Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің




Скачать 377.17 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
страница1/2
Дата конвертации20.01.2013
Размер377.17 Kb.
ТипДокументы
  1   2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі

жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің

2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы

"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1, 19-баптарына сәйкес қаулы етемін:

1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі" мемлекеттік мекемесін бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже;

2) Агенттіктің құрылымы бекітілсін.

3. Агенттіктің штат санының лимиті 490 бірлік мөлшерінде белгіленсін.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекеменің штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;

2) Агенттікке оның қызметін қамтамасыз етуге қажетті мүлік беруді жүзеге асырсын;

3) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шаралар қолдансын.

5. Агенттік төрағасының үш орынбасары болады деп белгіленсін.

6. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

Н. Назарбаев















Қазақстан Республикасы Президентiнiң

2003 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1270 Жарлығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы

ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi туралы

ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. Агенттiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауы жазылған мөрi және мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ банктерде шоттары болады.

Агенттiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі" мемлекеттік мекемесi.

4. Агенттiктi қаржыландыру және ұстау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) бюджетiнiң (шығыстар сметасының) қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

Агенттiктi қаржыландырудың жалпы сомасын бекiтудi Ұлттық Банктiң Басқармасы Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша жүзеге асырады.

4-1. Агенттік қаржы жылы ішінде шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсімдерді:

1) заңды күшіне енген сот шешімінің негізіндегі;

2) қайта ұйымдастырылуға орай Агенттікке құқықтар мен міндеттер берумен байланысты;

3) қаржы ұйымдарының қызметкерлері үшін Агенттік ұйымдастырған оқыту шығыстарын өтейтін;

4) қызметтік емес сипаттағы көліктік қызмет, қалааралық және халықаралық сөйлесулер үшін өтем ретінде Агенттік қызметкерлерінен алынған;

5) шығыстарды өтеумен байланысты өзге де қаржылық түсімдерді жинақтайды.

4-2. Қаржы жылының нәтижелері бойынша, Ұлттық Банкпен келісілген мерзімде, Агенттік Төрағасының не оның орнындағы адамның шешімі негізінде осы Ереженің 4-1-тармағында көзделген қаржылық түсімдер Ұлттық Банктің бюджетіне аударылады.

5. Агенттiк өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi.

6. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, Агенттiктiң мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабын бiтiруге құқығы бар.

7. Агенттiктiң құрылымын және жалпы штат санын Агенттiк Төрағасының ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.

8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.

9. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 050000, Алматы қаласы, Әйтеке би, 67.

9-1. Агенттік өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары негізiнде және оларды орындау үшiн барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметтерiн тұтынушылардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшiн мiндетті нормативтік құқықтық актiлердi шығарады.

Агенттіктің нормативтік құқықтық актiлерi оның "Қаржы хабаршысы", "Финансовый вестник" ресми басылымында мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жарияланады.

2-тарау. Агенттiктiң мақсаттары, мiндеттерi және

функциялары

10. Агенттіктiң мақсаттары:

1) қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда қаржы жүйесiне деген сенiмдi қолдау;

2) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың мүдделерiн қорғаудың тиiсiнше деңгейiн қамтамасыз ету;

3) қаржы ұйымдарын қаржы нарығындағы адал бәсекенi қолдау, бағытталған қызметi үшiн тең құқылы жағдайлар жасау болып табылады.

11. Агенттіктің мiндеттерi:

1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтарды болдырмау жөнiндегi шараларды iске асыру;

2) адал бәсеке принциптерiнде қаржы ұйымдарының тиiстi түрлерiнiң жұмыс iстеуi үшiн тең жағдайлар жасау;

3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу мен қадағалаудың стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды пайдалану;

4) қаржы ұйымдары қызметінiң стандарттарын белгiлеу, қаржы ұйымдарын корпоративтiк басқаруды жақсарту үшiн ынталандыру шараларын жасау;

5) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау мақсатында қаржы рыногының және қаржы ұйымдарының мониторингi;

6) қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында қаржы нарығының неғұрлым тәуекелге бейiм салаларындағы қадағалау ресурстарын шоғырландыру;

7) қазiргi заманғы технологияларды ендiрудi ынталандыру тұтынушылар үшiн қаржы ұйымдары мен олар көрсететiн қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толық және қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

12. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгi функцияларды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда банктiк, сақтандыру қызметiн, жинақтаушы зейнетақы қорларының, инвестициялық қорлардың, кредиттік бюролардың қызметiн, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мен қадағалау жөнiндегi негізгі функцияларды орындайды.

13. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттеу мен қадағалауды, соның iшiнде шоғырландырылған негiзде жүзеге асыру мақсатында, Агенттiк:

1) өзі белгілеген тәртіппен банктер ашуға және оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, банктерге еншілес ұйым құруға және сатып алуға, банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ банктің және банктік холдингтің ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;

2) өзі белгілеген тәртіппен банктердің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);

3) өзi белгілеген тәртiппен банктердiң құрылтай құжаттарына (соның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтыруларға) келiсiм бередi;

4) өзі белгілеген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін және Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген өзге операцияларды жүргізуге, соның ішінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған кезде, сондай-ақ банк қызметінің аудитін жүзеге асыруға лицензия береді, беруден бас тартады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өкiлеттiктер шегiнде банктiк қызмет және банктердi тарату мәселелерi жөнiнде барлық банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, соның ішінде ипотекалық ұйымдар және олардың клиенттерi орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалayды жүзеге асырады;

5-1) салымдарға (депозиттерге) мiндетті ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) тәртібiн белгiлейдi;

5-2) банктердiң банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және банктерге аудит жүргізуге лицензиясы бар аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргізедi;

6) банктердiң iрi қатысушыларын және банктiк холдингтердi анықтау мақсатында банктердiң тiкелей немесе жанама қатысушыларының, жеке және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын және өзге де ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктермен аффилиирленген тұлғалардың қаржылық есептi және өзге ақпаратты ұсынуын талап етедi;

7) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының шоғырландырылған негiздегі есеп беруiн қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда), есеп берудi ұсыну тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi;

8) банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың және олардың филиалдарының қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi және Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiнде көзделген жағдайларда банктерден, мемлекеттiк органдардан және азаматтардан ол өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажетті деп санайтын ақпаратты алады, алынған ақпарат бойынша түсiндiрудi талап етедi;

9) банктiк конгломераттардың қызметiн реттейдi және банктердiң аффилиирленген тұлғаларының, банктердiң қызметiне олардың әсер ету дәрежесiн және сипатын айқындау мақсатында нормативтік құқықтық актiлерге сәйкес олардың қызметiн, соның iшiнде мемлекеттік органдарды және өзге де ұйымдарды тарта отырып тексередi;

10) банктерге, банктік конгломераттарға, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, соның ішінде ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттерді белгілейді;

11) үмiтсiз және күмәндi активтердi қамтамасыз ету үшiн провизиялар қалыптастырудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды;

12) банктер және олардың аффилиирленген тұлғалары, банктердің ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғалары, банктік холдингтер, сондай-ақ банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдар, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, соның ішінде ипотекалық ұйымдар оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнама және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзған жағдайда, оларға шектеулі ықпал ету шараларын, санкцияларды, мәжбүрлеу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолданады;

13) банктердің, банктердің ірі қатысушыларының, банктік холдингтердің, банктік ірі қатысушысының немесе Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктік холдингтің белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың және олардың лауазымды тұлғаларының, соның ішінде тарату комиссиялары төрағаларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, соның ішінде ипотекалық ұйымдардың әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерін қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жаза қолданады;

14) банктерден, сондай-ақ олардың аффилиирленген тұлғаларынан, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан, соның ішінде ипотекалық ұйымдардан қаржылық және өзге де есептi және өзiнiң бақылау мен қадағалау функцияларын қамтамасыз етуi үшiн қажеттi басқа ақпаратты алады;

15) ҚР Президентінің 2006.22.05. № 119 Жарлығымен алып тасталды

16) банктердi консервациялау және банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (банктiң уақытша басқарушысын) тағайындау туралы шешiм қабылдайды;

17) банк қызметiнiң аудитiн жүргiзуге өкiлеттi аудиторлық ұйымның (аудитордың) есеп жасау тәртiбiн айқындайды;

18) олардың банктің ірі қатысушысына және (немесе) банктік холдингке тиесілі банктің акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыруы туралы, ал Yкiметпен келiсiм бойынша - банктiң кредиторларының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында және кейiннен жедел түрде меншікті капиталының керi мөлшерi бар екiншi деңгейдегi банктердiң акцияларын жаңа инвесторларға сату шартымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдайды, банктердiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейiннен инвесторларға сату тәртiбiн белгiлейдi;

18-1) банк акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;

18-2) қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерде өз өкілін ұстай алады;

19) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:

банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар қайтарылып алынғаннан кейiнгi кезеңге уақытша әкiмшiлiктi (уақытша басқарушыны) тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгiлейдi;

уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) есебiн және өзге де ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;

құжаттар мен мүлiктi уақытша әкiмшiлiктен (уақытша басқарушыдан) тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;

20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгілейдi;

21) мәжбүрлеп таратылатын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, тарату комиссияларын тағайындайды;

22) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:

мәжбүрлеп таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн, ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердiң кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтеді;

тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңділiгiн белгiлейдi;

мәжбүрлеп таратылатын банктi тарату туралы есептi және тарату балансын келiседi;

тарату комиссияларының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;

таратылатын банктiң кредиторлар комитетiн қалыптастырудың және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;

тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін белгілейді;

тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды;

22-1) мәжбүрлеп таратылатын банктiң таратылу тәртібiн және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;

22-2) ерікті таратылатын банктердің тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындайды;

23) ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен күші жойылды 24) Қазақстан Республикасының заңнама актiлерiне сәйкес өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

14. Агенттiк сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзедi;

2) өз құзыретi шегiнде сақтандыру нарығының барлық қатысушылары, тарату өндiрiсiнiң қатысушылары орындауға мiндеттi сақтандыру қызметi және оны қадағалау, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

3) трансшекаралық сақтандыруды және қайта сақтандыруды жүргізудiң шарттары мен тәртiбiн айқындайды;

4) сақтандыру брокерi қызметiнiң шарттарын айқындайды , оның iшiнде сақтандыру брокерiнің жарғылық капиталының ең аз мөлшерiне қойылатын талаптарды белгілейдi;

5) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы үшiн жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеті маржасының ең төменгi мөлшерiн қоса алғанда, пруденциалдық нормативтердi және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;

6) актуарлық қызметтi жүзеге асыру тәртiбiн және оған, сондай-ақ мiндеттi актуарлық есептердi жүргiзуге қойылатын талаптарды айқындайды;

6-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптарды қояды;

6-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу тәртібін айқындайды;

7) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;

8) ҚР Президентінің 10.12.04 ж. № 1495 Жарлығымен күші жойылды

9) өзi белгiлеген тәртiппен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, сақтандыру нарығындағы актуарийлердiң және уәкiлетті аудиторлардың қызметiн лицензиялайды;

9-1) сақтандыру қызметіне аудиттi жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгілейдi;

10) өзі белгілеген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ашуға, оларды ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына еншілес ұйым құруға және сатып алуға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәмілелер жасауға келісім, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;

11) өзі белгілеген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);

12) сақтандыру қызметінің субъектілерін, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметінің субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерін тексереді;

13) сақтандыру нарығының субъектiлерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпарат алады;

13-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;

14) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнің өздерiнiң бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшiн шоғырландырылған негіздегі есеп беруiн қоса алғанда (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда), есеп берудi ұсыну тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгілейдi;

15) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының, олармен және олардың құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қатысуымен консорциумдарға және жай серiктестiктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн шоғырландырылған қадағалау ережесiн айқындайды;

16) сақтандыру статистикасын, сақтандыру нарығының жағдайын экономикалық талдауды дайындау үшiн сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қауымдастықтарынан, одақтарынан және бiрлестiктерiнен, мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат алады;

17) сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру брокерлерiне, актуарийлерге және уәкiлеттi аудиторларға берiлген лицензияларды қолдануды тоқтата тұру, жаңарту және қайтарып алу туралы шешiм, сондай-ақ сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен тоқтату жөнiнде шаралар қолданады;

17-1) Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушыларына қатысты шектеулі ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын, санкцияларды және өзге де ықпал ету шараларын қолданады;

18) ҚР Президентінің 2006.22.05. № 119 Жарлығымен алып тасталды

19) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, оның iшiнде:

уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттіктерiн белгілейдi;

уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзге ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;

20) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi;

21) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкілдіктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды;

22) өзi белгiлеген тәртіппен тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:

мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тізiлiмiн бекiтедi;

таратылатын сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;

тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгін белгiлейдi;

мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi;

тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндетті нұсқамалар шығарады;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;

таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кредиторлар комитетін қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;

тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін белгілейді;

тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды;

22-1) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылу тәртiбiн және тарату комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;

22-2) ерікті таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындайды;

23) сапасы және өтiмдiлiгi бойынша жiктелуiн ескере отырып есептелген активтердiң құны және мiндеттемелер арасында терiс айырма белгiленген жағдайда сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының оның акционерлерiндегi акцияларды мәжбүрлеп сатып алу және осы акцияларды сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары жөнiндегi барлық мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру шартымен сатып алуға ниет бiлдiрген жаңа инвесторға сату туралы шешiм қабылдайды;

24) басқа мемлекеттердiң орталық сақтандыруды қадағалау органдарымен қатынастарда, халықаралық және өзге сақтандыру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;

25) ҚР Президентінің 2006.22.05. № 119 Жарлығымен алып тасталды

25-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасайтын бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркейдi, өзiнiң мүлкiн кепiлге қою шарттарының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кепiлдiктерiнiң (кепiлдемелерiнiң) және теңгерімде көрсетiлмейтiн өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмдерiн жүргiзедi;

26) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнама актiлерiне сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның өзге де функциялары мен өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.

15. Агенттiк бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту саласындағы басымдықтарды айқындайды;

2) Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұлттық бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлардың құқықтары мен Қазақстан Республикасының заңнама актілерімен қорғалатын мүдделерiн қорғау жөніндегi мемлекеттік саясатты жүргiзедi;

3) өзiнiң құзыретi шегiнде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

4) қаржы нарығының активтерiн бағалы қағаздар ретiнде таниды;

5) мемлекеттік емес бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар шығару және айналысының шарттары мен тәртiбiн айқындайды;

6) мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады, оларға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн бередi, бағалы қағаздарды, соның iшiнде туынды бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi қарайды, осындай есептердi бекiтедi не бекiтуден бас тартады, сондай-ақ мемлекеттiк емес бағалы қағаздардың, соның iшiнде туынды бағалы қағаздардың шығарылымдарының күшін жояды;

7) эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiнiң, облигациялық бағдарламаның және облигациялық бағдарлама шеңберiнде облигациялар шығарылымдарының құрылымын, оларды жасау және ресiмдеу тәртiбiн, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердiң құрылымын белгiлейдi;

8) Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiн, бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар тiзiлiмiн және бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген бiлiктiлiк куәлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу шарттары мен тәртiбiн белгілейдi;

9) бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру тәртiбiн белгiлейдi;

10) эмитент пен өкiл арасында жасалған облигациялар ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды, өкiлдiң функциялары мен мiндеттерiн орындау тәртiбiн, өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату тәртiбi мен жағдайларын, сондай-ақ ипотекалық облигациялардың эмитентi таратылған жағдайда облигациялар ұстаушылар өкiлiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейдi;

11) ҚР Президентінің 2006.18.01. № 20 Жарлығымен алып тасталды

12) қаржылық агенттiк мәртебесiн бередi, қаржылық агенттiк мәртебесiн жоғалту шарттары мен тәртібiн белгiлейдi;

13) банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар шығарған облигациялар қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде олар облигациялар шығаруға ниеттi болған жағдайда сақталуы тиiстi талаптарды белгiлейдi;

14) бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті, сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында лицензиялауға жататын басқа қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензия беру шарттары мен тәртібін белгілейді және лицензия береді, лицензия беруден бас тартады, осындай лицензияларды қолдануды тоқтата тұрады және қолдануын жаңартады әрі оларды қайтарып алады, Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды;

15) бағалы қағаздар нарығында жұмыс істеу үшін жеке тұлғаларға аттестация жүргізу және біліктілік куәліктерін беру, сондай-ақ біліктілік куәліктерінің қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтарып алу тәртібін белгілейді;

16) лицензиаттардың аудитiн жүргiзу ерекшелiктерiн белгiлейдi;

17) ҚР Президентінің 2006.18.01. № 20 Жарлығымен алып тасталды

18) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;

19) ҚР Президентінің 2006.18.01. № 20 Жарлығымен алып тасталды

20) жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жүзеге асыру құқығына аттестациядан өткiзедi, бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердi қайтадан аттестациядан өткiзедi, аттестациядан өткен тұлғаларға бiлiктiлiк куәлiктерiн бередi және қайтадан аттестациядан өткен тұлғалар үшiн оларды қолдану мерзiмiн ұзартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады, бiлiктiлiк куәлiктерiн қайтарып алады;

21) лицензияны қолдану тоқтатыла тұрған немесе ол қайтарып алынған жағдайда клиенттер алдындағы лицензиаттың мiндеттемелерiн орындау тәртiбiн белгiлейдi;

22) эмиссиялық бағалы қағаздарды және туынды бағалы қағаздарды орналастыруды және айналысқа жiберудi тоқтата тұрады және жаңартады;

23) бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi кәсiби деп таниды;

24) пруденциалдық нормативтердiң және өзге де көрсеткiштердің түрлерiн немесе лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының критерийлерiн (нормативтерiн) және оларды есептеу тәртiбi мен әдiстемесiн белгiлейдi;

25) бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi және лицензияланатын басқа қызмет түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн, соның iшiнде бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау шарттары мен тәртібiне, осы мәмiлелердi есепке алуға және олар бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды айқындайды;

26) бағалы қағаздар нарығындағы төлем агентiнiң қызметiн жүзеге асыру шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;

27) Қазақстан депозитарлық қолхаттарын шығару, орналастыру, айналысы және өтеу, сондай-ақ оларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi ұсыну шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi;

28) бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың аффилиирленген тұлғаларының есеп беруiн ұсыну (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртібiн белгiлейді;

29) лицензиаттардың бағалы қағаздар нарығындағы қызмет туралы есептер беру кезеңдiлiгiн, сондай-ақ есеп беру нысандарын және оларды ұсыну тәртiбiн белгiлейді;

30) Қазақстан Республикасының резидент еместерiнiң мемлекеттік eмес бағалы қағаздарын, туынды бағалы қағаздарын және халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын және орналастырылатын бағалы қағаздарын шығару және айналысының шарттары мен тәртібiн белгiлейді;

31) Қазақстан Республикасының резидент емес ұйымдарының шығарылымы шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес тiркелген Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымдарының мемлекеттiк емес бағалы қағаздарын Қазақстан Республикасының ұйымдасқан нарығында айналысқа жiберу тәртiбiн белгiлейдi;

32) өзі белгілеген тәртіппен лицензиаттардың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);

33) эмитенттердiң, лицензиаттардың, өзiн-өзiн реттейтiн ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығы кәсiби қатысушыларының, сондай-ақ бiлiктiлiк куәлiктерiн иеленушiлердiң қызметiн, соның iшiнде сол жерде тексеру және бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi мамандарды консультанттар ретiнде тарту арқылы қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады;

34) зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртiбiн белгiлейдi;

35) ҚР Президентінің 2006.18.01. № 20 Жарлығымен алып тасталды

36) өзiнiң бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк органдардан және бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнен қажеттi ақпаратты сұратады және алады;

37) бағалы қағаздардың, оның iшiнде туынды бағалы қағаздардың бағаларымен айла-шарғы жасауға қызметтік, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпаратты пайдалану арқылы бағалы қағаздар нарығында мәмiлелер жасауға бақылауды жүзеге асырады;

38) заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн бередi, сондай-ақ оны беру және жоғалту тәртiбiн белгiлейдi;

39) бағалы қағаздар нарығының субъектiлерi туралы онда бар мәлiметтерді пайдалана отырып бағалы қағаздар нарығының мәселелерi жөнiндегi ақпаратты (коммерциялық, банктiк, қызметтiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi қоспағанда), сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының субъектiлерiне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;

40) бағалы қағаздар нарығын реттейтiн шетелдiк органдармен бағалы қағаздар нарығын реттеу жөнiнде қолданатын шараларды үйлестiру, бағалы қағаздар нарығындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мәселелерi және өзара мүдденi бiлдiретiн өзге де мәселелер бойынша өзара iс-әрекет жасайды;

41) қоғамның дауыс беретiн акцияларының отыз және одан көп процентiн бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алу ниетi туралы хабарлама ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;

42) акционерлiк қоғамдардың қаржылық есебiн баспасөз басылымында жариялау мерзiмдерiн айқындайды;

43) акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмi болуы тиiс мәлiметтердi айқындайды;

44) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн бағалау тәртiбiн айқындайды;

44-1) арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат алу тәртібін айқындайды;

44-2) арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;

44-3) арнайы қаржы компаниясының жаңа басқарушы агентке берілетін активтерін салыстыру тәртібін белгілейді;

44-4) үлгі кастодиан шартын әзірлейді және оның нысанын белгілейді;

44-5) кастодиан банктің арнайы қаржы компаниясының активтерін мақсатына лайық орналастыруға бақылау жасау тәртібін айқындайды;

44-6) арнайы қаржы компаниясының активтерін жаңа кастодиан банкке беру тәртібін айқындайды;

45) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеу жөнiндегi өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

16. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу мен қадағалауды жүзеге асыру мақсатында Агенттiк:

1) жинақтаушы зейнетақы қорын құруға , оның ерiктi қайта ұйымдастырылуына және таратылуына рұқсат беру шарттары мен тәртiбiн белгілейдi;

2) өзi белгiлеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы aктивтерін тарту және зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызметiн лицензиялайды, сондай-ақ лицензияны қолдануды тоқтата тұрады және жаңартады немесе оны қайтарып алады;

3) үлгi кастодиан шартының және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;

4) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, акционерлерiне қойылатын талаптарды белгiлейдi;

5) ҚР Президентінің 2006.22.05. № 119 Жарлығымен алып тасталды

6) өзі белгілеген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді (қайтарып алады);

7) пруденциалдық нормативтердiң тiзбесiн, олардың нормативтiк мәнiн, есептеу әдiстемесiн белгiлейдi;

8) жинақтаушы зейнетақы қорларының және олардың аффилиирленген тұлғаларының есеп беруiн ұсыну (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) тiзбесiн, нысандарын, мерзiмдерi мен тәртібiн белгiлейдi;

8-1) жинақтаушы зейнетақы қорларының бұқаралық ақпарат құралдарында есеп берудi (қаржылық және статистикалық есеп берудi қоспағанда) және өз қызметі туралы ақпаратты жариялау тәртiбiн белгiлейдi;

9) жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген тұлғалардың және жинақтаушы зейнетақы қорымен бiрге шоғырландырылған негiзде консорциумдарға және жай серіктестіктерге қатысатын ұйымдардың қызметiн реттеудi жүзеге асыру ережесiн белгiлейдi;

10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерiн келiседi;

11) жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн, жарғылық капиталды қалыптастырудың тәртiбiн және құрамын белгiлейдi;

12) агенттің жинақтаушы зейнетақы қоры алдындағы салымшылардың аударылған зейнетақы жарналары туралы есеп беру нысанын белгілейдi;

13) өзiнiң құзыретi шегiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және оларды тарату мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;

14) өзiнiң жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарынан және өзге ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажеттi құжаттарды сұратады және алады;

15) кастодиан банктiң жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн мақсатты орналастыруын бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды;

16) салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алу тәртiбiн айқындайды және зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргiзiлуiн және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) жеке зейнетақы шоттарында инвестициялық кiрiстiң есептелуiн бақылауды жүзеге асырады;

17) жинақтаушы зейнетақы қорларының сақталатын негiзгi құжаттарының тiзбесiн және оларды сақтау мерзiмдерiн айқындайды;

18) жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiн жүзеге асыруға қойылатын талаптарды белгiлейдi;

19) ашық жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс iстеп тұрған кезеңде оның дауыс беру құқығы бар акцияларының жалпы санының 25 процентiнен астамын тiкелей немесе жанама түрде иелену, билiк ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беру тәртібiн белгiлейдi;

19-1) өзі белгілеген тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына еншілес ұйым құруға және сатып алуға, жинақтаушы зейнетақы қорының басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат береді не рұқсат беруден бас тартады, сондай-ақ ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім береді;

20) өзi белгілеген тәртiппен жинақтаушы зейнетақы қорларын қайта ұйымдастыруға және ерікті түрде таратуға рұқсат береді;

21) жинақтаушы зейнетақы қорларын консервациялау туралы шешiм қабылдайды;

22) жинақтаушы зейнетақы қорын консервациялау кезiнде уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн реттейдi;

23) қайта ұйымдастырылатын немесе таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн, оның зейнетақы шарттары бойынша мiндеттемелерiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорына беру тәртiбiн белгiлейдi;

24) Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзылған жағдайда жинақтаушы зейнетақы қорына, оның аффилиирленген тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген ықпал ету шараларын, мәжбүрлеу шараларын қолданады;

25) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiне бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:

уақытша әкiмшiлiктi тағайындау тәртiбiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;

уақытша әкiмшiлiктiң есеп және өзгe ақпарат ұсынуына қойылатын талаптарды белгiлейдi;

жинақтаушы зейнетақы қорының құжаттары мен мүлкiн уақытша әкiмшiлiктен тарату комиссиясының төрағасына қабылдау-өткiзу актiсiн бекiтедi;

26) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып тарату комиссияларын тағайындайды;

27) тарату комиссияларының төрағаларына және мүшелерiне кандидатураларға қойылатын талаптарды белгiлейдi;

28) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларын тарату тәртiбiн және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды айқындайды;

28-1) ерікті таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктерін айқындайды;

29) өзi белгiлеген тәртiппен тарату комиссиясының қызметiн бақылауды жүзеге асырады, соның iшiнде:

мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;

ерiктi немесе мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;

тарату комиссияларының есеп беру және қосымша ақпарат ұсыну нысандарын, мерзiмдерiн және кезеңдiлiгiн белгiлейдi;

мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорын тарату туралы есептi және тарату балансын қарайды және келiседi;

тарату комиссиясының қызметiн тексередi және олар орындауға мiндеттi нұсқамалар шығарады;

зейнетақы қорының тарату комиссиялары төрағаларының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерiн қарайды, оларға Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жаза қолданады;

таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының кредиторлар комитетiн қалыптастыру және қызметiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;

тарату шығыстарының сметасын қалыптастыру және бекіту ерекшеліктері мен тәртібін белгілейді;

тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кіріс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргізу ережелерін орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерін, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткізу мерзімдерін айқындайды;

29-1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерінің жалпы жиналысына қатысу үшін өз өкілін жібереді;

30) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы ақпарат жариялау тәртiбiн белгiлейдi;

31) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн тексередi;

32) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттiк реттеу жөнiндегi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

  1   2

Похожие:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 12 наурыз №319 Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 тамыздағы №826 Қаулысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы»
Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconМемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже Жалпы ережелер
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi
Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің icon«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында кәсіптік бағдарламалар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20 тармақшасына...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жүйесін жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20 тармақшасына...
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница