Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат




Скачать 168.94 Kb.
НазваниеАтырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат
Дата конвертации20.01.2013
Размер168.94 Kb.
ТипДокументы
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге

асыру жөніндегі ақпарат

Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 933 адамға қатысты 777 қылмыстық іс (2010 жылдың 6 айында 1037 адамға қатысты 852 іс) қаралып аяқталған. Аяқталған істердің саны 2010 жылдың 6 айымен салыстырғанда 75 іске яғни 8,8%-ға, ал адам саны 104 ке немесе 10,0%-ға азайған.

Қаралған істердің 51,6% немесе 531 адамға қатысты 401 іс (2010 жылдың 6 айында 63,1% немесе 677 адамға қатысты 538 іс) үкім шығарумен аяқталған, соның ішінде 5 адамға қатысты ақтау үкімі (2010 жылдың 6 айында 10 іс) шығарылған.

Барлық қаралып аяқталған істердің 41,8% немесе 393 адамға қатысты 325 іс қысқартылған (2010 жылдың 6 айында 31,8% немесе 344 адамға қатысты 271 іс), соның ішінде 354 адамға қатысты немесе қысқартылған адам санының 90,1% ҚК-тің 67 бабын қолдану арқылы қысқартылған (2010 жылдың 6 айында 84,8% немесе 292 адамға қатысты).

Яғни, бұл деректерден қысқартылған істердің адам санына шаққанда көрсеткіші осы жылдың бірінші жартыжылдығында 49 немесе 14,3%-ға артқаны байқалады.

7 адамға қатысты 5 қылмыстық іс немесе қаралған істердің 0,6% прокурорға қайта тергеуге жолданған. Салыстырмалы жылдың есептік мерзімінде 11 адамға қатысты 3 іс немесе қаралған істердің 0,3% қайта тергеуге жолданған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 546-бабына сәйкес сотталушылардың қойған өтініштерінің негізінде есепті мерзімде алқабилердің қатысуымен 9 адамға қатысты 7 қылмыстық іс түскен, оның ішінде 8 адамға қатысты 6 іс айыптау үкімі шығару арқылы қаралып аяқталған, 1 адамға қатысты 1 іс қалдыққа қалған. Былтырғы жылдың есепті мерзімінде алқабилердің қатысуымен 6 адамға қатысты 4 іс қаралып аяқталған. Яғни, алқабилердің қатысуымен істердің қаралуы 2 бірлікке артқанын көруге болады.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда есепті мерзімде соттар өндірісіне жеке адамдарға қарсы қылмыстар бойынша 78 іс;

Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар бойынша-2 іс;

Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен
бостандықтарына қарсы қылмыстар бойынша -4 іс;

Меншiкке қарсы қылмыстар бойынша– 535 іс;

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар бойынша- 18 іс;

Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар бойынша- 74 іс;

Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар бойынша- 26 іс;

Экологиялық қылмыстар бойынша – 12 іс;

Көліктегі қылмыстар бойынша- 30 іс;

Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар бойынша- 13 іс;

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар бойынша- 15 іс;

Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртiбiне қарсы қылмыстар бойынша- 6 іс түскен.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда былтырғы жылдың есептік мерзімімен салыстырғанда, биылғы жылы ұрлық, алаяқтық, қарақшылық, экологиялық санатындағы істердің түсуі басым. Ал, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, тонау, қорқытып алушылық, бұзақылық, есірткі заттарына байланысты, көлік құралдарына қатысты қылмыстар, зорлау санатындағы істер азайған.

Облыс бойынша жергілікті соттарда 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында барлығы 526 адам сотталған, соның ішінде 209 (39,7%) адам бас бостандығынан айыруға, 109 (20,7%) адам шартты жазаға, 28 (5,3%) адам қоғамдық жұмысқа, 81 (15,4%) адам айыппұл түріндегі жазаға, 84 (15,9%) адам бас бостандығынан шектеу жазасына сотталған. 15 (2,8%) адам ҚК-нің 65-69 баптарымен қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

Қосымша жаза ретінде 120 адамға мүлкін тәркілеу, 7 адамға айыппұл, 1 адамға арнайы шегінен айыру, 22 адамға белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру, 8 адамға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы қолданылған.

Қылмыс санаттары бойынша 140 (26,6%) адам онша ауыр емес қылмыстық әрекеттері бойынша, 173 (32,9%) адам ауырлығы орташа қылмыстар, 173 (32,9%) адам ауыр қылмыстар және 40 (7,6%) адам ерекше ауыр қылмыстық әрекеттері бойынша сотталған.

Онша ауыр емес қылмыстық әрекеттері бойынша барлық сотталған 140 адамның 20-сына (14,3%), ауырлығы орташа қылмыстар үшін жалпы сотталған 173 адамның 47-не (27,2%), ауыр қылмыстар үшін сотталған 173 адамның 102-не (58,9%), ерекше ауыр қылмыстық әрекеттері үшін сотталған 40 адамның 40-на 100% бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жалпы 526 сотталған адамның 39,7% немесе 209 адам бас бостандығынан айыруға сотталып (2010 жылдың 6 айында 36,1% немесе 241), бас бостандығынан айыруға сотталғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда 30 адамға немесе 12,5%-ға кеміген.

Жалпы бас бостандығынан айыру жазасына сотталған 209 адамның 40 адам (19,1%) ерекше ауыр қылмыстық әрекеттері үшін, 102 адам (48,8%) ауыр қылмыстық әрекеттері үшін, 47 адам (22,5%) ауырлығы орташа қылмыстар үшін, 20 адам (9,5%) онша ауыр емес қылмыстық әрекеттері үшін сотталған.

Кішігірім және орта дәрежедегі санаттағы қылмыстар үшін сотталған 313 адамның (барлық сотталғандардың 21,4%) 175-і (55,9%) бас бостандығынан айыру емес жазаға тартылғандар (айыппұл 81, қоғамдық жұмысқа тарту 28, бас бостандығынан шектеу 66), 15-і (4,8%) ҚК-тің 65-69 баптары негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар, 56-ы (17,9%) шартты жаза тағайындалғандар, 67-і (21,4%) бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандар.

Барлығы кішігірім және орта дәрежедегі санаттағы қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған 67 адамның (жалпы бас бостандығынан айыру жазасына сотталғандардан 32,0%) 23-іне (34,3%) қылмыстық заңда көрсетілген шектеулерге байланысты тағайындалған (ҚК-нің 13,59,60 баптарына сәйкес), 19 (28,3%) шет ел азаматтарына (заңсыз балық аулау, есірткі заттарын тасымалдаумен байланысты), 13 адамға (19,4%) діни-экстремистік топ мүшелеріне қатысты, 12 адамға (17,9%) басқа себептермен бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Жалпы қылмыс жасап сотталғандардың ішінде жоғарғы білімі бары -56 (10,6%) адам, аяқталмаған жоғарғы білімі бары-2 (0,4%), арнаулы орта білімі бары –30 (5,7%), орта білімі бары- 425 (80,7%), толық емес орта білімі бары 13 (2,4%) адам.

Ішімдік ішкен мас күйінде қылмыс жасаған адам саны 93 (17,7%), бұрын соттылығы бар 123 (23,4%) адам. Топ болып қылмыс жасаған адам саны-251 (47,7), ұйымдасқан топпен қылмыс жасаған адам саны -26 (4,9%).

Жалпы сотталғандардың ішінде 129-і (24,5%) жұмыс жасайтындар, оның ішінде мемлекеттік қызметшілер- 14 (жалпы сотталған адам санының 2,6%), 19-і (3,6%) оқу орындарында оқитындар, ал қалған 378 адам жұмыссыздар, яғни 71,8 пайызды құрайды.

Кәмелетке толмағандардың ішінде барлығы 17 адам сотталып, оның ішінде 3-не немесе 17,6%-на бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 69 әйел адамдарға қатысты 66 айыптау үкімі шығарылған, ол жалпы сотталғандардың 13,1% құрайды.

2 адамға медициналық мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған.

Соттар өндірісіне сыбайлас жемқорлыққа қатысты 34 адамға қатысты 19 қылмыстық іс түсіп, 2010 жылдан қалдықта қалған 4 адамға қатысты 4 іспен қоса барлығы 38 адамға қатысты 23 қылмыстық іс түскен. Оның 30 адамға қатысты 19 қылмыстық іс қаралып аяқталған.

3 адамға қатысты 1 қылмыстық іс соттылығы бойынша басқа сотқа жолданған, 21 адамға қатысты 15 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталған, 1 адамға қатысты 1 іс ҚК-нің 68 бабының 1 бөлігі негізінде қысқартылған, 8 адамға қатысты 4 қылмыстық іс қалдыққа қалған.

Аталған санаттағы істер бойынша өткен 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында барлығы 30 адамға қатысты 23 қылмыстық іс қаралып аяқталған.

Былтырғы жылмен салыстырғанда статистикалық мәліметтерден көрінгендей істер саны мен адам саны азайғаны көрінеді

15 іс бойынша 19 адам сотталған адамның бас бостандығынан айыру жазасына 7 адам сотталған, бұл осы санаттағы іс бойынша жалпы сотталғандар санының 37,0 пайызын құрайды (жазалаушы сот тәжірибесі 37 %), сондай-ақ, ҚР ҚК-нің 63 бабын қолдану арқылы шартты түрде жазасына 9 адам сотталған, бұл осы санаттағы іс бойынша жалпы сотталғандар санының 47,0 пайызын құрайды, сонымен қатар 2 адам айыппұл жазасына сотталған, бұл осы санаттағы іс бойынша жалпы сотталғандар санының 11,0 пайызын құрайды.

ҚІЖК-нің 387 бабына сай аудандық, қалалық соттармен 54 (2010 жылдың 6 айында 30) жеке қаулы шығарылған, бұрынғы жылмен салыстырғанда жеке қаулылардың саны 24-ке, яғни 80%-ға көбейгенін көрсетеді.

Барлық қылмыстық істер заңда көзделген мерзім ішінде қаралған.
Апелляциялық тәртіпте қылмыстық істерді қарау тәжірибесі
Қылмыстық істер жөніндегі алқаға есептік кезеңде 131 қылмыстық іс түсіп, 2010 жылдан қалдыққа қалған 21 іспен бірге барлығы 152, былтырғы жылмен (2010 ж 6 айында-171 іс) салыстырғанда түскен істер 40 іске немесе 23,4%-ға азайған. Барлығы 140 іс қаралып аяқталған, 1 наразылық, 1 шағым кері сұратылып алынған, 3 іс қараусыз қайтарылған, 7 іс қалдыққа қалған.

Қаралған істердің ішінде 10 наразылықтың 3-і, 125 шағымның 5-і, бірге қаралған 5 наразылықпен шағымның 4-і қанағаттандырылған.
Қаралған істердің сапасы

№ п/п

Сот атауы

2010/2011

6 айында
Барлық сотталғандар, ақталғандар, қысқартылған, мед. мәжбүрлеу шарасы қолд. саны


2010/2011 6 айында
Үкім бұзылған адам саны

Пайызы

2010/2011

6 айында
Үкім өзгертілген адам саны



Пайызы

1

Атырау

94/-

-/-

-/-

6/-

6,3/-

2

Атырау №2

465/514

-/-

-/-

-/5

-/0,9

3

Жылыой

111/106

-/-

-/-

-/3

-/2,8

4

Құрманғазы

84/74

1/-

1,2/-

-/2

-/2,7

5

Исатай

51/31

-/-

-/-

-/-

-/-

6

Мақат

64/52

-/-

-/-

1/2

1,6/3,8

7

Махамбет

39/28

-/-

-/-

1/-

2,6/-

8

Қызылқоға

46/42

-/-

-/-

-/2

-/4,7

9

Индер

42/37

3/2

7,1/5,4

-/-

-/-

10

Қылмыстық сот

30/42

-/-

-/-

-/-

-/-




Барлығы:

1026/926

4/2

0,4/0,2

8/14

0,8/1,5


Апелляциялық тәртіпте істерді қарау қорытындысы бойынша есеп беру кезеңінде 2 адамға қатысты 1 үкім бұзылса, (2010 жылдың 6 айында 4 адамға қатысты 2 үкім), 14 адамға қатысты 13 үкім өзгертілген (2010 жылдың 6 айында 8 адамға қатысты 8 үкім). Яғни, қылмыстық істер бойынша шығарылған үкімдердің апелляциялық сатыда күші жойылуы 4 тен 2 ге дейін кеміген.

Пайызға шаққанда бұзылған үкімдердің саны былтырғы жылмен салыстырғанда 50 пайызға азайған.

2011 жылдың 1 жартыжылдығында облыс соттарының үкімдері қадағалау тәртібімен жойылмаған және өзгертілмеген, (2010 жылдың осындай мерзімінде 2 адамға қатысты 2 үкімнің күші жойылып, 1 үкім өзгертілген).

Есептік мерзімде жергілікті соттардың тарапынан негізсіз соттау фактілері орын алмаған.

Істі қарау барысында ай­қын­дал­ған кемшіліктер бойынша алқамен осы кезеңде 7 жеке қаулы қабылданды. Өткен жылдың осы кезеңінде 4 жеке қаулы шығарылған.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында және Исатай, Махамбет аудандық соттары үкімдерінің күші жойылуына, өзгертілуіне жол бермей, облыс бойынша қылмыстық істерді қараудың ең жоғарғы сапасын көрсетті.

Ал, Индер аудандық соты – сот үкімінің күші жойылуына жол беріп, сот төрелігін атқарудың төменгі деңгейін көрсетті (судья Е.Қ.Аманғалиев 2 адамға қатысты 1 үкім).

Үкімнің күші жойылуына сот тергеуінің біржақты қаралып, толық зерттелмеуі, қылмыстық іс жүргізу заңының едәуір бұзылуы, қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы себеп болған.

Атап айтқанда, Индер аудандық сотының 2011 жылдың 8 сәуіріндегі үкімімен Жамалов Арафат Шакимуратович ҚК-тің 287 бабының 2 бөлігінің «д» тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттері жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 756000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған және Сапаров Куаныш Бактыгалиевич ҚК-тің 287 бабының 2 бөлігінің «г,д» тармақтарымен көзделген қылмыстық әрекеттері жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 756000 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сотпен процессуалдық заң талаптары өрескел бұзылғандықтан, сот талқылауында негізінен қарауға кедергі болатын жағдайлар анықтала тұрса да сот істі негізінен қарауға тағайындап, істі түпкілікті шешуге кедергі болатын жағдайлар бола тұра, күнілгері шешім қабылдағандықтан, сот үкімінің күшін жойып, қылмыстық іс алдын ала тыңдау сатысынан сол сотқа басқа сот құрамында қайта қарау үшін жолдаған.

Іс құжаттарынан көрінгендей, тергеу органы Жамалов пен Сапаровты алдын ала сөз байласқан топ болып заңсыз балық аулаған деп ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігінің «д» тармағымен айыптаған, алайда қылмыстық заң талаптарына сай ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігінің диспозициясында көзделген қылмыстың құрамы осы баптың 1 бабының 1 бөлігінің «а», «б» тармақтарының бірі болуын қажет етеді, тергеу органы сотталғандарға айып таққанда, олар әрекеттерінде 287 бабының 1 бөлімінің «а», «б» тармақтарында көзделген дәрежелеуші белгілердің бар екенін сипаттамаған, қылмысты ау құралдарын қолдана отырып жасағанын ғана атап өтіп, ол құралдардың су жануарларын жаппай жоюға арналғанын ашып көрсетпеген, бірінші сатыдағы сот тергеудің жіберген олқылықтарына назар аудармай, назар аудармай, істі түпкілікті шешуге кедергі болатын жағдайлар бола тұра, алдын ала тыңдай тағайындамай, сотталғандарға қатысты үкім шығарған.

Сондықтан апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сотпен сотталғандарға тағылған айып шеңбері дұрыс анықталмаған, сотталғандардың қорғану құқығы бұзылған деген тұжырымға келген.

Ал үкімдерінің өзгертілу себептерін талдай отырып, жиі кездесетін төмендегідей қателіктерді бөліп көрсетуге болады:

- біріншіден, жаза тағайындау барысындағы жіберілген кемшіліктер (барлығы 12)- қылмыстардың қайталануын тану барысында -4, бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрін тағайындағандау кезіндегі қателіктер -4, жазаның сотталғанның әрекетіне, жеке басына сәйкес еместігі-4; қылмыстық жазаның дұрыс қолданбауы-1.

- екіншіден, материалдық және іс жүргізу құқығының нормаларын қолдануда, алдын ала тергеу материалдарының үстірт зерделеуге, оның салдарынан заңға қайшы үкімдерді шығаруға әкеп соғатын қателіктер -1.

Сот актілерін зерделеу барысында соттар сотталғандардың әрекеттерінде қылмыстың қайталануын таныған кезде жиі қате жіберетіні анықталды.

Атап айтқанда, Құрманғазы аудандық сотының 8 ақпан 2011 жылғы үкімімен Хамзин Артур Калыбаевич ҚК-тің 175 бабының 2 бөлігінің «а,в» тармақтарымен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-тің 63 бабының негізінде тағайындалған жазаны 1 жыл сынақ мерзімімен шартты өтеуге сотталған.

Сот үкімімен сотталған А.Хамзин алдын ала сөз байласқан топ болып, заңсыз қоймаға кіріп, бөтеннің мүлкін ұрлаған деп айыпты болып танылған.

А.Хамзин 17 сәуір 2006 жылы ҚК-нің 178 бабының 2 бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен сотталған. Бұл соттылығынан арылмай, 22 шілде 2009 жылы қайталап орта дәрежедегі қылмыс жасаған.

ҚК-нің 13 бабының 1 бөлігіне сай, бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

Алайда бірінші сатыдағы сот сотталғанның әрекетінде қылмыстың қайталануын танымаған.

Осыған байланысты, облыстық соттың апелляциялық сот алқасының 2011 жылғы 11 сәуірдегі сот үкімі өзгертіліп, сотталған Хамзинның әрекетінде қылмыстың қайталануы танылған.

ҚК-нің 13 бабының талаптарын дұрыс қолданбағандықтан Жылыой аудандық сотының С.Жалғасбаев, Ж.Жунисовтарға қатысты, Құрманғазы аудандық сотының Кузбеновке қатысты үкімдері өзгертілген.

Есепті мерзімде жиі кездескен заң бұзышылық - бас бостандығынан айыру жазасына сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрін қате тағайындау.

Мысалы, Атырау қаласының №2 сотының 2011 жылдың 4 сәуірдегі үкімімен Р.М.Иманиязов ҚК-нің 185 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмыстық әрекеттері жасаған үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, ҚК-нің 70-бабының 7-бөлігінің в) тармағы негізінде, мерзімінен бұрын-шартты босатудың күші жойылып, ҚК-тің 60-бабының 1-бөлігінің негізінде Атырау қалалық сотының 2009 жылғы 16 шілдедегі үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара, яғни 6 айын қосып, оған түпкілікті 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалған.

Жаза өтеуі орны ретінде қатаң режимдегі түзеу колониясы белгіленген.

Іс құжаттарынан көрінгендей, сотталған Р.Иманиязов бұрын Атырау қалалық сотының 2009 жылғы 16 шілдедегі үкімімен ҚК-нің 178-бабы 2-бөлігі «а,в» тармақтарымен, 185-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен жасы кәмелетке толмаған кезде жасаған қылмысы үшін сотталған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға түзеу мекемелерінің түрлерін тағайындау жөніндегі сот практикасы туралы» 2006 жылғы 23 маусымдағы №7 Нормативтік қаулысының 4 тармағына сәйкес,- бұрын бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген, бірақ әрекеттерінде қылмыстардың қайталануы немесе қауіпті қайталануы жоқ (мысалы, абайсызда немесе кәмелетке толмаған жаста жасаған қылмысы үшін), қайтадан бас бостандығынан айыруға сотталған еркек жынысты адамдарға түзеу мекемесінің түрі ҚК-нің 48-бабының 5 бөлігінің б) тармағына сәйкес тағайындалады.

ҚК-тің 48 бабының 5 бөлігінің б) тармағына сай,- қасақана кiшiгiрiм немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын шектеу алты ай мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегi түзеу колонияларына тағайындалады.

Осы негіздермен облыстық соттың апелляциялық сот алқасы 2011 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен жоғарыда аталған сот үкімі өзгертіліп, Р.Иманиязовқа жаза өтеу орны ретінде жалпы режимдегі түзеу колониясын белгілеген.

Осыған тектес заң бұзушылықтар №2 Атырау қалалық сотының М.Нураевқа, Б.Сатыбалдиевке қатысты және Мақат аудандық сотының, М.Айтуаровқа қатысты қылмыстық істер бойынша жіберілген.

Сотталушылардың әрекеттерін ҚК-нің баптарының неғұрлым ауыр бөліктері бойынша негізсіз дәрежелеу сот үкімінің өзгертуіне әкеп соқтыратын заң бұзушылықтар болып табылады.

Мысалы, Атырау қаласының №2 сотының 2011 жылғы 15 наурыздағы үкімімен Ергалиев Аймурат Аманиязович ҚК-тің 177-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға, мүлкін тәркілеуге сотталған, жаза өтеу орны ретінде түзеу колониясының жалпы режимі белгіленген.

Сот үкімі бойынша сотталған Ергалиев Аймурат мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адам бола тұра, өз қызмет бабын пайдалануымен ұштастырып, бөтен мүлікті ірі мөлшерде алдау және сенімге қиянат жасау арқылы иемденгені үшін кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2003 жылдың 11 шілдесіндегі және 2007 жылдың 11 мамырындағы «Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы» қаулының 7 тармағына сәйкес ұрлық, алаяқтық және тонау, егер мүлік алынып қойылса және кінәлі адамның ұрланған мүлікті пайдалану немесе өз қалауы бойынша өзгеше билік етуге нақты мүмкіндігі болса аяқталған қылмыс болып танылады.

Апелляциялық сот алқасы іс материалдарын зерделеп, сотталған А.Ергалиев жәбірленуші Ж.Ибрашевтан ақша алғаннан кейін оны пайдалануға немесе өз қалауы бойынша өзгеше билік етуге нақты мүмкіндігі болмағандығы жөнінде, оған байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмегендігін анықтаған. Сондықтан, оның қылмыстық әрекеттері алаяқтық жасауға оқталған болып танылады.

Сондықтан, алқа 2011 жылғы 11 мамырдағы қаулысымен сотталған А.Ергалиевтың қылмыстық әрекеттерін ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарынан ҚК-тің 24-бабының 3-бөлігі 177-бабының 3-бөлігінің «б,г» тармақтарына аударып дәрежелеп, сотталғанның тағылған айыпты толықтай мойындауын, шын жүректен өкінуін, жанұясының асыраушысы өзі екенін және асырауында жасөспірім балалары бар екенін ерекше мән-жайлар деп санап, оған ҚК 55-бабын қолданып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, сот үкімін өзгерткен.
Кассациялық сот алқасында қылмыстық істерді қарау тәжірибесі
2011 жылдың 1 жартыжылдығында Атырау облыстық сотының кассациялық сот алқасына Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімдеріне берілген кассациялық шағымдармен 9 адамға қатысты 6 қылмыстық іс түскен. Бұл жалпы соттар өндірісіне есепті мерзімде түскен 2010 жылдан қалдыққа 99 іспен бірге 813 (жалпы 912) істің 0,6%- ын құрайды.

2010 жылдың жартыжылдығында 6 адамға қатысты 5 қылмыстық іс түскен. 3 қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге, 1 іс бойынша кассациялық шағым апелляциялық сот алқасының үкіміне, 1 іс бойынша апелляциялық сот алқасының жеке қаулысына берілген. Барлық сот актілері өзгеріссіз қалдырылған.

Яғни, былтырғы жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 2011 жылың бірінші жартыжылдығында түскен істер саны 1 іске, яғни 20%-ға көбейген.

Есептік мерзімде 8 адамға қатысты 6 үкім өзгеріссіз қалдырылған, 1 адамға қатысты үкім өзгертілген. оның ішінде 2011 жылғы 18 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай 1 адамға қатысты үкім өзгертілген.

Атап айтқанда, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2010 жылдың 22 желтоқсанындағы алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімімен С.Р.Турғамбаев Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабының 3-бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына, А.И.Кубиев ҚК-нің 259- бабының 3-бөлігінің «а,б,в» тармақтарымен, 251- бабының 4- бөлігімен, 259- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58- бабының 3- бөлігі негізінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталған (судья Г.Б.Даулетова).

Бірінші сатыдағы сот істің мән-жәйларын толық анықтап, барлық дәлелдемелерді жан-жақты зерттеп, сотталғандардың әрекетіне заңды және негізді құқықтық баға берген және іс бойынша жинақталған дәлелдемелерді зерттеп, бағалай келе, сотталғандарға тағылған айып бойынша кінәсі толықтай дәлелін табады деп дұрыс қорытындыға келген.

Алайда, осы қылмыстық істі сотталғандардың және қорғаушылардың кассациялық шағым келтіруі негізінде кассациялық саты сотымен қарау барысында, 2011 жылғы 18 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай, 259- бабының 1- бөлігі қылмыстық кодексінен алынып тасталғандығына байланысты ҚК-нің 5-бабының 1-бөлігінің талабына және ҚІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасына сәйкес, сот үкімінің сотталған А.Кубиевке қатысты бөлігі өзгертіліп, оған іс бойынша ҚК-нің 259- бабының 1- бөлігімен тағылған айып, әрекетңнде қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылып, оған ҚК-нің 58- бабының 4- бөлігі негізінде, қылмыстардың жиынтығымен, түпкілікті 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Барлық кассациялық алқаға түскен шағымдар заңда көрсетілген мерзім ішінде қаралған.




Похожие:

Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат iconЖeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қараудағы сот тәжірибесін талдап қoрыту
Атырау облыстық сотының 2010 жылдың eкінші жартыжылдығындағы жұмыс жoспарына сәйкeс, осы жылдың бірінші жартыжылдығында жeкe айыптау...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon2012 жылдың бірінші жартыжылдығында сот төрелiгiн жүзеге асыру қорытындылары туралы
...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon17 қантар 2011 жыл Атырау қаласы
Атырау облысы соттарымен қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес негізгі жазалардың қолдану сот тәжірибесіне...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon2011 жылғы 30 қыркүйек Атырау қаласы
Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы сот төрелігі институты магистратурасының түлектері-судьялардың...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon673 қылмыстық іс 875 адамға қатысты қаралған, олардың ішінде: ҚР ҚК-нің 175 бабымен – 368/486
Республикасының Қылмыстық кодексінің 175-179, 181 баптарымен көзделген меншікке қарсы қылмыстар туралы қылмыстық істерді қараудағы...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon«бекітемін» Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2011 жылдағы сот әділдігін іске асыру жұмысына...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon2011 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат iconАтырау облысының соттарымен 2011 жылдың 10 айында қамауға алу, үйде қамауда ұстау, экстрадициялық қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қолдану бойынша сот тәжірибесін талдап қорыту
Лған Атырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат iconАтырау облыстық сотымен ағымдағы жылдың 1 жартыжыдығында кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау жөніндегі сот тәжірибесіне талдау
Тырау облыстық сотының ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына арналған іс-шаралар жоспарының талаптарын орындау мақсатында 2011 жылдың...
Атырау облысы соттарымен 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық істерді қараудағы сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі ақпарат icon2010 жылы сыбайлас жемқорлық жөніндегі қаралған қылмыстық істер бойынша сот практикасын шолу
Сыбайлас жемқорлық жөніндегі қылмыстық істерді қорытындылаудың көкейтестілігі, ол қазіргі кезде барлық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница