Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы




Скачать 42.63 Kb.
НазваниеЖоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы
Дата конвертации20.01.2013
Размер42.63 Kb.
ТипДокументы



ЖОБА
Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы
13.09.2012ж. Ақтөбе қаласы

Ірі елді мекендер шекарасындағы

(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк)

Елек өзенінің су қорғау аймақтары

мен белдеулерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39-бабына, 116-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ірі елді мекендер шекарасындағы Елек өзенің ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені бекітілген жобаның негізінде;

Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе,Алға,Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі осы қаулының қосымшана сәйкес белгіленсін.

2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бекітілген жобалық құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы(Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдеріне тапсырсын.

3. Ақтөбе қаласының, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдері және пайдалануында құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшылары олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан ұсыныс жасау:

бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;

олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды, сондай-ақ су қорғау белгілерін сақтығын қамтамасыз етсін.

4.дОсы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К.Кемаловаға жүктелсін.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Облыс әкімдігінің

2012 жылғы ___________

№ ______қаулысына қосымша
Ірі елді мекендер шекарасындағы

(Ақтөбе,Алға,Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің

су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі
1.Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:

авиациялық – химиялық жұмыстарды жүргізуге;

зиянкестермен күреске қарсы, және өсімдіктер мен арамшөптердің ауруына қарсы күрес үшін қолданатын химиялық заттарды;

топырақты тыңайтуға арналған көңді суағарларды қолдануға;

улы химикаттар қоймасын, минералды тыңайтқыштар мен жанғыш – майлайтын материалдарды сақтайтын қоймаларды орналастыруға; аппаратураларға улы химикаттарды құюға арналған алаңдар орнатуға; мал шаруашылығы кешендері мен фермаларды орнатуға, өндірістік, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарын, зираттар мен өлген малдарды жинау және көмуге; ағынды суларды жинайтын орындарға.

көң мен қоқысты жинақтауға;

автокөліктерге, тракторларға немесе басқа да көліктер мен механизмдерге май құюға, жууға немесе жөндеуге;

суды қорғау аймақтарында ен ұзындығы 100 м-ден кем және жақын маңайдағы беткейдің құлдилығы 3 градустан аспайтын жерлерге саяжайлық немесе бау – бақшалық жер телімдерін орналастыруға;

көлік түрлерінің тұрақтарын орналастыруға, әсіресе саяжайлық және бау бақшалық жерлерге орналастыруға;

қолдануға қажет кесу, шабу жұмыстарын жүргізуге;

құрылыс нысандарын, коммуникацияны және басқа да объектілерді қайта құруға, пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары мен жер қазу сияқты жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың келісімінсіз жүргізуге тиым салынады. Мұндай құзіретті органдар су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстар басқармасы, энергиямен жабдықтау және тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық тұрғыдан алғандағы саулығы төңірегіндегі сұрақтарды қамтиды.

Суды қорғау аймақтары шегінде орналасқан үй – жай, саяжайлық, бау – бақшалық, жерлерде оларды қалай пайдалану керектігі жөніндегі ереже сақталуы керек (жер үсті су объектілерінің ластануын, қоқыстануын және тартылуын болғызбау)

2.Суды қорғау белдеулері шегінде тиым салынады:
үнемі (жүйелі түрде) жерді жыртып отыруға;

тыңайтқыштарды қолдануға;

шайылып кеткен топырақ қабаттарын жинауға;

жаздық мал өрісі мен жайылымына (малдың әдеттегідей бір жерден су ішуі мен оларды шомылдыр үшін пайдаланудан басқа);

маусымдық тұрақты күркелік қалашықтарды соғуға немесе орнатуға,

саяжайлық және бау – бақшалық жерлерді соғуға;

жер телімдерін жекешеленген үй жайларға, саяжайларға немесе басқа құрылыс көздеріне бөлуге;

өтпелі жолдар мен кең жолдар төсеуге (малды суаруға апарар үйреншікті жолдан басқа);

арнайы тағайындалған техникадан басқа барлық көлік түрлерінің: автомобильдердің, тракторлардың және басқа да механизмдердің жүруіне;

Суды қорғау белдеулері, негізінен, орман бұталы өсімдік жамылғысында жатуы керек немесе шөптесіндермен көмкерілуі тиіс.

Похожие:

Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconАқтөбе қаласының білім бөлімі бойынша БҰйрық
...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы icon2012 жылы аудан бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы №22 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылєы...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconТемір қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы
Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы №38 шешімі Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 2012 жылғы...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconАқтөбе облыстық әкімдігінің Қ аулысы және мәслихатының шешім І ақтөбе қаласы №132 /22 2012 жылғы 18 сәуір
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай селолық округінде Ақтан батыр атындағы ауылды құру туралы
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconЖоба қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі
Ережесін бекіту туралы қаулысына сәйкес Қарғалы өзенін және Ақтөбе облысы Жайық-Каспий бассейнінің негізгі көлдерін қоса алғанда...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы
Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2008 жылғы 6 ақпандағы n 24 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 6 наурызда n...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconАқтөбе облыстық әкімдігінің бірлескен Қаулысы және мәслихатының шешім І
Мәртөк ауданы Родниковка селолық округінің Калиновка селосын Ақбұлақ ауылы деп қайта атау туралы
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconҚостанай облысы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңесінің дербес құрамы
«Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (ММ) бастығы, төрағаның орынбасары
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаментінің әкімшілік ғимаратына өрттен қорғау сигналының техникалық қызметін мемлекеттік сатып алу. Тапсырыс беруші
Тапсырыс беруші: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті,...
Жоба ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы iconСолтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 наурыздағы №78 қаулысы
Аққайың ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница