Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері




Скачать 257.12 Kb.
НазваниеАқтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері
страница1/3
Дата конвертации20.01.2013
Размер257.12 Kb.
ТипДокументы
  1   2   3


Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар

алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер»

атты есепті баяндамасының

тезистері
2011 жылы біз қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы айтулы даталардың бірі – біздің тәуелсіздігіміздің 20-жылдығын атап өттік.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жыл сайынғы Жолдауында «Қазақстан тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде экономикада әлемдегі бірде бір ел қол жеткізе алмаған нәтижелерге жетті» деп мәлімдеді.

2011 жылдың басы Қысқы Азиада ойындарының ашылуымен басталды. Оның басты рекорды Жапония, Корея және Қытай елдерінен келген қарсыластармен күресте қазақстандық спортшылардың 32 алтын медальді жеңіп алуы болды.

2011 жылғы сәуірде кезектен тыс президент сайлауы табысты өтті. Ол біздің ұлттық бірлігіміздің зор жеңісі болды.

2011 жылы Астанада алдағы онжылдықтағы даму жолдарын анықтаған Шанхай ынтымақтастық ұйымының тарихи саммиті өтті. Сонымен қатар, Қазақстан ұйымның дамуындағы ең күрделі кезеңде Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отыр.

Егемен еліміздің мерейтойын біз экономикадағы, әлеуметтік саладағы, мәдениет пен спорттағы жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Тәуелсіздіктің 20-жылдығына Ақтөбе қаласында 2011 жылы жаңа өндірістерді, көп қабатты тұрғын үйлерді, мектептерді, балабақшаларды және осы заманғы спорт алаңдарын ашу сияқты маңызды да ірі іс-шаралар арналды.

2011 жылы қалалық әкімдік жұмысы Президенттің Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыру жолымен қала экономикасының негізгі салаларын дамыту қарқынын одан әрі күшейтуге бағытталды.

Қала экономикасының тұрақты және теңгермелі дамуына және еңбек рыногының тиімділігін арттыруға бағытталған: «Жұмыспен қамту-2020», «Бизнестің Жол картасы 2020», «Мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы», «Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» сияқты бірқатар мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.

Одан басқа, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі тамақ өнімдеріне бағаны ұстау жөнінде мақсатты жұмыстар және бірқатар басқа да шаралар жүргізілуде.

Ақтөбе шын мәнінде республиканың ырғақты дамып келе жатқан қалаларының бірі болып саналады. Өткен жылдар экономикалық өсім және қаланың бәсекеге қабілеттілігін көтеру және әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы алға жылжу кезеңі болды.

Бізде Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген миллион тұрғыны бар қала болу жөніндегі стратегиялық мақсат бар. Осыған байланысты қаланы дамытудың экономикалық үлгісі әзірленді, қазіргі уақытта облыс орталығының Бас жоспарын түзету жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық ахуал адамның өмір сүруі үшін ыңғайлы жағдай жасайды және тұрғындар санының көбеюі факторы болып табылады, бұл соңғы бірнеше жылда аңғарылып отыр.

Тек соңғы 5-6 жыл ішінде ғана тіркелінген тұрғындар саны біржарым есеге жуық өсті. Егер 2006 жылдың басында 292 мың адам болса, қазір бұл сан 415,1 мыңға жетті.

ЭКОНОМИКА

Өнеркәсіп өндірісі қала экономикасының негізі болып табылады. Қазіргі уақытта өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 340-тан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістер айналысады.

2011 жыл ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар 205,5 млрд.теңгеге өнім өндірді, табиғи көлем индексі 104,9% құрайды.


Облыстық көлемдегі қаланың өнеркәсіптік өнімдерінің үлесі 16,0%-дан астам құрайды.

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі рынок конъюнктурасын жақсарту есебінен ғана емес, сонымен бірге, өткен жылы елдің Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған өндірістік қуатты арттыру есебінен де қамтамасыз етілді.

Осы бағдарлама аясында 2011 жылы қалада жаңа өндірістер құруға, кәсіпорындарды жаңалауға және техникалық қайта жабдықтауға бағытталған 19 инвестициялық жобалар іске асырылуда. Инвестициялардың жалпы көлемі 5,3 млрд.теңге, жұмыс орындарының саны – 863 құрайды.

Қала экономикасын одан әрі әртараптандыру және оның өнеркәсіптік әлеуетін өсіру айтарлықтай инвестициялар тарта отырып, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асыруға тікелей байланысты.

Соның ішінде қуаты жылына 440 мың тонна болатын Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы жоғары көміртекті феррохром өндірісі жөніндегі төртінші цех құрылысы. Инвестициялар көлемі 111 млрд теңге құрайды. Енгізілетін технологиялар инновациялық сипатта. Іс жүзінде сөз жаңа зауыт құрылысы туралы болып отыр. Жоба жүзеге асырудың белсенді фазасында. 1-ші кезекті пайдалануға беру мерзімі – 2012 жылдың желтоқсаны. Зауытты іске қосудың ақырғы мерзімі – 2013 жыл.

«SBS Steel» ЖШС инвестициялар көлемі 70 млрд.теңгелік, қуаты жылына 500 мың тонна болатын түйіршектелген шөген шығару жөніндегі электр-металлургиялық зауытының құрылысы бойынша жобасы әзірленуде.

Жилянское калий тұзы кен орнын игеру базасында минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысының қала экономикасын дамыту үшін аса маңызы зор.

Құрылыс индустриясының өңірлік кластерін одан әрі дамыту үшін табақ әйнектерді шығаратын зауыт құрылысы маңызды болып табылады.

Осы жобалардағы ғана инвестициялар көлемі 230 млрд.-тан астам теңге құрайды.

Осы және басқа да перспективалық жобаларды жүзеге асыру 2015 жылы қала экономикасының құрылымын айтарлықтай өзгертіп, өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесін 85%-ға дейін көбейтеді.
Соңғы жылдары қалада негізгі капиталға тартылатын инвестициялар өсімінің тұрақты қарқыны сақталды. 2011 жылы негізгі капиталға 115,9 млрд.теңге көлемінде инвестициялар салынды, бұл 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 30,7%-ға көп. Сонымен бірге кәсіпорындардың өз капиталы есебінен инвестициялардың өскенін атап көрсету қажет, бұл айналымдық қаржының айтарлықтай өскенін білдіреді.


Ақтөбе қаласында осы заманғы ғимараттар салынуда. Жаңа құрылыстар және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен материалдық-техникалық базаны көбейту жүруде.

2012 жылғы 1 қаңтарда құрылыс жұмыстарының көлемі 46,9 млрд.теңге, табиғи көлем индексі 100,9% құрады.



Қала экономикасының басым бағыттарының бірі, сөз жоқ, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 18 152 бірлікті құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 30,0%-ға көп. Олардың ішінде шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 3761 бірлік, ЖК – 14 203 бірлік, ш/қ – 188 бірлік.



Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы 2,0%-ға артып, 85,9 мың адам құрады. Бұл қаланың экономикалық белсенді тұрғындарының 40,0%. Олардың ішінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындар саны (заңды тұлғалар) – 58 783 бірлік, жеке кәсіпкерлер – 26 708 бірлік, шаруа қожалықтары – 399 бірлік.


2012 жылғы 1 қаңтардағы ШОК субъектілері шығарған өнім 2010 жылмен салыстырғанда 3,1%-ға артып, 290,0 млрд.теңге құрады.

Шағын және орта бизнесті дамытудың пәрменді құралдарының бірі Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасын жүзеге асыру болды.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімі ішінде 63 кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Олардың ішінде, бірінші «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша 42 қалалық компанияларға жалпы сомасы 10665,5 млн.теңгеге, 5 кәсіпорынға кепілдеме бойынша 3 343,2 млн.теңге сомасына, 15 компанияға (1 122,2 млн.теңге) өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге пайыздық мөлшерлемелермен демеу қаржы берілді. Бұл жобалардың көпшілігі 2011 жылғы Индустрияландыру картасына кірді.

Үшінші «Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелін азайту» бағыты бойынша «Ақтөбе металл емес құбырлар зауыты» ЖШС 2 744,1 млн.теңге сомасына қолдау көрсетілді.

2011 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі 229,2 млрд.теңге құрап, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 22,2% -ға өсті. Облыстың бөлшек тауар айналымындағы Ақтөбе қаласының үлестік салмағы орташа алғанда соңғы үш жылда 93% деңгейінде тұр.

Экономиканың басты салаларының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Сондықтан да, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасының басты бағыты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агробизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру, ауылшаруашылық өнімдерін сату және ішкі және сыртқы рынокта оның қайта өңдеу өнімдерінің көлемін арттыру сияқты міндеттерді жүзеге асыру болды.

2011 жылы жалпы өнім көлемі 10,2 млрд.теңге, табиғи көлем индексі 100,9%-ға құрады.


Ауыл шаруашылығы саласында ел Президенті белгілеген басты міндет – еңбек өнімділігін 2014 жылы екі есе, 2020 жылға төрт есе көбейту, сол сияқты етті мал шаруашылығын дамыту жөніндегі теңдессіз жобаны жүзеге асыру.

Өткен уақыт ішінде мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін орта- және ірі тауарлы шаруашылықтар санын көбейту жұмыстары, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде орта және ірі мал шаруашылықтарының саны 11 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құрады. Сүт бағытындағы ірі мүйізді қараның асыл тұқымды бастары өткен жылмен салыстырғанда 213 басқа, қой – 340 басқа артты.

Жүргізілген жұмыс шаруашылықтың барлық санаттарында ет өндірісі көлемін 104,6%-ға (7936 тонна), сүтті 102,8 %-ға (23542 тонна), жүнді 129,0%-ға (101,2 тонна) арттыруға мүмкіндік берді.
Өсімдік шаруашылығында құрылымдық және технологиялық әртараптандыру, басым ауыл шаруашылығы дақылдарын егу ауданын кеңейту жөнінде жұмыс жалғасуда.

2011 жылы дәнді-дақылдар егу ауданы 17,5 мың гектар, соның ішінде бидай 16,3 мың гектар, майлы дақылдар 1,8 мың гектар жерге егілді.

Сондай-ақ өсімдік шаруашылығында картоп пен көкөніс өсіру жөніндегі ірі мамандандырылған шаруашылықтар құрылуда.

2011 жылы екі көкөніс сақтау қоймасы пайдалануға берілді:

  • Килико Тун» ЖШС – сыйымдылығы 3000 тонна көкөніс өнімдері болатын жаңа 6 секциялы көкөніс сақтау қоймасын жасау. Бұл көкөніс сақтау қоймасында осы заманғы салқындату және желдеткіш құрал-жабдықтары, микроклиматты басқару, сақтау қоймасын дистанциялық басқару жүйесі пайдаланылды.

  • «Ақтөбе көкөніс» АҚ – онда да қысқы уақытта 2000 тонна көкөніс өнімдерін сақтауды қамтамасыз ететін 6 секция – қоймалар бар. Бұл көкөніс сақтау қоймасында осы заманғы салқындату және желдеткіш құрал-жабдықтары, микроклиматты басқару жүйесі, сол сияқты төсеу, сұрыптау қойма техникасы пайдаланылды.

Одан басқа 2011 жылы 2 гектар жердегі «Әлем Тағам» ЖШС бір жылыжай шаруашылығы іске қосылды. Жоба бірінші кезекте ішкі рынокты жеміс-көкөніс өнімдерімен, оның ішінде томатпен және қиярмен толтыруға бағдарланған.

Барлық 3 жоба да Ақтөбе облысының Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылды. Ауыл шаруашылығы саласындағы тағы да бір жаңа жоба «Анди» ЖШС 500 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының құрылысы болып табылады, оның негізгі бағыты мүйізді ірі қараның сүт тұқымын өрістету, бәсекеге қабілетті сүт өнімдерін шығару және өткізу болып табылады.

Алдағы жұмыс саланы одан әрі әртараптандыруға бағытталатын болады, оның басында осы заманғы ылғал сақтау және тамшылап суару технологияларына толық көшу жөніндегі жұмыс тұр.

Суарылатын егіншілікті дамыту жөнінде алдымызда зор жұмыстар тұр. Мал шаруашылығын сапалы жаңа деңгейге көтеру және осы негізде ішкі рыноктың сұранысын барынша қанағаттандыру қажет болады.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Қалалық әкімдіктің алдында тұрған тағы да бір маңызды міндет – ол ішкі рыноктағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Маңызды әрі өзін жақсы көрсеткен құрал әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына (нан, ұн, шәй, сүт, сиыр еті, қант, тұз, сары май және күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп, жуа, қырыққабат, сәбіз, алма және басқа да тауарлар) 10%-дан аспайтын сауда үстемесін қолдану туралы ірі сауда желілерімен қол қойылған ынтымақтастық туралы Меморандум жасау болып табылады. Одан басқа, Тұрақтандыру қоры тауарларын өткізу үшін жеңілдік жағдайларында сауда орындарын беру жөнінде «Орталық», «Алтай», «Тұрғынқалашық», «Ануар», «Табыс» азық-түлік базарларымен қол қойылған Меморандум. «Savola Foods» ЖШС-мен бекітілген босату бағасы бар (1 литр үшін 256 теңге) 400 тонна көлемінде өсімдік майы резервін жасауМеморандумге қол қойған кәсіпкерлік субъектілері қаланың ірі сауда объектілері; жөнінде жеке Меморандум жасалды. «Анвар» ЖШС, «Кабиев и К» ЖШС, «Актобе Центр СМ» ЖШС, «Олжа» гипермаркеті, «Грин март» супермаркеті болды. Осы дүкендер желілері қаланың 70,0%-дан астам тұрғындарын қамтамасыз етеді, сондықтан да негізгі азық-түлік тауарларына бекітілген бағаларды қолдану бағаларды тұрақтандырудың тиімді шараларының бірі болып табылады.

Алынған шаралар тек баға жағдайына әсер етіп қоймай, сонымен бірге тамақтың негізгі өнімдерінің қажетті көлемін де қамтамасыз етеді. Қаланың сауда желісі қажетті тауарлармен жеткілікті мөлшерде және тұтыну нормаларына сәйкес қамтамасыз етілген.

2011-2012 жылдардағы маусым аралық кезеңдегі бағалардың құбылуын деңгейлестіру жөніндегі алдын-алу шаралары ретінде Үкімет ұсынған 7 атау бойынша азық-түліктің Тұрақтандыру қорын жасау жөніндегі жұмыс аяқталып келеді, олар – қарақұмық жармасы, күріш, қант, өсімдік майы, картоп, жуа, сәбіз және осы тізбеге қосымша біз мынадай 3 түрін: қызылша, қырыққабат, ет қостық. ҚР Үкіметінің қолдауымен осы мақсатқа 800,0 млн.теңгеден астам қаржы бөлінді.

Атқарушы биліктің жүргізіп отырған жұмысының арқасында бағалар мен тұтыну тауарлары мен қызметтерінің тарифі 106,8% құрады, бұл республикадағыдан 0,6 пайыздық тармаққа аз, соның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша – 108,7% (республика бойынша 109,1%).


2011 жылы «Кабиев и К» ЖШС компаниясымен «Дина» дүкені, «Rifma Group» компаниясымен «Олжа» дүкенінің ірі сауда алаңдары іске қосылды.

2012 жылғы 1 тоқсанға осы заманғы сауданың ірі инвестициялық жобаны – 4 800 шаршы метр сауда алаңы болатын «Метро Кэш энд Кэрри» көтерме сауда Орталығының құрылысын жүзеге асыру жоспарланды.

Мұндай жобаларды жүзеге асыру тамақ өнімдерінің тауарлар ағымын көбейтуге ықпал етеді және бағалар деңгейін тұрақтандыруға ықпал ететін болады.



Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

2011 жылы 2011-2014 жылдарға арналған жаңа Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның мақсаты тұрғындардың қалың тобына тұрғын үйге қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Біздің қаламызда алғашқы рет «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі бойынша тұрғын үй құрылысы басталды, 26,1 мың шаршы метр пайдалануға берілді. Одан басқа, пәтерлерінің жалпы ауданы 7, 254 мың шаршы метр болатын жалдамалы тұрғын үй құрылысы аяқталды, сол сияқты мүгедектерге арналған жалпы ауданы 3019,2 шаршы метр 40 пәтерлі тұрғын үй және жалпы ауданы 3 626,8 шаршы метр 72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың құрылысы 2010 жылы басталды.

2011 жылы басталған Тұрғын үй бағдарламасы одан әрі жалғасатын болады.

Сонымен, 2012 жылғы жоспарда жаңа «Ақтөбе-Сити» ықшам ауданында «Тұрғын үй құрылыс жинақ» жүйесі бойынша тұрғын үй құрылысы жоспарланған.

2011 жылы Мемлекеттік 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру басталды, оның негізгі мақсаты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу болып табылады.

Пәтер иелерінің өткізілген жалпы жиналыстарында үйлер анықталып, үйлер тұрғындарының келісімі негізінде 1-ші механизм (үйді толық жөндеу) бойынша жөндеу жүргізілді.8 үйдің пәтер иелері 276,1 млн.теңге сомасында әзірленген жобалық-сметалық құжаттамаларын бекітті. 6 үйде орнатылған автоматы жылу беру (АЖБ) жылуды 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл механизм бойынша жұмыс құны 1 үйге 20 млн-нан 47 млн.теңгеге дейін болады.

Ортақ мүліктің жөндеу жұмыстарын жүргізудегі 2-ші механизм бойынша (шатырды, қасбетті, жертөлені, кіреберістерді жөндеу) 47 тұрғын үй жөнделінді. Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2-ші механизм бойынша «Табыс-Ақтөбе» МК 343,8 млн.теңге бөлінді.

Сөйтіп, 2020 жылға дейін жүзеге асырылатын осы бағдарлама арқасында пәтер (жайлар) иелерінің өз үйлеріне күрделі жөндеу жүргізуге мүмкіндіктері бар, бұл келешекте қаланың тұрғын қоры проблемаларын азайтады.
  1   2   3

Похожие:

Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Ақтөбе қаласының әкімі А. Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconҚұрметті ақтөбеліктер! Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының 2011 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға койылған міндеттер
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні сағат 10. 00 – де облыс әкімдігінің конференц – залында облыс әкімі А. Б. Мұхамбетовтың «Ақтөбе облысының...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері icon«2011 жылға қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға міндеттер туралы»
Ала әкімі С. Ш. Тәукебаевтың Өскемен қаласы тұрғындарының алдында есеп беру кездесуіндегі баяндамасының тезистері
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconАқтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011-2015 жылдарға арналған болжамы
Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 – 2015 жылдарға арналған болжамы (бұдан әрі – Болжам) Қазақстан Республикасы...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері icon2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары
Петровка селолық округі әкімі С. Некібаевтің “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconҚұрметті ауылдастар! Құрметті шақырылғандар!
А. Хадесовтың «Селолық округтің 2009 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және 2010 жылға арналған міндеттер туралы»...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconЗайсан ауданының әкімі С. З. Зайнулдиннің ауданның 2012 жылғы І жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Ауданымыздың 2012 жылғы 6 айдағы әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттары төмендегідей
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері icon2010 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері Құрметті ақтөбеліктер!
Облыс әкімі Е. Н. Сағындықовтың Ақтөбе облысының 2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Ақтөбе қаласының әкімі Н.Қ. Әбдібековтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2012 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница