Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі




Скачать 64.08 Kb.
НазваниеМіндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Дата конвертации20.01.2013
Размер64.08 Kb.
ТипДокументы
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі
Жалдамалы қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын агенттер қызметкерлерге төленетін кірiстен ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын есептейдi және ұстап қалады, және оларды жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке меншік нотариустар міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығы кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.

Арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын біржолғы талондар сатып алынатын әрбір отыз күнге есептейді және оларды өзінің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына аударады.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен ұсталатын және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында 10 жылға жетпейтiн қызмет стажы бар әскери қызметшiлер мен iшкi iстер органдарының қызметкерлерi үшiн мiндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының судьялары үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына судьяның ай сайынғы кірісінің он пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары республикалық бюджет қаражаты есебінен қосымша белгіленеді.

Ұстап қалынған міндетті зейнетақы жарналарын Орталыққа:

заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері мен шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа), сондай-ақ жеке нотариустар мен адвокаттар қызметкерлерге төлейтін табысынан - кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей.

Міндетті зейнетақы жарналарын аударуды қолма қол емес төлемдер жасау жолымен агентт жүргізеді.

Банктерде шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, адвокаттар, жеке меншік нотариустар мен арнаулы салық режимін біржолғы талон негізінде қолданатын жеке тұлғалар міндетті зейнетақы жарналарын,белгiленген тәртiппен тиiстi жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару үшiн банкке қолма-қол ақшамен салады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалу және төлеу мынадай ставкалар бойынша жүзеге асырылады, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланатын жеке меншік нотариустар мен адвокаттар материалдық, әлеуметтiк игіліктер немесе өзге де материалдық пайда түрiнде жұмыс берушi берген кiрiстi қоса алғанда, жұмыс берушi қоса есептеген ақшалай немесе заттай нысандағы ай сайынғы кiрiстiң он пайызы мөлшерiнде. Мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ай сайынғы кiрiс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының жетпіс бес еселенген ең төменгі мөлшерiнен аспауы тиiс. Міндетті зейнетақы жарналарын, оның ішінде берешекті аудару Орталыққа жүргізіледі. Орталық міндетті зейнетақы жарналарын міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарының сомасы Орталықтың шотына келіп түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде, МТ-100 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылады. Салымшының міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты және (немесе) МТ-102 форматындағы тізімде көрсетілген тіркелген әлеуметтік жеке коды болмаған кезде және (немесе) салымшының деректемелерінде қателер жіберілген болса, Орталық салымшының міндетті зейнетақы жарналарының сомасын агенттің шотына қайтарады.

Орталық күн сайын жинақтаушы зейнетақы қорларына алдыңғы операциялық күні тиісті жинақтаушы зейнетақы қорына жүргізілген төлемдер (сомасы мен салымшылардың саны) туралы үзінді көшірмені ұсынады

Заңды тұлға Орталыққа міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде данада қағазға шығарылған төлем тапсырмасын және екі данада жеке тұлғалардың тізімін банкке ұсынады. Төлем тапсырмасының бірінші данасы мен тізімінің бірінші данасы банкте қалады, төлем тапсырмасының екінші және үшінші даналары мен тізімнің бір данасы банктің қабылдағаны туралы белгімен агенттке қайтарылады. Жеке тұлғалардың тізімі әрбір жеке тұлға бойынша әлеуметтік дербес кодын, тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, жарнаның сомасын және ол үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылатын кезеңді (айды, жылды) қамтуы тиіс. Егер тегі, аты, әкесінің аты өзгерсе, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код берілуі үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған бұрынғы тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.


Әлеуметтiк аударымдар
Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi - төлеушi) - әлеуметтік аударымдарды есептеудi және Қорға төлеудi жүзеге асыратын жұмыс беруші немесе өзін-өзi жұмыспен қамтыған адам.

Әлеуметтік аударымдар - Қорға төленетiн, заңда белгiленген мiндетті төлемдер.

Әлеуметтік аударымдар ставкасы - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсінің шамасына қарай пайыздық қатынаспен көрсетiлген, Қорға төленетiн міндетті төлемдердiң тiркелген мөлшерi. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Бұл ретте, әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс тиiстi  қаржылық  жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетiн ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады.

Жұмыспен өзін өзі қамтыған адам­дар үшін олардың Қазақстан Республи­ка­сында және оның шегінен тыс жерлер­де бір айдың ішінде алуға тиіс (алынған) кіріс­терінен тұратын жиынтық табысы әлеу­меттік аударымдарды есептеу объек­тісі болып табылады. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнайы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке меншік нотариустар мен адвокаттар үшiн олардың алатын кiрiсi әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсi болып табылады. Бұл ретте әлеуметтiк аударымдар есептеу үшiн ай сайынғы кiрiс ең төмен жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады. Арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер үшiн әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн алынатын кiрiстің мөлшерi тиiсті қаржылық  жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетiн ең төмен жалақы мөлшерiне теңестіріледi

Қорға міндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушылары үшiн төлеуге жататын әлеуметтiк аударымдар:

2005 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 1,5 пайызы;

2006 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнiң 2 пайызы;

2007 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектiсiнiң 3 пайызы ;

2009 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4 пайызы;

2010 жылдың 1 қаңтарынан - әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5 пайызын құрайды;

Төлеушiлер әлеуметтiк аударымдарды Қорға Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық (бұдан әрi Орталық) арқылы есептi айдан кейiнгi айдың 25 күнiнен кешіктiрмей, олар үшiн аударымдар жүргiзiлетiн, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмдерiн қосып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен төлейдi.

Төлеушiлердiң әлеуметтiк аударымдарды банкке қолма-қол ақша нысанында енгiзуi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермерлік қожалықтар, арнайы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданатын шағын бизнес субъектілері, арнайы салық режимін патент негізінде қолданатын жеке кәсіпкерлер әлеуметтік аударымдар сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімдерде төлейді.

Орталық әлеуметтiк аударымдардың есебiн олар үшiн аударымдар жүргiзілетiн мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың ӘЖК базасында жүзеге асырады. Банктердiң Орталыққа ақшаны аударуы олар үшін әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген мiндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тiзiмiн қосып, MT-102 форматындағы электронды төлем тапсырмаларымен жүзеге асырылады. Әлеуметтік төлемдердi тағайындау кезiнде қатысу стажына есепке алынған кезеңге есептелген, артық төленген әлеуметтік аударымдардың сомасы қайтарылуға жатпайды.

Похожие:

Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconНақты түрде салымшылардың міндетті зейнетақы жарналарын екі және одан артық
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысында және зейнетақы төлемдерінің алушысында міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconЗейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconСұрақ: Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен жасалатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерімен есеп айырысу қалай жасалады? Жауап
Азақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 23-3-бабының 3-тармағына сәйкес кесте бойынша зейнетақы төлемдерінен аушыға ұсынылған...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconҚарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
Жұмыскерлерге еңбекақыны, жинақтаушы зейнетақы қорына жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң)
Төлеушілер 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін жинақтаушы зейнетақы қорларына есептеген, бірақ олар аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconЗейнетақы төлемдерiн алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы
«2012 – 2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қарашадағы Заңының 10-бабына...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconЗтмо-ның құрылымдық бөлімшелері мен Қр еңбекмині Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдарының тізбесі
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 ақпандағы n 111 Қаулысы
Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа салымшылармен (алушылармен) мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру...
Міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелуі iconМіндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы
Оса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудiң) және жинақтаушы зейнетақы қорларына...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница