Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес




Скачать 54.51 Kb.
НазваниеҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Дата конвертации20.01.2013
Размер54.51 Kb.
ТипДокументы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес

ҚАУЛЫСЫ
Алматы қ. 24 мамыр 2010ж.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау бойынша ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің Алматы облысымен Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы жұмысы туралы.

ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің Алматы облысымен Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығы А.С.Бегмановтың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының орындалуы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің сақталуы бойынша есебін тыңдап, талқылап Тәртіптік Кеңес ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарының және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің сақталу талаптарының орындалуы бойынша инспекция тарапынан жұмыстар атқарылып жатқанын атап көрсетті.

ҚР «Сыбайлас жемқорлықа қарсы қүрес туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында жемқорлыққа қарсы күрес өңірлік бағдарламасының II кезеңін жүзеге асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары әзірленді.

2009 жылы Алматы облысы мен Алматы қаласында жер заңдылығы бұзылуы бойынша бес мыңнан аса фактілер тіркеліп 108,7 млн теңге айыппұл салынды. 700 жер телімінің жаулауы тоқтатылды.

Инспекцияның 17 қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылып, инспекция қызметкерлерінің 60 пайызын құрайды. Ескерту түрінде заң бөлімінің бастығы Т.Н.Қабышев, заң бөлімінің бас маманы А.А. Түлепов, Алматы қаласы жерді қорғау және мемлекеттік орындалуды бақылау бөлімінің бас мамандары А.Ж Әмірбаев, К.К. Сәрсенов, М.О.Қалыбеков, А.Есжанұлы, Д.Б Сәдіров, Б.Б.Ақылбеков, Г.А.Тұрдиев, қаржы - ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Ж.А.Тойғараев, сөгіс түрінде - Алматы облысы жер қорғау және мемлекеттік орындалуды бақылау бөлімінің бастығы А.А.Жолдағұтов, жер қорғау және мемлекеттік орындалуды бақылау бөлімінің бастығы Д.С. Тәнеке, Алматы қаласы жер қорғау және мемлекеттік орындалуды бақылау бөлімінің бас мамандары - Е.Н.Касабеков, Г.К.Наурызбаев, К.К.Сәрсенов, қатаң сөгіс түрінде - Алматы облысы жер қорғау және мемлекеттік орындалуды бақылау бөлімінің бас маманы Н.Н.Темірбаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қызметкерлердің жеке істерінде жазбаша шектеулерді қабылдау туралы міндеттемелер, сондай-ақ, кіріс жөнінде декларацияларды тапсыру туралы анықтамалар бар.

Тексеріс барысында 592 жеке тұлға және 2030 заңды тұлғалардан өтініш түсіп, басшымен 101 және орынбасарлармен 10 азамат қабылданды.

Мемлекеттік және орыс тілдерінде Ар-намыс кодексінің мәтіндері орналасқан және сенім телефоны көрестілген стенд жасалған. Сенім телефонына тексеріс мерзімінде қоңырау шалынбаған. Мемлекеттік қызметкерлердің этикасын бақылау Кітабы ашылған.

Мемлекеттік және жергілікті басқару институтында 29 мемлекеттік қызметкерлер оқуға қатысты.

Сондай-ақ, ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің Алматы облысымен Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы жұмысында сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес және ҚР мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін іске асыру жөнінде кем тұстары мен жіберген кемшіліктері бар.

Тексеріс барысында аппаратта 22 қызметкер ауысты, олар 2008ж.-12, 2009ж.-6, және 2010ж. - 4, оның ішінде 5 басқа мемлекеттік органға ауысты, өз еркімен жұмыстан шыққаны 15 қызметкерлер, зейнеткерлік жасқа келген 1 қызметкер.

Қала прокуратурасы материалдарына сәйкес инспекциямен 2009 жылы 1 тоқсанында қала аумағында кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерге 19 заңсыз жоспарлы тексерістер жүргізілген.

ҚР жер заңнамаларын сақтау бойынша «Нұр Отан» ХДП АҚФ бірлесе отырып құқықтық жұмыстарды көздейтін 2009 жылдарға арналған Алматы өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-шараларының 4 тармағы орындалмауда.

Қазақстан Республикасы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану ережесінің 12 тармағын бұзып 9 қызметкерлерден түсініктеме алынбай тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 17 мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы бұйрықпен таныстырылмаған.

2009 жылға қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жоспары бекітілмеген.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 20 қаңтардағы № 4 «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасап, тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың есебін жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығының 19 тармағы бұзылып, 2 конкурсант және 4 қызметкерлерді ауысу тәртібімен басқа мемлекеттік органдардан тағайындау кезінде сұраныстары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы есеп және құқықтық статистика Комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасына жіберілмеген.

Ереженің 23-2 тармағын бұзып, конкурс комиссиясы 2008 жылы конкурс өткізу кезінде әр бос лауазым үміткеріне бірдей деңгейде қойылатын сұрақ тізімі бекітілмеген, әр үміткермен сұхбат жеке хаттамамен толтырылмаған.

Аттестациялау комиссиясы мүшелерімен бағалау парақтары толтырылмай Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігі Төрағасының «Аттестациядан өтуге міндетті әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге қызметтік мінездемені және аттестация парағын бекіту» бұйрығы бұзылды. Аттестациядан өтуге міндетті 9 қызметкерлерге қызметкерлік мінездеме толтырылмаған. 1 қызметкер берілген мінездемемен таныстырылмаған.

Ереженің 25-1 тармақшасы бұзылып, Алматы қаласы мемлекеттік орындалуды бақылау және жер қорғау бөлімінің маманы А.Б.Қоқымбаев 2009 жылғы сәуір айында тестілеуді өту барысында төмен деген баға алып, тек 22.09.2009 ж. қайта өтті.

Инспекция кадр қызметкерлері 2008 жылдың шілде айында уақытша міндетін атқарып жүрген 2 қызметкердің шектеуді қабылдағанын өз уақытында бекітілмеген ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 8 бабы бұзылған.

Инспекцияда тиісті деңгейде құқықтық сараптама өткізілмейді, жеке қолдану актілерін дайындау кезінде тиісті заңнамаға сілтеме жасалмайды.

20.10.2008ж. №7747 Тянь-Шань көшесіндегі №9 үй тұрғындары өтінішіне жауап әлі күнге дейін берілмеген, осындай жағдайда С.Тюменованың № 1076 20.10.2008ж., Бекмаханованың №1105 30.10.2008ж., М. Кузнецованың № 1071 20.10.2008ж. өтініштері қаралуда, осымен ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңының 8 тармағын бұзу фактілері анықталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің облыстар және Астана мен Алматы қалаларындағы Тәртіптік Кеңестер туралы» ереженің 3 тармағы мен 7 тармағын басшылыққа ала отырып Тәртіптік Кеңес


ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. ҚР жер ресурстарын басқару Агенттігінің Алматы облысымен Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы бастығы А.С.Бегмановтың ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарының орындалуы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексінің қызметкерлер тарапынан сақтау жөніндегі есебі назарға алынсын.

2. инспекцияға:

  • Алматы қаласы Тәртіптік Кеңесі комиссиясының тексеруі барысында анықталған ескертулерді жою жөнінде іс-шаралар жасасын;

  • ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 28 бабына сәйкес тәртіп бұзушылық жіберген кінәлі тұлғалардың жауапкершіліктері туралы мәселе қарастырылсын;

  • тәртіпті нығайту және қызметшілерінің ҚР сыбайлас жемқорлықа қарсы күрес заңнамасы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі талаптарын сақтауы жөнінде қосымша шаралар қолданылсын;

  • жер заңнамаларын сақтау бойынша «Нұр Отан» ХДП АҚФ бірлесе отырып құқықтық жұмыстарды күшейту;

  • ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын және өтініштерін қарастырудағы кемшіліктер жойылсын;

  • мемлекеттік қызмет туралы, сыбайластыққа қарсы заңнамаларын және жеке қолдану актілерін дайындау мәселелерін түсіндіру жөнінде семинар-кеңестер өткізілсін;

3. Алматы қаласы Тәртіптік Кеңесіне 2010 жылдың 20 шілдесіне дейін қаулының орындалғаны туралы ақпарат берілсін.

4. Қаулының орындалуын бақылау Тәртіптік Кеңес хатшылығына жүктелсін.


Төраға М. Қасымов

50-п от 24.06.2010г.

Похожие:

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
«Холдинг Алматы Су» мкк бас директорының Қр мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қалалық Тәртіптік Кеңесінің 2008...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Митеті Бақылау және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»,...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңын және Қазақстан Республикасының мемлекет қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін орындау бойынша...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің алматы қаласы бойынша тәртіптік кеңес отырысының КҮНТӘртібі
Алматы қаласы Жетісу ауданы Әкімінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексін сақтауы және сыбайлас...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқарма басшысы – Тәртіптік кеңес төрағасының
Тәртіптік кеңес хатшылығымен Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес
Азақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын орындау және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconБасты міндет – мемлекеттік қызмет саласындағы құқықбұзушылыққа жол бермеу
Көкпекті ауданына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің ШҚО бойынша тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы қаласы бойынша басқармасының бастығы Алматы қаласы тәртіптік кеңесінің төрағасы М. Е
Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясында» Қр президентінің «ҚР қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және...
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Тәртіптік Кеңес icon25 қаңтарда облыстық "Индустриальная Караганда" басылымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы-Тәртіптік кеңестің төрағасы Е
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасымен жергілікті атқарушы органдардың кадр қызметкерлерінің...
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2017
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница