Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды




Скачать 453.84 Kb.
НазваниеАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды
страница1/3
Дата конвертации20.01.2013
Размер453.84 Kb.
ТипАвтореферат
  1   2   3
ӘОЖ 373.5.016.026.6:53 (574) Қолжазба құқығында

САРИЕВА АЙГҮЛ ҚАМЗАҚЫЗЫ

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының

физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі
13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Ғылыми жетекшісі

физика-математика ғылымдарының докторы Ерматов С.Е.

Ресми оппоненттер:

педагогика ғылымдарының докторы

Құрманов М.Қ.
педагогика ғылымдарының кандидаты

Қаймолдина Ә.Қ.


Жетекші ұйым


М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Диссертация 2009 жылы ____________ сағат _____Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.08.05 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-бөлме

Диссертациямен Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2009 жылдың ___________ таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ж.Ә. Шоқыбаев


КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Физика пәнінің мазмұны мен әдістемелік жүйесінің қоғам дамуының жаңа кезеңдерінде құрылымы жағынан да, мазмұндық жағынан да үнемі жетілдіріліп отырылуын отандық ғалымдардың да (С.Е. Ерматов, Қ.Жаңабергенов, Т.К.Кенжебаев, А.Б.Мәженова, Д.М.Қазақбаева, У.Қ.Тоқбергенова, А.Қ. Қаймолдина және т.б.), шетелдік ғалымдардың да (В.Г.Разумовский, Ю.И.Дик, О.Ю.Овчинников, А.В.Усова, т.б.) бірқатар зерттеу еңбектерінен аңғарамыз.

А.Е.Әбілқасымова, Л.С.Выготский, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.Н.Занков, А.Н.Леонтьев, Э.М.Мамбетакунов, М.И.Махмутов, С.Л.Рубинштейн және т.б. ғалымдар өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлғаны іс-әрекет үстінде қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын зерттеген.

Физика есептерінің мазмұны мен әдістемесі туралы (Р.И.Малафеев, В.Г.Разумовский,) алғашқы еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, әдістемесі жасалды. Соңғы жылдары мәселенің мән-жайы шығармашылық іс-әрекетті өндіріс орындарындағы техникалық қондырғыларды мектептегі физика-техникалық үйірмелерде модельдеп көрсету арқылы (В.П.Басаргин, В.Н.Косов, А.П.Смыслов), физика сабағында олимпиадалық есептер шығарту және физикалық есептерді өз бетінше көбірек орындату арқылы (Н.М.Евсеева, Л.М.Чечин О.Ю.Овчинников,), оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін (Б.Е.Акитай, Н.М.Зверева, М.С.Слепцова), компьютерлік техника негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру (Н.В. Разумовская Н. Керімбаев, М.Б.Шабад) жолдары қарастырылған.

Біздің ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдауымыз физиканы оқыту әдістемесінің үнемі жетілдіріліп отыратынын көрсетті. Алайда, қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әдістемесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды. Физикалық шығармашылық есептерінің оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін шығармашылық есептер арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы «Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі» атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты − шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.

Зерттеу нысаны – мектепте физиканы шығармашылық есептер негізінде оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні – мектепте шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру.

Зерттеу болжамы – егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.

Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:

− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.

− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.

− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.

− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.

− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.

− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылардың қызығушылығын арттырудың құралы болып отырған шығармашылық есептердің мазмұндық жүйесіне талдау жасау; шығармашылық есептерге қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтауда ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау; диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстарын әзірлеу; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; әртүрлі мазмұндағы шығармашылық есептерді құрастыру; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2002-2004ж.ж.) психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми зерттеу еңбектеріне жан-жақты талдау жасалды. Мұғалімдердің мектеп практикасында шығармашылық есептерді қолдану жағдайын, оқушылардың физикалық есептерді шығару қабілеттерінің бастапқы көрсеткіштерін айқындау үшін әлеуметтік зерттеу әдістері пайдаланды. Зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері анықталды. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері анықталды.

Екінші кезеңде (2004-2007ж.ж.) физиканы оқытуда шығармашылық есептерді қолдану негізінде мектеп оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдер анықталып, шығармашылық есептерді шығару біліктіліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың дидактикалық тұрғыдан әдістемесі жасалынды.

Үшінші кезеңде (2007-2009ж.ж.) зерттеу жұмысының негізгі бөлігі орындалды. Дайындалған әдістеменің мазмұны талданып, қызығушылықты арттыруда шығармашылық есептерді қолдану әдістемесін жетілдірудің тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілді. Зерттеу жұмысының қорытындылары және эксперимент нәтижелері өңделіп, әдістемелік нұсқаулар тұжырымдалды.

Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындары: Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 жан-жақты профилді гимназиясы, №86 мектеп гимназиясы, Шығыс Қазақстан облысының Аякөз қаласындағы №5 орта мектебі, Аякөз ауданының Ақшәулі орта мектебі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

-оқушылардың қызығушылығын арттыруда шығармашылық есептердің мүмкіндігі анықталып, олардың классификациялануы іске асырылды;

-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер жасалды;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалды;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған мәліметтер мұғалімдерге шығармашылық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Орта мектепте физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т.б.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

-физикалық шығарашылық есептердің классификациясы;

-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру бойынша эксперимент қоюдың нәтижесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеудің міндеттеріне сәйкес әдістерді пайдаланумен; зерттеу кезінде алынған қорытындылардың жалпы орта білім беретін мектептердің іс-тәжірибесіне сәйкестігімен; ауыл және қала мектептерінде жүргізілген педагогикалық эксперименттік жұмыстың кезеңділігімен, тиімді ұйымдастырылуымен және оның нәтижелерімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибеге енгізілуі эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу нәтижелері Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының жаратылыстану пәндерін оқыту лабораториясының мәжілістерінде (1994-1998ж.ж.), Алматы қалалық педагог кадрлардың білімін көтеру және қайта даярлау институтының ғылыми теориялық конференцияда (Алматы, 1999ж.), «ХХІ ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2001ж.), «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз дамудың 10 жылдығы» атты халықаралық конференцияда (Қызылорда, 2001ж.), «ХІ ғасырда орта білім беру: жайы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Астана, 2002ж.), ІІ Республикалық педагогикалық оқулардың материалдарында «ХХІ ғасырдағы орта білім: ізденістер, мәселелер, болашағы» (Алматы, 2004ж.), сондай-ақ баспа беттерінде жарияланған ғылыми еңбектерде, мектеп практикасында көрініс тапты.

Диссертация құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен тұжырымдамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т.б.) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.

Психологиялық-педагогикалық теорияларда қызығушылықты жіктеудің бірнеше түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т.б.

Психолог ғалымдардың (В.В.Давыдов, Б.М.Теплов, П.М.Якобсон және басқалары) еңбектерін салыстыра жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырдық. Төменде оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны көрсетілген (1-сурет).


жағымды сезімдер туғызатын нәтижелер (өз ісіне қанағаттану, шаттану және т.б.)

1-сурет-Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны
Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.

Қазіргі кезде мектепте физиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту теориясы ерекше орын алады. Дамыта оқыту үдерісінде міндетті түрде «жаңа өнім» - «жаңа нәрсе» алыну қажеттігі туралы ой жетекші болып табылады. Мұндағы «өнім» − білім, білік, материалды объект немесе олардың біреуі болуы мүмкін. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды. Мұнда алынған «өнімнің» қасиеттерін іс-әрекеттің мақсатында көрсетілген қасиеттерімен салыстырып, қасиеттер арасында өзгешеліктер болған жағдайда, оның себептері айқындалады. Құбылыстың күнделікті өмірде, тұрмыста, өндірісте және т.б. жерлерде қолдануын жан-жақты қарастырады.

Зерттеу жұмысында шығармашылық есептер арқылы физикаға қызығушылықты арттыру осы дамыта оқыту идеясы негізінде жүзеге асырылды. Көбіне орнындаушылық бағытын ұстанатын дәстүрлі және ойлау мектебі-дамыта оқыту әдістерінің салыстырмалы көрінісі төмендегідей (1-кесте).

1-кесте − Дәстүрлі және дамыта оқыту әдістемелерінің салыстырмалы көрінісі


Жүйенің сипаты

Дәстүрлі оқыту

Дамыта оқыту

Оқыту мақсаты

Білім, білік, машықтардың берілуі

Қабілетті дамыту

Интегративтік атауы

Есте сақтау мектебі

Ойлау мектебі, жаңалықтар практикасы

Педагогтың негізгі ұраны

Маған қарап орында

Қалай орындайтыныңды ойластыр

Мұғалімнің ролі

Ақпаратты тасымалдаушы, білімді үгіттеуші, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы

Оқу үдерісін басқаруда оқушының іс-әрекетін ұйымдастырушы, кеңесші

Мұғалімнің функциясы

Білімді беру

Оқушыны «өсіру»

Мұғалім мен оқушының қарым – қатынасының стилі

Монологты (мұғалім тарапынан)

Диалогты

Оқыту әдісінің басымдылығы

Ақпараттық

Проблемалық – ізденушілік

Сабақты ұйымдастыру формасы

Фронтальды, топтық

Дара, топтық


Физикалық шығармашылық есептерін жалпы үш түрге бөлу қабылданған. «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беретін зерттеушілік есептеріне және «Қалай істеу керек?» (В.Г Разумовский., Р.И.Малафеев) деген сұраққа жауап беретін құрастыру есептеріне. Одан кейінгі кезеңде шығармашылық есептерді тапқырлық есептер тобына ажырату пайда болды (Г.С.Альтшуллер). Мұнда физикалық эффектілердің үйлесімділігін пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтан теорияға көшу ұсынылады Одан кейін шығармашылық есептер оқыту үдерісіне қатысты «шығармашылық» ұғымымен бірге қарастырылып, толықтырылды.

В.Л. Данилов: «Кез-келген шығармашылық есептің кілті болып табылатын қандай да бір формула немесе схема болмайды. Дайын формуланың немесе кілттің болуы есептің шығармашылығын, жалпы шығармашылық ойлауды жоққа шығарған болар еді» деген пайымдайды. Егер шығармашылық есепті шығару үдерісі мұғалімнің ешбір басқаруынсыз жүргізілетін болса, онда бейберекетсіз іс-әрекеттерді тудыратын, нәтижесінде есепті шығарудың тәсілдерін іздеуден бас тартуға соқтыратын жағдай пайда болады. Ал мұндай жағдайлардың жиі қайталануы оқушылардың қызығушылығын ғана емес, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктерін туғызады.

Шығармашылық есептердің мазмұнымен және оларды орындау әдістемесімен айналысып жүрген физик-әдіскерлердің (В.П. Басаргин О.Ю. Овчинников, Д.В. Богоявленская, Н.Н. Тулькибаева, А.В. Усова) барлығына ортақ ой – шығармашылық есептің нақты анықтамасы жоқ. Есептің бір оқушы үшін шығармашылық, ал келесі бала үшін қарапайым болатынын үнемі есте ұстаған жөн. Оқу-танымдық іс-әрекеттің арқасында ғана оқушы әлемді, табиғатты, оның заңдарын танып білуінде жаңалықтар ашады, бірақ мұндағы айырмашылық − осы жаңалықтардың субъективтік сипатта болуы. Осы орайда іс-әрекетті бағалаудың критерийі ретінде жалпы «жаңашылдықты» емес, жаңашылдықтың тек білімге қатыстылары ғана алынады.

Есепті шығаруында оқушының өзі үшін жаңа болып табылатын жаңашылдыққа мұғалім үнемі назар аударып, оның іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы мен басқарылуына жауаптылықпен қарағаны жөн. Осы жерде, егер қарастырылып отырған есептің шешімін шығармашылық деп қарастыратын болсақ, онда физикадағы кез-келген есептің шығарылу нәтижесі шығармашылық болмай ма? – деген сұрақтың тууы заңды. Осы сұраққа жауап беру үшін келесі есептерді қарастырайық:

1) Изоляцияланған тұтқаға зарядталған металл шар бекітілген. Шариктің зарядын өлшеу үшін ондағы барлық зарядты толығымен электрометрге беру керек. Осыны тәжірибеде көрсетіңдер.

2) Қандай әдіспен зарядталған өткізгіштің барлық зарядын басқа өкізгішке беруге болады?

Осы екі есептің шешімдерін шығармашылық деп қарастыруға бола ма? Егер есептердің ұсынылып отырған шешімдерімен оқушы бұрыннан таныс болмаса, онда бұл сұраққа нақты жауап беруге болар еді. Шындығында, шешімі бұрын белгісіз болған кез-келген есептің (ол физикалық, математикалық, химиялық және т.б. болсын) шешімінің табылуы адам шығармашылығының нәтижесі болмақ. Ал, бұл шешімдердің бұған дейін белгілі болғандығынан ештеңе өзгермейді. Мұнда ең басты мәселе − шығармашылықтың белгісі ретіндегі жаңашылдықтың оқушы үшін субъективтік сипатта болуы.

Бірінші есептегі тапсырманы орындау оқушы үшін аса шығармашылық іс-әрекетті қажет етпейді. Себебі, есептің шартында жасырын немесе белгісіз жатқан физикалық заңдылық жоқ. Тапсырма әдеттегі іс-әрекеттер арқылы орындалады.

Екінші есеп қарапайым жолмен берілсе де, тапсырманы орындау үшін оқушыдан ақыл-ойдың және іс-әрекеттің кейбір амалдарын білуін қажет етеді. Мысалы, оқушы электр зарядының бөліну заңдылығын және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Оның үстіне есеп шартында керекті құралдар аталмайды, оны оқушы өз пайымдауынша таңдап алады.

Зерттеу жұмысымыз физика курсының «Электродинамика негіздері» бөлімі бойынша жүргізілді. Бұл бөлім келесі құрылымда (2-кесте) оқытылды: электромагниттік өріс және электр заряды туралы түсінік; өріс пен заттың электрлік және магниттік қасиеттерінің өзара әсері; ток заңдары мен электр тізбегі; электродинамиканың негізгі техникалық қолданылулары.
2-кесте − «Электродинамика негіздері» бойынша шығармашылық есептердің мазмұндық топтамасы




Есептер топтары


Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар

1.

Заттың түрлі құрылымдық формаларының ерекшеліктерін айқындайтын есептер

Электромагниттік өріс, электр заряды, ток заңдары

2.

Физикалық құбылыс пен объектілердің белгілері мен мәндерін айқындайтын есептер

Өріс пен заттың қасиеттері, заттың электрлік және магниттік қасиеттері және олардың өзара

әсерлері


3.

Компьютерге бағдарланған есептер


Электр өрісінің кернеулігін; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануында жалпы кедергіні; электр тогының энергиясының құнын есептеу; екі шаманың тәуелділігін негіздеу және т.б.



4.

Физикалық заңдарды меңгеруге бағытталған есептер


Зарядтың сақталу заңы; тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңы; Джоуль-Ленц заңы, Фарадей заңы, т.б.

5.

Физикалық теорияның негізгі қағидаларын айқындайтын, физикалық құбылыс пен объектілердің қасиеттерін түсіндіретін және теорияның пайдалануын тағайындайтын есептер

Электр, магнит өрісінің бар болуы; электр өрісінің потенциалдылығы; электр тогының түрлі ортада таралуы; электролиз заңының техникалық қолданысы және т.б.


6.

Приборлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастыратын есептер

Электр тізбегін құрастыру; электрөлшеуіш приборлар.

7.

Зерттелетін құбылыс пен объектілерді бақылауды ұйымдастыруға бағытталған есептер

Электр зарядының бөлінгіштік қасиеті; электр тогының жұмысы мен қуаты; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануы; электр тогының түрлі әсерлері және т.б.


Белгілі әдіскер Л.И Иванованың есепті шығаруға қатысты: «...есеп шығару сабағы көбіне оқушылардың бірсарынды іс-әрекеттерін қалыптастырып, оларды шаршатып жібереді…» деген пікірі орынды. Бұл ойды «Бүгінгі сабақта не өттің?» деген сұраққа көп жағдайда оқушының: «Ештеңе де, тағы да есептер шығардық» деп жауап беруі растайды. Осыған орай сабақта әртүрлі шығармашылық есептерді ұсыну сабақтың өне бойында оқушылардың қызығушылығының жоғалмауына мүмкіндік береді.

Оқытуда абстракциялау немесе нақтылау арқылы, тұрмыстық терминдерді физикалық түсініктермен алмастыру немесе керісінше, есеп мазмұнында берілгендердің құрамын (жасырын, толық емес, берілгендерсіз) және есептің шарты мен талабын өзгерту арқылы шығармашылық есептерді түрлі мазмұнда ұсынуға болады. Мұндағы есептің қиындық дәрежесі «айнымалы шама» ретінде: қиын деп саналатын есеп бір оқушы үшін оңай болса, керісінше, екінші оқушы үшін қиын болуы мүмкін.

Осы айтылғандарды негізінде физикалық шығармашылық есептердің мазмұнын құрастыруда келесі критерийлер басшылыққа алынды:

-шығармашылық есептер мазмұнының оқу үдерісінде проблемалық, дамыта оқыту принциптерін жүзеге асыратындай болып құрылуы;

-шығармашылық есептер мазмұнының оқу бағдарламасында берілген оқу материалынан асып кетпеуі;

-шығармашылық есептерді шығару үшін оқу бағдарламасынан тыс жатқан ұғымдардың және заңдылықтардың қажет болмауы;

-шығармашылық есептер мазмұнының бағдарлы болуы, яғни физикалық білімнің өндірістегі, өнеркәсіптегі, техникадағы, табиғат құбылыстарындағы, үй-тұрмысындағы орнын көрсету мен айқындау мақсатын көздеуі;

-шығармашылық есептер мазмұнының оқу материалының бірыңғай мазмұнымен тұтас байланыста болуы әрі оқушының дара-тұлғалық, психологиялық және іс-әрекеттік құрылымының ерекшеліктерін есепке алып іріктелуі;

-шығармашылық есептерді құрастыруда ғылым мен техника жетістіктері және алдыңғы қатарлы озық тәжірибе нәтижелерінің ескерілуі;

-шығармашылық есептер мазмұнының ақыл-ой мен іс-әрекеттің түрлі амалдарын меңгеруге мүмкіндік беруі.

Оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруына қажетті теориялық және практикалық біліктіктерге жасалған талдаулар негізінде және «…есепті шығару нақты ой операцияларынсыз мүмкін еместігін» (Браверман Э.М.) ескере отырып, енді шығармашылық есептердің шығарылуына қажетті амалдарына тоқталайық.

Талдау. Бұндай біліктікті төмендегі тектес тапсырмалар қалыптастыра алады:

-ұсынылып отырған объектілер немесе параметрлердің ішінен біреуін таңдау;

-есептің құрамындағы негізгі ойды бөліп қарау, математикалық қорытынды жасау, дәлелдеу, тарихи мәліметтерді атау және т.б.

-машиналардың, двигательдердің, беріліс механизмдерінің жұмыс жасау принципін ажырата білу; ал электрлік схемаларда – ток көзін, электр энергиясын тұтынатын құрылғыларды, өлшеуіш приборларды көрсету;

- есептің шартын талдау және “оқиғаға” қатысып отырған денелерді көрсету, олардың әрқайсысының қандай күйде болатынын суреттеу;

- байқалып отырған физикалық үдерісте себеп пен салдарды көрсету;

-жұмыстың анағұрлым маңызды кезеңдерін көрсете отырып, зерттеу жоспарын құру.

Жинақтау. Осындай біліктіктің қалыптасуына төмендегідей тапсырмалар себебін тигізеді:

-құбылыстардың түрлі аспектілері қарастырылатын жеке тәжірибелерден жалпы қорытынды жасау (мысалы, металдардың өткізгіштігінің температураға байланыстылығы);

-түрлі есептерді шешу үшін әртүрлі оқу жағдайларын туғызу; немесе реферат жазу.

Топтау. Бұл әдіс амалын орындауға мынандай тапсырмалар үйретеді:

-түрлі ақпараттық көзден алынған мәліметтерді, тұжырымдалар ішінен нақты үдерістерді сипаттайтындарын таңдап алу керек (мысалы, тізбек бөлігі немесе тұйықталған тізбек үшін Ом заңын таңдап алу);

-ұсынылып отырған физикалық жабдықтарды топтай білу -өлшеуіш приборларын бір топқа, физикалық-техникалық қондырғыларды екінші топқа жатқызу;

-шығармашылық есептерді шығару нәтижесінде алынған физикалық заңдардың, құбылыстардың, үдерістердің практикалық қолданылуын жан-жақты қарастыру (табиғаттағы, адам өміріндегі, тұрмыстағы, өндіріс пен техникадағы қолданыстарын);

Индукция. Бұл біліктік амалын мынандай тапсырмалар дамытады:

-бірнеше эксперименттер немесе бақылаулардан қорытынды жасау (мысалы, қайсібір физикалық құбылыстардың немесе оның пайда болу шарттары туралы);

-бір проблема бойынша келтірілген фактілерден қорытынды жасау;

Дедукция. Осы біліктікті қалыптастыру үшін мынандай тапсырмаларды орындаған пайдалы:

-теорияны пайдалана отырып, сөйлемді толықтыру (егер…), мысалы электрондық теорияға сүйене отырып, дененің қандай күйде болатынын болжау;

-теория негізінде оқушының қайсыбір қойылған мәселе бойынша өз ойын айтып, пікір таластыруы;

-шығармашылық есептердің берілу сипатына қарай оқушылардың түрлі долбарлар мен болжамдар ұсынуы;

Жалпылау. Бұл біліктікті қалыптастыруға мынандай тапсырмаларды орындау қажет болды:

-теорияның негізін (анықтама, ұғым, түсінік, идеалды модель және т.б.) ядросын (постулаттар, заңдар, тұрақтылар), салдарын (формула-салдар, практикалық қолдану және олардың байланысы) бөліп көрсете отырып, теорияның құрылымдық сызбасын жасау;

-есепті шығарудың құрылымдық логикалық жүйесін құру, яғни тапсырманы орындауда іс-әрекеттің «тізбегін» бастапқы жағдайдан шығарып түзу.

Оқушылар меңгеруіне тиісті практикалық біліктіктерге қатысты мына фактіге назар аударған дұрыс: практикалық біліктіктің көптеген амалдары жоғарыда аталған ой операцияларымен тікелей байланыста бірлесе өрбиді. Мысалы, эксперименттің орындалуы; в) өтіп жатқан өзгерістерді қалай тіркеу керектігі, яғни қай жерге қандай индикаторларды қою керектігі; индукция: мәліметтерді таңдап алу барысында басқа операциялармен қоса келесі амалдар орындалуы қажет: 1.Талдау а) тәжірибеде қандай компонентті ауыстыру, ал қайсысын тұрақты қалдыру керектігі, б) себептердің және салдарлардың қай жерде екендігін тағайындау үшін қорытынды тұжырымдау үшін; синтез: ақпараттық немесе ауызша жауап даярлау және т.б.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, есептердің мазмұнындағы қарама-қайшылықтарды шешудің логикалық ізденісті тудыратыны (Э.М.Браверман, А.С.Сиденко) жөніндегі ойды дамыта отырып, біз шығармашылық есептерді келесі түрлерге ажыраттық. Логикалық-ізденушілік, зерттеушілік, құрастыру және компьютерлік есептер. Мұнда логикалық есептерге шығарылуы үшін логикалық операцияларды керек ететін есептерді жатқыздық. Шығармашылық есептердің бұл түрі есептерді шығару үшін қажетті логикалық әдістерді меңгеру қажеттілігі айқындайды. Өйткені шығармашылық есептерді шығару кезінде ойлау үдерісінің логикалық және шығармашылық компоненттері анағұрлым қарқынды дамитын болады. Ұсынып отырған шығармашылық есептердің классификациялануы төмендегідей:

Логикалық-ізденушілік:

1. Белгілі салдарлар бойынша себепті табу.

2. Белгілі себептер бойынша салдарды жобалау.

3. Қайсыбір физикалық заңдылықты, құбылысты алуға жетелейтін шарттарды көрсету.

4. Өзгермелі шарттарда құбылыстың өту барысын болжау.

5.Құбылысты түсіндіруге арналған есептер.

6.Дәлелдеуге арналған есептер.

Зерттеушілік:

1. Құбылыстарды бақылау мен талдау.

2. Құбылысты эмпирикалық түсіндіру.

3. Табиғат құбылыстарын теориялық түрде түсіндіру.

Құрастыру:

1.Құрастыру идеясын ойлап табу.

2. Берілген схеманы жетілдіру.

3. Тәжірибені ойластыру және орындау.

4. Тәжірибенің жаңа нұсқасын ойлап табу.

Компьютерлік:

1. Есептің алгоритмін құру.

2. Екі физикалық шаманың функционалдық тәуелділігін тағайындау.

Физикалық шығармашылық есептерің мазмұны оларды оқытудың кез-келген кезеңінде пайдаланатындай етіп құрастырылды. Төменде осы кезеңдер туралы тоқталып өтейік.

Қабылдау − бұл оқушының құбылыстар немесе нысаналарды толығымен өз санасында сыртқы байланыстармен бірге бейнелеуімен сипатталатын білімді меңгеру үдерісі. Оқушыны оқу материалын қабылдауға даярлау үшін оларды нақты білімге ие болуға құштарлығын ояту керек. Бұл құштарлық шығармашылық есептердің дұрыс қойылуы арқылы туындайды, мұғалім оқушының ақыл-ой қызметін белсендіріп, жаңа материалды меңгеруге зерттеу тұрғысынан келуге жетелейтін түрлі сұрақтар мен проблемалық ситуациялар тудырып отырады.

Пайымдау кезеңінде логикалық-ізденушілік есептері қолданылды. Есептердің мазмұнында қамтылған сұрақтар арқылы оқушылардың іс-әрекеті оқу материалын жіктеп меңгеруге бағытталады. Пайымдау аналитикалық-синтетикалық іс-әрекеттермен байланысты, құбылыстардың өзара байланысының себеп-салдарын түсінуге үйретеді.

Білімді бекіту кезеңінде пайдаланатын есептер білімді түсінуге негізделген бекіту үдерісіне сай болады. Түсіну, есте сақтау − білімнің толық, мықты меңгерілуіне себептеседі. Ал бұл өз кезегінде бұрынғы білімді анағұрлым терең, жаңа қырынан түсінуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Осы кезеңде пайдаланатын шығармашылық есептер білімді кеңейтуге, біліктік пен машық-дағдыларды байытуға бағытталғаны жөн.

Білімді практикада қолдану кезеңі оқыту үдерісінде жетекші орынға ие, себебі оқушылардың есеп-тапсырмаларды орындаудағы жан-жақты іс-әрекеттері үлкен ақыл-ой қызметі арқылы жүзеге асады. Шығармашылық есептер алған білімді шығармашылықпен қолдануға және сол арқылы олардың қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. 3-кестеде осы есептердің оқыту кезеңдеріне сай мақсатты берілуін қарастырамыз.
3-кесте − Түрлі шығармашылық есептердің енгізілу мақсаттары


Оқыту үдерісінің кезеңдері

Логикалық-ізденушілік

Зерттеушілік

Құрастыру

Компьютерлік

Қабылдау

Проблемалық ситуацияларды туғызу. Жеке-дара, нақты құбылыстарды қабылдау негізінде жалпыны, маңыздысын табу

Жаңа, әлі белгісіз құбылыстар мен үдерістерді бақылауды ұйымдастыру

Меңгерілген оқу материалынын практикалық маңызын көрсету


Оқу материалын еске түсіру, қайталау

Пайымдау

Оқу материалын анағұрлым терең түсіну, ой операцияларын пайдалану: анализ, синтез, жалпылау, т.б.

Теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде құбылыстың мәнділігін түсіну

Есептің талабына сай практикалық амалдарға тоқталу

Алгоритмін құру машық-дағдыларның дамытылуы

Біліктік пен машықтарды игеру

Табиғаттағы құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде біліктік пен машық- дағдылардың қолдануы

Зерттеу біліктіктері мен машық дағдылардың қалыптасуы

Құрастырушылық біліктіктері мен машық-дағдылардың қалыптасуы

Қолданбалы программамен жұмыс жасаудың машық-дағдылардың қалыптасуы

Бекіту

Түсінуге негізделген оқу материалын есте сақтау, бұрынғы білімге анағұрлым тереңдеп бойлау

Алынған мен теориялық және тәжірибелік расталынуы

Практикалық жұмыстардың байытылуы

Білімнің жан-жақты қалыптасуы, тереңдеуі

Қолдану

Алынған білімнің шығармашылықпен қолдануы


Мұнда басқарушы әрекеттер мен басқарушы операциялар құрамына кіретін әрбір операция танымдық амалдармен шектеседі.

Әртүрлі логикалық ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуде оқушылар бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттері қалыптасып, физикалық түсініктердің мазмұны тереңдейді. Есептердің қолайлы іріктеліп, таңдалып алынуы оқушыларды әртүрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелейді, оқу материалын көзсіз жаттап алудан сақтандырады, физикалық ситуацияларды талдау біліктілігін қалыптастырады және есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңіреді.

Оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру бағытында «Мен экспериментатормын», «Физикалық құбылысты бақылау», «Ақыл-ойдың күресі», «Мен экономистпін» деп аталатын дидактикалық парақтар және басқа да түрлі материалдар дайындалды. Осы құралдарды пайдаланып өткен сабақтың әдістемесінен бір мысал келтірейік.

Алматы қаласының Ы.Алтынсарин атындағы жан-жақты профильді гимназиясының 8в сыныбында «Электр энергиясы. Токтың жұмысы» тақырыбындағы сабақта қарастырылған есепті шығару әдісі төмендегідей.

Сабақты жүргізуде 2-суреттегідей төмендегі блок-схема пайдаланды. Кабинеттегі 9 электр шамының түрлі уақытта жануына байланысты электр энергиясының шығынын есептеу. Электр энергиясының шығынының неге тәуелді екенін тағайындау



2-сурет −Есепті шығарудың алгоритмдік құрылымы
1.Есептің мазмұнында физикалық фактінің бар болуына байланысты мысалдар келтірілді: электр энергиясының бар болуы, оның күнделікті тұрмыста тұтынылуы; электр жабдықтарының пайдалануы және электр шығынын тағайындалған тариф негізінде төленетіні.

2.Осы деректерге орай сабақта нақты проблема қойылады:

Оқу кабинетінде тұтынатын 9 электр шамының түрлі уақытта жануына байланысты электр энергиясының шығынын есептеу. Электр энергиясының шығынының неге тәуелді екенін тағайындау. (Немесе, есепті «бірдей уақытта 9 шам жанғандағы энергияның шығынын 12, 18 шам жанғандағы шығынмен салыстырыңдар» деп күрделендіріп отыруға да болады).

3. Осы мәселені шешуде оқушылар бірнеше болжамдар айтады, мәселен, «шамдардың жану ұзақтығына орай көбірек құн төлейміз», «электр энергиясының шығыны шамдардың қуатының мәніне байланысты болады», «практикалық түрде бұл шығынды үйде қойылған есептегіш арқылы таба салған оңай» және т.б.

4.Оқушылардың болжамдарының ішінен ең дұрысы таңдалып алынады: «Шамдардың электр энергиясының шығыны уақыттың артуына байланысты сызықтық түрде артады».

5.Оқушылар арнайы программа арқылы ЭЕМ-да уақыттың түрлі мәндерінде орындалған есептеу амалдарын орындайды. Бұл үшін Excel программасында жұыс жасайды. Есептеуге қажетті формулалар мен шамаларды таңдап алғаннан соң, төмендегідей есептеулерді орындайды, тағайындайды. G=2B*2D*2E*2F

G=3B*3D*3E*3F

G=4B*4D*4E*4F

G=5B*5D*G =6B*6D*6E*6F

Enter

Оқушылар есептеулер нәтижесінде алынған келесі шамалар бойынша тәуелділік графигін салады.
4-кесте − есептеулер нәтижесінде алынған мәліметтер


Уақыт, сағ

4

6

8

10

12

14

Энергия шығыны, тг

19,1

28,6

38,2

43,7

52,1

66,9

6. Бұл кезеңде оқушылар алынған нәтиже бойынша физикалық заңдылықты тағайындап, негіздейді. «Бұл тәуелділік графигі токтың, электр энергиясының шығыны уақыттың өсуіне қарай артатынын көрсетеді. Пайда болған түзу сызық осы сызықтық тәуелділікті сипаттайды»

Бекіту кезеңінде «Экранда пайда болған график қандай заңдылықты көрсетіп тұр?», «Бұл заңдылықтан қандай қорытынды жасаймыз?», «Алынған нәтижелер бойынша қандай маңызды қорытынды жасауымызға болады?» деген сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары арқылы сабақ бекітіледі.

Оқушылардың жауаптары келесідей болуы мүмкін: «Күнделікті тұрмыста біз электр энергиясын ысыраптап пайдаланбауымыз керек, яғни электржабдықтарын тек мақсатты түрде пайдаланылған жөн», «Егер әрқайсымыз осы айтылғандарды ұстансақ электр энергиясын әжептеуір үнемдеген болар едік, экономикалық жағдайдың, жалпы энергия тапшылығының жақсаруына үлес қосар едік».

Айқындаушы эксперимент кезеңінде зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы анықталып, оның теориялық негізделуі жүзеге асырылды. Алынған диагностикалық сауалнама кезінде оқушылардың физикаға қызғушылығын, білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін олардың есептерді шығаруға қарым-қатынасын анықтау арқылы тексердік. Осы орайда 2002-2003 жылдар аралығында Алматы қаласында Ы.Алтынсарин атындағы №159 мектептің 10ә,в,г,ғ сынып оқушыларымен (91 оқушы) жүргізілген зерттеу жұмысының кейбір нәтижелерін келтірейік. Оқушылардың есептерді шығаруларында қажет тұтатын мотивтерінің есебін анықтауда алынған мәліметтер диаграммаларда (3-сурет) кескінделген. Мәліметтерді салыстыру барысында физиканы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажетті айқындалды.








а-сурет ә-сурет
3-сурет – Оқушылардың білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін физикалық есептерді шығаруға қарым-қатынасы анықтау

Мұнда - 1-мұғалім мен ата-ананың қолқалауы, 2-өз міндетін атқару үшін жұмыс жасау, 3-бағаға қажеттілік, 4-есеп шығаруда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге ұмтылыс, 5-есеп шығару үдерісіне қызығушылық, 6-есеп шығаруда нәтиже алуға ұмтылыс, 7-басқа да себептер.

3(а)-сурет әдеттегі оқыту барысының нәтижесі, ал 3(ә)-суреттегі нәтиже оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізгеннен кейін алынды. Екі диаграммадағы мәліметтерді салыстыру оқушылардың есепті шығаруында кездесетін қиыншылықтарды жеңуінің, физика есептерін шығаруға ықыласының артқанын және есеп шығаруға қызығушылықтарының өскенін көруге болады. Осы мәліметтер және оқушылардың басқа да сұрақтарға жауаптарын талдау мен салыстыру әдістерінің нәтижесі пәнге, білімге ықыласы төмен оқушыларды айқындап, педагогикалық эксперимент жүргізудің келесі кезеңдерін дайындауға негіз болып отырды. Сондай-ақ, осы кезеңде 8, 10 сынып оқушылары үшін есептерді шығаруға қажетті іс-әрекеттердің құрылымы жасалынды.

Келесі қалыптастырушы кезеңде қызығушылықты арттыруға себептесетін шығармашылық есептердің мазмұнын таңдауды анықтау мақсаты қойылды. Қызығушылықтың қалыптасуы мен жоғарылау жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері шығармашылық есептер шығару кезінде оқушыларға оқу және ақыл-ой әрекеттерінің амалдарын өзара байланыста меңгерту қажеттілігіне алып келді.

Эксперименттің үшінші кезеңі оқыту сипатында болды. Сынып мұғалімдері біз жасаған шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемелік нұсқауларымен қамтамасыз етілді. Бұл кезеңде мұғалімдер келесі негізгі бағыттарды ұстанды: ұсынылып отырған әдістеме арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын ояту; сол арқылы оларда шығармашылық есептерді орындауға ықыласының болуы, соңғы нәтижені алуға ұмытылуы; есептерді шығаруда оқушылардың іс-әрекеттерінің тізбектей дамуы; таңдап алған тақырып бойынша әрбір физикалық білімді шығармашылық есептерді шығарудың нәтижесі ретінде қарастыру; оқушының өзін жеңімпаз сезімін қамтамасыз ету, бұл оқушылардың берілген тапсырманы орындауда, яғни, нәтижеге жетуде өзіне сенімі артып, мақтаныш сезімге бөлейді; оқушының жұмысын бағалау оның жұмысының соңғы нәтижесіне емес, сол нәтижені алу үдерісі үшін қойылуы керек, ал бұл өз кезегінде оқушының өзін басқа оқушылармен емес, өзімен, өзінің кешегі күнімен салыстыруына мүмкіндік берді.

Эксперимент барысында оқушылардың шығармашылық есептерді шығару біліктіліктерін үнемі бақылап отыру міндеті қойылды. Осы міндетті шешу үшін 8, 10 сынып оқушылармен бақылау жұмыстары жүргізілді. Экспериментке 8-сыныптар бойынша 212 оқушы және 10-сыныптар бойынша 214 оқушы (барлығы 426 оқушы) қатыстырылды. Құрамы, дайындығы, үлгерімі мен оқушылардың физика есептерін шығаруға қарым-қатынасы (мотивтері) бойынша эксперименттік және бақыланатын топ сыныптары шамамен бірдей болды.

Эксперимент барысында шығармашылық есептерді шығаруда қалыптасатын біліктердің өзгерісін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бірнеші бақылау жұмыстары жүргізілді Оқушылар есептерді шығаруда келесі амалдарды меңгеруге тиісті болды (5-кесте).
5-кесте − Оқушылардың стандарт және шығармашылық есептерді шығаруында меңгеруге тиісті амалдар мазмұны


Амалдар мазмұны

Стандарт есептер

Шығармашылық есептер

Есептің берілгенін жазу.

Есептің шарты мен талабын көрсету.

Есептеу формуласын жазу.

Есепті жалпы түрде шығару.

Белгісіз шаманы табу.

Атаулармен жұмыс.

Есептің жауабын көрсету.


1.Есептің нысаны мен құбылыстарды көрсету

2.Есептің берілген сипаттамаларын көрсету.

3.Есептің шартын көрсету.

4.Физикалық құбылысты негіздеу.

5.Есепті шығарудың болжамын ұсыну.

6.Қажетті суреттерді, сызбаларды орындау.

7.Есепті шығарудың нақты тәсілін көрсету.

8.Есептің мазмұнына, объектілерге талдау жасау.

9.Есеп нәтижесін логикалық өңдеу.

10.Тапсырманың экспериментте орыналуы, жұмыс жоспарын белгілеу.

11.Құбылыстың, объектінің практикалық қолданысын тағайындау.

12.Есептің алгоритмін құрастыру.

13. Физикалық шамалардың функционалдық тәуелділігін

графикалық тәсілмен тағайындау.

Алғашқы екі тексеру жұмысы 8-сыныпта «Электр кедергісі», «Электр аспаптарының жұмыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыптарын өткеннен соң жүргізілді. Ал 3,4 тексеру жұмыстары 10-сыныпта «Электр заряды және электромагниттік өріс», «Металдардағы электр тогы» тарауларын өткеннен соң жүргізілді. Бақылау тапсырмаларына екі шығармашылық, екі репродуктивті есептер қамтылды.

Әрбір бақылау жұмысының нәтижесін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер бойынша оқушылардың шығармашылық есептерді шығару біліктіктері анықталды (4-сурет).




4-сурет - Бақылау жұмыстарының нәтижелерін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер
Графиктен шығармашылық есептерді үнемі шығару есептің мазмұнын талдауға: оның пәнін, оның берілу тәсілін түсіндіруге, берілген шамалар мен есеп шартын көрсетуге, қажетті суретін салу біліктерін қалыптастырғанын көреміз. Шығармашылық есепті шығаруға қажетті негізгі амал: болжам айта алатын, берілген есепті шығарудың бірнеше тәсілін айтатын оқушылар саны әжептәуір артқан.

Оқушылардың пәнге қызығушылығы олардың оқу-танымдық іс-әрекеттері мен білім деңгейіне сәйкес (Г.И.Щукина) анықталатындығы, бізге оқушылардың үлгерім сапасын үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік берді. Осы мақсатта Алматы қаласындағы №159 мектептің 8-сынып оқушыларының (91) және № 86 мектептің 10-сынып оқушыларының (89), Аякөз қаласының №5 мектебінің 10-сынып оқушыларының (90) физика пәні бойынша үлгерімі тексеріліп отырды. Тексеру жұмыстарына танымдық теориялық тапсырмалар мен шығармашылық мазмұндағы есептер қамтылды.

6-кестеде оқыту үдерісіне шығармашылық есептерді енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі оқушылардың үлгерімі кескінделген.
6-кесте − Оқушылардың үлгерімінің салыстырмалы көрсеткіші



Мектептер, сыныптар

4 (жақсы) және 5-ке (өте жақсы) оқитын оқушылар санының артуы ( %)

Тексеру жұмыстары

1

2

3

4

5

№159 мектептің 8-сыныптары (91-оқушы)

9

14

25

30

33

№ 86 мектептің 10-сыныптары (89-оқушы)

10

13

23

27

29


№5 мектептің 10-сыныптары (90-оқушы)

8

11

19

24

26


Кестедегі көрсеткіштер шығармашылық есептерді шығаруда оқушылардың физика пәніне қызығушылықтарының артуын үлгерім сапасының жоғарлауымен түсіндіреді.

Жалпы эксперименттік жұмыстың нәтижесін талдағанда оқушылардың физика пәніне қызығушылығы оянып, теориялық білімдерімен қоса практикалық жұмыс жасау дағдыларының да артқаны анықталды.
  1   2   3

Похожие:

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясында орындалған

Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының қазақ және шетел музыка тарихы кафедрасында орындалды
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвторефераты Қазақтан Республикасы Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconДиссертация авторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2009
...
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвтореферат ы қазақстан Республикасы Алматы, 2010 Жұмыс Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында орындалды
Студенттерді компьютерлік технологияны кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлаудың теориялық және практикалық негіздері
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2008 Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық униветситетінде орындалды
Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық шарттары
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ғылыми Кеңесінің 2010 жылғы 26 мамырдағы №5 хаттамасымен ұсынылған
Авторефераты қазақстан Республикасы Алматы, 2009 Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды iconАвторефераты Қазақстан Республикасы Алматы, 2010
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница