Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)




Скачать 11.42 Mb.
НазваниеКодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
страница4/79
Дата конвертации15.11.2012
Размер11.42 Mb.
ТипКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

628-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды

627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі

628-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімділігі

629-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі

630-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды

631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру

632-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіз

633-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы

634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

636-бап. Салық қызметі органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберілуі

637-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

638-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім

§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау

639-бап. Жалпы ережелер

640-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

641-бап. Ақпарат көздері

642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

643-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау

90-тарау. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі

644-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

645-бап. Жалпы ережелер

646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою

647-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу

648-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің мазмұнына қойылатын талап

650-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

651-бап. Мемлекеттік тізілім

652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау

91-тарау. Салықтық бақылаудың өзге де нысандары

653-бап. Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау нысанында акцизделетін тауарларды бақылау және акциздік постылар белгілеу

654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

655-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау

656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау

92-тарау. Салық төлеушілерге көмек

657-бап. Салық төлеушілерге көмек

658-бап. Салық заңнамасын насихаттау

659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру

660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту

661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету

662-бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар

663-бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету

665-бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі

21-бөлім. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау

93-тарау. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар

667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

670-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

673-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің нысаны мен мазмұны

674-бап. Жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым берудің салдары

675-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

94-тарау. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібі

676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган

677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі

678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен мазмұны

679-бап. Шағымды қараудан бас тарту

680-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымды қарау тәртібі

681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару

682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары

685-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

95-тарау. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі

686-бап. Шағым жасау құқығы

687-бап. Шағым жасау тәртібі

688-бап. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.

3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.

5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі

Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі

Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

7-бап. Салық салудың әділдігі принципі

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.

8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі

Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

10-бап. Салық саясаты

Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес

1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.

2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

12-бап. Осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар

1. Салық салу мақсатына орай осы Кодексте қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) ақпаратты өңдеу жөнінде көрсетілетін қызметтер – ақпараттық массивтерді жинау мен қорытуды, жүйеге келтіруді жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының билік етуіне беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;

2) арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлері мен жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;

3) бағалы қағаздар – акциялар, борыштық бағалы қағаздар, депозитарлық қолхаттар, пайлық инвестициялық қорлардың пайлары, ис¬лам бағалы қағаздары;

4) басқа да міндетті төлемдер – уәкілетті мемлекеттік органдардың заңдық мәні бар іс-әрекеттер жасағаны, мемлекеттік меншіктегі объектілерді пайдалану және мемлекет берген қызметті жүзеге асыру құқығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат беру үшін бюджетке белгілі бір мөлшерде жүргізілетін міндетті ақша аударымдары (кеден баждарын қоспағанда, төлемақы, алымдар, баждар);

5) бересі – салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалатын бөлігінде көрсетілген соманы қоспағанда, есептелген, есепке жазылған және мерзімінде төленбеген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы;

6) борыштық бағалы қағаздар – мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа да бағалы қағаздар;

7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт – борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;

8) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі – купон) – шығарылым шарттарына сәйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома;

9) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы – шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;

10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы:

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының негізгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен айқындалған теңгенің шетел валютасына орташа өлшемді биржалық бағамы, сондай-ақ теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сауда-саттық жүргізілмейтін шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілейтін тәртіппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледі;

11) грант – белгі бір мақсаттарға (міндеттерге) қол жеткізу үшін өтеусіз негізде:

мемлекеттер, мемлекеттердің үкіметтері – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке тұлғаларға, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

қызметі қайырымдылық және халықаралық сипаттағы және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілген халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, жеке, сондай-ақ заңды тұлғаларға;

шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне беретін мүлік;

12) гуманитарлық көмек - халықтың өмірі мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшін, сондай-ақ соғыс, экологиялық, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жіберілген азық-түлік, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер, өзге де заттар түрінде Қазақстан Республикасына өтеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті ұйымдар арқылы бөлетін мүлік;

13) демеушілік көмек – осы көмекті көрсететін тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуcіз негізде:

жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшін және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертапқыштық қызметтерін дамыту, білім және спорт шеберлігі деңгейін арттыру үшін қаржылық (әлеуметтіктен басқа) қолдау түрінде;

коммерциялық емес ұйымдарға өздерінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін берілетін мүлік;

14) дивидендтер – акциялар, оның ішінде депозитарлық қолхаттардың базалық активтері болып табылатын акциялар бойынша төленуге жататын табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде олар бойынша табысты қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге жататын табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетін таза табыстың бір бөлігі; заңды тұлғаны тарату кезінде, сондай-ақ құрылтайшы, қатысушы заңды тұлғаға қатысу үлесін алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретінде енгізген мүлкін қоспағанда, мүлікті бөлуден түсетін табыстар; исламдық қатысу сертификаттары бойынша төлеуге жататын табыстар; акционер, қатысушы, құрылтайшы немесе олардың өзара байланысты тарапы заңды тұлғадан:

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тарапқа өткізілу құны мен олардың акционерге, қатысушыға, құрылтайшыға немесе олардың өзара байланысты тарапына өткізілу құны арасындағы оң айырма;

тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тәуелсіз тараптан сатып алыну құны мен олардың акционерден, қатысушыдан, құрылтайшыдан немесе олардың өзара байланысты тарапынан сатып алыну құны арасындағы теріс айырма;

үшінші тұлға алдында заңды тұлғаның акционерінде, қатысушысында, құрылтайшысында немесе олардың өзара байланысты тарапында туындайтын, заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, заңды тұлғаға акционері, құрылтайшысы, қатысушысы немесе олардың өзара байланысты тарапы өтемей, заңды тұлғаның өзі өтейтін шығыстардың немесе міндеттемелердің құны;

осы Кодекстің 163 – 165-баптарында көрсетілген табыстарды және тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізуден түсетін табыстарды қоспағанда, заңды тұлға өзінің акционеріне, қатысушысына, құрылтайшысына немесе олардың өзара байланысты тарапына беретін кез келген мүлік пен материалдық пайда түрінде алатын табыс.

Осы тармақшада көрсетілген оң немесе теріс айырма салық салу объектілерін түзету кезінде айқындалады. Бұл ретте, салық салу объектілерін түзету Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі;

15) дизайнерлік қызметтер көрсету – көркемдік нысандарын, бұйымдардың сыртқы түрлерін, ғимараттардың қасбеттерін, үй-жайлар интерьерлерін жобалау жөнінде көрсетілетін қызметтер; көркемдік конструкциялау;

16) жалған кәсіпорын – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылуы және (немесе) оған басшылық етілуі соттың заңды күшіне енген үкімімен не қаулысымен жалған кәсіпкерлік деп танылған жеке кәсіпкерлік субъектісі;

17) жеке тұлғаның жеке мүлкі – жеке тұлғаның меншік құқығындағы немесе ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналмаған материалдық нысандағы мүлкі;

18) жер қойнауын пайдаланушылар – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу құқығын иеленуші жеке немесе заңды тұлғалар;

19) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік;

20) инжинирингтік қызметтер көрсету – инженерлік-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау, өндірісті ұйымдастыру және басқару, өнімдерді өткізу саласында ұсынымдар әзірлеу;

20-1) ислам бағалы қағаздары – ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;

21) келісімшарттық қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қызметі;

22) келісімшарттан тыс қызмет – жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың ережелерінде тікелей көзделмеген кез келген өзге қызметі;

23) консультациялық қызметтер көрсету – басқарушылық, экономикалық, қаржылық, инвестициялық мәселелерді, оның ішінде стратегиялық жоспарлау, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мен жүргізу, персоналды басқару мәселелерін шешу мақсатында проблемаларды және (немесе) тұлғаның мүмкіндіктерін айқындау мен (немесе) бағалауды қоса алғанда, түсіндірмелер, ұсынымдар, кеңестер және өзге де нысандағы консультациялар беру жөнінде көрсетілетін қызметтер;

24) қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде:

жеке тұлғаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында;

коммерциялық емес ұйымдарға жарғылық қызметін қолдау мақсатында;

әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға аталған ұйымдардың осы Кодекстің 135-бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында;

әлеуметтік салада осы Кодекстің 135-бабының 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға берілетін мүлік;

25) қатысу үлесі – акционерлік қоғамдарды және пайлық инвестициялық қорларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізуге мүлкімен үлестік қатысуы;

26) қызметкер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты (келісімшарт) бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; мемлекеттік қызметші; мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі; осы Кодекстің 191-бабы 10-тармағының ережелеріне сәйкес қызметі тұрақты мекеме құрмайтын резидент еместің резидентке немесе Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын өзге резидент емеске персоналды беруіне арналған келісімшарт бойынша жұмыс істеу үшін ұсынылған шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

27) маркетингтік қызметтер көрсету – тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын, баға стратегиясын және жарнама стратегиясын тұжырымдауды қоса алғанда, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысына үздік экономикалық жағдайлар жасау жөніндегі шараларды айқындау мақсатында тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өндірісі мен айналысы саласындағы зерттеуге, талдауға, жоспарлауға және болжамдауға байланысты көрсетілетін қызметтер;

28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға;

29) өткізу – сату, айырбастау, өтеусіз беру мақсатында тауарларды тиеп жіберу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сондай-ақ кепілге салынған тауарларды кепіл ұстаушыға беру;

30) роялти – мыналар үшін:

пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етілімді, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар таңбаларын немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз және әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; «ноу-хауды» пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;

31) салық агенті – осы Кодекске сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіп¬кер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде рези¬дент емес заңды тұлға;

32) салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомасы. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген өсімпұлдар сомасы, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалу кезеңінде шағым жасалу бөлігінде көрсетілген айыппұлдар сомасы салық берешегіне қосылмайды;

33) салық режимі – осы Кодексте белгіленген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндеті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасы нормаларының жиынтығы;

34) салықтар – осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын, бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер;

35) салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам;

36) салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шоты – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жазылған (азайтылған), аударылған және төленген (есепке жатқызылғандары және қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат;

37) салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан және бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;

38) салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі;

39) сыйақы – мыналарға:

кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) алынған (берілген) сомасын, банктердің ақша аударғаны үшін комиссияларды және қарыз алушы үшін қарыз беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке (қарызға, микрокредитке) байланысты;

мұндай мүліктің алыну (берілу) құнын, лизинг алушы үшін лизинг беруші, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, мүлікті лизингке беруге байланысты;

салым (депозит) сомасын, сондай-ақ салымды (депозитті) қабылдап алған тарап үшін салымшы (депозитор), өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, салымдар (депозиттер) бойынша;

сақтандыру сомасының мөлшерін, сондай-ақ сақтандырушы үшін сақтанушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру шартымен байланысты;

борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт не купон (дисконтты не бастапқы орналастырылу құнынан және (немесе) сатып алыну құнынан алынған сыйлықақыны есепке алып), сыйақы төлейтін тұлға үшін оның борыштық бағалы қағаздарын ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылатын тұлғаға төлем түріндегі;

вексельде көрсетілген соманы, вексель беруші үшін оның вексельдерін ұстаушы, өзара байланысты тарап болып табылмайтын тұлғаға төлемдерді қоспағанда, вексель бойынша;

репо операциялары бойынша – репоны жабу бағасы мен ашу бағасы арасындағы оң айырма түріндегі;

исламдық жалдау сертификаттары бойынша барлық төлемдер;

40) туынды қаржы құралы – құны болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүзеге асыруды көздейтін шарттың базалық активінің шамасына (шаманың ауытқуын қоса алғанда) тәуелді болатын шарт. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқа да туынды қаржы құралдары, оның ішінде жоғарыда тізіп көрсетілген туынды қаржы құралдарының комбинациясын білдіретіндер жатады.

Туынды қаржы құралдарының базалық активтері тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттік ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақ оқиға немесе мән-жай, өзге де туынды қаржы құралдары болуы мүмкін;

41) тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған ұйым (резидент емес заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпоративтік құралым осы Кодекстің мақсатына орай олар өздері құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесіне ие ме, жоқ па – осыған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретінде қарастырылады;

42) уәкілетті мемлекеттік органдар – салық органдарын және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл жасайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

43) уәкілетті орган – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

44) ұтыстар – салық төлеушілердің конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздарға байланысты ұтыс ойындарын қоса алғанда, ұтыс ойындары бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегі табыстардың кез келген түрлері, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынған мүліктік пайда түріндегі табыстар;

45) электрондық салық төлеуші – осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық қызметі органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімнің негізінде салық қызметі органдарымен электрондық тәсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші.

2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.

3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңнамасы салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы заңнамасының сол салаларында пайдаланылатын мағыналарында қолданылады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

Похожие:

Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconСалық берешегін өтеу туралы хабарлама 200 ж. № «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 607, 609, 614-баптарына...
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері. Салықтық қатынастардағы өкілдік
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері. Салықтық қатынастардағы өкілдік
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Осы кодексті қолданысқа енгізу туралы 2008 ж. 10 желтоқсандағы №100-iv қр заңын қараңыз
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Р заңын қара (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Р заңын қара (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Р заңын қара (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconҚұбыр жүйелері арқылы өткізілген тұрақсыз конденсат мөлшерін есепке алу аспаптарынан көрсеткіштер алу қағидаларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық...
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 наурыздағы №191 Қаулысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық...
Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) iconКодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)
Р 2012 жылғы 9 қаңтардағы №535-iv заңы қараңыз (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Разместите кнопку на своём сайте:
kk.convdocs.org



База данных защищена авторским правом ©kk.convdocs.org 2012-2019
обратиться к администрации
kk.convdocs.org
Главная страница