04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы




Скачать 46.84 Kb.
Название04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Дата конвертации20.01.2013
Размер46.84 Kb.
ТипДокументы


04-34

2009 жылғы 1 наурызға арналған

облыс бюджетінің атқарылуы туралы

2009 жылдың 1 наурыз айында облыс бюджетіне 18425,0 млн. теңге болжаммен 17571,3 млн.теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 10830,3 млн.теңге сомасында субвенция, нысаналы трансферттер түсті.

Меншік кірістер 95,1%-ға орындалды. Аягөз, Глубокое аудандары мен Өскемен, Семей қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (86,5%), әлеуметтік салық (83,4%), жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (94,3%), мүлікке салын салық (95,0%), акциздер (79,6%), жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем (94,3%) бойынша болжам орындалған жоқ.

Облыстық бюджеттің 2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 3190,0 млн.теңге болжаммен 3020,3 млн.теңге меншік кірістері немесе 94,7%-ға орындалды.






Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттер мен субвенцияларды ескере отырып, барлық деңгейдегі бюджеттерде бекітілген бағдарламаларды іске асыруға 16189,1 млн.теңге жұмсалды.

2009 жылы облыстың мемлекеттік мекемелерін ағымдағы ұстауға 15682,8 млн.теңге, дамытудың бюджеттік бағдарламаларына 506,3 млн.теңге бағытталды.

Облыстың білім беруге 5626,2 млн.теңге немесе 85,3% жұмсалды, соның ішінде:

- мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қолдау көрсетуге – 266,1 млн.теңге;

- облыстың қалалары мен аудандарындағы жалпы білім беруге – 4156,0 млн.теңге, соның ішінде мектеп, гимназиялар, лицейлер, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру профильді мектептер, мектептер-балбақшаларға – 3952,3 млн.теңге, мектеп-интернаттар – 43,8 млн.теңге, кешкі мектептер - 15,9 млн.теңге;

- техникалық және кәсіптік білім беруге – 468,3 млн.теңге, соның ішінде кәсіптік лицейлердегі мамандарды дайындауға – 253,9 млн.теңге, колледждерге – 24,5 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың 2 айындағы білім беру жүйесін ақпараттандыруға 16,3 млн.теңге жұмсалды.

Жетімдерді, ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды  әлеуметтiк қамсыздандыруға (балалар үйлер, баспаналар, отбасы үлгісіндегі  балалар ауылдары, патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) ұстау) 114,4 млн.теңге жұмсалды, ол 92,4%-ды құрады.

Облыстың денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларын іске асыруға өткен кезеңде 5948,9 млн.теңге жұмсалды: стационарлық медициналық көмек және шұғыл медициналық көмек көрсету, қан және оның құрамындағыларды өндіру, аналар мен балаларды қорғауға, салауатты өмір салты.

2009 жылы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға жәрдемақылар төлеу жүзеге асырылуда: тұрғын үй көмегі – 57,9 млн.теңге, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі – 63,8 млн.теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар – 73,5 млн.теңге көмек көрсетілді, соның ішінде жергілікті бюджет қаражаттары есебінен – 69,8 млн.теңге.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша игеру 97,2% немесе 43,5 млн.теңгені құрайды.

Білім беру объектілерін дамытуға облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен 807,4 млн.теңге жұмсау жоспарлануда, оның есебінен Бородулиха ауданы Бородулиха ауылы, Аягөз ауданы Ақши ауылы, Күршім ауданы Теректі-Бұлақ ауылындағы мектептер құрылысы жалғастырылып, Ұлан ауданының «Бәйтерек» балаларды сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.

Қамқорлықсыз қалған қарттар өмір сапасын жақсарту үшін 2009 жылы Зимовьев интернат-үйінің жаңа ғимаратының құрылысын бастау жоспарлануда.

2008 жылы облыстық бюджет есебінен дене шынықтыру және спорт объектілерін дамыту мақсатында Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы мұражай ғимаратын қайта жаңғыртуды жалғастыруға, Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы және Ұлан ауданы Молодежный кентіндегі спорттық модульдерін, Семей қласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын жалғастыруға 680,0 млн.теңге сомасында қаражаттар қарастырылды.

Ішкі істер органдарының базаларын нығайту үшін Өскемен қаласындағы облыстық жол полициясы басқармасының ғимаратының құырылысы мен қайта жаңғыртуды жалғастыруға қаражаттар жоспарланды.

Есепті кезеңде Зырян ауданы Серебрянск және Көкпекті ауданы Самар ауылындағы тазалау құрылыстарын қайта жаңғыртуды жалғастыруға 31,3 млн.теңге жұмсалды.

Облыстың автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеуді жүргізуге 119,1 млн.теңге, әуе және теміржол тасымалдауға 29,2 млн.теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен білім, денсаулық сақтау, спорт, сумен жабдықтау, жол, жылу-энергетика жүйесі объектілерін дамыту, тұрғын үй құрылысы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, аргоөнеркәсіп кешенін дамытуды одан әрі іске асыру үшін қаражаттар қарастыру жоспарлануда. Республикалық трансферттерді облыстық бюджетке енгізу облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 11/145-IV шешіміне сәйкес жүргізілетін болады.


2009 жылға республикалық бюджеттен дамытуға арналған ағымдағы нысаналы және нысаналы трансферттер «2009 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 10/129-IV шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыстық мәслихат сессиясының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 11/145-IV шешімімен 25907,9 млн.теңге түсті, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер -10892,7 млн.теңге, дамытуға арналған трансферттер 15015,2 млн.теңге, сонымен қатар, тұрғын салу және сатып алуға кредиттер – 1123,0 млн.теңге.

2009 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен облыс үшін 882,2 млн.теңге сомасынада нысаналы трансферттер мен дамытуға арналған нысаналы трансферттер қарастырылған, 1наурызда нақты республикалық бағдарлмалар әкімшілерінен 372,1 млн.теңге түсті, есеп беру кезеңінде 74,3 млн.теңгесі игерілді немесе республикалық бюджеттен бөлінгеннің 20%-ы.

Ағымдағы жылдың 2 айында ҚР Білім министрлігінен білім беру объектілерін салуға және қайта жаңғыртуға 510,1 млн.теңге сомасында трансферттер түспей қалды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегі мен ай сайынғы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге –7,0 млн.теңге, тегін медициналық көмекті қамтамсыз ету және кеңейтуге 12,9 млн.теңге, жол полициясының саптық бөлімшелері сыртқы қызмет қызметкерлерінің ақшалай үлесін ұлғайтуға -54,2 млн.теңге жұмсалды.


Похожие:

04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 мамырына арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 105,8%-ға орындалды. Барлық қалалар мен аудандар кірістер жоспарын орындады
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 сәуіріне арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 97,5%-ға орындалды. Өскемен қаласынан басқа, барлық қалалар мен аудандары кірістер жоспарын орындады
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 тамызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,3%-ға орындалды. Облыстық бюджеттен басқа, барлық қалалар мен аудандар кірістер жоспарын орындады
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 102,5%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 маусымына арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 100,9%-ға орындалды облыстық бюджеттен басқа, барлық қалалар мен аудандар бойынша кірістер жоспары орындалды
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 наурыздағы облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Меншік кірістер 110,1%-ға орындалды. Барлық бюджеттердің деңгейлері жоспарды орындады
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 ақпанға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Күршім, Үржар аудандары мен Семей, Курчатов, Зырян қалалары бойынша кірістер жоспары орындалмады. Төлем көздерінен ұсталатын жеке...
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 қарашаға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
...
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon2011 жылғы Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуы туралы АҚпарат
Республикасы Заңымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің» 125 бабына сәйкес 2011 жылғы облыс бюджетінің 1 қаңтарға...
04-34 2009 жылғы 1 наурызға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы icon04-34 2009 жылғы 1 шілдеге арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы (92,0%), азаматтарға пәтерлер сатудан түскен түсімдер (96,0%), жер телімдерін сатудан...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница