Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы




Скачать 75.27 Kb.
НазваниеАқтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы
Дата конвертации20.01.2013
Размер75.27 Kb.
ТипДокументы
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 20 наурыздағы N 181 қаулысы. Маңғыстау облысы Әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 30 сәуiрде N 2009 тiркелдi.
2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Су кодексiнесәйкес, облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДi:
1. 1 қосымшаға сәйкес, бекiтiлген жобалық құжаттамасы негiзiнде Каспий теңiзiнiң жағалауындағы Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында ұзындығы 284,5 км су қорғау аймақтары мен белдеулерi және шектелген шаруашылық қызметiнiң режимi белгiленсiн;

2. 2 қосымшаға сәйкес, Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шегiнде, шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға тыйым салынған талаптар тiзбесi бекiтiлсiн.

3. Ақтау қаласының және аудандардың әкiмдерi:

су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шекараларын нақтылы түрiне көшiрудi, жердi есепке алу құжаттамасына өзгерiс енгiзудi және осы жұмыстардың жүргiзiлуiне тұрақты бақылауды қамтамасыз етудi жүзеге асырсын;

су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң шегiнде, құрылыс және басқа арнайы қажеттерге аумақты иелену мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарына қатаң сәйкесте жүргiзсiн.

4. Ақтау қаласының және аудандардың әкiмдерi, ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi, су қорғау аймақтары мен белдеулерi шегiнде орналасқан пайдаланылуында жер учаскелерi бар, ведомстволық тиесiлiлiгi мен меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң басшыларына, олардың санитарлық жай-күйiн тиiстi дәрежеде күтiлуiн және шаруашылық жүргiзу режимiнiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Б.А. Бисенов) мемлекеттiк жер кадастрында есепке алу үшiн және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су объектiлерiнде су қорғау аймақтары мен белдеулерiн құру" жобалық құжаттамасын арнайы уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдарға тапсырсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары С.Ө.Трұмовқа жүктелсiн.

7. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Облыс әкiмi Қ. Көшербаев
КЕЛIСIЛДi:

С.Ө. Трұмов

Ә.Ө. Сахимов

Е.А. Бектұрғанов

А. Әбдешұлы
Қ. Сейлханұлы

Маңғыстау облыстық жер

қатынастары басқармасының бастығы

"____"_____________ 2008 жыл
Е.Д. Дүзмағанбетов

Маңғыстау облыстық аумақтық

жер ресурстарын басқару басқармасы

бастығының мiндетiн атқарушы

"____"_____________ 2008 жыл
Ы.Н. Ноғаев

Маңғыстау облыстық аумақтық

қоршаған ортаны қорғау

басқармасының бастығы

"____"_____________ 2008 жыл
Б.Б. Өтесiнов

Маңғыстау облысының

Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологилық

қадағау департаментiнiң директоры

"____"_____________ 2008 жыл
Б.О. Қуанов

Жайық-Каспий бассейiндiк су

шаруашылық басқармасының бастығы

"____" ____________ 2008 жыл
Орын: Б.А.Бисенов

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар

және табиғатты пайдалануды реттеу

басқармасының бастығы

"____" ____________ 2008 жыл
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң

2008 жылғы 20 наурызындағы

N 181 қаулысына 1-қосымша
Каспий теңiзi жағалауының маңайындағы аумақтағы, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң енi
"Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында Каспий теңiзiнiң жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн кұру" бекiтiлген жобалық құжаттамасына сәйкес мыналар белгiленедi:
1. Ақтау қаласы аумағының су қорғау аймағының көлемi мен шекарасы, бекiтiлген бас жоспарға сәйкес кұрылыс салу және жоспарлаудың нақты талаптар тұрғысынан;

Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңiзiнiң жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын енi, соңғы он жылдықтағы теңiздiң орташа көпжылдық деңгейi белгiсiнен алынады, шекараға дейiнгi минус 27,0 метрге тең: ҚР Президентiнiң даңғылы, Строительная көшесi және әрi қарай өмiрзақ кентiне дейiн асфальт жолы бойымен.

Ақтау қаласы аумағының теңiз учаскелерi үшiн су қорғау белдеулерiнiң енiне, оның аса бағалы балық шаруашылығындық маңызы бар маңайындағы жердiң еңiсi мен сипатына қарамастан кемiнде 100 м қабылданады.

Ақтау қаласында ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болған жағдайда су қорғау белдеуiнiң шекарасы жағалаудағы қалқаншамен қосылады.
2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қ. аумағы бойынша Каспий теңiзi жағалауындағы су қорғау аймағы енiнiң ұзындығы 38,5 км, Құрық селосының ұзындығы 61,0 км және Қарақия ауданының Кендiрлi демалыс аймағында 89,0 км, соңғы он жылдықта теңiздiң орташа көпжылдық деңгейi 2000 метр белгiсiнен алынды, минус 27,0 метрге тең.

Форт-Шевченко қаласында, Құрық селосында Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау белдеулерi айрықша қымбат балықшаруашылық маңызы бар жерлерде, 100 м тең.

Ерекше бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Форт-Шевченко, Құрық селосы аумағындағы және Кендiрлi демалыс аймағындағы теңiз учаскелерi үшiн су қорғау белдеулерiнiң енiне, бекiтiлген жобалық құжаттама негiзiндегi Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы теңiздiк мұнай операциялары базасының төгiндi алаңындағы ұзындығы 1,12 км Каспий теңiзiнiң жағалауындағы су қорғау белдеуiнен басқа, жерiнiң еңiстiгi мен iргелес жатқан сипатына қарамастан, кемiнде 100 метр қабылданады.

Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы мұнай операциялары базасының төгiндi алаңындағы теңiз учаскелерi үшiн су қорғау аймағының шекарасы, Аташ базасының шекарасындағы жақтаумен қосылады және Каспий теңiзiнiң су қорғау белдеуiнiң әрекет үстiндегi шекарасының басымен иiлiп қосылады.

Ескерту. 2 тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2009.10.14 № 2788 қаулысымен (жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
3. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшiн пайдаланылатын су көздерiнiң санитарлық қорғау аймақтарын құру қажеттiлiгiн болдырмайды, осылардың шекарасы мен көлемi халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес белгiленедi.
4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде жаңа жер учаскелерiн берудi, жергiлiктi атқарушы органдар, су қорының қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың пайдалану және қорғау саласындағы арнайы уәкiлеттi органдарының келiсiмi бойынша жүргiзедi.
Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң

2008 жылғы 20 наурызындағы

N 181 қаулысына 2 қосымша
Су қорғау аймағы мен белдеуiнiң аумағында шектелген шаруашылық қызметiнiң режимiне қойылған талаптар тiзбесi
1. Су қорғау аймақтарының шегiнде мыналарға тыйым салынады:
1) авиациялық - химиялық жұмыстарды жүргiзуге;
2) арам шөптер,өсiмдiктердiң ауруларымен зиянды жәндiктермен күресте химиялық құралдарды қолдануға;
3) топырақты тыңайту үшiн тезектi суды қолдануға;
4) улы химикаттар,минералдық тыңайтқыштар мен жанар-жағар май материалдарының қоймаларын, аппаратураларға улы химикаттар құю алаңдарын, мал шаруашылығының кешендерi мен фермаларын, өнеркәсiптiк, тұрмыстық және ауыл шаруашылығы қалдықтарын жинақтау мен көму орындарын, мал көметiн жерлер мен мал көметiн орындарын, сарқынды су жинақтау орындарын орналастыруға, сондай-ақ судың сапасына керi әсер ететiн басқа да объектiлердi орналастыруға;
5) көң мен қоқысты жинауға;
6) автокөлiктердi, тракторларды және басқа механизмдердi жөндеуге және жууға, май құюға, су объектiлерiнiң ластануын болдырмау мақсатында, сарқынды суларды жинау және бөлу бойынша ағынды канализациялармен және сүзгiлеуге қарсы экранмен жабдықталмаған алаңдарда көлiк құралдарының тұрақтарын орналастыруға;
7) 3 градустан жоғары құламалы құз жанындағы аумақты және 100 метрден кем емес судан қорғау аумағының көлемiнде жаңа саяжай және бау-бақша учаскелер орналастыруға;
8) су объектiсiнiң, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнiң аумағының су нысандарының бекiтiлуiн және ластануы мен қоқысталуын болдырмайтын, имаратармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлмеген, қайта құрылымданатын және жаңасын қатарға қосып пайдалануға беруге;
9) су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында жергiлiктi атқарушы органдармен және уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз, ғимараттарды, имараттарды, коммуникациялар мен басқа да объектiлердi жүргiзу, қайта құрылымдауға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi жұмыстарын, жер қазу және басқа да жұмыстарына;
10) арнайы мемлекеттiк уәкiлеттi органдардың белгiленген тәртiппен келiсiлген жобаларсыз, құрылыс жүргiзу, түбiн тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргiзу, пайдалы қазбаларды өндiру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеу, бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге жұмыстарды жүргiзуге;
11) малды мөлшерсiз жаюға, оларды тоғытуға және санитарлық өңдеуге,су тоғандарының режимiн нашарлататын шаруашылық қызметтердiң басқа да түрлерiне;
12) шектi рауалды мөлшерлемесi белгiленбеген пестицидтердi қолдануға, қар бетiне тыңайтқыштар себуге, тыңайтқыш ретiнде залалсыздандырылмаған құрамында қи бар ағын сулары мен тұрақты хлорорганикалық улы химикаттарды пайдалануға;
13) теңiздегi мұнай операцияларын қолдау үшiн қажеттi жағалаулық инфрақұрылымның өндiрiстiк объектiлерiндегi су қорғау аймағына ғимараттар мен құрылыстар салуға су объектiсiнiң ластануы мен қоқыстануын болдырмау жөнiнде, қосымша iс-шаралар қабылдау талабымен, шектеу таратылмайды.

Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2008.12.23 N 2631 қаулысы.
2. Су қорғау белдеуiнiң шегiнде жоғарыда көрсетiлген шектеулерден басқа мыналарға тыйым салынады:
1) тұрғын-үй, саяжай және басқа да құрылысқа жер учаскелерiн бөлуге;
2) өткелдер мен жолдар салуға;
3) шайылған топырақтардың орнына топырақ үйiндiлерiн жинақтауға;
4) органикалық және минералды тыңайтқыштарды, улы химикаттар мен пестицидтердi қолдануға;
5) мал жаюға, малға арналған жазғы лагерьлердi салуға (дәстүрлi суаттарды пайдаланудан басқа) малды тоғытуға арналған астаулар орнатуға;
6) маусымдық стационарлық шатырлар қалашығын орнатуға;
7) жердi жыртуға;
8) арнайы мақсаттағы, су жинау, суды реттеу, қорғау ғимараттары мен имараттарының және басқа да имараттарының құрылысын салуға.

Похожие:

Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconСу қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексінің 116-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconАтырау облысы шегінде Жем, Сағыз, Ойыл өзендері мен Қамыскөл көлінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шекарасын белгілеу туралы
«Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, жерүсті суларының ластануын, қоқысталуы мен...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconСу қорғау аймақтары мен белдеулері туралы
Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы «Су қорғау аймақтары...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconЖоба Форт-Шевченко қаласы мен Баутин поселкесі бойынша салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасын және базалық салықтық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы
Кодексінің 387-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconАумақтық экология департаменттеріне және олардың филиалдарына
Павлодар, Қарағанды, Ақтау және Шымкент төрт қалаларында үкіметтік емес ұйымдардың негізінде Аймақтық Орхус орталықтары ашылды
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconЖоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы №42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconСеминарларға барлығы жария мүдделі ұйымдардың, мемлекеттік органдар мен бақ-тың 224 қатысушы өкілдері тіркелді
«Депозитарийге қаржылық есептілікті ұсыну тәртібі» тақырыбына арналған Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Ақтау қалаларында...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы icon«Алматы қаласындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мен пайдаланудың кейбір мәселелері туралы»
Азақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану» туралы Заңының 5, 27 және 28 баптарына сәйкес және Алматы қаласындағы...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы icon3 тақырып. Діннің негізгі формалары мен географиясы. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Оқушыларға діннің негізгі формаларының құрылымы, функциялары мен рөлі, таралу аймақтары туралы тың мәліметтер беру, жалпы рухани-адамгершілік...
Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық селосы және Кендiрлi демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу туралы iconЖеке және заңды тұлғаларға көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi мен стандартын бекiту туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 12 тамыздағы n 825 қаулысы. Маңғыстау облысының Әдiлет департаментiнiң Ақтау...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница