Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»




Скачать 224.48 Kb.
НазваниеҚұрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы»
Дата конвертации20.01.2013
Размер224.48 Kb.
ТипДокументы


Ақтөбе қаласының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің тұрғындар алдындағы «Ақтөбе қаласының 2010 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2011 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының тезистері

Құрметті ақтөбеліктер!
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес жыл сайын жүргізіліп жатқан реформалардың, әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары келтірілетін, болашаққа міндеттер анықталатын барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындар алдындағы есептері өткізіледі.

2010 жылы қалалық әкімдіктің жұмысы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген, қарқынды индустриальды-инновациялық даму Бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» және басқалары сияқты міндеттерді шешу арқылы экономиканың негізгі салаларының даму қарқынын одан әрі кеңейтуге бағытталды. Бұдан басқа, қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, негізгі азық-түлік түрлеріне бағаны тұрақтандыру және басқа да бірқатар шаралар бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді.

Өткен жыл қазақстандықтар үшін табысты жыл болды, біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығын атап өттік. Осыған орай, қалада бірнеше маңызды объектілер ашылды және қайта жасақталды: Кеңестер Одағы батырларының аттары мәңгілікке қалдырылған «Даңқ аллеясы», «Бауырластар зираты», Тұңғыш Президент атындағы мәдениет және демалыс саябағы және басқа да маңызды объектілер.

Жергілікті атқарушы органдардың, бизнес-құрылымдардың және тұрғындардың тұрақты және бірлесе жасаған еңбектерінің арқасында Ақтөбе еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ауқымды үлес қосып жатқан, дамыған өнеркәсібі, кәсіпкерлігі, қаржылық және ғылыми құрылымдары, дамыған коммуникациясы бар Қазақстанның дамыған қалаларының біріне айналды.

Бүгінгі күні, Ақтөбе еліміздің қалаларының арасында ең тартымды, заманауи, экономикалық дамыған қалалардың біріне айналды және көптеген көрсеткіштер бойынша жоғары динамикасы бар.

Әр сала бойынша 2010 жылғы жұмыстардың қорытындысы туралы қысқаша хабардар еткім келеді.

Экономика саласында
Қазіргі таңда Ақтөбе қаласы бойынша қызмет етуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың жалпы саны 300 бірліктен астам. 2010 жылы қала кәсіпорындарымен 176,5 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндіріліп, физикалық мөлшер индексі 116,2% құрады.



Өткен жылы қала кәсіпорындарымен негізгі қорға 78,5 млрд. теңге инвестиция салынып, 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 107,6% құрады.
2009-2010 жылдардағы негізгі қорға құйылған инвестициялардың қаржыландыру көздері бойынша үлесі, %



Кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен бөлінген инвестициялардың өскенін атап өткен жөн, бұл кәсіпорындардың дағдарыс сатысынан шыққандығын білдіреді. Олардың үлесіне барлық инсвестициялардың 63,5% жатады.



Құрылыс саласында көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі байқалады. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 45,8 млрд теңгені құраса, табиғи индекс көлемі 179,9% жетті.

Өткен жылы әлеуметтік-мәдени маңыздағы көптеген объектілер іске қосылды: қаладағы бірінші жерасты өткелі, алғашқы көпқабатты автопаркинг, 200 орындық көпсалалы балалар ауруханасы, Красносельское селосындағы мектеп, мектепке дейінгі балалар ұйымы, балалар және жасөспірімдер орталығы, көптеген жылдардан бері алғаш рет Т.Ахтанов атындағы драма театры қайта жөнделді, Сазды өзенінің жағалауы және бірқатар объектілер қайта жасақталды.

Шағын және орта бизнес мемлекеттің экономикалық өсуіне тежеу болатын көптеген проблемаларды шешу үшін зор әлеуеті бар экономиканың маңызды саласы болып табылады.


2010 жылы қалада барлығы 28750 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелді. Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 17,6%-ға артып, 160,2 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы 1 қаңтарға бөлшек тауар айналымының көлемі 173,5 млрд. теңгені құрап, табиғи көлем индексі 119,8%-ға жетті.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың негізгі шарты шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі болып табылады. Осыған орай, «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы әзірленді, ол бойынша қазіргі таңда қаланың 45 кәсіпорны мемлекеттік қолдауға ие болды.

Аграрлық-өнеркәсіптік кешен қала экономикасының ең ірі және әлеуметтік-маңызды салаларының бірі болып табылады.




2011 жылғы 1 қаңтардағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8660,4 млн теңгені құраса, табиғи көлем индексі 112,5% жетті, оның ішінде:

- мал шаруашылығындағы өнім көлемі 5300,3 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі 111,9% жетті;

- өсімдік шаруашылығында өнім көлемі 3360,1 млн. теңгені құрап, табиғи көлем индексі 113,2% жетті.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің құрылымы, млрд. теңге

Есепті кезең ішінде мал шаруашылығы дамуының оң динамикасы сақталып отыр. Жүргізіліп жатқан жұмыстар көлемі өндіріс көлемін 2009 жылмен салыстырғанда ет бойынша 4,5%, сүт бойынша 1,4%, жұмыртқа бойынша 42,7% арттыруға септігін тигізді. 2010 жылы барлығы 7 мың 587 тонна ет, 22 мың тонна сүт және 121 млн дана жұмыртқа өндірілді. Мүйізді ірі қара санын 3,2%, қой мен ешкі санын 5,3%, жылқы санын 5,3%, үй құстары санын 3,1% көтеру қамтамасыз етілді.

Өкінішке орай, өткен жылғы құрғақшылыққа байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының бір бөлігі жойылды.

Тұрақты экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету мақсатында, экономиканың шикізаттық бағытынан бас тартқан Үкімет Елдің 2015 жылға дейінгі индустриальдық-инновациялық даму Стратегиясын қолға алды. Ол негізгі екі міндетті қарастырады – экономиканы индустрияландыру және индустрияландыру процесін барынша инновациялық бағытқа бағыттауға тырысу.

Ақтөбе қаласы ел экономикасын одан әрі әртараптандыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясы аясында қалада 2009 жылы 25,2 млрд. теңгеге 25 жоба жүзеге асырылды.

Қарқынды индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өткен 2010 жылы 9 жаңа өндіріс орындары ашылды, 11,5 млрд теңге инвестиция құйылды:

- «Ситал-2» ЖШС керамикалық бұйымдар өндіру жөніндегі зауыты, қуаты жылына 30,0 млн. бірлік, құны 1,5 млрд. теңге;

- «СпецТрансСтройКомпани» ЖШС вибротығыздалған бұйымдарын өндіру жөніндегі зауыты, қуаты жылына 650,0 мың бірлік, құны 526,1 млн. теңге;

- «АктобеСтройМонтаж» ЖШС керамикалық кірпіш өндіру жөніндегі зауыты, қуаты жылына 25,0 млн. бірлік, құны 1,2 млрд. теңге;

- «Рамазан» ЖШС құс фабрикасы, қуаты 200,0 мың жұмыртқалайтын тауық, құны 425 млн. теңге;

- «Актобе-центр» ЖШС көлік-логистикалық орталығы, қуаты 20,5 мың паллетоорын, құны 3,2 млрд. теңге. Бұл Батыс Қазақстандағы бірінші көлік-логистикалық орталық.

- «Актюбрентген» АҚ компьютерлік томограф-рентген аппараттарының өндірісі, қуаты жылына 350 дана, құны 1,7 млрд. теңге;

- «Sinooil» ЖШС мұнай базасы, қуаты 20,0 мың текше метр, құны 1,4 млрд. теңге;

- «IzetGreenhouse» ЖШС жылыжай кешені, қуаты жылына 1500,0 тонна көкөніс, құны 1,2 млрд. теңге;

- «Ақтөбе металл құрылғылары зауыты» ЖШС қолданыстағы өндірісін жетілдіру, қуаты айына 1000 тонна бұйым шығаруға дейін арттырылды, 350,0 млн. теңге инвестиция құйылды.

Жалпы алғанда, жаңадан құрылған кәсіпорындарда 863 жаңа жұмыс орны ашылды.

Алдағы жылдары қала әкімдігімен ҚИИД бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіледі. Осылайша, 2011-2015 жылдары 380,0 млрд. теңгеге 70 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осыған орай, жаңадан ашылған кәсіпорындар есебінен 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылмақ.

ҚИИД Бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылы көптеген объектілер іске қосылады, атап айтсақ:

- «Актобестройхиммонтаж» ЖШС полиэтилен құбырларын шығары жөніндегі зауыты, қуаты жылына 8000 мың тонна, инвестиция көлемі 900 млн. теңгені құрайды;

- «Актобе нефтепереработка» ЖШС шағын мұнай өңдеу зауыты, қуаты жылына 150 мың тонна, инвестиция көлемі 800 млн. теңгені құрайды;

- «СпецТрансСтройКомпани» ЖШС металл құрылғыларын шығару зауыты (1 кезеңі), қуаты жылына 5000 тонна, инвестиция көлемі 2264 млн. теңгені құрайды;

- «АқтөбеЖЭО» АҚ энергетикалық қуатын кеңейту және дамыту (1 кезең), турбоагрегатты алмастыру, электр қуаты 29 МВт артады, инвестиция көлемі 1923 млн. теңгені құрайды;

- «БатысДамуЖол» ЖШС белсендірілген және белсендірілмеген минералдық ұнтақ өндіру жөніндегі зауыты, қуаты тәулігіне 200 тонна ұнтақ, инвестиция көлемі 500 млн. теңгені құрайды;

- «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС көкөніс сақтау қоймасының бірінші кезегі, қуаты 2000 тонна, инвестиция көлемі 200 млн. теңгені құрайды;

- «СВС-Фармация» ЖШС дәрілік құралдар өндірісі – қуаты тәулігіне 3000 дана құтыша, инвестиция көлемі 150 млн. теңгені құрайды. Басқа да бірқатар индустриалды экономикалық объектілерді іске қосу жоспарланды.
Азық-түлік қауіпсіздігі
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыру қала әкімдігі қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Осы мақсатта өткен жылдың қазан айында өндірушілермен және тасымалдаушылармен кезекті рет 2011 жылдың аяғына дейін әрекет ететін әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Бағалар мониторингін, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін жүргізу де азық-түлікке бағаны тұрақтандырудың бірден-бір тәсілі болып табылады. 2010 жылы 25 ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, қалалықтарға сапасымен ғана емес, сондай-ақ бағасымен тиімді, базар бағасынан 11-25% төмен азық-түліктер сатылды. Жалпы алғанда жәрмеңкелерде 180 млн. теңгеге өнім өткізілді.

Көкөніс қоймаларында көкөністерді (картоп, қырыққабат, жуа) сақтауға жинау және оларды «Ақтөбе қаласының бизнесті дамыту орталығы» ЖШС шағын коммуналдық базарлары арқылы өткізу жөніндегі жүргізіліп отырған жұмыс 2010 жылғы күзгі-қысқы мерзімде көкөніске тұрақты бағаны қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Көтерме-бөлшек сауда желілерін дамыту азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бір жолы. Осылайша, 2009 жылы қаладағы ірі гипер- және супермаркеттерде 1800 шаршы метр сауда алаңдары қолданысқа енгізілді. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 2200 шаршы метрді құрады. Бүгінде қалада 21 ірі гипер-, және супермаркеттер қызмет етеді, олардың қатарында жаңадан ашылған Қарғалы селосындағы «Дастархан» және «Дина» супермаркеттері, Әбілқайыр хан даңғылында қайта жарақтандырылған «Дина» супермаркеті бар. Атап кеткен жөн, жақын аралықта аталған бағытта жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда, 2011-2012 жж. облыстық МАИ ауданында «Дина» гипермаркеті, К.Нокин көшесі бойында «Анвар» гипермаркеті және «Метро Кэш энд Кэрри» көтерме сауда орталығы, сол сияқты бұрынғы «Әлия» базарын қайта жарақтандырғаннан кейін «Олжа» гипермаркеті қолданысқа беріледі.

Қабылданып жатқан шаралар тек бағалардың жағдайына ғана емес, сондай-ақ негізгі азық-түліктің қажетті көлемімен қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.



2010 жылдың 12 айындағы тұтынушылық қызметтерге бағалар мен тарифтердің индексі 107,4% құрап, республикалық көрсеткіштен 0,4% (107,8%) төмен болды. Ақтөбе облысы құнсыздану деңгейі бойынша Батыс Қазақстан облысынан (7,2%) және Маңғыстау облысынан (6,9%) кейінгі үшінші орынды (7,4%) иеленіп, Ақмола және Қостанай облыстарымен бір деңгейде келеді.

Қаладағы негізгі азық-түлік бағалары Республика бойынша орташа бағадан төмен. Мысалы, 1 сұрыпты ұннан жасалынған, салмағы 0,6 кг нанның бағасы 42 теңге, 1 ондық жұмыртқаның бағасы 164 теңге, 1 кг сары майдың бағасы 585 теңге және сол сияқты. Бұл бағалар Республикада сәйкесінше 45,6, 168 және 622 теңгені құрайды. Азық-түлікке барынша төмен бағалардың болуы бұл тауарларды жергілікті өндірушілер өндіретіндігімен түсіндіріледі.
Тұрғын үй саласы
Қала әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі тұрғындардың кең топтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ететін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

2010 жылы мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 858 млн. теңге сомасына жалпы ауданы 42 691 шаршы метр 5 үйдің құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, өткен жылы «Болашақ» шағын ауданында мүгедектерге арналған сметалық құны 332,944 млн. теңгені құрайтын 40 пәтерлік тұрғын үйдің және сметалық құны 309,6 млн. теңгені құрайтын 72 пәтерлі, 9 қабатты коммуналдық тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аталған объектілердің құрылысы екі жылға есептелген, қолданысқа беру 2011 жылға жоспарланған.



Барлық меншік түрі бойынша үйлерді қолданысқа беру 2011 жылғы 1 қаңтарда 291,2 мың шаршы метрді құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылы 272,2 мың шаршы метр болатын. Сөйтіп, өсу қарқыны 107,0% құрады.

Қала әкімдігі тұрғын үй саласындағы жұмысты жалғастыратын болады. Ағымдағы жылы қалада алғаш рет 1 шаршы метрге 90 мың теңге бағамен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» желісімен тұрғын үй құрылысы басталды. Осылайша, «Батыс-2» шағын ауданында бірінші қабатында әлеуметтік мәдени-тұрмыстық объектілері қоса салынатын 3 және 2 кіру бөліктерінен тұратын 9 қабатты кірпіш үйлердің, «Болашақ» шағын ауданында 4 кіру бөлігі бар 9 қабатты кірпіш тұрғын үйдің құрылысы жоспарланды.

Одан басқа, 12 «Б» шағын ауданында 96 пәтерлік 9 қабатты жалдамалы кірпіш тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда.
Қаланы көркейту
Қалалық билік жұмысы аспектілерінің қоғамдастық үшін аса белгілілерінің бірі ретінде қала аумағын көркейту мен көгалдандыруға бірінші кезекте көңіл бөлінеді.

Жасыл желек қорын одан әрі сақтау және дамыту үшін қала аумағындағы 20,4 мың шаршы метр жерге, оның ішінде Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова даңғылдарында және қаланың басқа да көшелерінде гүл құмыраларындағы және вазондардағы гүлдер отырғызылды.


Жалпы алғанда, соңғы жылдары гүлзарлар мен көгалдар егу және күтіп-ұстау көлемі айтарлықтай артты. Егер 2008 жылы гүлзарлар отырғызу және күтіп-ұстау жұмыстары 9,1 мың шаршы метрге жүргізілсе, 2010 жылы бұл сан 2 еседен астам көбейді. Көгалдарды егу, жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстары бойынша да осындай жағдай. Егер 2008 жылы жұмыстар көлемі 44,6 мың шаршы метрді құраса, 2010 жылы 107,4 мың шаршы метрге жетті. Сондай-ақ, жүргінші жолдарын төсеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Егер 2008 жылы 1,6 мың шаршы метрге жүргінші жолы төселсе, 2009 жылы 24,8 мың шаршы метр, 2010 жылы 60,0 мыңнан астам шаршы метр жүргінші жолы төселді.



Қала аумағын көгалдандыру мақсатында соңғы жылдары отырғызылған ағаштар саны артты. Егер 2009 жылы 15000 ағаш отырғызылса, өткен жылы 25000 ағаш отырғызылды. Соның ішінде, Орталық мәдениет және демалыс саябағын қайта жасақтау барысында 11000 астам ағаш отырғызылды. Сондай-ақ, 10 гектар жер жыртылып, 20 гектарда жасыл желектер кеміргіштерге қарсы тазартылды, 600 куб құрғақ ағаш шығарылды. Қаланың барлық аумағында өткен жылдардың жасыл желектерін суару және күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Өткен жылдың тамыз айында «Даңқ аллеясын» көркейту бойынша жұмыстар жүргізілді. Сыртқы жарықтандыру жүйесі жөндеуден өткізілді, оған 94 шам орнатылды, 3136 шаршы метрге арнайы төсеніш төселді, 4044 шаршы метрге көгал егілді және 132 шаршы метрге гүлдер отырғызылды.



Қаланың сыртқы келбетін жақсарту мақсатында субұрқақтарын орнату бойынша жұмыстар жандандырылды. Осылайша, 2009 жылы 4 субұрқақ, 2010 жылы 9 субұрқақ ашылды. Нәтижесінде қалада 26 субұрқақ жұмыс жасайды.

Соңғы жылдары қала әкімдігі автомобиль жолдарын жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар атқарды. Сонымен, өткен жыл ішінде Мир даңғылынан Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықтағы Тургенев көшесіндегі, Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейінгі аралықтағы Рысқұлов көшесіндегі, Қарғалы селосындағы Құрғұлов көшесіндегі, Оңтүстік-Батыс-1 ауданындағы Үргенішбаев көшесіндегі және т.б. 35,5 км жол төсемдеріне жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, 152 үй маңы аумағы жөнделінді.

Біздің облысымыз бастама көтерген «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасының барысы бойынша селолық округтер аумақтарын, өзендер жағаларын, орман бойларын тазарту және т.с.с. бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Акция санитарлық жағынан пайда әкелумен қатар, жас буын арасында қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге және қоршаған ортаға жақсы көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізді. Марафонға 10075 студент пен 13317 оқушы қатысты.

Қала тіршілігін қамтамасыз ету
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыруға 2010 жылы республикалық бюджеттен 4 млрд. 945 млн. теңге сомасында, соның ішінде 1 млрд. 600 млн.теңге коммуникацияларды жөндеуге және қайта жарақтандыруға трансферттер бөлінді. 2010 жылы 12,7 км су құбыры желілері және 1 км кәріз желілері жөнделінді.

Қала тұрғындарын сапалы сумен жабдықтауды және су бөлуді үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша «Ақбұлақ» АҚ 1,0 млрд.теңге және кәсіпорынның өз қаржысы есебінен 156,4 млн. теңге сомасында қаржы игерді. 12,7 км су құбыры-кәріз желілері, соның ішінде 8 км «Жол картасы» бойынша күрделі жөнделінді.

Қаланы жылумен жабдықтау мәселесі де назардан тыс қалмайды. Атқарылған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 100 % құрайды. 2010 жылы біз 5,9 км, оның ішінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 2,4 км жылу желілерін жөндедік. Сол сияқты, «Трансэнерго» АҚ ұзындығы 3,5 км жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізді, 197,3 км жылу желілеріне, 23 қазандыққа, 8 сорғы станциясына, 79 элеватор тораптарына, 8081 бірлік тығын арматурасына ағымдағы жөндеу жүргізілді.



Соңғы жылдары әкімдік елді-мекендердегі инженерлік желілер құрылысы бойынша үлкен көлемдегі жұмыстар атқарды. Егер 2008 жылы 2 елді мекенде инженерлік желілер салынса, олардың саны 2009 жылы – 9, 2010 жылы 13 құрады. Олардың ішінде:

- Елек-1 кентіндегі жаңа құрылыс ауданындағы, Сазды кенті «Бауырластар-2» ауданындағы, «Ақтөбе су қоймасы» тұрғын массивіндегі сумен жабдықтау желілері;

- Қызылжар-1 және 2 кентіндегі, Украинка кентіндегі, К. Нокин аулындағы, Новый кентіндегі «А және Б» кварталындағы және «Рауан» тұрғын массивіндегі электрмен жабдықтау желілері;

- Елек-1, Ақжар-2 және Ясный-2 кенттеріндегі жаңа құрылыстар ауданындағы газбен жабдықтау желілері.

Осы жылы қала әкімдігінің қала тіршілігі жүйесін жақсарту жөніндегі жұмысы жалғастырылатын болады. 2010 жылы басталған объектілер құрылысын аяқтау жоспарланған. Сөйтіп, «Автовокзал» ауданындағы жылумен жабдықтаудың магистралды желілеріндегі көтергіш сорғы станциясының, Ақжар-2 және Қурайлы кенттеріндегі газбен жабдықтау желілерінің, «Батыс-2» ықшам ауданындағы көп қабатты құрылыстардың тұрғын массивін жылу- және сумен жабдықтау, кәріздің алаңнан тыс және кварталішілік желілерінің 1-ші кезегі, «Батыс-1» ықшам ауданындағы тұрғын массив ауданындағы инженерлік желілер құрылысы аяқталатын болады.

Қоғамдық көлік

Бүгінгі күні қала бойынша жолаушылар тасымалдауды «Автопарк» ЖШС және «Троллейбус паркі» ЖШС жүргізеді. Күн сайын 50 бағытқа 500-ден астам көлік бірлігі рейске шығады.

Бау-бақша маусымының басталуымен сегіз бау-бақша бағыты бойынша қозғалыс іске асырылып, онда үлкен және орташа сыйымдылықтағы 8 бірлік автобус әрекет етті.

2008-2010 жылдары қоғамдық көліктің сапасын, қауіпсіздігін және қол жетімділігін арттыру мақсатында 198 автобус алынды, олардың 141-і үлкен және орташа сыйымдылықтағы. Ағымдағы жылы қоғамдық көліктің сапасын, қауіпсіздігін және қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында үлкен және орташа сыйымдылықтағы 50 автобус сатып алу жоспарланды, олар бағыттар бойынша бөлінеді. Сол сияқты жолаушылар ағынын зерттеу жөніндегі жұмысты жүргізуге байланысты қалалық бағыттар сызбаларын оңтайландыру және автобустарды спутниктік бақылау жүйесімен жабдықтау жоспарлануда.

Соңғы қалалық тендер 2004 жылы болғаны және 7 жылға есептелгені белгілі. Сондықтанр, халық санының өскеніне, жаңа тұрғын аудандардың пайда болғанына қарамастан көлік қозғалысы сызбасын тұзету күрделі болды. Тасымалдаушы автопаркті кеңейту үшін ұзақ мерзімді несиелер алды. Жаңа тендер 5 жылдан астам мерзімге 2011 жылдың екінші жартыжылдығында болады. Оны өткізу кезінде қалалықтардың ескертулері мен тілектері ескеріледі.
Қоғамдық қауіпсіздік

Біздің қаладағы қылмыс жағдайы, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыстарды анықтау және ашу қалалық әкімдіктің тұрақты бақылауында тұр. Есепті мерзім ішінде 2999 қылмыс жасалды. Алдын-алу іс-шараларын белсендендіруден есепті мерзімде қалада аса ауыр қылмыс түрлері 47,9%-ға, қасақана ауыр дене жарақаттарын салу 22,9%-ға, мал ұрлау 15,0%-ға, автомтотокөілктерді ұрлау 47,1%-ға, бұзақылық 10,3%-ға, сол сияқты ату құралдарын қолданып жасалған қылмыстар 70,0%-ға азайғаны байқалады.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту жолымен қылмыстардың алдын алуды жақсарту мақсатында Сәңкібай батыр даңғылында орналасқан Зауыт полиция бөлімінің типтік ғимараты салынды, Қарғалы селосында полиция пункті ашылды. «Болашақ» ықшам ауданында тірек пунктін ашу жоспарлануда. Одан басқа, қылмысты болдырмау үшін облыс орталығында 72 бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Біздің қаламыздағы қылмыстың жағдайы, құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды анықтау және ашу алдағы уақытта да қалалық әкімдіктің тұрақты бақылауында болады. Осы жылғы басым міндеттер қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті жағдайын қамтамасыз ету, алдын алу жұмысын жетілдіру, сол сияқты ұйымдасқан қылмысқа, нашақорлыққа, экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы әрекеттердің сенімді жүйесін қамтамасыз ету болады. Одан басқа, ішкі істер органдары мен тұрғындар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі учаскелік полиция инспекторларының рөлі көтерілетін болады.
Қоғамдық-саяси ахуал

Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау қалалық әкімдіктің аса маңызды міндеті болып табылады. Саяси партиялардың 9 филиалы, 42 діни бірлестіктер, 17 этно-мәдени орталықтар, 300-ден астам ҮЕҰ және 17 жастар мен балалар ұйымдары өзара ынтымақтастықты және келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам негіздерін қалыптастыруға өз үлестерін қосты.

Тұрғындардың түрлі санаттарымен: зейнеткерлермен, мүгедектермен, жастармен және басқаларымен дифференцияланған жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. Зейнеткерлер проблемалары жөніндегі жұмыс топтарының, жастар ісі жөніндегі Кеңес отырыстары, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Комиссия, ҮЕҰ өзара байланыс жөніндегі кеңес отырыстары тұрақты өткізіледі.

Осы бағыттың сөзсіз маңызды екендігін ескере отырып, 2011 жылы қалалық әкімдік этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы қаладағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, қала тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, әлеуметтік шиеленіс тудыратын проблемаларды уақытылы анықтауға және жедел шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды жалғастыратын болады.

Жастарды шығармашылық дамытуға жағдайлар жасау, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту, аз қамтылған жастарды, мүгедектерді және жетімдерді әлеуметтік қолдау да ағымдағы жылғы әкімдік жұмысының басым бағыттары болады.
Тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселесі қала әкімдігінің жұмысындағы маңызды аспект болып табылады. Біздің азаматтардың тұрмыс сапасын көтеру және қолайлы жағдайлар жасау үшін біз барлық мүмкіндіктерді жасаудамыз, тұрғындардың әлеуметтік-осал топтарымен жұмысты мемлекеттік қолдау және ұйымдастыру бағдарламаларын жүзеге асыруға үлкен көңіл бөлінеді. Осы бағыттағы әкімдік жұмысының тиімділігі туралы 2009 жылмен салыстырғанда кірістері кедейлік шегінен төмен отбасылар саны 2010 жылы 312 адамға азайғаны дәлелдейді.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ақтөбе қаласы тұрғындарының саны 407932 адам, оның ішінде экономикалық белсенді тұрғындар 176,1 мың адамды құрады. 2010 жылы 12625 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіптік оқыту курстарына 1040 адам жіберілді. Қоғамдық жұмыстарға 1176 адам қатысты. Тіркелінген жұмыссыздар деңгейі 0,3% құрады.



Жұмыспен қамту Стратегиясын жүзеге асыру барысында бос жұмыс орнына және бос лауазымдарға 6 жәрмеңке өткізіліп, оған 2100 адам барды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және зейнеткерлер Ақтөбе қаласында жергілікті бюджет қаржысы есебінен қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын пайдаланады. Одан басқа, коммуналдық қызметтерге жеңілдіктер 100-ге жеткен және одан жоғары жастағы адамдарға, жергілікті соғыстарға, Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, еңбек майданына қатысушыларға беріледі. Бұл жеңілдіктерді 2010 жылы 255,1 млн.теңге сомасында 23248 адам пайдаланды.

Қала әкімдігі тұрғындарды жұмыспен қамту, түрлі әлеуметтік әріптестіктерді пайдала отырып, кедейлікті және жұмыссыздықты азайту жөніндегі жұмысты жалғастырылатын болады. Сонымен, осы жылы 7 300 жаңа жұмыс орнын ашу, 740 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына, 1400 адамды жастар саясатына, 255 адамды кәсіптік дайындауға және қайта даярлауға жіберу жоспарлануда.

Сол сияқты, мүгедектерге, аз қамтылған және тұрғындардың басқа да әлеуметтік осал топтарына 2010 жылғыдан төмен емес көлемде әлеуметтік қызметтер беру жоспарлануда.
Білім

Бүгінгі таңда қала бойынша 65 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, соның ішінде 56 – орта, 4 – негізгі мектеп, 5 – бастауыш мектеп жұмыс істейді. 29 мектеп мемлекеттік тілде, 30 аралас, 6 орыс тілінде оқытады. Оқушылардың жалпы саны 48187 баланы құрайды.

2010 жылы Красносельское селосында жаңа мектеп пайдалануға берілді, «Болашақ» ықшам ауданында Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы Үйі ашылды.



2010 жылы 20 мектепті, бір мектептен тыс ұйымды (Қазанғап атындағы өнер мектебі), 9 мектепке дейінгі ұйымды жөндеуге республикалық бюджеттен 1150,2 млн. теңге бөлінді.

2010 жылы сирек қоныстанған елді-мекендерде және бау-бақша массивтерінде тұратын 2 391 баланы тасымалдауды ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен 98,9 млн.теңге бөлінді.

1-4 кластар оқушылары үшін тегін ыстық тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 335,7 млн. теңге бөлінді.



Білім және үлгерім сапасының оң динамикасы байқалады. Оқушылардың білім және үлгерім сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. 2010 жылы ҰБТ-ға 1 909 мектеп бітіруші қатысты. ҰБТ орташа баллы 90,8, 2009 жылмен салыстырғанда 6,1 баллға өсті.

Жазғы каникулдарды және сауықтыру демалыстарын ұйымдастыру мақсатында 2010 жылы жазғы уақытта қала шетіндегі және мектеп жанындағы лагерлерде 10424 бала демалды, олардың 960-ы көп балалы және аз қамтылған отбасылардан, сол сияқты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар.



Ақтөбе қаласында 63 мемлекеттік және 4 жеке мектепке дейінгі ұйым жұыс істейді, оларға 13704 бала барады, бұл мектепке дейінгі балалардың жалпы санының 75,7%-н құрайды.

2010 жылы 5 балабақша (№35 «Құлыншақ» МДҰ, №36 «Әсем» МДҰ, №37 «Балапан» МДҰ, №38 «Әлем» МДҰ, №39 «Достық» МДҰ), 12 шағын орталық (405 бала) ашылды, жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы 11 топ қалпына келтірілді. Мектеп алды дайындығымен 5-6 жастағы балаларды қамту 100% құрайды.

2010-2011 оқу жылы басындағы 13 мектептен тыс ұйымдардағы қамту 11344 баланы құрайды (2009 жылы - 9686), оның ішінде тегін үйірмелермен 6519 бала қамтылған.

Осы жылы қала әкімдігі жаңа мектептер мен балабақшалар салу арқылы білім мекемелері желісін ұлғайтуды жоспарлауда, бұл мектепке дейінгі тәрбиемен балаларды қамтуды 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Мәдениет
Қалалықтардың мәдени және рухани құндылықтарын сақтау және көбейту әкімдіктің әлеуметтік саясатының аса маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Тұрғындардың барлық топтары үшін жалпыға қол жетімді мәдени-көріністі іс-шараларды қамтамасыз ету жөніндегі мәдени-бұқаралық іс-шараларды жоспарлау және өткізу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіледі. 2010 жылы 660 мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан халқы мәдениеттерін насихаттау мақсатында қалада мәдени-бос уақыт объектілері: мәдениет үйлері, кітапханалар, мәдениет және демалыс саябақтары, оның ішінде, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақ, А. Пушкин ат.саябақ, Ретросаябақ және басқалары жұмыс істейді. Ақтөбеде халықтық және үлгілі атақтарын иеленген 6 шығармашылық ұжым жұмыс істейді.

2010 жылы мәдениетті одан әрі дамытуға 412 млн. 381 мың теңге, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 29115,1 мың теңге бөлінді.

Қалада тіл саясатын жүзеге асыру жөнінде жұмыс жүргізіледі. Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі жыл сайын арта түсуде. Егер 2004 жылы қаза тілінің үлесі бар болғаны 24% құраса, 2007 жылы 81%, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 97% жетті.
Спорт және салауатты өмір салты
Соңғы жылдары қалада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорттың бұқаралық түрлері қарқынды дамуда, спорттық құрылымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттік қаржы бөлу, спорттық іс-шараларды қаржыландыру көбеюде.

Қазіргі уақытта қалада 410 спорттық құрылыс бар, 51 түр бойынша 14 БЖСМ және 1 олимпиада резервінің орталығы жұмыс істейді, онда 6 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады.

2010 жылы № 8 ОБЖСМ құрылыс жұмыстары аяқталды (3000 орындық трибуналары, жүгіру жолдары және жасанды жабыны және жылытылатын футбол алаңы, сол сияқты әкімшілік ғимарат).

Олимпиада резервіне дайындау Орталығының «Мұнайшы» стадионындағы жұмыстар қарқынды жүруде, мұнда 2 спорт зал, трибуналар, футбол алаңы, жүгіру жолы жөнделінетін болады. Бүгінгі таңда стадион құрылысының 1 сатысы аяқталды. «Жол картасы» аясында қысқы спорт түрлерінен ОБЖСМ жөндеу аяқталды.

2010 жылы Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжінде жаңа спорт кешені ашылды, Мұнай және газ колледжінде қосымша спорт кешені салынып жатыр. С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде жаңа спорт залының құрылысы жүргізілуде.

«Ауылдың гүлденуі–Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы аясында 31 қала мектебінің ашық спорт алаңдарына жөндеу жүргізілді.

Демеушілер есебінен Авиақалашықта спорт алаңы, Қарғалы селолық округіндегі 2 спорт алаңы, Тұңғыш Президент атындағы саябақта 2 спорт алаңы, Оңтүстік Батыс-2, Оңтүстік Батыс-1 ықшам аудандарында, Россовхоз селосы, Кірпішті кенті, Новый селолық округі, Лесное селосы, Сазды селолық округінде спорт алаңдары салынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын орындау мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігі дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға қала тұрғындарының 30% тарту жөнінде іс-шаралар әзірлеп, бекітті.

2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша біздің қаламызда тұрғындардың 19,8% немесе 62 мың адам дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысады, 2009 жылмен салыстырғанда 5,6%-ға көбейген.
Денсаулық сақтау
2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды реформалаудың және дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына және 2005 жылғы бюджеттік қаржыларды жұмылдыруға сәйкес Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан денсаулық сақтау мекемелері облыстық бюджет балансына беріліп, қаржыландырылады. Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласының аумағында 165 емдеу-профилактикалық денсаулық сақтау мекемесі жұмыс істейді.

2010 жылы денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 600 млн.теңге бөлінді. «Жол картасы» аясында қала аумағында орналасқан 4 денсаулық сақтау объектісіне жөндеу жүргізілді. Көптеген медициналық көрсеткіштер бойынша динамика жақсарды. 2009 жылмен салыстырғанда бала туу 5,3 %-ға көбейді, жалпы өлім 7,1 %-ға азайды. Қалада халық денсаулығын қорғауда жаңа тәсілдер белсенді жүргізілуде, осы заманғы технологиялар енгізілуде, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасы көтерілуде.
Азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс
Өткен 2010 жылы қала әкімінің аппаратына 27 722 азаматтар арыз-шағымдары мен барлық түрдегі қызметтік құжаттар түсіп, тіркелді, соның ішінде, қызметтік құжаттар – 10 688, азаматтардың арыз-шағымдары – 17034, оның ішінде: жазбаша – 15 999, ауызша – 1035.

Менің жеке қабылдауымда 400-ден астам адам, орынбасарларымның қабылдауында 799 адам болды. Мемлекеттік тілде түскен қызметтік құжаттар мен азаматтар арыз-шағымдарының үлесі – 77%. Мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі – 90,3%.

Қала әкімі аппаратына түскен 15999 арыз-шағымдар мәселелердің сипатына қарай мынадай түрде жіктеледі: тұрғын үй жағдайларын жақсарту, тұрғын үй беру – 1029, тұрғын үй қорының құрылысы және жөндеу – 3006, сумен жабдықтау – 78, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың басқа да мәселелері – 1004, жер мәселелері – 9863, білім беру – 54, әлеуметтік қамтамасыз ету – 256, көлік – 57, сауда – 41, еңбек мәселесі – 28, құқықтық тәртіп – 4, басқа мәселелер – 579.

Азаматтардың қаралған жазбаша және ауызша арыз-шағымдарының ішінде 18910-ы бақылауға алынды, олардың 5673-і қанағаттандырылды, түсіндіру берілгендері - 13237.

Құрметті ақтөбеліктер!
Сөз соңында өткен жыл ішіндегі қол жеткен барлық жетістіктер әкімдік пен қала тұрғындарының бірлескен, сындарлы күш-жігерінің нәтижесі болып табылатынын атап өткім келеді. Барлық жоспарларды жүзеге асыру қалалық биліктің жеделдігіне, айқындығына және үйлесімділігіе, сол сияқты біздің бастамаларды қалалықтардың қолдауына байланысты. Бұл, әсіресе қазір, қолдағы барлық ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді де ұтымды жедел пайдалану қажет дағдарыстан кейінгі мерзімде ерекше маңызды.

Қарқынды индустриалды-инновациялық даму Бағдарламасын одан әрі жүзеге асыру қаланың экономикалық дамуындағы сапалы өсу үшін стратегиялық құрал болып табылады. Бағдарлама әрекет еткен уақыт ішінде аз нәрсе істелінген жоқ, Ақтөбе қаласында жаңа технологиялық өндірістер ашылды және қайта жарақтандырылды, бұл экономиканың шикізат емес секторының үлесін көбейтуге мүмкіндік берді, жаңа жұмыс орындары ашылды. Бізге осы жылы да, одан кейінгі жылдары да осы бағыттағы орасан зор жұмыстарды орындау кажет. Ағымдағы жылы жаңа жобалар жүзеге асырылатын, жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Осы міндеттерді орындау үшін әкімдіктің, бизнес құрылымдардың, зиялы қауымның және тұрғындардың жолға қойылған үйлесімді іс-қимылы керек.

Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы айта отырып, ағымдағы жылы бізге шешу қажет болатын әлі де бірқатар проблемалар мен міндеттер бар екенін атап өту керек. Алдағы, оның ішінде селолық округтердегі менің жоспарлаған 5 есепті кездесуім бар, олар проблемалы мәселелерді толығырақ анықтауға және оларды жүзеге асыру жөнінде толыққанды шаралар алуға мүмкіндік береді.


Похожие:

Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconЕсептік кездесулер қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы»
Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» және «Мәслихаттар...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconКеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес соңғы 5 жыл көлемінде...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconАудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconБекітемін сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров 2012 жыл
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы орган басшыларының халық алдында есеп беру кездесулерін өткізу...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconАсубұлақ кенті әкімінің 2011 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті кент тұрғындары! Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың
Республикасының Президенті Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халық...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconАйыртау ауылдық округі әкімінің 2010 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі Құрметті ауыл тұрғындары!!!!
Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Мемлекет басшысының...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconБесқарағай ауданының әкімі К. Б. Байгонусовтың халық алдындағы есептік баяндамасы Құрметті жерлестер! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Жолдау аясында және жергілікті атқарушы органдары басшыларының халықтар алдында есеп беру кездесулерін өткізу туралы Жарлығын орындау...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың аудан халқына есеп беру кездесуіндегі сөзі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconҚұрметті Шемонаиха ауданының тұрғындары! Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп берулері әрбір елді мекенде 2010 жылғы 10 қаңтардан 20 қаңтар аралығында өткізіледі....
Құрметті ақтөбеліктер! Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есепті кездесулерін өткізу туралы» iconАйнабұлақ ауыл округі әкімі Д. Ыдырышевтың есептік баяндамасы Құрметті ауылдастар! Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы»
Жарлығын орындау мақсатында ауыл округіндегі бір жылғы атқарылған жұмыстарды баяндап беруге рұхсат етіңіздер!
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница