Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі




Скачать 343.2 Kb.
НазваниеУдк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі
Дата конвертации20.01.2013
Размер343.2 Kb.
ТипДокументы
УДК 330.322

У 74

Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі

Усенбаев Т.М.к.э.н.

кафедра «Финансы» Каз УЭФМТ

Инвестиция - капиталдың ұдайы өндірісіне, оның кеңеюіне және қолдауына бағытталған ақша құралдарының жұмсалымы. Жалпы формада инвестиция – бұл қаржылық және метериалдық байлықтардың түрлі формаларына салынатын уақытша бос ақша қаражаты. Инвестициялық процесс ақша қаражатын қайта бөлу ретінде кез келген экономикада жүзеге асырылады, ақша құралдары барлардан, оны мұқтаж ететіндерге.

Инвестициялар нақты және қаржылық болып бөлінеді. Нақты инвестициялар – шаруашылық іс объектілеріне (өндіріс объектілерінің жаңа құрылысына, қайта құруға, техникалық қайта қарулануына, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюіне және т.б.), негізгі капиталға салынатын капиталдық салымдар болып табылады.

Нақты инвестициялар мемлекетпен және жеке меншік корпорациялармен жүзеге асырылады. Мемлекеттік инвестициялар аз табысты немесе өндірістің дотациялық салаларына бағытталады – инфрақұрылымға, әлеуметтік аясына. Мемлекеттік инвестицияларды қаржыландырудың қайнар көзі болып салық, ішкі және сыртқы қарыздар, мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық ісінен түсетін табыстар, жаңа ақшаның шығарылуы табылады. Жеке меншік инвестициялар өзіндік қайнар көздерімен бірге (амортизациялық шегерімдер, бөленбеген табыстар және т.б.), тартылған қайнар көздердің көмегімен де (несиелер және бағалы қағаздардың шығарылуы) өте үлкен ішкі қарымды иеленеді.

Инвестицияларды қаржыландыру операциялары банк арқылы (коммерциялық, инвестициялық,жинақтау) және үлкен қаржылық ресурстарды шоғарландыру мен оларды капиталдың жинақталуы үшін пайдалана алатын қабілеті бар банктік емес қаржылық ұйымдар - сақтандыру компаниялары, инвестициялық компаниялар, зейнет ақы қорлары арқылы жүзеге асырылады. Әрине, ақша ресурстардың жеткізушісі халық болып табылады.

Халықтың жинақ ақшасын үш топқа бөлуге болады: ағымдық; ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарларды сатып алу; кездейсоқ жағдайларға және кәрілікке.

Ағымдық жинақ ақша табыстың келуімен пайда болып, біртіндеп шығындалады. Олар табыстың әрбір келуімен толықтырылып, шығындалудың көлеміне қарай кеміп отырады. Бұл жинақ ақшаның жоғары өтімділік формасы.

Ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарларды сатып алуға жинақ ақша жоспарланған сатып алу құны ағымдық табыстан үлкен болған кезде пайда болады. Бұл жинақтардың өтімділігі ағымдық жинақтарға қарағанда кіші. Кейбір кезде жинақтардың мұндай түрлері тауарлардың тұтынуын тездететін тұтыну кредиттермен ауысады, ал жинақтардың өздері алынған ссуда немесе кредитті басу бойынша шығындар тобына орналасады.

Кездейсоқ жағдайларға және кәрілікке жинақ ақша өз сипаты бойынша ұзақ мерзімді. Ол тек қана ерекше жағдайларда қолданылады: аурулар, еңбек қабілетін жоғалту кезде, кәріліктің келгенде және т.б. Олардың жинақтау процессі біткенше, бұл жинақтаулардың өтімділігі аз болады. Олар ұзақ мерзімді қаржылық активтерге (акциялар, облигациялар, және т.б.) орналасу мүмкін. Инвестициялық жинақтау ақшалары тұтынуға керекті жағдайларға арналмаған. Мұндай жинақтаудың көлемі қоғамның жалпы өмір сүру деңгейімен, азаматтардың табыс деңгейімен байланысты. Мұндай жинақтау ақшаларының көбі бағалы қағаздардың әр түрлеріне салынады, оның ішінде акциялар да. Ақша қаражатына сұранысты мемлекет пен кәсіпкер ұсынады. Мемлекетке ақша өзінің инвестициялық программаларын және әр жылда пайда болатын бюджеттік дифицитті қаржыландыру үщін керек. Кәсіпкерлерге ақша негізгі қорларды ұдайы өндіруге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың кеңеюі үшін керек.

Нарықтық экономика жағдайында ең негізгі есептердің бірі бағалы қағаздар нарығын құру болып табылады, оның көмегімен ақша қаражатының қайта бөлінуі мен салалар арасында капиталдың ауысуы жүзеге асырылады.

Бағалы қағаздар бойынша операциялар – бұл Қазақстандық коммерциялық банктердің қызметіндегі жаңа элемент болып табылады. Нарықты экономикаға өтуден бұрын мемлекетіміздің банктері мұндай операциялармен айналысқан жоқ.

Коммерциялық банктердің пайда болуы бағалы қағаздарды сату және сатып алуды жүзеге асыру үшін алғы шарт болды. Қазіргі кезде қаржы нарығы түрлі мерзімдегі операцияларды жүргізу үшін жеткілікті дамуда, ол деген нарық аспаптарының мерзімді диверсификациясын еске алғанда. Қаржы нарығының бірнеше секторлары бар: ақша нарығы (кредиттік және депозиттік нарық), мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, жеке меншік бағалы қағаздар нарығы, валюталық нарық және акциялар нарығы. Бағалы қағаздар нарығының жұмысы мен ұйымдастыруында банктер ерекше орын алады. Бағалы қағаздар нарығы арнайы биржалардың қызмет аясы болып табылса да, бұл нарықта банктер маңызды рөл атқарады. Олар инвестор ретінде де, акцияларды, векселдерді, облигацияларды, чектерді және т.б. сату және сатып алуда делдал ретінде де шығады. Бағалы қағаз – бұл іс қағазды шағарған заң тұлғаға қарасты, іс қағазды иеленушінің мүліктік құқығын куәландыратын іс қағаз болып табылады. Бағалы қағаздардың ерекшелігі болып оның айналымдылығы, өтімділігі және тәуекелділігі табылады.

Айналымдылық – бұл бағалы қағаздың нарықта ұсыныс пен сұранысты (сатылатын және сатып алынып) шақыра алатын және кейбір кезде басқа тауарлардың айналымын жеңілдететін өзіндік төлеу аспабы ретінде шыға алатын қасиеті болып табылады.

Өтімділік – бұл нарықтық құнның кіші тербелуі және сату шығындары кезінде, бағалы қағаздың ұстаушысы үшін көп шығын әкелмей, оның тез арады сатылып және ақша құралына айнала алатын қасиеті.

Тәуекелділік – бұл бағалы қағаздарға инвестиция салу бойынша шығында қалу мүмкіндігі.

Сонымен, өзіне сәйкес ұйымдастырушылықты нарықты иеленетін ерекше тауар бағалы қағаз болып табылады.

Табыс алу мақсатында банктің инвестициялық қызметі екі бағыт бойынша жүргізіледі – бағалы қағаздарды сатып алу және нақты экономикаға салу.

Бағалы қағаздар нарығы бастаушы және қайталама болып екіге бөлінеді.

Бастаушы нарық – бұл қосымша капитал салымын тарту мақсатында кәсіпорындардың жаңа шығарылған бағалы қағаздарын сатуы.

Қайталама нарық – делдалдардың (дилерлердің немесе брокерлердің) айналымға шығарылған бағалы қағаздарын сату немесе сатып алу. Бастаушы нарықта сатылғаннан кейін ғана бағалы қағаздар қайталама нарыққа шығады. Бағалы қағаздардың өтімділігін және оларға қарасты инвесторлардың сенімділік деңгейін арттыру үшін қайталама нарықтар бағалы қағаздарды тез арада сату механизмін құрайды.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы күрделі процессті иеленеді. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады – жабық жазылудан бастап эмиссия бойынша мемлекеттік тіркеуге және шығару туралы жариялы түрде орналастыруға дейін. Бұрын ашылған фирмаға жаңа кәсіпорын ашу немесе қызметін кеңейту үшін өз капиталы және ішкі жинақтары жеткіліксіз болған кезде эмиссияға баруды мәжбүр етеді. Фирма бағалы қағаздарды шығарудың шарттарын өңдеп, оларды инвесторлар арасында таратады, ал оның орнына қажетті ақша құралдарын алады.

Компанияның барлық бағалы қағаздары бастаушы нарықта сатылғаннан кейін олардың өмірлерінде жаңа кезең басталады. Эмиссия кезінде инвесторлармен алынған қағаздар қайталама нарықта қайта сатылу мүмкін, бірақ ол эмитенттерге қосымша табыс әкелмейді. Бұл сатылумен брокерлік конторалар мен қор биржалары айналысады. Олар мұндай операциялардан үлкен табысқа иеленуі мүмкін.

Портфелдік инвестициялар – бағалы қағаздарды сатып алу үшін салынатын және өз құралдарын ұзақ мерзімді суддаларға ұсынуымен жүзеге асырылатын инвестициялар.

Банктің инвестициялық портфелі - белгілі бір мекеменің немесе ұйымның бағалы қағаздарына салынатын, сонымен қатар басқа қаржы-несиелік мекемелердің жедел салымдар түрінде салынатын банктің құралы.

Бағалы қағаздарға салынған инвестициялар иеленушіге дивиденд немесе пайыз түрінде табыс алуға құқық береді.

Нақты капитал - бұл бағалы қағаздарын тиімділік капитал деп атайды. Олар нақты капиталдың айналым шеңберінен тыс ерекше қозғалыстарға ие. Тек өзіне тәндік тауар сияқты тиімділік капитал белгілі бір нарықта өмір сүріп – қор биржасында – бағаны иеленеді. Бірақ бағалы қағаз құнға иеленбейтіндіктен, олардың нарықты бағасының қозғалысы нақта капиталдың өзгерісімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Бағалы қағаздардың бағасы бағалы қағаздар бойынша іргелі табысты көрсетеді. Ол бағалы қағаздардан түскен табысқа түзу пропорционалды және мемлекеттегі банктің пайыздық нормасына кері пропорционалды.

Тиімділік капитал көлемі мен шындық көлемі арасындағы айырмашылық құрылтайшылық табысты құрайды. Оны арттыру жолдарының бірі – кәсіпорынға салынған капиталдан асып түсетін сомаға акция шығару болып табылады. Бағалы қағаздың эмиссиясы нақты капиталдың өсу деңгейінен асып түседі. Бұл барлығына меншіктің акционерлік формасын таратумен және экономиканың милитаризациясы мен соғысына, ұлтаралық жанжалдарды басуға, инфляцияның күшейі кетпеуіне және т.б. жұмсалған өндірістік емес шығындарға байланысты мемлекеттік қарыздардың өсуімен түсіндіріледі.

Бағалы қағаздардың иеленушілердің көзқарастары бойынша, бағалы қағаздар “өз өзімен” пайда әкеледі. Тиімділік капиталдың дәулетсіздігі тартылған қаражатты мемлекет өндіріссіз жұмсаған кезде, мемлекеттік займдардың облигацияларында ерекше көрінеді. Бұл бағалы қағаздың формасы құнды иеленбеуімен қатар, ешқандай нақты капиталды көрсетпейді. Мемлекеттік займ облигациялары бойынша пайыздар салық есебінен төленеді.

Экономикалық цикл кезінде бағалы қағаздар эмиссиясының өсуі кәсіптің арттыру кезенінде, ал төмендеуі – дағдарыс уақытында болады. Бірақ бұл жалпыға ортақ заң, бізде ол толық қарқында жұмыс жасап тұрған жоқ.

Бағалы қағаздар нарығында мемлекет жиі қарызшы болып, ал кейбір кезде қарыз беруші немесе кепілгер болып шығады. Жеке меншік кәсіпорындарға қарағанда мемлекет ерекше орынды иеленеді, себебі бағалы қағаздың эмиссиясы, салық аспабы және ақшаның құнсыздану тәуекелділігіне қарсы кепілдік тек мемлекеттің қолында.

Бағалы қағаздар операцияларын мемлекет тарапынан бақылау қазынаның мұқтаждығын басу үшін бағалы қағаздар эмиссиясын қолдануға мүмкіндік береді. Бұның барлығы бақылап отырған қаржы капиталдың масштабын арттырады.

Тиімділік капитал мемлекеттің инвестициялық институттарына үлкен ақша қаражаттарын материалдық өндіріс аясын несиелендіру үшін жинауға мүмкіндік туғызады.

Сөйтіп, нарық шартында кез келген тауар сияқты, инвестиция да сұраныс пен ұсынысқа ие. Инвестиция сұранысы мен ұсынысының сипатын реттеуге болады. Мысалы, халықтың бос ақша қаражатының көп бөлігі үлкен өтімділік формасында шоғырланса, ақша қаражаты тез арада қолма-қол ақшаға айналуы мүмкін, ал сұраныстың барлығы ұзақ мерзімді және кіші өтімділікті иеленетін құралдарға бағытталады. Мұндай жағдайда инвестиция үшін жинақтарды реттеу жинақ иеленушілер үшін шарттар қоюмен жүзеге асырылу мүмкін, яғни банктік пайыздарды көтеру. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын максималды сұраныспен қамтамасыз ету үшін қайта бөлу және қиыстыру жүйесін құру керек. Бұндай жол делдалдардың, қаржы ресурстарының қозғалысын басқарушылардың және қаржы ресурстар нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтардың болуына рұқсат берушінің пайда болуын талап етеді.

Инвестицияларды басқару – белгілі бір экономикалық агенттердің тобымен жүзеге асатын ерекше экономикалық функция. Мемлекетте инвестициялық процесс неғұрлым кең болса, коммерциялық құрылымдар соғұрлым үлкен рөл атқарады. Мемлекеттік мекемелер инвестицияландыру процесінің реттеушісі функциясын атқарады, яғни мемлекеттегі инвестициялық процесті ынталандыратын жағымды шарттарды жүзеге асыру.

Нақты инвестициялар - өндіріс капиталға (ғимараттар, машиналар, құрылыстар, құрал-жабдықтар құрылысы информациялық және байланыс қорларды сатып алу және т.б.), үй шаруашылығына капиталдық салымдар. Бұның барлығы жылжымайтын мүлікке жатады.

Жылжымайтын мүлік – заңды және жеке тұлғалардың жеке меншігінде болатын жерлі және басқа да табиғи пайдалы жерлер, сонымен қатар жермен байланысты және оған бекітілген мүлік.

Жылжыйтын мүлік – жерге бекітілмеген және оған бекітілмеген мүлік. Оған ақша, бағалы қағаздар, қарыз міндеттері және тапсырыс қағаздары жатады.

Берілген жеке меншік топтастыруымен қатар экономикада да бұл түсініктердің топтастыруы бар. Олар: өндірістік және өндірістік емес қорлар, айналым құралдары және айналым қорлары, өндіріс факторлар және т.б.

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат дейміз.

Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін іске асыру және сол іске асырудың механизмі.

Табыс алу мақсатында көлемді кұрылымды белгілейтін шаруашылық шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында (кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәсіпорынның инвестициялық саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы: өңдірістің құрлымын жетілдіру, даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін жоғарлату.

Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамассыз ету керек, жаңа шаруашылық механизммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін байланыстыру және салымдардың ұтымды жолдарын қамтамассыз ету, елдің әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның нәтижелігін жоғарлату болып табылады.

Кәсіорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынандай шараларды қолдану керек:

  • экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің жолдарын табу;

  • пайданы көздеу;

  • жалпы шығындарды азайту;

  • мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны, гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;

  • дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;

  • инвестициялық тәуекелділік;

  • инвестицияның өтімділігі.

Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттын ерекшелігі техникалық қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу, инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар. Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық пай иемденушісіне бірдей құқық береді.

Резюме

В статье обозначена роль инвестиционных операции в рыночной экономике, раскрыта экономическая сущность, функции и необходимость инвестиционных операции. Показана эффективность использования инвестиционных операции на предприятиях.

Summary

Intergovernmental relations are a basic mechanism of regulation of movement budget’s funds between different levels of budget. That’s why perfecting of it is important aspect of modernization budget system on the whole.

Похожие:

Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconУдк 330. 322 Синдицированное кредитование как элемент внешнеэкономической деятельности
России явился экономический спад. Одной из его особенностей является снижение инвестиций в развитие. Отдача от инвестиционных вложений...
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі icon6 инновациялық экономика қызметіне инвестициялар тарту
Шетел капиталын тарту – ұлттық экономикадағы инвестициялық нарықты қалыптастырудың негізгі көзі
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconКіріспе тарау. Халықаралық еңбек бөлінісінің халықаралық экономикадағы алатын орны мен ролі
Республикасының халықаралық еңбек бөлінісінің алатын орны мен ролі
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconТақырып. Болжау мен жоспарлаудың ғылыми негіздері. Курстың әдісі, мазмұны және пәні. Нарықтық экономикадағы мемлекет
Болжау мен жоспарлаудың мемлекеттік функциясы мен шаруашылық субъектілері ретінде
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconИнвестициялық жобаға өтінім Өтінімде «Қазақстанның инвестициялық қоры»
«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-на (бұдан әрі-Қор) ұсынылатын инвестициялық жоба бойынша ұсыныстарды тіркеуге және қарастыруға...
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconИнвестициялық жобаларды талқылау ережесі
Кк қатысуымен бұл іс-шара, жер қойнауы саласындағы инвестициялық жобалардан басқа инвестициялық жобаларға қолданылады
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconУдк 330. 131. 7: 338. 22(571. 620) Обласов Андрей Александрович – зам коммерческого директора ООО «Дальстраж»

Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconI. хвқ келісімінің Баптарына сәйкес мәртебе
Арнайы рұқсат режимін ендіру, ұзарту туралы шешімді, сондай-ақ арнайы рұқсат болғанда ғана жүргізіле алатын операциялардың тізімін...
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconӘож 330. 34: 330. 341. 1 (574) Қолжазба құқығында
Республикасындағы ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі
Удк 330. 322 У 74 Инвестициялық операциялардың нарықтық экономикадағы алатын рөлі iconУдк 553. 97: 504. 058: 330. 4 Хархурина Анна Олеговна студент группы эп-м-10
Экономико-математическая модель оценки вариантов использования торфяных месторождений
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница