Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы




НазваниеҚазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы
страница1/6
Дата конвертации20.01.2013
Размер0.56 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған

бағдарлама

Бағдарламаның құрылымы


1. Бағдарламаның паспорты

2. Кіріспе

3. Ағымдағы жағдайды талдау

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

6. Қажетті ресурстар

7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары



1. Бағдарламаның паспорты


Атауы


Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама).


Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы


Салалық бағдарламаны әзірлеуге және іске асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Мақсаты





ҚР-да мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды іске асу үшін заңнамалық және институционалдық негіз құру


Міндеттері


Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді орындау қажет:

МЖӘ саласындағы заңнаманы жетілдіру;

МЖӘ негізінде жобаларды дайындау және іске асыру үдерістерін тиімді жоспарлау мен басқару жөніндегі шараларды қамтамасыз ету;

халыққа қызмет көрсетудің сапасы арқылы жобаны іске асыру тиімділігін бағалау өлшемдерін белгілеу;

МЖӘ саласында мамандар даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету.

Іске асыру мерзімдері (кезеңдері)


Бағдарламаны іске асыру 2011 – 2015 жылдарға жоспарланған


Нысаналы индикаторлары


Көрсетілген міндеттерді шешу 2015 жылға қарай жалпы сомасы 900 млрд. теңгеден астам кемінде 15 МЖӘ жобасын іске асыруға мүмкіндік береді.


Қаржыландыру көздері мен көлемдері

Бағдарламаны іске асыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды талап етпейді


2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі –Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық даму – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.

Бағдарламаны әзірлеу қажеттілігі МЖӘ саласында мемлекеттік саясатты дамытуға негізделген.

МЖӘ әлемге кеңінен таралып, өзін қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға жеке кәсіпкерлік субъектілерін тарту бойынша тиімді де ықтимал тетіктердің бірі ретінде танытты.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін қолдану мемлекетке де, бизнесті дамытуға да бірқатар артықшылық береді. Жеке сектор үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше жаңа кіріс көздері, ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктері туады. МЖӘ мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында жеке меншік сектордың ресурстық және зияткерлік әлеуетін пайдалануды болжайды.

Халықаралық практикада МЖӘ-нің көпшілік мақұлдаған анықтамасы жоқ, жалпы МЖӘ тиісті шарттарда анықталатын тәуекелдерді, пайда мен шығындарды, құқықтар мен міндеттерді теңгерімді бөлу жағдайында мемлекет жауапкершілігінің дәстүрлі саласына жататын салалардағы мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығын білдіреді.

Халықаралық практикада МЖӘ-нің екі нысаны бөлінеді: институционалдық және келісімшарттық.

Қазақстанның көлік және энергетика секторында жобаларды іске асыру кезінде концессия шартының негізінде МЖӘ-нің келісімшарттық нысанын қолданудағы тәжірибесі мен заңнамасы бар.

МЖӘ тетігі бойынша қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асырудың құқық қолдану практикасын одан әрі кеңейту үшін Қазақстан осы саладағы құқықтық және институционалдық негізін жетілдіруі керек.

Осыған байланысты Бағдарлама мемлекеттің дәстүрлі жауапкершілік салаларында МЖӘ тетіктерін дамыту үшін шешімдерді талап ететін бірқатар маңызды міндеттер шеңберін айқындайды.

Бағдарламада МЖӘ тетігін пайдалана отырып, іске асырылатын жобалардың инвестициалық тарымдылығын арттыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған шаралар берілген.

3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. Саланың ағымдағы жағдайын, сондай-ақ аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалын бағалау
Әлемдік практика мемлекеттік ресурстардың шектеулігі жағдайларында объектілерді құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық базаны қамтамасыз етудің баламалы құралдарының бірі МЖӘ тетігі болып табылатынын көрсетіп отыр.

МЖӘ тетігін пайдаланған кезде мемлекет пен жеке сектордың өзара пайдалы ынтымақтастығының тиімділігін арттыру, ұсынылатын қызметтер сапасын көтеру, экономиканы әртараптандыру үшін қажетті инфрақұрылымды жеделдетіп жаңғырту мүмкіндігі пайда болады.

Халықаралық практикаға сәйкес нақты елде МЖӘ-ні дамыту үш кезеңді білдіреді: дайындау, енгізу және жетілдіру. Дайындау кезеңінде мемлекеттер халықаралық тәжірибені зерделейді, қолданыстағы заңнамаға талдау жасайды, МЖӘ саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты айқындайды және кей уақытта пилоттық жобаларды іске асыруды бастайды. МЖӘ-ні енгізу кезеңі мынадай бірқатар шараларды болжайды: заңнаманы қалыптастыру, әдістемелік нұсқаулықтар мен басшылықтарды әзірлеу, МЖӘ-нің мамандандырылған органын құру, МЖӘ-ні қолдану аясын кеңейту және т.б.

Жетілдіру кезеңі МЖӘ саласындағы белсенділіктің өсуімен және жобалардың күрделілік деңгейінің артуымен сипатталады. Осы кезең заңнаманы, сондай-ақ МЖӘ жобаларын іске асыру үлгілерін одан әрі жетілдіруді болжайды.

Осы уақытта Қазақстанда дайындық кезеңі өтті және МЖӘ-ні енгізу үдерісі басталды деп сендіруге болады («Концессиялар туралы» Заң қабылданды, концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құрылды, концессиялық жобаларды іске асыру басталды).

Қазақстанда МЖӘ тетіктерін қолданудың заңнамалық негізі концессиялар шарттары бойынша туындаған өзара қарым-қатынастарды реттеу бөлігінде 1991 жылы салынған.

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының бірінші Заңы Қазақстан Республикасының аумағында объектілерді шетелдік инвесторларға концессияға берудің ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық талаптарын реттеп берді.

«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы (бұдан әрі – Заң) 2006 жылы қабылданғаннан кейін мемлекеттік меншік объектілерін құру құқығын шетелдік инвесторларға ғана емес, алайда Қазақстан Республикасының резиденттері заңды тұлғаларға да беру мүмкіндігі пайда болды.

Заңда концессияның құқықтық талаптары концессионерді мемлекеттік қолдау мен оны жасасу үдерісінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу, концессия шарттарын орындау және тоқтату түрлері айқындалды.

Концессияны қазіргі заманғы анықтамасы – концессия шарты бойынша мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жақсарту және тиiмдi пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердiң қаражаты есебiнен мiндеттi түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билiк ету құқығын берiп, не онсыз, жаңа объектiлердi концессионер қаражаты есебiнен құру (салу) құқықтарын беру.

Үздік халықаралық практиканы ескере отырып, заңнаманы жетілдіру мақсатында 2008 және 2010 жылдары мемлекеттің бірлесіп қаржыландыруы түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді қоспағанда, концессия жөніндегі заңнамаға объектілерді концессияға беру бөлігінде мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту мен концессиялық жобалардың тартымдылығын арттыру, инфрақұрылымдық облигациялар шығару міндеттілігін алып тастау рәсімдері мәселелері бойынша бірқатар түзетулер енгізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда көлік және энергетика салаларында 5 концессиялық жоба іске асырылу сатысында:

1) «Шар – Өскемен станциясы» теміржол желісін салу және пайдалану;

2) Ақтау қаласының халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын салу және пайдалану;

3) «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр тарату желісін салу және пайдалану;

4) Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында газтурбиналы электр станциясын салу және пайдалану;

5) «Ералы – Құрық» теміржол желісін салу және пайдалану;

Осы объектілерді салуға болжамды инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 74 млрд. теңгені құрайды.

Концессия схемасы бойынша көлік және әлеуметтік салаларда жоспарлау сатысында шамамен 15 жоба бар, құрылысқа болжамды инвестициялардың жалпы көлемі 800 млрд. теңгеден астам.

Бастапқы концессиялық жобалар тәжірибесі МЖӘ тетіктерін қолданудың мынадай оң әсерлерін көрсетті:

инвестициялау үшін мемлекеттік маңызы бар объектілерге мемлекеттік емес қаржыландыруды тарту;

мемлекет пен жеке инвесторлар арасында жобаны іске асыру тәуекелдерін бөлу;

басқару функцияларын жеке инвесторға беру жобаны іске асыруды экономикалық тиімді басқаруды қамтамасыз ету;

инфрақұрылымды дамытуға қазіргі заманғы, тиімділігі жоғары технологияларды тарту.

Сонымен қатар, бір жағынан орталық және жергілікті атқарушы органдардың инвестициялық тартымдылықты, екінші жағынан, концессиялық жобаларды жоспарлау мен дайындау сапасын көтеруге қатысты бірқатар: әлеуметтік (білім және денсаулықты сақтау) және коммуналдық салаларда жобаларды іске асыруға кедергі жасайтын мемлекеттік қолдау шараларын дамыту сияқты; концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесін қайта қарау; тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен тәсілдерін қайта қарау; теңестіру, құнын есептеуді және бөлуді қамтамасыз ету cияқты мәселелерді пысықтау қажет.

Бұдан басқа, қоғамның мемлекеттік секторы ұсынатын сапалы қызметтерге қажеттілігінің өсу талаптары мен мемлекеттің жеткілікті қаржылық ресурстарының болмауы құқықтық және зияткерлік негіз құру жолымен ел экономикасының әртүрлі салаларында МЖӘ тетіктерін қолдану аясын кеңейту қажеттілігін айқындайды.
3.2. Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен тәуекелдерін талдау


Күшті тұстары


Әлсіз тұстары


1) мемлекет пен жеке сектор арасында тәуекелдерді, міндеттер мен құқықтарды теңгерімді бөлу;

2) мемлекеттік бюджетке жүктемені қысқарту;

3) билік ету құқығынан басқа (құрылыс салу және пайдалануға беру келісімшартынан басқа) мемлекеттік меншікке иелік ету және оны пайдалану құқықтарын беру;

4) МЖӘ объектісін ұстауға арналған мемлекеттік шығыстар ашықтығын арттыру (келісімшарт нормаларын қолданудың әсері және оператордың қарыз қаражатын алуы, яғни кредиторлар мониторингі);

5) оператордың қызметіне ықпал ету тетіктерін сақтау (жеке сектор);

6) жаңа технологияларды барынша жылдам енгізу;

7) тұтынушылардың мұқтаждарына арналған қызметтерді неғұрлым айқын бағдарлау;

8) қор нарығы және банк секторын дамытуды ынталандыру;

9) ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту;

10) шағын және орта бизнесті дамыту;

11) жеке сектордың мемлекеттік және жергілікті органдармен жасасатын ұзақ мерзімді келісімшарттары нысандарының алуан түрлілігі;

12) МЖӘ-ні пайдалану мынадай басымдылықтарды ұсынады:

мемлекет үшін:

- жеке сектордың біліктігі, тәжірибесі, технологиялары мен ноу-хау;

- бюджетке жүктемені азайту мақсатында жеке және халықаралық инвестицияларды тарту;

- инфрақұрылымның жедел қарқынмен дамуын және барынша сапалы қызметтер ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ету;

- жобаның құны мен іске асырылу уақытын қысқарту;

- тәуекелдердің бір бөлігін жеке секторға беру;

- капитал мен банк секторының ішкі нарықтарын дамыту.

жеке сектор үшін:

- жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше табыстың жаңа көздері;

- тәуекелдерді мемлекетпен бөлісу;

- ірі жобаларды басқару тәжірибесіне ие болу,

- жеке кәсіпкерлікті дамыту.

тұтынушы үшін:

- қызметтерді тұтынушылардың «баға-сапа» оңтайлы арақатынасын қамтамасыз ету;

- жобаны іске асыру нәтижесінде алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сапасын арттыру;

- қызметтердің қысқа мерзімділігі мен қол жетімділігі;

- жаңа жұмыс орындарын құру.

инвесторлар үшін:

- жаңа инвестициялық мүмкіндіктер және тиісінше табыстың жаңа көздері;

- инвестициялар салу кезінде төмен тәуекелдерді мемлекетпен бөлісу.

1) бюджеттік инвестициялармен салыстырғанда жоспарлау рәсімдерінің неғұрлым ұзақтығы;

2) нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты ұзақ кезеңге болжамның күрделілігі;

3) кейбір секторларда – тарифтік, лицензиялық және т.б. шектеулердің болуы;

4) ірі жобаларға инвесторларды тартудың күрделілігі;

5) инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қаржылық қолжетімділік;

6) МЖӘ саласындағы нормативтік-құқықтық базаның жетілдірілмеуі.


Мүмкіндіктер

Тәуекелдер

1) саяси қолдау;

2) халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау;

3) МЖӘ саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

4) елдің ұзақ мерзімді даму бағдарламаларын іске асыру;

5) энергетикада және көлікте концессияны пайдалану тәжірибесінің болуы;

6) жеке сектормен өзара

іс-қимылдың жаңа нысандарының пайда болуы;

7) МЖӘ саласында білім мен тәжірибе жинақтау және тарату;

8) жаңа жұмыс орындарын құру;

9) «Жоба жанындағы» инфрақұрылымды дамыту;

10) қол жетімді бағамен сапалы қызметтер көрсету;

11) халықаралық стандарттар, модельдер, әдістемелер және т.б. енгізу.

1) минералдық ресурстардың бағасына тәуелділікке және инфляция деңгейінің өсуіне байланысты елдің қаржылық көрсеткіштерінің нашарлауы;

2) МЖӘ саласындағы білімнің тапшылығы;

3) жаңа технологияларды пайдалануда білікті мамандардың жоқтығы;

4) стандарттардың үйлесімсіздігі.


Кестеде көрсетілгендей, МЖӘ тетігін қолдануда оған әсер ететін көптеген жағымды да, жағымсыз да факторлар бар. Жасалған талдау МЖӘ-нің дамуы үшін қандай қадамдар жасауға болатындығын және қандай проблемаларға назар аудару керектігін нақты анықтауға мүмкіндік береді.

МЖӘ қолданудың күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен тәуекелдерін салыстыра отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

салалық министрліктер мен жергілікті билік органдары МЖӘ-ні қолдана отырып, жобаларды іске асыруда ішкі факторларды және өзгеше басымдылықтарды пайдалана алады;

талдау барысында анықталған мүмкіндіктер болашақта МЖӘ-ні пайдаланудың күшті тұтастарына айналуы мүмкін;

көрсетілген әлсіз тұстары жақсарту жағына қарай түзетулерді талап етеді.

МЖӘ саласындағы білімнің тапшылығы сияқты қауіптер ерекше көңіл бөлуді талап етеді және оларды қорғау үшін тиісті стратегиялық әрекеттер жасау қажет.
  1   2   3   4   5   6

Похожие:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҚазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы
Лі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 шілдедегі №878 Қаулысы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы icon2011 жылғы 17 қазандағы №435 бұйрық Мемлекеттік мекемелер арасынан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҚазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама Мазмұны
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҚазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы iconҰлттық медицина қауымдастығыың президенті Айжан Бегайдарқызы Садықованың Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына пікірі
Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның жобасы ( бұдан әрі Мембағдарлама) бүгінгі...
Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған бағдарламаның құрылымы icon2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасының мониторингі жөніндегі жалпы есеп
Бағдарламалық құжаттың деректемелері: 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) қалалық...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница