

  1. қала көшелер аумағы (тротуар, жасыл желек және басқа да көркейту элементері).

  2. Алаң ішіндегі аймақтарды, жеке меншік кооперативке өтпеген, кондоминиум және басқа да (бір алаңда бірнеше жер пайдаланушылар бар, белгіленген аймақ шетімен немесе тарап келісімі бойынша анықталады);

  3. аймақта бекітілген периметр бойынша 10 метр қашықтық аумақ, ал көше жақтан – көшенің «қызыл желісінен» ары емес;

7. Көше – қала аумағында өтетін жер орналасқан, тротуар, жасыл желек, аялдама, жер асты және жер үсті инженерлік жүйесі;

8. Қоғамдық орын – жалпы пайдаланатын демалатын орын, бақ, саябақ, алаң, жағажай және басқа да нысандар.
2. Жалпы Қағида
9. Осы Қағида мақсатында Курчатов қаласындағы жасыл желектерді күзету және жер жұмыстары өндірісі, аймақтарды көркейту тәртібі, санитарлық жағдайын жақсарту, қала аумағында адамдардың өмір сүруіне қолайлы жақсы жағдайын қамтамасыз ету;

10. Тұрақты тазалықты ұстау мақсатында кәсіпорын, мекеме қоғамдық және кооператив ұйымдар, тұрғындар арнайы бекітілген және бекітілген аумақтарды жинастыру және жасыл желекке күтім жасау.


  1. Қала аумағын тазалау тәртібі


11. Ғимарат иесі немесе жалға алушы кәсіпорындар (барлық меншік түрлері) қоғамдық ұйымдар, мекемелері, жеке тұлғалар, азаматтар белгіленген және бөлінген аумақтарда тазалау жүргізеді және өздері қалалық қоқыс орнына қоқыстарды шығарады немесе аула сыпырушылардың штатын ұстайды, немесе мамандандырылған кәсіпорындар келісім – шарт негізінде осы жұмыстарды орындайды.

Ғимарат және құрылыс иесі және пайдаланушы (немесе) жеке тұрғызылған келісім шартқа шығаруға дер кезінде келісім шарт отыру қажет.

12. Көшелердің жүргін бөліктерін және жетілдірілген жабынды алаңдарды механикалық тазалау таңертеңгі сағат 4-тен 6-ға дейін жүргізіледі және бір күннің ішінде қажеттілікке қарай қайталанады.

Түнгі уақытта тазалау жүргізу кезінде ( кезеңге байланысыз) шуды ескертетін шаралар қолданылуы керек .

13. Көше жолдарының жабындарын, газондарды, аяқ жолдарды, автобустар аялдамаларының отырғызу алаңдарын және қалталарын «қызыл желі» шегінде қоғамдық көліктер қозғалыстарының бұрылыстарды, алаңдарды, скверлерді, бульварларды, қорымдар аумақтарын тазалау бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі (жеке меншіктен басқа).

14. Теміржолдарды және көпірлерді, үймелерді өткелдер 10 метр кеңдіктегі аумақтар өз күштерімен және осы имараттарды пайдаланушы теміржол ұйымдарының құралдарымен жиналады.

15. Көлік шаруашылығының автовокзалдарды және диспетчерлік пункті, диспетчерлік қызметпен сөйлесу орнатылған орын тазалау және ұстау осы нысан бекітілген аймақ қай баланыста болса, солар жүзеге асырады.

16. инженерлік - техникалық және гидротехникалық имараттарына жапсарлас аумақтарды тазалау және ұстау осы имараттардың иелерімен жүргізіледі (газгольдерлар, ТП және басқа да ).

17. Көркейту жобасының орындалуына сәйкес, жағажай аумағы, демалыс аймағы, қыдыру орынында болуға тиіс:

1) қоғамдық дәретхана бір орын 75 келушіге есептелген;

2) қоқыс салатын орын, ара қашықтықтары 40 метр аспайтын;

18. Демалу аймақтары және қыдыру орындары, жағажай аймақтарын жинастыру, сондай-ақ, жыл сайынғы таза құм себу, белгіленген заңды тәртіппен бекітілген аймақтарда, ұйымдардан жиналған қалдықтарды шығару жүргізеді, құмның беткі қабатына қопсыту жүргізу.

19. тұрғын үй алаңының ішіне және қоғамдық ғимаратқа металды гараж және ұра орнатуға тыйым салынады. Өз еркімен гараж және ұра орнату бұзылуға жатқызылады.

Коммуникация барлық түрін қамтамасыз ететін шаруашылық субъект дер кезінде сәйкес коммуникациялық жөндеу жүргізу қажет, жөндеу жүргізгеннен кейін көркейту элементтерін және бұзылған жабындарды қалпына келтіруді жүргізу қажет.

20. Зираттар аумағында қоршаулар, өтетін орында қатты жабын, қоқыс жинастыру болуы тиіс.

21. Кәсіпорындар, жеке меншік шаруашылық, мал және құс ұстау, өсірумен, жиналған көңді және басқа да қалдықтарды жинастыруға міндетті, осыдан кейін жинастырған орынан шығару.
4. Қысқы жағдайда аумақты ұстау және жинастыру
22. 16 қарашадан 15 сәуір аралығы мерзімінде тыныштықты бұзатын: қала аумағын тазалау, және қоқыстарды, қарды, мұз, құм шығару сағат 6.00-ден 21.00-ге дейін, қажетіне қарай күні бойы жүргізіледі.

Жапырақтар түскен кезде түскен жапырақтар дер кезінде жиналуы қажет. Жиналған жапырақтар арнайы кәсіпорынмен арнайы орынға шығарылуы қажет.

Жапырақтарды тұрғын үй, бақ, саябақ, ТҚҚ үшін контейнер аумағында жағуға тыйым салынады.

Ауа-райы жағдайына байланысты жинастыру тәртібі өзгеруі мүмкін.

23. Қарды тазалау қар жауғаннан басталады, және жиналып қалудан барлық жеке субъектілермен қар жауу аяқталғанға дейін үздіксіз жалғасады. Барлық көше және алаңдарға үйінді жаңа түскен қарларды үйіп қоюға рұқсат етіледі, осыдан кейін қар түсу аяқталғанға дейін біртіндеп шығарылады.

Өтетін және жүретін жолдарға қар жасыл желек орындарына мұз төсеуге тыйым салынады.

24. Шатырларды қардан тазалау және су ұстау құбырларын, шатырлардағы, жүретін және өтетін жерлерде, шамшырақ, жасыл желекке зиян келтірмей, ғимаратта қарды тазалауда тосын, жағымсыз оқиғаларды болдырмау мақсатында міндетті шараларды сақтаумен, құрылысты жалға алушылар және иелерінің қаражатымен және жүйелі күшпен жүргізілуі тиіс.

Шатырлардан түскен қарлар ақырындап шығарылыуы тиіс. Қарды, мұзды шығару аумақ және нысандардың сумен ластанбауы үшін, жергілікті басқарма органдары белгілеген арнайы белгіленген орынға шығару жүргізіледі.

25. Көше, алаң, жүргінші өту жолы, тротуар, көтерілу және түсу, көшенің түйіскен жері, көпірге жүретін бөлігіне құм себу және механизданған тазалау арнайы кәсіпорынмен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.

26. Жеке және заңды тұлға, жеке меншік формасынан тәуелсіз, бекітілген аумақ және бекітілген арнайы орындарға адамдар көп жиналатын алаңдарға, тротуар және басқа да жүргінші жүретін орындарға қар себу және қарды механизациялық тазалау арнайы кәсіпорын бекітіледі немесе осы жұмыстар өз күшімен орындалады.

27. Жерді пайдаланушы бекітілген аумақтарда және арнайы бекітілген орындарда тайғақтыққа қарсы іс-шараларды қарастыруға міндетті (қар, мұз жинау, тайғақ орындарға материалдар себу).

5. Жолдарды, көшелерді пайдалану тәртібі,

жол құрылыстарын ұстау және күзету тәртібі

28. Көше және жолдар мемлекеттік жеке меншік болып есептеледі және олар ортақ пайдалануға берілген көше, жолдар бөлінбейді және жеке меншікке беруге жатпайды. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары теліміне тұрғызылған кез келген құрылысты Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылғандай осы жерді пайдалануға келісім тәртібін бұзғанда, өздігінен құрылыс салуды жүзеге асыру, анықталған заңнамаға сәйкес, бұзуға жатады және заңсыз деп саналады.

29. Жол қатынасы қауіпсіздігі талабы есебімен автомобиль жолдарын пайдалану жағдайын жасау үшін және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ, жол инфрақұрылым нысандарында орналастыру, ұстау және жөндеу, қайта қалпына келтіру мүмкіндігінде жол жанына жолақтар орнатылады.

30. Жалпы жүру қызметі нысандары мен жол сервистары нысандарынан басқа да жалпы жол жүру автомобиль жолдарындағы жолақтарында күрделі құрылыс рұқсат етілмейді.

31. Көшелерді, инженерлік құрылыстарды қамтамасыз ету транспорттық жүргізуді тоқтатпау міндетті болып табылады, тыйым салынады:

1) көшелерді, жолдарды жол құрылыстарын, белгілерді, жол қатынастарын реттейтін құралдар, жасыл желектер және тағы басқа да;

2) көшелерді, жолдарды заттармен, көліктермен, құрылыс жабдықтарымен қоршау;

3) ағаштарды, құдықтарды, су өткізгіштерді, құрылыс жабдықтарымен және жермен және топырақпен жабуға;

4) жұмыстарды берілгеннен тыс жүргізу;

32. Жолдарды және қала көшелерінің жол жабындары күтімін бақылау баланыста ұстаушымен қамтамасыз етіледі, үнемі тексеру жүргізу мақсатында:

1) уақытынан бұрын бұзылған және тозған жол жабындарын күзету;

2) қалалық көліктерін дамыту талаптарына сәйкес, қала жолдары жағдайының жүйелі түрде жақсарту;

3) табылған және зиян келтірілген ақауларға қалпына келтіру үшін жол жабындарын қалыпты жағдайдан ауытқуын дер кезінде анықтау (апатты жағдайда жол және көшелерге зиян келтірілген, тайғақ, өтетін бөліктер) қалыпты жағдай қатынасын қалпына келтіру бойынша жедел шара қабылдау үшін көшенің жеке бөліктеріне көлік қатынасына тыйым салу немесе шектеу.
6. Қала аумағындағы шағын сәулет үлгілерін орнату және күту тәртібі
33. Көркейтудің барлық сыртқы элементтері, соның ішінде, ғимарат сыртқы келбеті, қала аумағында тұрғыздың белгіленген тәртібіне, Ережеге сәйкес орындалуы тиіс.

34. Ағымдық күту, жеке және заңды тұлға басқаратын жерді пайдаланушы, иеленуші, аймақтарға бекітілген:

1) тұрғын шағын аудандар, тұрғын үй алдыңдағы көшелердегі тұрғызылған тротуар жүйелеріне дейін - жеке пәтерлер кооперативі, тұрғын үй қорының иелері;

2) жалпы пайдаланымдағы нысандар (бақ, саябақ, аллея және т.б.) және көше жанынан тротуар жүйелеріне дейін - жергілікті бюджет есебінен келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын кәсіпорын;

3) өндірістік кәсіпорын аумағындағы, ұйым, мекеме, басқа да нысандар жеке форма ерекшелігі, сондай-ақ, олардың аумағына бекітілген және санитарлық қорғау аймағы – осы нысан иелері, кәсіпорын басшылары;

4) аймақтарда, құрылыс белгіленген құрылыс жұмыс басталған күннен бастап тапсырыс беруші немесе – құрылыс ұйымының, мердігер сенімхаты бойынша;

5) агротехникалық толық кешенді іс-шаралар жүргізу: суару, кесу, бағаналарды ақтау, өскен тамырларды кесу, тыңайтқыштар енгізу, жараны жабу және дезинфекциялау, көгалды кесу;

6) арнайы қызметтермен келісім шарт бойынша немесе өздерінің күшімен (шырмауық, ойраншөп, және басқа да) карантинді арамшөпті және зиянкестерді жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізу;

35. жер астындағы инженерлік және коммуникациялық жүйесі құрылысына тұрғызылған жасыл желектерді бұзу және қайта отырғызу, қоршаған ортаны қорғау аймақтық басқармасымен келісілгенннен кейін ғана жол беріледі.

36. Құрылыс, ұйым жобасын және нысандарды қайта қалпына келтіру жобасын жасау кезінде кезінде жасыл желектерді сақтауды қарастыру.

37. Өз еркімен жасыл шөптерді жою және кесуде Қазақстан Республикасының Заңына бойынша кінәлі жауапкершілікке тартылады.

38. Өндіріс жұмысы кезінде жеке және заңды тұлға міндетті:

1) зақымданудан жасыл желектерді қорғау;

2) алаң, жүргінші жол, тротуар қала жолдарын асфальттау және диаметрі 1 метрден кем емес шұңқыр қазған кезінде қажетті торларды орналастыру, яғни, жасыл желектердің қалыпты өсуі үшін жабдықтар қарастыру.

39. Жерді пайдаланушы бекітілген аумақтарда жасыл желектерге күту жүргізуге міндетті, оның ішінде:

1) қоқыстарды жинастыру, жасыл желекті тырмамен тазалау, құрғақ жапырақтарды жинастыру, бұталарға кесу жүргізуге;

2) топырақты қопсытып ағаштардың түбіне шұңқырлар жасау;

3) көгалды, жасыл желекті, гүлдерді суару;

4) сынған, қурғаған бұталарға, кесу;

5) ағашты, бұталарды жасарту;

6) қураған және ауырған ағаштарды алып тастау (комиссия актісі бойынша);

7) жасыл желек қорында бар бұталар және ағаштарды отырғызу.

40. Жасыл желек қорын сақтауға бақылау және кез келген аумақтағы жасыл желек ержесін сақтау өкілетті орган, жерді пайдаланушы және жалға алушы жүзеге асырады.

41. Жасыл желек аумағына мыналар тыйым салынады:

1) құрылыс материалдарын, топырақ, ағаш, көмір және басқа заттарды жинауға;

2) гүлдерді, көгалдарды, жасалынған шұңқырларды ластауға;

3) көгалмен жүруге, ағаш, бұтаны кесуге және сындыруға, басқа да механикалық зиян келтіруге;

4) ағаштарды және бұталарды өз еркімен кесу жүргізуге;

5) көп жылдық гүлдер тұқымын және тамырын қазып алуға, гүлдерді жұлуға;

6) авто және мотто көлік құралдарын орналастыруға, сондай-ақ, автокөлік мотоцикл, мопед, велосипед және басқа да, көлік құралдарының жүруіне;

7) жапырақтарды өртеуге, көгалдағы жемістерді жұлуға, ағашқа сымдар, тербелгіш, жарнама, және тақтайша жапсыруға, бақ – саябақ құралдарын бұзуға;

8) жалпы пайдаланатын орынға иттерді қыдыртуға, құс, малдарды жаюға;

9) көгал және гүлдер алаңына бетон немесе цемент қоспасын дайындауға;
7. Сыртқы жарықтандыруды орнатуды ұстау
42. Қала көшелерін,алаң, бақ, саябақтың сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету, күту, орнату, ағымдық және күрделі жөндеу жүргізу арнайы кәсіпорынмен жергілікті бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

43. Тұрғын аудандар және басқа да жалпы пайдаланымдағы орындар кімнің ведомствасында болса осы жұмыстар қызметін басқарады.

Сыртқы жарықтандыруды орнату және күтумен қамтамасыз етуге келесі іс-шаралар енгізіледі:

1) белгіленген параметрге сәйкес саны және сапа көрсеткіші кезінде орнатудың техникалық жағдайын қолдау;

2) жартысы немесе толық өшкенде, жанбай тұрған шамдар анықталғанда, зақымданған және басқа да, оның қалпына келтіруін кейінге қалдырмау, қала әкімімен бекітілген кесте бойынша бақылауға дер кезінде қосылған, орнату жұмысын реттеу тәртібімен қамтамасыз ету.

44. орнатылған сыртқы жарықтандыру жағдайына және жану пайызының орындалуы үшін пайдаланылатын кәсіпорын бақылау тексеру жүргізеді және акт құрады. Шамдардың жану пайызы 95 % кем болмауы тиіс.

45. Металды тірек, қою орыны және басқа да, сыртқы жарықтандыруды орнату элементі сыртқы қабатына байланысты 3 жылда бір реттен кем емес баялады.

8. Осы ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік
46. Осы Қағиданы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасымен қарастырылған санкциялар қолданылады.

Курчатов қаласы

әкім аппаратының басшысы А. Глазинский

Похожие:

Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconҚарқаралы ауданының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі
Заңына сәйкес салауатты қоршаған ортаны қалыптастыру үшiн олардың абаттандырылуының негiзгi бөлшегi ретiнде Қарқаралы ауданының елдi...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconАлматы қаласындағы жасыл желектерді қорғау мен күту ережелерін бекіту туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы ХХVII сессиясының №314 шешімі. Алматы қалалық әділет департаментінде 2007...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconӨскемен қаласын көріктенду, жасыл желектердi қорғау ережесi жалпы ереже
Аумақтарды көркейту қала аумақтарындағы адамдар өмiршеңдiгiн жайлы, қолайлы қамтамасыз ететiн, жұмыстар мен элементтер кешенi
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау icon«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мм қала аумағын ашуға берілген рұҚсат қАҒазы №
Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары», «Жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау тәртіптері» талаптарын...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconҚаражал қаласы №173 16 шілде 2009 жыл Қаражал қаласының жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау Ережесі туралы
Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау icon«Алматы қаласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»
Азақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану» туралы Заңының 5, 27 және 28 баптарына сәйкес және Алматы қаласындағы...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconАлматы қаласындағы
Азақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану» туралы Заңының 5, 27 және 28 баптарына сәйкес және Алматы қаласындағы...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconҰйымдарда еңбекті қОРҒауды басқару жүйесі қолдану жөніндегі басшылық
Зірлеген және енгізген: Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconЖоба туралы фактілер парағЫ
Мэрлердің уағдаластығы — Еуропалық Одақ жасаған маңызды бастама. Ол жергілікті және аймақтық билік органдарын жасыл экономикалық...
Жоба курчатов қаласындағы көркейту және жасыл желектерді қорғау iconҚазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының бейнесі Қазақстан республикасы мемлекеттік стандартының жобасы
Зірлеген және енгізген: Астана қаласындағы «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница